Мүсіндеу материалдарымен жұмыс істеудің қарапайым тәсілдері. «Құмыра».

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Мүсіндеу материалдарымен жұмыс істеудің қарапайым тәсілдері. «Құмыра».

Материал туралы қысқаша түсінік
Мүсін өнерін әңгімелеу, ол жайында қысқаша мағлұмат беру, мүсін жасап үйрету.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Күні: 15.05.2014 ж Пәні: Биология Сыныбы: 6 а,ә

Сабақтың тақырыбы: Бактериялар дүние тармағы

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: оқушыларға көзге көрінбейтін ұсақ ағзалардың құрылысы, пайда – зияны туралы түсініктер беру, білімдерін толықтыру.

Дамытушылығы: деңгейлік тапсырмаларды біртіндеп орындауына жағдай жасау арқылы қабілетіне байланысты жеке құзырлығын дамыту.

Тәрбиелілігі: пәнге деген қызығушылығын одан әрі нығайту, өз беттерімен жұмыс жасай білуге тәрбиелеу

Сабақтың типі: ашық сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ - жауап, сызбанұсқа,

Көрнекілігі: суреттер, слайд

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру

А) оқушылармен сәлемдесу

ә) сыныпты түгендеу

б) сабаққа әзірлігін тексеру


ІІ. Үй тапсырмасын тексеру


ІІІ. Жаңа сабақ

Бактерияларды табу,зерттеу ХҮІІ ғ ұлғайтып көрсететін аспаптың шығуына байланысты дамыды. Ұсақ ағзаларды алғаш рет голландиялық ғалым Антон Левенгук ашқан. Микробиология (грекше "микрос"-кішкене, "логос"-ғылым) - көзге көрінбейтін, ұсақ тірі ағзалардың құрылысын, қасиеттерін,пайдасы мен зиянын зерттейтін ғылым. Бактерия - біржасушалы ағза. Бактериялардың пішіндері таяқша, шар,үтір,оралма тәрізді болады. Оның әрбір жасушасы қабықша мен цитоплазмадан, оқшауланбаған ядро затынан тұрады. Жасушасының өте тығыз көп қабатты қабықшасы болады. Ол қорғаныш, тірек қызметін атқарып,бактерияның пішінін қалыптастырады. Цитоплазманың құрамында нәруыз және май заттары бар. Бактериялар негізінен түссіз, тек кейбіреулерінде аздап бояғыш заттар кездеседі. Бактериялардың талшықты тобы болады.Олар өте тез қозғалады. Тіршілігіне қолайсыз жағдайлар туса( мысалы қорек, ылғал жеткіліксіз болса, температура күрт төмендеп немесе көтеріліп кетсе) бактериялар спора түзеді. Спора күйінде бактериялар қоректенбейді, қозғалмайды. Себебі спора қорғаныштық қызмет атқарып бактерияларды сыртқы орта жағдайына төзімді етеді. Олар топырақта 20-30 жылға дейін тіршілік ете алады. Бактериялар барлық жерде: ауада, суда, тағамда,топырақта,өлі денелер мен тірі ағзаларда кездеседі. Жасушасында хлорофилі болмағандықтан, бактериялардың көпшілігі дайын ағзалық заттармен қоректенеді. Бактериялар қоректенуіне қарай паразиттер және сапрофиттер деп 2-ге бөлінеді. Көптеген бактериялар жануарлардың өлекселері мен өсімдіктердің қалдықтарында мекендейді. Өлі ағзалардың денесінде тіршілік ететіндер - сапрофиттер, адамның,жануарлардың, өсімдіктердің денесінде мекендеп, тірі ағзаның жасушаларынан ағзалық заттарды сіңіріп қоректенетін бактериялар паразиттер деп аталады. Бактериялар барлық тірі ағзалар сияқты тыныс алады. Қолайлы жағдай туғанда бактериялар бөліну арқылы көбейеді

ІҮ. Жаңа сабақты бекіту

А) Биологиялық диктант

1. Ұсақ ағзаларды алғаш рет голландия ғалымы А.Левенгук енгізді.

2. Микробиология – көзге көрінбейтін, ұсақ тірі ағзалардың құрылысын, пайда – зиянын зерттейтін ғылым.

3. Бактерия-бір жасушалы ағза.

4. Бактерияның пішіндері таяқша, шар, үтір, оралма тәрізді болады.

5. Бактериялар бөліну арқылы көбейеді.

6. Қоректенуіне қарай бактериялар сапрофитті және

паразитті болып екіге бөлінеді.

Ә) Тест тапсырмалары

1.Жасушасыз тірлік құрылым

а-вирустар ә-бактериялар б-өсімдіктер

2.Латын тілінде “у” деген сөзді білдіретін тірі ағза

а-бактерия ә-вирус б-саңырауқұлақ

3.Вирус арқылы таралатын ауру

а- қызылша,оба ә-көк жөтел,туберкулез б-тұмау,ұшық.

4.Біржасушалы ағза

а-бактерия ә-вирус б-өсімдік

5.Тіршілігіне қолайсыз жағдайда бактерияларда қандай өзгеріс болады

а-циста түзеді ә-спора түзеді б-жойылып кетеді.

6.Өлі ағзалардың денесінде тіршілік ететін бактериялар

а-паразиттер ә-споралар б-сапрофиттер

7.Тірі ағзаның жасушаларынан ағзалық заттарды сорып қоректенетін бактериялар.

а-паразиттер ә-споралар б-сапрофиттер.

8.Бактериялар арқылы таралатын аурулар

А-оба,ИТИС ә-туберкулез,сіреспе б-іш сүзек,тұмау.

9.Туберкулез ауруын тарататын бактерияны ашқан ғалым

а-Л.Пастер ә-А.Левенгук б-Р.Кох

10. Бактерия жасушасына енетін вирус

а-бактериофаг ә-эукариоттар б-сапрофиттер.

Жауаптары: 1 – А 2 – Ә 3 – Б 4 – А 5 – Ә 6 – Б 7 – А 8 - Ә 9 – Б 10 - А


Ү. Қорытынды:

ҮІ. Бағалау

ҮІІ. Үйге тапсырма: §3 оқу. 7-8 суреттерді салу

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
22.12.2017
693
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі