Материалдар / Мұқағали Мақатаев "Мен өмірді жырлау үшін келгенмін" тәрбие сағаты
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Мұқағали Мақатаев "Мен өмірді жырлау үшін келгенмін" тәрбие сағаты

Материал туралы қысқаша түсінік
16.02.2023 жыл Алматы қаласы ҚДБ ШЖҚ «Жоғары медициналық колледжі» КМК Қазақ поэзиясының ақиық ақыны Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Мұқағали Мақатаевқа арналған «Мен өмірді жырлау үшін келгенмін» атты әдеби сазды кешіміз өтті. Мақсаты: Ғасырлар тоғысында ғасыр ақыны атанған Мұқағали Мақатаевтың ақындық талантын шәкірт жүрегіне ұялату, сол арқылы олардың бойында поэзия әлеміне, жалпы сөз өнеріне деген сүйіспеншілікті берік қалыптастыру. Ақиық ақын, артына айрықша өшпейтін із қалдырған Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығына шолу жасау, әндері мен поэмаларымен танысу. Өлеңдері мен әндері арқылы студенттерді әсемдікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеу, кітап оқуға шақыру.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
01 Сәуір 2023
509
3 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫ

ШЖҚ КМК «ЖОҒАРЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ КОЛЛЕДЖ»


БЕКІТЕМІН

Тәрбие және әлеуметтік ісі

жөніндегі бөлім жетекшісі

__________Каштаева Ш.Е.

«____»_________2023 ж.



Қазақ поэзиясының ақиық ақыны Мұқағали Мақатаевтың

«Мен өмірді жырлау үшін келгенмін» атты

ӘДЕБИ САЗДЫ КЕШ





Алматы, 2023 жыл



ТӘЖБ

Кеңес отырысында қаралды және мақұлданды:

_____ Хаттама «____» ____________2023 ж.



Келісілді:

«Тәрбие және әлеуметтік іс»

бөлімінің жетекшісі _______________ Каштаева Ш.Е.




Ұйымдастырушылар:


Кітапхана қызметкері: Тайшибекова А.С.


Оқытушылар:

Қонақбаева А.С.

Ахымбекова Ж.

Татибекова А.И.

Тажиев Е.Е.




























Қазақ поэзиясының ақиық ақыны Мұқағали Мақатаевтың

«Мен өмірді жырлау үшін келгенмін» атты

ӘДЕБИ САЗДЫ КЕШ


Өтетін күні: 16.02.2022 ж. Сағат: 11:00

Өтетін орны: 6-қабат АКТ залы

Қатысушылар: Оқытушылар мен колледж студенттері.

Мақсаты: Ғасырлар тоғысында ғасыр ақыны атанған Мұқағали Мақатаевтың ақындық талантын шәкірт жүрегіне ұялату, сол арқылы олардың бойында поэзия әлеміне, жалпы сөз өнеріне деген сүйіспеншілікті берік қалыптастыру. Ақиық ақын, артына айрықша өшпейтін із қалдырған Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығына шолу жасау, әндері мен поэмаларымен танысу. Өлеңдері мен әндері арқылы студенттерді әсемдікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеу, кітап оқуға шақыру.

Бағдарламасы:

  1. «Арыз жазып кетейін» өлеңі (Балтабай Ернұр 19-1 топ)

  2. Жүргізушілер сөзі (Ернұр 19-1топ, Анель 21-1 топ)

  3. Колледж директорының құттықтау сөзі

  4. Ән «Есіңе мені алғайсың» -Ілиясова Сания (вальс 22-1, 22-7 топ студенттері)

  5. «Аққулар ұйықтағанда» поэмасы (Мұхаммедқазы Дияр 22-7 топ)

  6. «Шабыт» биі (22-7 топ Гаухар, Нұрайлым, Айзат, Ботагөз, Нұрсезім, Ақжарқын)

  7. Өлеңдер оқу (Байбосын Диас, Ақылжан Айсұлу, Әкімхан Көркем, Әкебай Инабат,Базарбай Сымбат, Манап Абылай)

  8. Ән «Сенің көзің» - Бақыт Әділет 22-18 топ

  9. «Қош, махаббат» көрініс (Көркем, Айзат, Мадияр, Аружан, Дияр)

  10. Ән «Фариза» - Сансызбай Береке ҚБ 22-22 топ

  11. Өлеңдер оқу (Қим Жазира, Жомарт Әнел, Шакен Дамильжан, Қуат Еларан)

  12. Ән «Жас қайың» (Өмірсерікова Нейла 22-5 топ)

  13. Көрме (кітапхана қызметкері Тайшибекова А.С.)

  14. Ән «Сарыжайлау» - Ануар Эльнара 22-014 топ және хор.


















Салтанатты кештің барысы:

  1. Сахнада Мұқағали жазу жазып отырады да, ойланып қаламын қойып, тұрып «Арыз жазып кетейін» өлеңін оқиды. (Балтабай Ернұр 19-1 топ)


Кеш жүргізушілері: Мошнякова Анель 21-1 топ, Балтабай Ернұр 19-1 топ.

2- жүргізуші:

Қайырлы күн қадірлі қонақтар мен ұстаздар, студентер мен жыр сүйер қауым!

1-жүргізуші:

  • Армысыздар! Құрметті қадірлі қонақтар, ұлағатты ұстаздар мен озық ойлы студенттер! Жарық сәулесін шашқан қазақ поэзиясының ақиық ақыны Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Мұқағали Мақатаевқа арналған «Мен өмірді жырлау үшін келгенмін» атты әдеби-сазды кешімізге хош келдіңіздер!

Қарасаз, қара шалғын өлеңде өстім,

Жыр жазсам соған жұртым елеңдестің.

Өлсе өлер Мұқағали Мұқатаев,

Өлтіре алмас алайда өлеңді ешкім,

Шыңның мен танымаймын аласасын,

Төбе де, аласамен таласасың.

Тянь-Шаньның шашақтаулы найзасындай,

Қайсысың Хантәңірімен жанасасың?- деп жырлаған қазақтың мұзбалақ ақыны, Мұқағали Мақатаевтың туғанына 92 жыл толуына арналады.

2- жүргізуші: арапайым қазақтың қара өлеңінің жілігін шағып, майын ішкен ақынның әділ таразысы халық болды. Оны күллі халық сүйіп оқыды. Мұқағали шын мәнінде, біртуар екенін халыққа таныта білді. «Ғасыр ақыны» атанды. Бүгінгі поэзия кешіміздің қонақтарымен таныс болайық;


1-жүргізуші:

Ортамызда Мұқағали Мақатаев атамыздың ұлы Жұлдыз Мақатаев Мұқағалиұлы.


2- жүргізуші: «Мұқағали Мақатаев атындағы халықаралық қоғамдық қорының» төрайымы, Мұқағали атамыздың келіні Бақыткүл Қыдырбайқызы Мақатаева.


1-жүргізуші:

Кешіміздің шымылдығын ашу үшін алғашқы сөз кезегін Медицина ғылымының докторы, «Жоғары медициналық колледж» директоры Актаева Ляззат Мейрашевнаға беріледі.


2-жүргізуші:

Ақ ұлпа жерді жапқанда,

Ағаштар сырға таққанда.

Бозарып атқан ақ таңда,

Бозарып тұрып ақпанда

Есіңе мені алғасың,- деп толғанады ақын. Ендеше кезекті әнге берейік. 20-6 топ «Мейіргер ісі» бөлімінің студенті Илиясова Сания.





1-жүргізуші

«Ақынмын деп мен қалай айта аламын,

Халқымың өзі айтқанын қайталадым.

Күпі киген қазақтың қара өлеңін,

Шекпен жауып өзіне қайтарамын.» — деп жүрегінің түбінен қайнап шыққан асыл жырларымен, қалың көпшіліктің махаббатына бөленген Мұқағали Мақатаевтың

шығармашылығына арналады. «Аққулар ұйықтағанда» поэмасы Мұқағали атамыздың шығармашылығында ең бір шоқтығы биік шығарма екені сөзсіз.

Алдарыңызда 22-7 топ студенті Мұхаметқазы Дияр «Аққулар ұйықтағанда» поэмасымен қарсы алыңыздар.


2-жүргізуші:

-Ән мен күйді төгілтіп,

Інжу – маржан шашайық.

Қонақтарды таңдантып,

Өнерден күмбез жасайық -

-дей келе алдарыңызда «Шабыт» биі. (22-7 топ студенттері Аманай Гаухар, Бастаубаева Нурайлым, Нәліқұл Айзат, Нұрланқызы Ботагөз, Рыспай Нұрсезім, Есенбай Ақжарқын)

1-жүргізуші: -Ары таза, жаны мөлдір, жүрегі отты, рухы асқақ жырлар мен кең тынысты, көркем дастандар-сөз жоқ, сол Сенімнің жемісі.

Бүгінгі поэзия кешіміз-

Алтынға мейлі толмай-ақ қойсын сандығым,

Ырзамын саған, Ырзамын саған тағдырым!-деп, өз тағдырына ырза болып кеткен ғасыр ақыны атанған Мұқағали Мақатаев.Өлең өнер, өлең дерт, оны туа біткен дарын иесі, шын талант қана өмірге әкеледі.Ақын әкелген әрбір сөз жүректерге ән болып, әуен болып жетіп жатыр. Оның әндері-таңғы шықтай мөлдір, сырлы әуенді. Ендеше, ақын ағаның жолын қуып, қауырсын жырларымен шашу шашсын деген ниетте кезекті студенттерге береміз.

(Байбосын Диас, Ақылжан Айсұлу, Әкімхан Көркем, Әкебай Инабат,Базарбай Сымбат, Манап Абылай)


2-жүргізуші: - Ақынның ғұмырлы поэзиясы бүгінде әнге айналып, көкке қалықтайды. Оның сөзіне жазылған әндер бүгінгі таңда барша жұрттың жүрегінен берік орын алып, қуанышы мен қайғысын бөлісетін айнымас жан серігіне айналды. Мұқағали өлеңдерінің сөзіне жазылған әндеріне кезек берейік. 22-18 Массажист Бақыт Әділет «Сенің көзің» әнімен қарсы алыңыздар.

1-жүргізуші:

Өмірге бір-ақ келген асыл едің,

Теңіздей тебіреніп тасып едің.

Сағымға еніп кеткен кемедейсің,

Аралап ХХ ғасыр елін.

Өмірін өлеңменен өрген ақын.

Тағдырдың тапшылығын көрген ақын,

Қазақтың қасиетті қара өлеңі.

Жалғаса береріне сенген ақын- деп толғана еске алады кейінгі ұрпақ.

Артында қалың елім,қалсын -деп, елінің, жерінің бүтіндігін, қамын ойлап кеткен ақындарымыз. Мұқағали Мақатаевтың «Қош, махаббат» пьесасынан үзінді

көрінісін тамашалыңыздар!

2-жүргізуші:

Ән сал, жаным!

Әніңмен тербет мені.

Бір сәтке тынсын,

Тіршілік жер көктегі-дей ақын жырлағандай ортада ҚБ 22-22 топ студенті Сансызбай Берекенің орындауында «Фариза» әнімен.


2-жүргізуші: - Тау биіктігімен, теңіз тереңдігімен, дала маңғаздығымен көрікті десек, Мұқағали жанға жақын жырларымен көрікті.Оның өлеңдері туралы зерттеулер аз жазылған жоқ, ол әлі де жазыла береді. Жылдар өткен сайын биіктей түседі, биіктей береді. Туған халқының арман мақсатын терең түсінген,толғай жазған ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың екінші өмірі –мәңгілік ғұмыры енді басталып отыр. Ақын шығармашылығына тереңдей бойлап, поэзиясына деген құрметімізді кезекті өлеңдермен жалғастырайық.

(Әкебай Инабат, Қим Жазира, Жомарт Әнел, Шакен Дамильжан, Қуат Еларан, Мейрханов Жанасыл)


1-жүргізуші:

-Айтылмаған Мұқаңда арман бар ма?

Әр әні толы ғой армандарға

Шерте білген мұңдарын жас қайынға

Дәл Мұқандай қазақта ақын бар ма?

Ақын өлеңдерінің сөзіне жазылған әнге кезек берейік.

(22-5 топ Өмірсерік Лейла «Жапырақ жайып жас қайың» әнін орындап айтады)


2-жүргізуші: -Өлмес өнері –өлеңмен жалпақ елінің жүрегіне жол тауып,бүкіл халықтың сүйіспеншілігіне бөленген ұлы перзентінің ұрпаққа ұран болған жырларын елі де ешқашан есінен шығармасы анық. Жыл керуені алға жылжыған сайын Мұқағали Мақатаевтың артына қалдырған өшпес мұрасы, жарық жұлдыздың қараңғы түн қойнауынан құпия сәулесін шашқандай жарқырай, өркендей өсіп, айшықтала түсуде. Абай үндес Мұқағалидай перзенті бар халық-шынымен бақытты халық. Оның шығармашылығын көздің қарашығындай сақтап насихаттаушы біздің кітапханашыларымыз. Келесі сөз кезегін осы колледжіміздің кітапхана қызметкері Тайшыбекова Әлия Саякбайқызына береміз.


1-жүргізуші: - Бүгін біздің ортамызда бір туар ақын ағамыздың ұлы Жұлдыз Мақатаев пен келіні Бақыткүл Мақатаева келіп отыр.

Алғашқы сөз кезегін ағамыздың ұрпағы Жұлдыз ағамызға берсек деп отырмыз.

Жұлдыз аға, Мұқағали, Мұхаммедқали-деген есімді әрбір қазақ баласы өлең арқылы танып, кітап арқылы өмірбаянын оқып танысып біліп жүр, аға, сіздің өз естеліктеріңізден Мұқағали атамыздың ерекшеліктері мен естеліктері туралы кеңінен айтып берсеңіз.


1-жүргізуші: Ақын мұрасы, маржан поэзиясы – мәңгілік болашақ ұрпақтың еншісі, қастерлеп, қадірлейтін қазынасы. Олай болса, жас ұрпақтың «Мұқағали» есіміне арнаған лебізі.

/Студенттер әріптер алып шығады/

М–Мұқағалидың – Саян Арай

Ұ–ұрпаққа – Алмазұлы Али

Қ–қалдырған – Абдуллахан Сырым

А–аманатын – Абдельдинов Ерсұлтан

Ғ–ғасырлар – Жанабил Ерғанат

А–арнасына – Рыспай Инабат

Л–лайық деп – Оразова Жансұлу

И–иіліп , – Тейтназар Аяжан

бас иеміз. –барлығы бірге. Рахмет!.


2-жүргізуші:

Өмірге бір-ақ келген асыл едің,

Теңіздей тебіреніп тасып едің.

Сағымға еніп кеткен кемедейсің,

Аралап ХХ ғасыр елін.

Өмірін өлеңменен өрген ақын.

Тағдырдың тапшылығын көрген ақын,

Қазақтың қасиетті қара өлеңі.


1-жүргізуші: -Атақты сазгер Нұрғиса Тілендиев бір естелігінде: «Мейлі наныңыз, мейлі нанбаңыз, сол жолы Мұқағали екеуміз тура отыз күн бойы біздің үйде өндіре жұмыс істедік. Мен отыздан астам ән шығардым. Ал сол әндердің бәріне мөлдіретіп тұрып өлең жазып шықты» — деп айтқан екен. Бірге соққан қос жүректен сол күндерде туған әндердің қатарында «Сөнбейді, әже, шырағың», «Домбыра досым», «Кел, еркем, Алатауыма!», «Сарыжайлау» секілді біртуар туындылары бар еді. Солардың бірі «Саржайлау» әні.

Ортамызға Ануар Эльдананы

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!