Материалдар / «Мұражай - халықтың рухани мұрасы»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«Мұражай - халықтың рухани мұрасы»

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұражайдың маңыздылығын түсіну арқылы халықтың рухани ой-өрісін кеңейту. Жастардың мұражайға деген көзқарасын өзгерту және туған өлкеге деген сүйіспеншілік сезімін ояту.мұражай жұмыстарын жандандыру. Мұражай-халықтың рухани мұрасы екендігіне көз жеткізу.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
14 Мамыр 2021
726
2 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Аннотация



Ғылыми жобаның тақырыбы:

«Мұражай - халықтың рухани мұрасы»


Дайындаған: Сариева Жупар 11 “в” сынып оқушысы

«Ақсай қаласының №4 жалпы орта білім беретін мектебі»


Жетекшісі: Джумабаева А.А. «Өзін-өзі тану» пәні мұғалімі.


Секция: « Өзін – өзі тану »



Зерттеудің мақсаты:

Мұражайдың маңыздылығын түсіну арқылы халықтың рухани ой-өрісін кеңейту. Жастардың мұражайға деген көзқарасын өзгерту және туған өлкеге деген сүйіспеншілік сезімін ояту.мұражай жұмыстарын жандандыру. Мұражай-халықтың рухани мұрасы екендігіне көз жеткізу.


Жұмыстың болжамы

Бүгінде мұражай – тек жәдігерлер сақтайтын қоймаға айналып бара жатыр. Ол халықтың рухани демалатын, таным-білімін ширататын, әсіресе, жас өскелең ұрпақ жаңаша сипатта ықылас танытатын құндылық ошағы, руханият ордасы. Студент, оқушы жастардың мұражайға келіп, тек экскурсия жасап қана қоймай, ондағы асыл бұйымдарға, тарихтың нағыз дереккөздеріне қызығушылық білдіріп, әдістемелік көмек алса екен деген ойымыз бар.


Күтілетін нәтижелер:

  1. Мұражайға барушылардың санын көбейту және тарихымызды білу маңыздылығын түсіндіру

  2. Осы жоба бойынша қорытынды жасап бір нәтижеге келу.

Жұмыстың жоспары (ұзактылығы - 3 ай)

  • 1. Мұражай туралы мәліметтер жинау(2019 желтоқсан)

  • 2.Бөрлі ауданының мұражай қызметкерлерімен сұхбат өткізу( 2020 кантар)

  • 3.Оқушылардың тарихты білу деңгейі туралы мектептің тарих мұғалімдерінен сұхбат алу ( 2020 кантар)

  • 4.Балаларды туған ауданының тарихымен таныстырып, үйірме жұмысын жандандыру (2020 акпан)

  • 5.Ақсай қаласының тұрғындары тарихымызды білу маңыздылығы жөнінде сауалнама жүргізу (2020 жыл акпан)

  • 6.Мектеп оқушыларына мұражайларға экскурсиялар ұйымдартыру(2020 наурыз)

  • 7.Жасалған жоба бойынша қорытынды жасау (2020 наурыз)



Мұражай туралы мәліметтер

«Адамзат тарихының күретамыры – мәдениет, ал мәдениеттің күретамыры – адамзаттың ақыл-ойы мен іс-әрекетін дүниеге әкелген материалдық құндылықтар болып табылады. Бұл бәрімізге белгілі ақиқат. Қай халықтың болмасын, өзге жұртқа ұқсамайтын бөлек болмыс-бітімін даралап, өзіндік тағдырын айқындайтын басты белгі –  мәдениеті.

Мәдениет -  ұлттың бет-бейнесі, рухани болмысы, жаны, ақыл-ойы, парасаты. Өркениетті ұлт, ең алдымен, тарихымен,  мәдениетімен, ұлтын ұлықтаған ұлы тұлғаларымен, әлемдік мәдениеттің алтын қорына қосқан үлкенді-кішілі үлесімен мақтанады. Сөйтіп тек өзінің ұлттық төл мәдениеті арқылы ғана басқаға  танылады»

Н. НАЗАРБАЕВ 

Адамзат ұрпағы басынан кешкен замандарды көз алдыңызға елестетіп, оны көңілге түйгіңіз келсе, жарқын болашаққа нық сеніммен ой жүгірткіңіз келсе, әрине, ең алдымен, мұражайға кіріп, ондағы жәдігерлердің сырына үңілудің маңызы зор. Ата-бабалардың өмірлерінде ұстап-тұтынған бұйымдарын таңдай қағып тамашалап, өткенге салауат айтып, қасиеті дарыған бабалар мұрасынан тағылым мен тәрбие нәрін алып шығатыныңыз анық. 

Мұражай ісі – қоғамдағы өзгерістерді оның дамуымен тығыз байланыстыратын ерекше сала. Ол – ғылымның, білімнің, мәдениеттің қалыптасуына тікелей әсер ететін ғылыми мекеме.


Мұражай әдіскері Сариева Нұржүз Ғұмарқызымен

сұхбат

  • Сұрақ: Мұражайға келушілер саны көп пе? Және көбінесе қандай жастағы адамдар келеді?

  • Жауап: Мұражайға келушілер саны көп. Бірақ көбінесе орта жастағы адамдар және зейнеткерлер келеді. Өкінішке орай, жастар мұражайдың маңыздылығын толыққанды түсіне қоймайды.

  • Сұрақ: Халықтың бойынан тарихқа қызығушылығын ояту мақсатымен қандай шаралар өткізесіздер?

  • Жауап: Құрметті азаматтармен, Ауған жауынгерлерімен кездесу өткіземіз. Көптеген көрмелер ұйымдастырамыз.

Мұражайға келушілердің орташа жастары:

  • Мектепке дейінгі

  • Мектеп оқушылары

  • Студенттер

  • Орта жастағылар және зейнеткерлер






Мұражайға келушілердің жас ерекшеліктеріне байланысты статистикасы

мектепке дейінгі 10%

оқушылар 10%

студенттер 20%

Орта жастағылар және зейнеткерлер 60%


Статистика нәтижесі


Мұражай қызметкерімен сұхбат алу барысында, статистика диаграммасын құрдым. Бұл диаграммадан жастық ерекшелікті байқауға болады. Мұражайға келушілердің арасында ерекше орын алатын орта жастағылар және зейнеткерлер ғана. Жастардын мұражайға деген қызығушылығын арттыру мақсатында әлі көп жұмыс жасау керектігін ұғындым.


Мектептің тарих пәні мұғалімі: Жарылғасова Гүлнар Демеуовнамен сұхбат:


  • Сұрақ: Орта буын немесе жогарғы сыныптар арасында тарихты жетік білетін оқушылар көп пе?

  • Жауап: Орташа. Бірақ қызығушылықпен оқитындардың саны аз.

  • Сұрақ: Туған өлкесінің тарихы туралы ізденетіндер саны көп пе?

  • Жауап: Оқушылар ізденісі қазір тек кітаптармен шектеліп қоюда. Оқушыларға экскурсия көбірек өткізілу керек деп санаймын.


Ақсай қаласының тұрғындарының арасында сауалнама жүргіздім.


1. Сіз мұражайға жие барып тұрасыз ба?

Иа-3 Жоқ-17

2. Туған өлкенің тарихын білу қажет деп санайсыз ба?

Иа-12 Жоқ-8

3. Ауданымыз қашан құрылғынын білесіз бе?

Иа-2 Жоқ-18

4. Мұражай рухани өрісімізді кеңейтеді деп санайсыз ба?

Иа-15 Жоқ-5

5. Тарихи жерлерге барғанды ұнатасыз ба?

Иа-13 Жоқ-7








Осы мәліметтерге сүйене отырып мен мынадай қорытындыға келдім:

Ізденіс жұмыстары кезінде халықтың мұражайға деген қызығушылық деңгейі төмен екенін оңай байқауға болады. Бұл жастардың өзінің туған өлкесінің тарихына тиісті көңіл бөлмеуі. Сол себепті, жастардың мұражайға деген көзқарасын өзгерту және туған өлкеге деген сүйіспеншілік сезімін ояту жұмыстары жүргізілуі тиіс. Мұражайдағы жәдігерлер тек адам көзімен шөлып кетер мәнсіз заттарға айналып бара жатыр. Ал оған мән беріп, мағынасын ұғыну үшін жастардың арасында үйірмелер,

кездесулер,дөңгелек үстел ұйымдастырып,қызығушылығын арттыру керек деп ойлаймын.Себебі «Бұл жәдігерлер біздің тарихымыз, біздің бабаларымыздан қалған тарихи айна» екенін ұмытпасқа жөн.


ҰСЫНЫС:


  • Келешекте Батыс Қазақстан облысы, Бөрлі ауданы өңірінде мұражайға барушылар санын көбейту.

  • Мектеп мұражайы әрдайым ашық болуы тиіс.

  • Әр мектепте тарихи ізденіс үйірмесін ашу.

  • Оқушылармен облыс,аудан,ауыл мұражайларына экскурсияға бару.

  • Мектепте ауданымыздың құрметті азаматтарымен кездесулер жиі өткізу.

  • Оқушылар арасында туған өлкенің тарихына байланысты сайыстар ұйымдастыру.











Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!