Материалдар / Мүсіндеу Жеміс бағыеда
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Мүсіндеу Жеміс бағыеда

Материал туралы қысқаша түсінік
Балалармен жұмысты талдайды.«Күз аруымен» бірге педагог балалардың жасаған жұмысын аралап, көріп мадақтайды. Педагог қорытынды жасайды. Балалармен бірге ата-аналарға арналған көрмені ұйымдастырады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
20 Желтоқсан 2021
1061
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

1 ұйымдастырылған оқу қызметі Білім беру саласы: шығармашылық.

Бөлімі: мүсіндеу.

Тақырыбы: Жеміс бағында.

Мақсаты: балаларды әртүрлі пішінді заттарды мүсіндеуге үйрету. Міндеттері:

білімдік: пішінді мүсіндеудің таныс әдістерін пайдалана отырып,жемістерді мүсіндеу;

дамытушылық: бейнені затпен салыстыру, мүсіндегі сәйкестіктерді анықтай білу қабілеттерін дамыту;

тәрбиелік:балаларды табиғатты сүюге тәрбиелеу. Күтілетін нәтижелер:

жасайды:жемістердің пайдасын түсіне отырып, заттарды мүсіндеуді;

түсінеді:жеміс-жидектер табиғаттың сыйы екендігін;

қолданады: жемістердің өзара айырмашылықтарын.

Қолданылатын көрнекі құралдар мен керекті құрал-жабдықтар: 1жұмыс дәптері, алма, алмұрт, олардың муляждары, «Күз аруы», ермексаз, ыдыстағы су, тақтайша.

Сөздік жұмыс: жемістер, алма, алмұрт.

Көптілділік: жемістер – фрукты – fruits, алма – яблоко – apple, алмұрт –

груша – pear.


ҰОҚ-нің барысы

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

Балалармен шаттық шеңберін құру. Арайлап таң атты,

Алтын сәуле таратты. Жарқырайды еліміз, Жайнай түссін еліміз. Қайырлы таң, балалар!

Мен сендерге бір жұмбақ жасырайын. Аспай піскен,

Қайнамай түскен.

Педагог балалармен күзгі бақ туралы әңгімелеседі, көрнекі суреттер қолдану арқылы балаларға сұрақтар қойылады:

  • Балалар, мына суретте қай мезгіл бейнеленген?

  • Суретте не көріп тұрсыңдар,күзде қандай жемістер піседі?

  • Жемістің қандай пайдасы бар екенін білесіңдер ме?

  1. Негізгі кезең.

Осы кезде есік қағылады.Есіктен «Күз аруы» кіреді,қолында жеміс толы себеті бар.

  • Балалар,қараңдаршы, бізге қонақ келді, оның тосынсыйы бар екен.Балалар «Күз аруымен» амандасады. Балалар қонақтың әкелген сыйын тамашалайды. Балалардан себеттегі муляжды көрсетіп,қандай жеміс екенін сұрау.

  • Мынау қандай жеміс?

  • Мынау ше?

  • Тағы қандай жемісті көріп тұрсыңдар?

  • Балалар,енді,осы жемістердің ішінен алма мен алмұртты мүсіндейік.

  • Алдымен, балалар, қызыл түсті ермексаздың бір бөлігін алақанымызға салып жұмсартып,домалақ пішінге келтіреміз.

  • Бас бармақпен басу арқылы алманың пішінін келтіреміз.

  • Сабағын ағаш бұтақшасынан орналастырамыз.

– Енді,жасыл түсті ермексаздың кішкене бөлшегін алып,алақанға салып домалақтаймыз. Тақтайшаға қойып жалпақтау әдісі арқылы сопақша пішінге келтіреміз.Пышақтың ұшымен кесу арқылы жапырақтың бейнесін жасаймыз.Жапырақты алманың сабағына орналастырамыз. Алмамыз дайын болды.

Сөздік жұмыс: жемістер, алма, алмұрт.

Көптілділік: жемістер – фрукты – fruits, алма – яблоко – apple, алмұрт –

груша – pear.

Сергіту сәті.

Мен шиемін,шиемін, Күннің көзін сүйемін. Қышқыл шырын менде бар, Төмен басты иемін.

Педагог:

– Енді,алмұртты жасауға кірісеміз.Сары түсті ермексазды алып,алақанға салып жұмсартып, сопақша пішінге келтіреміз.

Сопақшаның жоғарғы жағын қысу арқылы алмұрттың пішінін мүсіндейміз.

Басбармақпен басу арқылы сабақ ойығын жасаймыз. Алманың сабағын жасағандай ағаш бұтақшасын орналастырамыз.

Жасыл түсті ермексаздың кішкене бөлігін домалақтап алып, қолымызбен басып жалпақтаймыз.Үлкендердің көмегімен арнайы пышақпен жапырақ пішінін кесіп алып,сабағына орналастырамыз.

  1. Рефлексия.

Педагог оқу қызметін қорытындылап,балаларды мадақтайды.

Балалармен жұмысты талдайды.«Күз аруымен» бірге педагог балалардың жасаған жұмысын аралап, көріп мадақтайды.

Педагог қорытынды жасайды. Балалармен бірге ата-аналарға арналған көрмені ұйымдастырады.


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!