400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Мұқағали Мақатаев.Презентация

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұқағали атамыздың 93 жас мерейтойына орай презентация.10-беттік
Материалдың қысқаша нұсқасы
Әлі талай жыр болып
жазыларсың!
Мақатаев Мұқағали
Сүлейменұлы

Мақатаев Мұқағали Сүлейменұлы
(1931 жылы дүниеге келіп, 1976 жылы
дүниеден өткен. Шын аты Мұхаммедқали) –
қазақтың лирик ақыны, мұзбалақ ақын, өз
заманында лайық бағасын ала алмаса да
өзінен кейінгілер үшін мәртебесі биік ақиық
ақын.

Қарасаз ауылы
Ол 1931 жылы 9 ақпанда Алматы облысы, қазіргі Райымбек (бұрынғы
Нарынқол) ауданының Қарасаз ауылында дүниеге келген. Алайда, құжаттар
бойынша ақынның туған күні ақпанның 9 жұлдызында тойланады. Бұған
тиісті ақынның анасы Нағиман апа былай деген: «Мұқағалиім 1931 жылы
наурыз айының 8-інде дүниеге келген болатын.

отбасы

Азан шақырып қойылған аты - Мұхаметқали.
Әкесі қарапайым шаруашы: колхозда сушы,
шалғышы болып істеген. Мұқағали үйдің
тұңғышы болған, оның артынан бір қыз және
үш ұл туған.

АҚЫННЫҢ ҚАРЫНДАСЫ МЕН
АЛҒАШҚЫ ІНІСІ ЕРТЕ КӨЗ ЖҰМҒАН.
СОҢҒЫЛАРЫНЫҢ ЕСІМДЕРІ ТОҚТАРБАЙ МЕН КӨРПЕШ.

Қазақ дәстүрі бойынша үйдің алғашқы
баласы ата-әжесінен тәрбие алуы тиіс,
сондықтан Мұқағали әжесі Тиынның
қолында өсіп, анасын жеңгесіндей
қабылдайды.

Еңбек жолы

1948–1949 ЖЫЛДАРЫ - ҚАЗМУ-ДЫҢ
ФИЛОЛОГИЯ ФАКУЛТЕТІНІҢ СТУДЕНТІ;

1948 - ОҚУЫН ТАСТАП, ШИБҰТ
АУЫЛЫНДА АУЫЛДЫҚ КЕҢЕСТІҢ
ХАТШЫСЫ;
1949 - КӨКТЕМДЕ ЖАРЫ ЛАШЫНМЕН
ОТАУ ҚҰРАДЫ;

1949 - СОВЕТТІК ШЕКАРА ГАЗЕТІ
АҚЫННЫҢ ҚЫРМАН БАСЫНДА, ҚОЙШЫ
БАЛА - ӘКІТАЙ ДЕГЕН ӨЛЕҢДЕРІН
ЖАРИЯЛАДЫ;

Еңбек жолы

950 - АЛМАТЫДАҒЫ ШЕТ ТІЛДЕР ИНСТИТУТЫНЫҢ
НЕМІС ТІЛІ ФАКУЛЬТЕТІНЕ ОҚУҒА ТҮСІП, КӨП ҰЗАМАЙ
ТҰРМЫСТЫҚ ЖАҒДАЙЫНА БАЙЛАНЫСТЫ ОҚУЫН
ТАСТАЙДЫ;
1954 - ҚАРАСАЗДЫҢ БАСТАУЫШ МЕКТЕБІНДЕ ОРЫС ТІЛІ
МҰҒАЛІМІ БОЛЫП ТАҒАЙЫНДАЛАДЫ, ОСЫ ЖЫЛЫ
АҚЫННЫҢ ҮШ ӨЛЕҢІ ӘДЕБИЕТ ЖӘНЕ ИСКУССТВО
ЖУРНАЛЫНДА ЖАРИЯЛАНДЫ;
1957 - РЕСПУБЛИКАЛЫҚ РАДИОНЫҢ ДИКТОР
ҚЫЗМЕТІН АТҚАРАДЫ;

1960-1962 ЖЫЛДАРЫ - СОВЕТТІК ШЕКАРА
ГАЗЕТІНІҢ БӨЛІМ МЕҢГЕРУШІСІ;
1963-1965 ЖЫЛДАРЫ - МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ
ТҰРМЫС ЖУРНАЛЫНДА ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ;

«Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен
Қазақстан») газетінің (1962-1963 жылдары),
«Мәдениет және тұрмыс» (қазіргі «Парасат»)
(1963-1965 жылдары)

ЖҰЛДЫЗ» (1965-1972 ЖЫЛДАРЫ) ЖУРНАЛДАРЫНЫҢ
РЕДАКЦИЯСЫНДА, ҚАЗАҚСТАН ЖАЗУШЫЛАР
ОДАҒЫНДА (1972-1973 ЖЫЛДАРЫ) ҚЫЗМЕТ АТҚАРАДЫ.

«ИЛЬИЧ» (1964), «АРМЫСЫҢДАР ДОСТАР» (1966),
«ҚАРЛЫҒАШЫМ КЕЛДІҢ БЕ?», «МАВР» (1970), «АҚҚУЛАР
ҰЙЫҚТАҒАНДА» (1973), «ШУАҒЫМ МЕНІҢ» (1975) АТТЫ
ЖЫР ЖИНАҚТАРЫН КӨЗІНІҢ ТІРІСІНДЕ ЖАРИЯЛАП
ҮЛГЕРДІ.

Аз ғұмыры ішінде бірнеше лирикалық жыр жинағы мен
дастандарын ұсынған. Жыр аудармасы саласында Шекспирдің
сонеттерін, Дантенің «Құдіретті комедиясын» қазақшалады.
Ақынның «Саржайлау», «Сөнбейді әже, шырағың», «Кел, еркем,
Алатауыңа» өлеңдеріне сазгер Н.Тілендиев ән шығарған.
Ақынның тұңғыш өлеңдері “Қырман басында”, “Қойшы бала —
Әкітай” ауданындағы “Советтік шекара” газетінде жарияланды
(1949). “Інімнің ойы”, “Шебер” өлеңдері “Жастық жыры” атты
жинаққа енді (1951). Алғаш Мұқағали талантын бағалаған
Ә.Тәжібаев: “Өзіңнен де жігерлілеу, оттылау жас жеткіншек
жеткенде, мақтанбасқа бола ма?!” деген еді (“Қазақ әдебиеті”,
18.3.1960).

Назарларыңызға
рақмет!
Материалды PDF форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
5 ұстаз жүктеп алған
5 ақпан
709
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі