Мұражай - халық мұрасы.

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Мұражай - халық мұрасы.

Материал туралы қысқаша түсінік
Меркі мұражайы туралы түсінік
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: Мұражай - халық мұрасы.

Сабақтың мақсаты: Меркіміздің санғасырлық тарихын сақтаған Меркі мұражайы туралы түсінік беру. Өткен өмірге үңіле қарауға тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі:Суреттер

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру:

ІІ.Жаңа сабақ:

  1. Суретпен жұмыс

Меркі мұражайындағы жәдігерлер

Сыпатай батырдың сауыты, батырдың шапаны, қамшысы,қылышы.

  1. Мұражай туралы мұғалімнің түсініктемесі

Кіре қалсаң қарсы алатын құдаңдай,

Жәдігер ғып жинап сақтан мұра бай!

Меркіміздің сан ғасырлық тарихын,

Болашаққа жеткізер бар мұражай!


Меркі аудандық тарихи-өлкетану музейі 1983 жылы қоғамдық негізде құрылған. 1984 жылы қараша айында мемлекеттік музей мәртебесін алып, 1987 жылдың 14 ақпанынан бастап, жұмыс істеуде. Музейдің жалпы көлемі 802 м2, тұрақты экспозиция көлемі 684 м2, музей қоры үшін 15,4 м2 бөлінген. Қазіргі таңда мұнда 13 қызметкер бар. 2009-2010 жылдары музей қайта жөндеуден өткен. Қазіргі таңда 6 залдан тұратын мұражайымыз ауданымыздың шынайы бет-бейнесі деуге болады. Өйткені онда ауданның табиғатынан бастап, ежелгі тарихын дәлелдейтін археологиялық қазба жұмыстары нәтижесинде табылған заттар, түркі дәуіріне жататын қорғандық мүсіндер, халық батырларына тиісті жәдігерлер, Меркі жерінен шыққан көрнекті тұлғалар туралы құнды деректер жинақталған. Музей қорында 13255 экспонат бар, соның ішінде негізгі қордағысы 8 мың 148. Музейдің айлық және жылдық жоспарына сәйкес экспонаттар жиналып, толықтырылып тұрады. Биыл музей қорына 1 үлкен, 2 кіші сырмақтар, күміс білезіктер және күміс алқа, киіз үй желбаулары т.б. экспонаттар қосылды. Музей қызметкерлері аудан тарихын зерттеу, жәдігерлер жинау,оны аудан тұрғындары мен келген қонақтарға насихаттау жұмыстарын жүргізеді. Өскелең ұрпақт аудан тарихымен сусындатып өсіру мақсатында музейде үнемі кездесулер,сынып сағаттары, көрмелер, арнайы экскурсиялар өткізіліп тұрады. Мысалы,биылғы жылы «Қара қобыз қасиеті» атты кездесу № 1 Қ.Жандарбеков атындағы саз мектебінің қобызшыларымен өтті. Сол сияқты, жерлесіміз Мұрат Әуезов және «М.Әуезов үйі» ғылыми мәдени орталығының директоры Дияр Қонаевпен кездесу өтті. Жас ұрпаққа тәрбие беру мақсатында жас ұрпаққа тәрбие беру мақсатында қарапайым еңбек адамы, оқу ісінің үздігі Б.Көкірекбаевпен кездесу ұйымдастырылды. Жинақталған экспонаттардың нәтижесінде М.Әуезовтың анасы Ф.Ғабитоваға, ауданда ұзақ жылдар,партия шаруашылық жұмыстарын атқарған Н.Торғаевқа арналған бұрыштар ашылды. 1 мамыр Қазақстан халқының бірлігі мен ынтымағы мерекесіне орай Меркідегі этно-мәдени орталықтардың өкілдері мен дөңгелек үстел өткізілді. Мамырдың 14-18 аралығында «Музей апталығы» өтіп, «Музей түні» атты қорытынды мәдени-танымдылық іс-шаралармен аяқталды. Көрмелер жасау музейде өтетін іс-шаралардың негізгі бөлігі.Биылғы жылы, жерлесіміз А.Қоразбаевтың 65 жасқа толуына байланысты «Әнші мұрасы», Мұхтар Әуезовтың 70 жасқа толуына байланысты «Текті тұлға», «Ұлыстың ұлы күні Наурыз», «Ұлы Жеңіске мың тағзым», «Аудан өнеркәсіптері» тақырыптарымен және жергілікті суретші А.И.Булгаковтың еңбектерінен көрме ұйымдастырылды.

Тамыз айында жерлесіміз Қазақстан Республикасы суретшілер және дизаинерлер Одағының мүшесі, қазіргі кезде ҚР Президенттік мәдениет орталығында ғылыми реставрация бөлімінің бастығы, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері Берік Әлібайдың зергерлік еңбектерінен көрме ұйымдастырылып, бұрыш ашылды. Мұнда өте құнды әйелдердің әшекей жиынтықтары; алқа, білезік жүзіктерімен, қапсырма, сырға, құс тұмсық жүзік және «Астана суретшілері» атты кітап қойылды.Сонымен бірге, «дамаск» құрышынан жасалған, турмалин, рубинмен әшекейленген пышақ, сақтардың «аң» стилімен жасалған алқа қойылды.

  1. Дәптермен жұмыс

Мұражайда сақталған Сыпатай батыр заттары туралы мәлімдеме жазу

Сабақты қорыту:

  1. Мұражайда нелер сақталған?

Мұражайдағы жәдігерлер туралы әңгімеле?

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
04.10.2018
683
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі