Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығы ұрпаққа үлгі

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл материал мұғалімдер мен суденттер үшін жоғары сынып оқушылары үшін керек.Ақиық ақын Мұқағали Мақатаева білу,оның өлеңдерін жаттап оқу әр қазақ баласының борышы деп білемін.Мұқағали өлеңдері арқылы оқушыларды Отанын,елін,жерін сүюге тәрбиелеу.Мұқағалидың туған жерін,ата-анасының қандай адамдар болғанын білу керек.Оқушыларды өлең жаттауға мәнерлеп оқуға шыңдау,Ақын туралы білімдерін толықтыру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мұқағали Мақатаев

Есімі: Мұқағали Сүлейменұлы Мақатаев

Қызметі: ақын,журналист

Туған күні: 9 ақпан 1931 ж

Туған жері: Алматы облысы,Нарынқол ауданы,

Қарасаз ауылында дүниеге келген.

Ұлты: Қазақ

Руы: Албан

Қайтыс болған күні: 27 наурыз 1976ж

Қайтыс болған жері: Алматы қаласы

Жерленген жері: Кеңсай

Әкесі: Мақатаев Сүлеймен

Анасы: Нағиман

Әжесі: Тиын

Бауырлары: Тоқтарбай,Көрпеш

Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығы ұрпаққа үлгі. Мұқағали Сүлейменұлы Мақатаев (1931-1976жж)-шынай поэзия өкілі,ғажайып ақындардың бірі болды.Әкесі Мақатаев Сүлеймен Алматы облысы, Райымбек ауданына қарасты атақты Шәлкөде жайлауыныңтКеңбұлақ деп аталатын өңірінде 1903 жылы дүниеген келген.Бұл аймақтың табиғаты өте көркем,Айналаны қоршаған алып таулардың заңғар шоқылары көк тірейді.
Ақынның әкесі Сүлеймен сөзіне берік,ісіне мығым сабырлы салмақты адам болған.Жан жары Нағиман апаның айтуынша ол кісі адалдығымен,момындығымен ел-жұртына ұнаған.Мұқағалидың атасы Мақатай бір перзенті болуды армандап жүргенде,Кеңбұлақта Сүлеймен туып,кіндігі осында кесілген екен.
Сүлеймен Кеңес үкіметіне кезінде Қарасаз өңіріндегі шаруаларды ұжымшарға біріктіруге қатысты.Сонымен қатар ел басқару ісіндегі қабілеті таланты жан-жақты тұтасып көрінген екен.40-жылдың қасіреті оған мүмкіндік бермеді.Күрегін қаруға айырбастаған Сүлеймен ел қорғау үшін қан майданға аттанды.Міне,содан сол сапардан туған жерге қайта оралған жоқ.Калинград майданындағы ұрыста опат болды.Артына өміріне сабақтасқан-Мұқағали,Тоқтарбай,Көрпеш деген үш ұл қалды.Шешесі Тиын мен жан жары Нағиман қалды.
Мұқағалидың балалық шағы соғыс жылдарымен тұспа-тұс келген. Мұқағали өлеңді 10 жасынан бастап жаза бастады.1948 жылы мектепті бітірісімен,мәдени-ағарту саласында түрлі қызметтер атқарды,мектепте әдебиет пәнінен сабақ берді.Аудандық газетте әдеби қызметкер болып істеді.1962 жылы Алматыға қоныс аударып әдеби салаға араласа бастайды.Алматы шет тілдері институтының неміс тілі,Қазақ мемлекеттік университеттің филология факультетінде оқып және Мәскеудегі М.Горький атындағы әлем әдебиеті институында білім алады.Содан кейін «Социалистік Қазақстан», «Мәдениет және тұрмыс», «Жұлдыз» журналдарының редакциясында,Қазақстан жазушылар одағында қызмет атқарады
Тырнақ алды туындылары Нарыңқол аудандық «Советтік шекара» газетінде 1948 жылдары жариялана бастайды.
Мұқағали Алматыдағы Қазақ әдебиеті мен өнеріінің қаймақтары шоғырланған ортада өткізген азғантай жылдар ішінде өзіндік дара үнін,суреткерлік қайталанбас дарынын көрсетіп өнімді еңбектер атқара білді.Ақын тұрмыс тауқыметін тарта жүріп,сынға ұшырағанда да «Ақынның ақындығы атақта емес,арда ғана» деген байламды берік ұстап көптеген қаламынан өлеңдер туды.1964 жылы «Ильич»,1966 жылы «Армысыңдар достар», «Қарлығашым келдің бе?»,1970 жылы «Мавр»,1973 жылы «Аққулар ұйықтағанда», 1975 жылы «Шуағым менің» атты жыр жинақтарын жариялап үлгерді.
Мұқағали поэзиясының қайнар көзі туған елі,өскен жері,Отан тағдыры,замана тынысы,замандастарының арманы және адамгершілігі болды.
Мұқағали өлең жазумен қатар,прозаға қалам тартып өзінің шығармашылық қабілетін байқағаны белгілі.”Ақ қайың” поэмасының негізінде “Қош,махаббат!” пьесасын жазды.Бұл пьеса ақын дүниеден озған соң,сахналанды.М.Әуезов атындағы театрдың репертуарынан тұрақты орын алды.Содан бері қаншама жылдар өтсе де көрермендер көбеймесе азайған жоқ.
Өмірді сүюдің ғажайып үлгісін көрсеткен ақын Мұқағали “Жан азасы” поэмасында өмір туралы гимн туғызды.”Аққулар ұйықтағанда” поэмасында ел наным-сенімін қастерлеу.сұлулық үндестігін жыр етсе,”Райымбек,Райымбек” дастанында ел тарихын басына қатер төнгенде қолына ту алып жауына қарсы аттанған Райымбек Хангелді ұлының ерлігін суреттейді.М.Мақатаев поэзиясы жұмыр жердің барлық мәселесіне араласқан, кең тақырыптарды қамтиды.оның туған жер,адамдардың тағдыры, ана мен бала тағдыры,соғыс тауқыметі тағы басқа тақырыптағы лирикасы қайталанбас ұлттық сипатта,ұлттық зермен кестеленген.

Мұқағали бір сөзбен айтқанда сегіз қырлы , бір сырлы сыршыл ақын.Ақынның әр өлең жолынан өмірдің шынайы шындығын ,ырғағын көруге болады. «Жырсыз өткен күндер- өлі күндер» дегендей ақынның өлең қорына қарап өмірінің әр күні ойланумен,толғанумен ,уақытпен таласып өмір сүргендей.

«Жазылар естеліктер мен туралы,»-деп айтқандай міне артында қалған ұрпақ өзі туралы жазатынын, өлеңдерін оқитынын сезген.Кейде ақынның өлеңдерін оқи отырып ,әулие ма ,көріпкел ме деп?- қаласың.

Ақын Әбділда Тәжібаев атамыз айтқандай «Мұқағали Мақатаев –біздің заманымыздың ғажайып ақындарының бірі» деді.Ақынның жарқын жүзіне

миллион адам түрлі пікір пайымдаса да, ешбір көлеңке түспей келешекке қарай керуен түзеп көше бермек.Өйткені халықтың жыры да, пірі де-Мұқағали болмақ.

Өмір туралы ақын былай дейді ;

Өмір деген-бұйым емес қолдағы,

Өмір деген-ұлы бекет жолдағы.

Қаның кеуіп қаталаған кезіңде,

Сусыныңды қандырсаң бір болғаны.

Мына күн де,мына аспан да,дала анау,

Бәрі бізден,бәрі бізден қалады-ау!

Өмір дейтін- тағатсыз бір қозғалыс,

Өмір дейтін-өлемін деп қарамау.

Міне, қандай дана сөздер, тура оймен ұштасып жатқандай.Сондықтанда өмір деген бекетке құры келіп ,құры кетпей үнемі қозғалыста болып,ақынның өлеңдерінен рух алайық, ақын рухына мың рет тағзым етейік!





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
08.02.2018
890
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12