Материалдар / «Мұқағали Мақатаев шығармаларындағы қос сөздер»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«Мұқағали Мақатаев шығармаларындағы қос сөздер»

Материал туралы қысқаша түсінік
«Мұқағали Мақатаев шығармаларындағы қос сөздер»
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
26 Қараша 2018
1398
3 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады








Тақырыбы: Қазақ тіл білімі.

«Мұқағали Мақатаев шығармаларындағы

қос сөздер»








Орындаған: КММ «№74ЖББОМ»

7 «А» сынып оқушысы

Штеер Эрика

Жетекшісі: қазақ тілі мен әдебиеті

пәндерінің мұғалімі

Альжанова Танагул Жанайдаровна











Қарағанды-2018 ж.




КІРІСПЕ

Зерттеудің өзектілігі: Әрбір тілдің сөздік қорындағы өзіндік сыр-сипат-қа ие сөздер категориясына тән күрделі сөздерді ғылыми жүйеде зерттеуге бұл күнде ұлттық тіл білімінде ерекше мән берілуде.Соның нәтижесінде жалпы тіл-дер материалдары негізіндегі күрделі сөздер,соның ішінде қос сөздерді зерттеу-лер мейлінше кең өріс алуда. Әдебиет әлеміндегі поэзия жанрында айрықша орын алған ақиық ақын М.Мақатаев шығармалары- қалың оқырман үшін біре-гей көркем дүниелері екені аян. Алайда, ақынның мұралары тілдік, танымдық, стилдік түрде зерттеп-зерделеуді көп қажет етеді.Осы тұрғыдан келгенде,ақын шығармаларында қос сөздерді тиімді қолдану арқылы тыңдаушысына әсер етіп, ерекше назар аударта білгенін аңғарамыз.Қазақ әдебиеті тарихының үлкен бір белесінің өлшеміне айналған Мұқағалидың өміршең өлеңдеріндегі өзгешелікті тіл білімінің тұрғысынан талдаудың мәні мен маңызы арта түсуде.

Зерттеудің мақсаты: қазақ тіл білімін зерттеген ғалымдардың еңбектеріне сүйене отырып,қос сөздердің өзіндік ерекшеліктерін жинақтай келе,белгілі ақы-нымыз Мұқағали Мақатаевтың шығармаларындағы қос сөздерге жан-жақты си-паттама беру.

Зерттеудің міндеттері:

  • Қазақ тіл білімінің негізінде қос сөздердің қолданысын ғылыми-теория-лық негіздерін айқындау;

  • М.Мақатаев шығармаларын талдай отырып,қос сөздердің сематикалық сипаттарын көрсету;

  • Ақын шығармаларындағы кейбір қос сөздердің қолданылу ерекшелікте-ріне тоқталу.

Зерттеу нысаны: қазақ тіл білімі

Зерттеудің болжамы: ақын шығармаларындағы қос сөздердің қолданыл-уы ерекше болып келетінін,қос сөздердің аз сөзбен көп жайды аңғартуға,ойды әсерлі,жинақы,ұтымды жеткізуде үлкен қызмет атқаратынын көрсетеді.Соны-

нымен қатар, экспрессиялық реңк, эмоциялық мән-мағына үстейтінін білуге мүмкіндік туады.

Тақырыптың жаңашылдығы: Мұқағали Мақатаевтың шығармаларында-ғы қос сөздердің қолданысы жан-жақты талданып, түрлеріне қарай жіктеледі. қос сөздерді орнымен дұрыс қолдана білуі ерекшеленеді.Қосарлама қос сөздер-дің сематикалық сипаты талданылып,мысалдармен дәлелденеді.

Күтілетін нәтиже: қазақтың қара өлеңін кие тұтқан,жүрегінің түбінен қай-нап шыққан асыл жырларымен қалың жұршылықтың махаббатына бөленген Мұқағали Мақатаевтың шығармаларының поэзия сүйер қауымның жүрегінде орын алуының негізгі-қос сөздерді тиімді пайдалануында екенін білу.

Зерттеудің кезеңдері: зерттеудің алғашқы кезеңінде қазақ тілі маманда-рының қос сөздер туралы еңбектеріне шолу жасай отырып,қос сөздің түрлеріне тоқталдық; зерттеудің екінші кезеңінде қазақ әдебиетінің көрнекті ақыны Мұ-қағали Мақатаевтың шығармаларында кездесетін қос сөздерге талдау жасау,ма-ғыналарын ашу,ақын шығармаларының бірнешеуіне этимологиялық зерттеулер жасадық; зерттеудің соңғы бөлімінде қос сөздердің мағыналық ерекшелікте-ріне тоқталып, емлесін орфографиялық заңдылықтармен ұштастырып,кесте тү-рінде жүйеледік.


І тарау. Қазақ тіліндегі қос сөздер.

Тіл мамандарының еңбектеріне сүйене отырып,қос сөздерге тән ерекшелік-терді жинақтадық:

* Құрамындағы сөздердің сыртқы пішіні,дыбысталуы мен ішкі мән-мағы-насы негізінде қалыптасқан құралымның болуы;

* Белгілі бір сөз табына қатысты болуы;

* Тұтасып келіп бір сөйлем мүшесі болуы;

* Сөз тіркестерінің бір сыңары болуы;

* Күрделі сөздердің өзге түрлері сөздерінің арасына үшінші сөз қоюға бо-лады: шарт та шұрт, жақсы да жаман;

* Қос сөздер ішінде ассонанс,аллитерация құбылыстары жиі кездеседі: тып-тыныш,өзімен-өзі;

* Қос сөздер сыңарлары бір-бірімен антонимдес,синонимдес мағынада қолданылады: күні-түні, ел-жұртым;

* Қос сөздер дефис арқылы жазылады.

Қазақ тілі лексикасының толығуында,жаңа сөздер жасауда қос сөздердің алатын орны ерекше.Ол аз сөзбен көп жайды аңғартуға,ойды әсерлі,жинақы, ұтымды жеткізуде үлкен қызмет атқарады. Сонымен бірге экспрессиялық реңк, эмоциялық мән-мағына үстейді. Қос сөз-сөздердің қосарланып немесе қайтала-нып айтылуынан жасалған сөздер.Қос сөздің екі түрі бар:қайталама қос сөз жә-не қосарлама қос сөз. А.Ысқақов «Қосарлама қос сөздер мағына жағынан ың-ғайлас морфологиялық жағынан тектес,синтаксистік жағынан теңдес сөздерден құралады» деп анықтама береді (Қазіргі қазақ тілі. Морфология. А.,1974, 129-бет.). Ал қайталама қос сөз туралы профессор А.Ысқақов: «... сөзді қайталап қолданудан сөздің неше алуан жаңа формалары жасалып,олардың мағыналары түрленгенімен де,лексикалық түсінігі өзгермейді.Демек,жаңа сөз тумайды,тек грамматикаланады»,-деген пікір айтады (112-бет.). Зиядаұлы Бақытжан «Қазіргі қазақ тіліндегі қосарлы етістіктер» атты ғылыми зерттеуінде «Етістіктер қайта-лап қолданудан жаңа мағына тумайды.Сөзге тек стильдік,реңдік тағы сондай мағыналар жамалады да,не қимылдың созылыңқылығын,жалғаспалылығын,не дүркінділігін,т.б. мағыналарды білдіріп отырады» деген (Автореферат.А.,1998, 10-б.).

Қазақтың қара өлеңін кие тұтқан,жүрегінің түбінен қайнап шыққан асыл жырларымен қалың жұртшылықтың қайнап шыққан асыл жырларымен қалың жұртшылықтың махаббатына бөленген Мұқағали Мақатаевтың бүгінде орта-мызда болмағанына налимыз,ал медет тұтарымыз-алып ақынның өзінің көзін-дей көрінетін өркеш-өркеш өлеңдері.халқынан қалтықсыз бағасын алған Мұқа-ғали жырлары келер ғасырға керуен көшін сенімді түрде ұзатып барады.Ақын-ның 35 мың жолға жуық өлеңі поэзия сүйер қауымның іздеп жүріп оқитын жы-рына айналды.

Мен Мұқағали жырларындағы қос сөздердідің қалай қолданылғанын біраз уақыттан бері қарастырып, ойымды қағаз бетіне түсіріп, біраз шығармаларын талдадым. Екі түбір сөздің қосарланып, қайталанып келуі арқылы жасалатын сөздер ақын шығармаларында өте көп,сондықтан ақын шығармаларына ерекше көрік пен мән беруде ұтымды тәсілдің бірі болып саналады.

Қазақтың ақын-жазушылары тіліміздің шоқтығы биік,өзге тілден ерекше екенін өз шығармаларында айқын көрсетіп келеді.Солардың бірі өзінің оқшау стилімен,нәзік сезімімен,ақындық шеберлігінің сан қырлылығымен танымал болған ақиық ақынымыз-Мұқағали Мақатаев.Қазақ поэзиясында ғасырлар бойы сараланып,сұрыпталып қалыптасқан поэзиясына өзіндік өрнек салған.

Қазақ тілінде сөзді қайталау мен қосарлану тәсілі-өзінше ерекшелігі мол құнарлы жүйе.Осыны терең түсінген Мұқағали Мақатаев күрделі сөздердің бір түрі-қос сөздерді асқан шеберлікпен қолданып,өлеңінің мазмұнын аша түседі. Қос сөздердің ішіндегі ауқымдысы-қосарлама қос сөздер мәндес келіп,ақын ойын жинақтай көрсетуде маңызды рөл атқарады.Әсіресе, синоним сөздерді қосарлап қолданған тұстарында өлең ұйқасына еш нұсқан келтірмеген.Оның сөз қолданысындағы дыбыс әуезділігінде өзіндік шеберлігі танылады.

Қапаста жатса-дағы күрсінбеген,

Жомарт менің жүрегім дүрсілдеген.

Міне,соның жасырмай алуан сырын,

Ақтарайын,ел-жұртым білсін деп ем (М.Мақатаев «Аманат». А.,2002,19-бет.).

Ақын қолданған қос сөздер бейнелмелі,суреттемелі түрде оқырманның көз алдына елестетіп жеткізеді.Ақын шығалмаларында тек синонимдес қос сөз-дерді ғана емес,антонимдес қос сөздерді де ұтымды қолданған.

Тұрыпты анам түсінбей мән-жайына,

Ысып-суып, зымырап,қан бойына.

Дұшпанды әжем есен-сау жолға сапты,

Ақ тамызып жауымның таңдайына (М.Мақатаев «Аманат». А.,2002,231-бет.). Сонымен қатар, ақын өз шығармаларында қос сөз-дерді әр сөз таптарына орай тиімді қолданады.Мәселен, зат есім: ата-ана,әзіл-оспақ; сын есім: тап-таза,аппақ; сан-есім: қырық-отыз,төрт-бес; есімдік: өз-өзі-нен,өзіне-өзі; етістік: барып-келіп,өтті-кетті; үстеу: әзер-әзер; еліктеу: қалт-құлт, жалт-жұлт,т.б. (М.Мақатаев «Аманат». А.,2002, 6-303-беттер.).


ІІ тарау. М.Мақатаев шығармаларындағы қос сөздердің сематикалық сипаты.

Қазақ тілінде қос сөздердердің екі түрі бар деген болатынбыз.Ал қосарла-ма қос сөздің 5 жасалу жолы болса, қайталама қос сөздің 4 түрлі жасалу жолы бар. Осы айтылған қос сөздің жасалу жолдарын ақынның өлеңдерінен молы-мен кездестіруге болады. Қосарлама қос сөздер мағыналық ерекшеліктеріне қа-рай екі салаға бөлінеді: а) мағыналы компоненттерден құралған қосарлама сөз-дер; ә) мағынасыз компоненттерден құралған қосарлама сөздер.Компоненттері мағыналы қосарлама сөздердің құрамындағы компоненттердің екеуіне де өзді-өзіне лайықты дербес мағыналары болады.Бірақ олар іштей мағыналары бір-бі-ріне ұштас сыңарлардан құралған үш топқа бөлінеді.

  1. Қарама-қарсы (антонимдес) сыңарлардан құралған қосарлама сөз жинақ-тау,топтау ұғымын білдіреді.Ондай компоненттер біріне-бірі жетекші,я көмекші бола алмайды. Мысалы:

а) Өмірді несіне жек көремін,

Ауыр-жеңіл болса да өткеремін. (25-бет)

ә) Алдандырып,әлдилеп кеше-бүгін,

Неше жылым өтті екен,неше күнім? (57-бет)

б) Рақатта іші-сырты ауылдың,

Қуантсаңшы сен де,сәулем,кеп мені. (172-бет)

  1. Мәндес сыңарлардан қосарланған сөздер мағыналары бір-біріне жақын сыңарлардан құралады да топтау,жинақтау ұғымын білдіреді.Мысалы:

ұрдым-пердім (18-б.),қауіп-қатер (18-б.),ел-жұртым (19-б.),мұң-қайғы (231-б.), зәре-құтын (221-б.), т.б.

  1. Ұштас мәнді сыңарлардан қосарланған сөздер бір-біріне өзара құрам-дас,ұқсас ұғымдарды білдіретін дара сөздерден құралады.Бұл сөздер де тым жалпыланған аса жинақталғыш ұғымдарды білдіреді.Мысалы: құ-лақ-көзің (7-бет), құлын-тай (12-бет),ай-жылдар (13-бет), айран-шалабың (42-бет), аяқ-қолым (44-бет), әке-шешем (231-бет), бақа-шаян (238-бет), арман-тілек (244-бет), от-жалын (272-бет), т.б. Қос сөздердің бұл түрле-рінде де әр қилы стилистикалық қос сөздердің бұл түрлерінде де әр қилы стилистикалық реңк,эмоциялық әсер жасайтын қабілеттер болады.

Келтірілген мысалдар арқылы қос сөздердің құрамындағы екі компоненті де мағыналы,дербес сөздер болып келіп,жинақтау,топтау ұғымын білдіретінін көреміз.Ақынның өлеңдерінде бұл сөздер өз орайын тауып тұр.

Ақынның «Жастық» өлеңінде:

Ризамын жастыққа,текке өтпеді,

Әзір тұр гүл-бағымды көктеткелі.

Жастық маған ақыл-ой,сана берді,

Амал не,жастық өзі қалады енді.

Мұқағали Мақатаевтың шығармаларынан бір сыңары мағыналы, бір сы-ңары мағынасыз қосарлама қос сөздер де кездеседі.

-Дәрменсіз сорлы кедей-кепшікті бұқтыра,

Күшік тазыдай жылмаңдайсыңдар мықтыға! (М.Мақатаев «Райымбек!Райымбек»поэмасы. 294-бет.)

Ел арасы дау-шарға араласпай,

Лоқ беріп,ағайынмен жағаласпай.

(М.Мақатаев «Райымбек!Райымбек»поэмасы. 295-бет.)

Айналаң толы дос-жаран,

Айқара құшақ ашасың. (52-бет).


Түрі

Қос сөздердің құранды бөлшектері

Мысалдар

(ақын қолданысындағы

қос сөздер)

Қосарлама қос сөздер

Екі түрлі түбір сөздердің қосарлануы

жырым-сырым, ой-қырыңа,шуақ-сезім,құлақ-көзің,тұрақ-төзім,құ-лын-тай,ай-жылдар,Жер-Көкке, ұрдым-пердім,қауіп-қатер,ел-жұр-тым,барды-жоқты,ауыр-жеңіл,кү-ні-түні,зар-мұңым,тұз-дәмін,ба-ғыт-бағдар,айран-шалабың,аяқ-қолым,тау-тасынан,ар-ұят,сауық-сайран,бұзып-жарып, үйіп-төгіп, кеше-бүгін,гүл-бағым,ақыл-ой, ата-ананың,мұз-айдында,ұры-уа-йым,етек-жеңің,ерлі-зайып,ертелі кеш,өніп-өскен,сән-салтанат,той-думан,атақ-даңқтың,ой-қырла-рын,тай-құлын,қызыл-күрең,тал-шыбықтан, сай-жыра,қызыл-жа-сыл,күні-түні,өмір-өлім,айтыс-тар тыс,ашу-ыза,күндіз-түні,хал-жа-йымды,құйын-дауыл,іші-сырты, қас-кірпігің,мұз-қарды,көрпе-жас-тығың,ішіп-жейсің,ақ-қараны,кө-ре-біле,өткен-кеткен,ақыл-күшің, есен-сау,наз-мұң,нөсер-жаңбыр-дың,аққу-қаздар,шың-құздардың, қырық-отыз,ысып-суып,арман-ті-лек,бал-құрақ,барып-келіп,қас-қа-бағың,ер-тоқымды,бал-қаймағы, қатын-бала,қыз-келіншек,т.б.


Мағыналы,мағынасыз екі түбірдің қосар-лануы

дел-салмын,азын-аулақ,емін-ер-кін,жапа-жалғыз,бұлқан-талқан, анда-санда,арып-ашып,дос-жаран, шала-жапсар,алма-кезек,былығың шылығыңды,дау-шарға,ағыл-тегіл апыл-ғұпыл,кедей-кепшік,шор-та-сында,салдыр-салақ,ұлан-ғайыр, ұлан-асыр,т.б.

Келтірілген мысалдардан байқайтынымыз,қосарлама қос сөздердің бәрі де топтау,жинақтау ұғымдарын білдіргенмен,олардың әрқайсысының мағына-сында компоненттердің ерекшеліктеріне қарай,өзіне тән әр алуан,олардың ішін-де бірінші сыңарлары түсініксіз қосарлама қос сөздер де (ұлан-ғайыр,салдыр-салақ,т.б.) екі сыңары да бірдей түсініксіз (анда-санда,ағыл-тегіл,быт-шыт,т.б.) сөздер де бар.

Ақын өз шығармаларында тек қосарлама қос сөздерді ғана емес,сонымен қоса қайталама қос сөздерді де орынды пайдаланған.Қайталама қос сөздер ай-тылатын ойға әр қилы экспрессиялық және басқа қосымша мән беру мақсаты-мен әуелде белгілі бір сөзді екі рет қайталап қолдану машығынан пайда болған. Қайталама қос сөздің 4 түрлі жасалу жолы бар:

  1. Қосымшасыз бір түбірдің қайталануынан жасалады.Мысалы,

а) Сүңгі-сүңгі мұздар тұр

Мұздан аққан селінен (17-бет).

ә) Күрсінбеші,жүрегімді тыңдашы,

Талай-талай кереметтер бар мұнда!.. (148-бет).

  1. Қосымшалы бір түбірдің қайталануынан жасалады. Мысалы,

а) Жүре-жүре мен өмірге қанықтым,

Өмір сырын жаңа біліп,жаңа ұқтым. (152-бет).

ә) Күте-күте,

Жұлдыздардың жанары да аққандай. (113-бет).

  1. Түбірдің бір сыңары дыбыстық өзгеріске ұшырап жасалады.Мысалы,

а) Тұрғанда ұйқы-тұйқы ақ самайың,

Мен қалай,.. (170-бет).

ә) Жанарлары жалт-жұлт етіп жай отындай,

осылай жан-жағымнан жай атылғай. (198-бет).

  1. Бір сыңары ықшамдалып жасалады.Мысалы,

а) Құс аппақ,айдын аппақ, нұр да аппақ,

Аппақ нұр-аппақ нұрға қосылады. (225-бет).

ә) Дауы да жоқ,жауы да жоқ,тып-тыныш

бауырларым,біздің асқар тауға кел. (84-бет).


Түрі

Қайталама қос сөздердің құранды бөлшектері

Мысалдар

(ақын қолданысындағы қайталама қос сөздер)








Қайталама қос сөздер

Қосымшасыз бір түбірдің қайталануы

тонна-тонна,сүңгі-сүңгі,талай-та-лай,айғыз-айғыз,сұмдық-сұмдық, енді-енді,тарам-тарам,шимай-ши-май,әрең-әрең,арса-арса,жол-жол, құшақ-құшақ,бір-бір,жеке-жеке,т.б.

Бірдей қосымшалы бір түбірдің қайта-лануы

есіте-есіте,сілтеп-сілтеп,табына-та-бына,кезі-кезі,іздей-іздей,күте-кү-те,жана-жана,т.б.

Әр түрлі қосымшалы бір түбірдің қайталануы

өзімді-өздерің,өзін-өзі,өзді-өзіміз, өзімді-өзім,өзімізден-өзіміз,өзінен-өзі,біріміз-бірімізден,күннен-күнге, өзді-өзімен,т.б.

Бір сыңары қосымшасыз,бір сыңары қосымшалы

бір-бірінен,бір-біріне,өз-өзінен,өз-өзімнен,бір-бірлеп,бір-бірімен,кей-кейде,кімде-кім,бетпе-бет,жекпе-жек,т.б.

Түбірдің бір сыңары дыбыстық өзгеріске ұшырауы

қоқыр-моқыр,қылтың-сылтың,быт-шыт,алқам-салқам,қалт-құлт,ию-қию,т.б.

Бір сыңары ықшамдалып жасалуы

оп-оңай,қап-қара,аппақ,сап-сары, тәп-тәуір,жап-жарық, тып-тыныш, жап-жас,сіп-сирек,тұп-тұнық,т.б.

Ә.Хасенов қазақ тіліндегі сөзді қосарлау тәсілінің жинақтылық,болжал-дық,даралау,жіктеу,күшейту тәрізді алуан түрлі мағына туғызатындығын айта-ды (Тіл біліміне кіріспе.А.,1990,72-бет). Ақын өз шығармаларында қос сөздерді ойды толықтырып, көркемдіктің қырын танытудың бір жолы ретінде орынды пайдалана білген.М.Мақатаев өз өлеңдерінде қос сөздерді жиі қолдану арқылы оқырман назарын сол қос сөздерге аудартып,оларға эмоционалды әсер етуіне жағдай туғызады.

Қалт-құлт етіп,мейлі,мен күн кешейін,

Күн кешейін,еліммен бірге өсейін.

Мен әзірге,ей,тағдыр,мазалама

Емін-еркін жұртыммен тілдесейін! (103-бет).

Етістік лексика-сематикалық мағынасы жағынан болсын,грамматикалық тұл-ғалары жағынан да сөз таптарының ішіндегі ең күрделі де көлемдісі деп есепте-леді.Етістік-тіліміздегі бейнелеу құралы.Ақын өз шығармаларында қимыл-әре-кетті әсерлі бейнелеуде көбінесе етістікті қос сөздерді кеңінен қолданған.Ұр-дым-пердім (18-бет), алып-қашпам (20-бет), есіте-есіте (32-бет), сілтеп-сілтеп (37-бет), арып-ашып (44-бет),бұзып-жарып (50-бет), таңдап-таңдап (300-бет),ба-рып-келіп (236-бет),т.б. Тіліміздегі бірқатар қайталама қос сөздердің құрамын-дағы сыңарлары фонетикалық,морфологиялық ерекшеліктері бірдей болып ке-леді. Қарай-қарай өтермін тауға мына (283-бет),жалын мен су барып-барып тау-сыласың (239-бет).Мұндағы қарай-қарай,барып-барып етістіктері тұтас бір тү-бірдің өзгеріссіз қайталануы арқылы жасалынған.

а) Жалғыз ғана иесі баспананың,

Жалғыз соның бағамыз қас-қабағын (271-бет).

ә) Адамынан айттырған ат-тонымды ап қашып,

Қатынды өзім табам деп,әкемменен керіскем (291-бет).

Бұл шумақтағы қас-қабағын,ат-тонымды қос сөздері тиісті сөздермен тір-кесіп, фразеологизм ретінде қолданылғанын байқаймыз.

М.Мақатаев өлеңдерінде қос сөздерді өз орнында,мазмұнға сәйкес пайда-ланғанын көреміз.М.Мақатаев шығармаларындағы қос сөздерді жинақтау ба-рысында өз және бір сөздерімен болған қос сөздер көп екенін аңғардым.

«Өз»-өз-өзінен,өз-өзімнен,өзімді-өздерің,өзін-өзі,өзімді-өзім,өзімізден-өзі-міз,өзінен-өзі,өзімнен-өзім,өзді-өзімен,өз-өзінен,өзімнен-өзім,өзіме-өзім;

«Бір»-бір-бірінен,бір-біріне,бір-бірлеп,бір-бірімен, біріміз-бірімізден,бірін-бірі,бір-біріне,бір-бір,бір-біріңді,бірісін-бірі.

Қаламгердің сөзді пайдаланғанда,өзіндік сөзді қолдану тәсілі бар екендігі көрінеді.

Мұқағали Мақатаевтың шығармаларындағы қос сөздерді жинақтау бары-сында жұмсалған қос сөздер септік,тәуелдік жалғауларын қабылдағанын көре-міз. Ақынның «Аққулар ұйықтағанда» поэмасында кездесетін қос сөздердегі жалғаулар: сай-салада (ж.с.), көл-көкке (б.с.),шың-құздардың (і.с.), зәре-құтын (т.ж.ІІІж.+т.с.),сор-қайғымен (к.с.),т.б. «Бала шақтан-болашаққа» атты өмір-дастанындағы қос сөздердегі жалғаулар: есі-дертін (т.ж. ІІІ ж.+т.с.),әке-шешем (т.ж. Іж.),бағлан-қозымның (т.ж.Іж.+і.с.),сай-саласы (т.ж.ІІІж.), жан-жағымда, арқа-басын,ер-тоқымды,өтті-кетті,мұң-наланың,т.б.

Ақын шығармаларында кездесетін кейбір қос сөздерге этимологиялық зерт-теулер жасадық.

Өзің келген май айында ақ нөсер,

Ағыл-тегіл бізбен бірге жоқтассын (150-бет.).

Осы берілген шумақтағы ағыл-тегіл қос сөзі ақ,төк сөздеріне ырықсыз етіс-тің жұрнақтары қосылу арқылы жасалған.Былайша айтқанда,бұл қос сөз о баста жеке-дара айтыла беретін ағыл және төгіл сөздерінен жасалған екен.Бірақ бер-тін келе бірінші компоненттің (ағыл) ауанымен екінші компонент (төгіл) өзге-ріп,жеке айтылмайтын тегіл формасына ауысқан.Сонда төгіл/тегіл болып,яғни төгіл сөзінің түбіріндегі ө дыбысының е-ге ауысуында мынадай фонетикалық заңдылық байқалады:

  • алдыңғы компоненттің (ағыл) екінші буындағы қысаң езулік ы дыбысы ілгерінді ықпал заңы бойынша өзімен іргелес төгіл сөзінің бірінші буы-нындағы ашық дауысты еріндік ө дыбысын езулік дыбысына өзгерткен;

  • ө-нің е-ге айналуына байланысты төгіл сөзінің екінші буынындағы дыбыс та қысаң езулік і болып естіледі.Сөйтіп,екі қысаң езулік дыбыстың орта-сында келген ө дыбысының е дыбысына өтуі-заңдылық.

ІІІ тарау. Ақын шығармаларындағы қос сөздердің емлесі.

Қос сөздерді сөздің емлесі туралы сөз еткенде,олардың дыбыс үндестігін-дегі орфоэпия,орфография заңдылықтарына тікелей байланысты екенін білеміз.

Жазылуы

Айтылуы

тай-құлын

тай-ғұлын

тұп-тұнық

тұп-тұнұқ

түршігу-күрсіну

түршүгу-күрсүну

мұң-қайғы

мұң-ғайғы

күні-түні

күнү-түнү

алды-артыңды

алд-артыңды

*Кесте бойынша дыбыс үндестігінің ілгерінді және кейінді ықпал кездес-кендегі қос сөздердің дұрыс айтылу және дұрыс жазылуын аңғарамыз.Сонымен бірге,еріндік дауыстылардың (ұ,ү,о,ө) өзінен кейін келген езулік дауыстыларға (ы,і,е) әсер етуі де қос сөздерде жиі кездеседі.

*Қос сөздер міндетті түрде дефис арқылы жазылады.

Неге керек сән-салтанат,ию-қию,той-думан,

Таудың ерке тағысымын,тағысымын

Мен деген.

*Ақынның өлеңдеріндегі көптеген қос сөздер сын есімнің күшейтпелі шырайынан жасалған.Сын есімнің күшейтпелі шырайы сын есімнің ал-дынан күшейткіш буынның қосарлануы арқылы жасалады.

а) Моп-момақан,ақ қанатты періштем,

Әлі менің көз алдымда тұр қарап... (239-бет).

ә) Сап-сары жапырақтар...

Сап-сары жапырақтар...

Саудырап құлап жатыр атырапқа. (156-бет).

* Ақ, көк сөздерінің күшейтпелі шырай түрі қазақ тілінде бірге жазыл-ғанмен,қос сөз болып есептеледі.

Аяулым менің,

айналаң толы аппақ нұр,

аялап сені,сақтап тұр (185-бет.).

Күрделі сөздердің келесі түрлері бойынша (біріккен сөздер,тіркесті сөздер) жұмыс істеуді жалғастырамын деген ойдамын.Өйткені кез келген оқырманға шабыт пен күш беретін Мұқағали Мақатаевтың өлеңдерінде кең ауқымды зерттеуді қажет ететін тіркесті сөздермен қатар фразеоло-гизмдер кездеседі.

Ғасырлар-Аналар,

Сан рет босанып,толғатқан.

Ол туған бейбастық балалар,

Өмірге қамшысын ойнатқан («Ильич» поэмасынан).

Сонау баяғы замандағы ата-бабаларымыз елін,жерін жаудан қорғаға-ны баршамызға мәлім.Барлық қазақ үйінде дәстүрлі түрде домбыра,т.б. тұрмыстық заттармен бірге міндетті түрде қамшы ілініп тұруы керек еді. Қамшымен ата-бабаларымыз сонау заманда қару-жарақ болмағандықтан, сақтана, қорғана білген. Қазақтардың түсінігі бойынша қамшы үйді, жанұяны пәле-жаладан,дұшпандарынан сақтаған.Күні бүгінге дейін бұл түсінік жойылмады.Сондықтан да «Өмірге қамшысын ойнатқан» тұрақ-ты тіркесі ұтымды қолданылғанын көреміз.

Бүгінгі таңда тіліміздің лексикалық қабаты жинақталып,әр алуан сөз-діктер жасалды,олардың дыбыстық құрылысы мен грамматикалық сипа-ты танылды,көптеген сөздердің этимологиясы зерттелді.

Мұқағали Мақатаев шығармалары арқылы әлі де зерттеуді қажет ете-тін сөздер тобы кездеседі.Бұл күрделенген ұғымдағы сыңарлардың лек-сикалық құрамы,грамматикалық құрылысы,тұлғалануы,мағыналық бір-лестігі өзіне назар аудармай қоятын сөздер емес.

Оқырман ретінде айтар болсам,сан алуан сырға толы ақын шығарма-лары мені қызықтырады.Оның шығармаларын зерттеу өте маңызды.


ҚОРЫТЫНДЫ

Қорыта келгенде,ақиық ақын Мұқағали Мақатаев өзінің «Халыққа хат» өлеңінде:

Самал сырын жеткізіп,бұлақ сөзін,

Болсам деп ем өзіңнің құлақ-көзің.

Бастап кетті басқаға шуақ-сезім,

Шуақ-сезім-секірген лақ кезім.

Менде өзіңдей болмады тұрақ-төзім (7-бет.)-деген шума-ғын негізге ала отырып,шығармаларының мән-мағынасын қос сөздермен нақтылай,өткірлей түскен.Бір оғын да далаға жібермейтін сұрмергендер сияқты ақын сөзінің жүрекке жетпейтіні жоқ.Маздаған көңіл оты лапыл-дап,қызуы бетті қарып, тұла бойды қыздырады. Шебер тіл, шегенделген ой, құс қанатты қиял көзіне табындырып қояды.Мыңдаған таланттылар және талапшылар Мұқағалидың мұңды да сырлы,сан қырлы жырларын жаттап,әуен-ән іздеп шарқ ұрған,шабыт шақырғанына куәгер қауым кө-ріп-біліп,естіп жүр. «Қазақ даласының ең биігі-Нарынқол,ал қазақ поэзиясының Хантәңірі-Мұқағали» дейді керемет теңеумен Әкім ағамыз.

Белгілі қазақ ақыны Ә.Тәжібаев: «Ғажайып даналықтың бір көзі-Мұ-қағали поэзиясы.Бізде енді поэзия дәуірі басталды» десе, Т.Молдағалиев: «М.Мақатаев-адамдар арасындағы,өмірдегі,табиғаттағы жарастық пен келісімнің жыршысы.Оның өлеңдері шын тебіреністен,шын шабыттан,шын күйзелістен,шын қуаныштан,шын сағыныштан туған» деп бекер айтпаса керек.

Тағылым толы жырды төпелете,ақиқат пен шындықты нөсерлете жырлайтын алып ойдың абызындай Мұқағали Мақатаев шығармаларын-дағы қос сөздер айтар ойға көрік беріп,өзінше әрлей түскен.



Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:


  1. Бектұров Ш.,Бектұрова А. Қазақ тілі. А.,1994.

  2. Зиядаұлы Б. «Қазіргі қазақ тіліндегі қосарлы етістіктер» . А.,1998.

  3. Кеңесбаев І. Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі.А.,1975.

  4. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. А.,1974-1986.

  5. Қараев М. Қазақ тілі. А.,1993.

  6. Мақатаев М. Аманат. А.,2002.

  7. Оралбаева Н. Қазіргі қазақ тілінің сөзжасам жүйесі. А.,1989.

  8. Төлеуов Ә. Қазақ тіліндегі сын есім мен сан есім категориясы.А.,1975.

  9. Ысқақов А. Қазіргі қазақ тілі. Морфология. А.,1974.






Аңдатпа

Ғылыми жұмыс қазақ тіл білімі бағыты бойынша «Мұқағали Ма-қатаев шығармаларындағы қос сөздер» атты тақырыбында бағы өлмес жыр жаратқан,өтірік өлең жаза алмаған,ойлау мен өлең өрлеудің теңдесі жоқ классикалық және әлемдік биігіне көтерілген ақиық ақынымыз Мұқағали Мақатаевтың шығармаларындағы қос сөздерді жан-жақты зерттелген.

Ақынның поэзиясындағы поэтикалық тілінде ерекше көзге түсетін құбылыс-өлең сөзде қос сөздерді еркін және ептілікпен қолдан-ғанын,ақын ойын нақтылап,поэтикалық өрнекті құбылтып,сұлулап,ойды өткірлеуде тиімді қолданғанын мысалдармен дәлелдеп көрсеткен. Шығармалардағы қос сөздерді жинақтап,оларды түрлеріне қарай ажыратып, сематикалық қолданысын кестелер арқылы түсіндірген. Зерттеу жұмысында қос сөздерді сөз табына,жасалу жолына көп көңіл бөлінген. Теория мен практиканы байланыстыра отырып жұмысты мағыналы,жан-жақты орындаған.



















12


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!