Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Мүсіндеу өнерін балабақшаларда өткізу әдістері
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
МАЗМҰНЫ
І. Кіріспе.................................................................................................3 бет
ІІ.Негізгі бөлім.....................................................................................
2.1 Мүсіндеу өнерінің даму тарихы ....................................................3 бет
2.2 Мүсіндеу өнерінің бөлімдері..........................................................4 бет
2.3 Екінші сәбилер тобында мүсіндеу оқу қызметін өткізудің мақсат – міндеттері .......................................................................................................3 бет
2.4. Екінші сәбилер тобында мүсіндеу қызметіне арналған жоспарлар.......................................................................................................5бет
ІІІ. Қорытынды......................................................................................3бет
4. Пайдаланылған әдебиеттер................................................................1 бет
І.Кіріспе
Елімізде Қазан революциясына дейін Алматы, Орынбор, Астана, Пртропавл, Семейде жетім балаларға арналған үйлер ашылды. 1917 жылы мамырда Алматы қаласында мектепке дейінгі қоғамдық тәрбиенің тұңғыш негізін қалаған балабақшасы ашылып, 100-ге жуық балалар барды.1919 жылы Торғай губерниясында 37 балабақша ашылып, 1000 баланы қамтыды.Сол кездегі қазақ әйелдерінің өндіріс орындарына жұмысқа шығуы, мектепке дейінгі балаларды тәрбиелейтін балабақшалардың ашылуына сұраныс жоғарылай түсті. 1920 жылы елімізде 115 балабақша ашылып, оған 600-ге жуық бала тартылды. Қазақ тілінде мамандар дайындалмауына байланысты қазақ балаларына арналған топтар ашылмады. Дегенмен, Республикамызда мектепке дейінгі балаларды балабақшаға тарту, ел арасында мектепке дейінгі балаларды тәрбиелеу туралы түрлі бағытта жұмыстар жүргізілді. Осы жылы Қостанай, Орынбор, Семей т.б. губернияларында мектепке дейінгі бөлім ашылып, желтоқсан айында “Балалар апталығы” өткізіліп, оның мақсаты көпшілік арасында насихат жүргізу. Халық ағарту бөлімдерінң қызметкерлері ауылдарды аралап,. Халық арасында белсенді үгітшілер мен насихатшылады даярлады. Баспасөз беттернде мектепке дейінгі балаларды тәрбиелеу жөніндегі мақалар жарияланды. Мектепке дейінгі тәрбие жұмысының мақсаты мен міндеттерін, балабақшалар, оның құрылымын, оның бала тәрбиесіндегі орнын, озық тәжірибелер мен әдістемелік еңбектерді сол кездегі “Әйел теңдігі” журналында арнайы айдармен жарияланып отырды. Журналдың мектепке дейінгі тәрбие бөлімін басқарған, тұғғыш мектепке дейінгі тәрбие теориясынның негізін салған Н.Құлжанованың ”Мектептен бұрынғы тәрбие”, “Ана мен бала” еңбектері сүбелі болып саналды. Елімізде М.Жұмабаевтың “ Педагогика”, Н.Құлжанованың “Мектептен бұрынғы тәрбие”, “Ана мен бала” атты еңбектерінде мектепке дейінгі тәрбие мәселелері көтеріліп, ғылыми-пдагогикалық , әдістемелік тұрғыдан ашып берген.1917 жылдан кейін де қазақ әйелдері баланың денсаулығына медициналық көмек көрсету туралы білімдерінің жоқтығына байланысты бала өлімі де көп болған. Осыған орай 1922 жылы “Ана мен баланы қорғау ғылыми-зерттеу институты” ұйымдастырылды. Осы салада 1959-1980 жылдар аралығында институтта басшылдық жасаған А.Бейсенованың 1965 жылы “Ана болу және балалық шақ”, 1968 жылы “ Ана мен баланың денсаулығын сақтау” еңбектері жарық көрді.
1922 жылыОрынборда және 1924 жылы Қызылорда қаласында әйелдер курстары ашылыып, екі жылда 80 тәрбиеші даярланды.
1926-1929 жылдары халықшаруашылығынң өркендеуіне байланысты балабақшалар, титік балабақшалар, мерзімді балалар үйлері ашылып, “мектепке дейінгі киіз үй”, “көшпелі киіз үй”, “ қызыл отау” атты мектепке дейінгі ұйымдардың жаңа формалары ашылып, алыс малшылар ауылында, қырман басында жұмыс істеді. 1927 жылы Қаз АССР Халық ағарту комиссариатының шешімі бойынша өткізілген мектепке дейінгі тәрбие туралы конференцияда балалармен жүргізілетін тәрбие жұмысын жоспарлау, тәрбие әдістері, мектепке дейінгі ұйымдас сауат ашу, мектеппен байланысы, жүргізілген жұмысты есепке алу бойынша өзекті мәселелер қарастарылды. Осы жылдары “Мектепке дейінгі саяхат” деп аталатын мектепке дейінгі ұйымдарды салу құрлысы жүргізіліп көпшілік қатысты. 1929 жылы 85 балабақшаболды.
1933 жылы республи бойынша балабақша мамандарын дайындайтын 8 айлық курстар жүргізіліп, ресейдің белгілі мамандары лекция оқыды.
Алматыда, Оралда, Семейде педтехникумдардың жанынан мектепке дейінгі бөлімдер ашылды.
1938 жылы РСФСР Халық ағарту комиссариаты шығарған балабақшаның уставы және ”Балабақшаның тәрбиешісіне жетекші құрал”, “Колхоз балалар алаңдарының жұмысына басшылық” аударма түрінде пайдаланылды.
1964 жылы 2-7 жасқа дейінгі балаларды оқыту және тәрбиелеу туралы тұңғыш бағдарлама жарық көрді. 1955 жылы Г.П.Охотская ” Қазақстандағы мектепке дейінгі тәрбие очеркі” деген тақырыпта кандидаттық диссертация қорғаса, 1961 жылы В.И.Андросова “Мектеп жасына дейінгі ересек балалардың поэзиялық шығармаларға қызығушылығын арттыру”, 1969 жылы Б.Баймұратова “ Сәбилердің сөздік қорымен сөз игеру ерекшеліктері”, 1970 жылы Л.И.Давиденко ”Қазақстанның селолық балабақшалары”, Р.М.Жұмағожина”Соғыс жылдарында Қазақстанда балалар мекемелерінің дамуы” дессертациялық жұмыстар жазды. 1980-2000 жылдар аралығында Қ.М.Меңдаяқова, М.Т.Тұрыскелдина, М.С.Сәтімбекова, Г.Ж.Меңлібекова, Р.К.Аралбаева, А.К.Меңжанова, Ф.Жұмабекова, Ә.С.Әмірова, С.Н.Жиенбаева, Т.Иманбеков, С.Ғ Бәтібаева, Г.Метербаева, Ғ.З.Таубаева және т.б. зерттеу жұмыстарын жүргізіп, мектепке дейінгі ұйымға арналған оқулықтар мен оқу-әдістемелік құралдар дайындады. Қазақстан Республикасының 1995 жылғы "Мектеп жасына дейінгі және мектеп жасындағы балалардың тәрбие тұжырымдамасы" халықаралық адам құқығы туралы нормаларға сәйкес жазылған.
1996 жылы алғашқы ұлттық «Балбөбек» бағдарламасының жобасы дайындалып, 2006 жылы өңделіп қайта баспадан шығарылды.
1999 жылы Елбасының жарлығымен «Балаларды міндетті мектепалды дайындау тұжырымдамасы» қабылданды. Оның негізінде «Мектепалды дайындау» (Семей), «балабақшада және отбасында баланы мектепалды дайындау» (2000) бағдарламалары әзірленді. Кейін «Қайнар», «Қарлығаш» «Жеке тұлға» атты балама бағдарламалар іске қосылып, эксперименттен өткізілді.
2004 жылы алғашқы мектепке дейінгі білім беру стандарты дайындалды. 2008 жылы мектепке дейінгі білім беруге тұлға бағдарлы, құзыреттілік тұғыры негізінде жалпыға міндетті білім беру стандарты дайындалды. Оның негізінде «Алғашқы қадам», «Зерек бала», «Біз мектепке барамыз» атты бағдарламалар дайындалды. Елбасының ұсынысымен 2010 жылы балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтамасыз ету жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған «Балапан» бағдарламасын жарияландыМектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мақсаты осы жас кезеңінде тұлғаның қалыптасуы үшін қажетті алғашқы білім, білік және дағдыларды қалыптастыру болып табылады.Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мақсаты:1.балаға өмір бойы қажетті жеке қасиеттерін қалыптастыру үшін негіз болып табылатын жалпы адамзаттық құндылықтарды баулуға;2.халықтық салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарға,әдебиет пен өнерге,фольклор мен еліміздің мәдени мұрасына негізделген білім беру мазмұнын іске асыруға;3.ерекеше қажеттіліктері бар балаларға инклюзивті білім беру үшін жағдайлар жасауға;4. мекетепке дейнігі тәрбие және оқытумен қамтылған және қамтылмаған балаларды дамыту мәселелерінде ата-аналардың біліктілігін арттыру, оларды психологиялық-педогогткалық консультациялық қолдаумен қамтамасыз етуге бағытталған. Мектепке дейнігі тәрбие мен оқытудың мазмұны әртүрлі іс-әрекеттерді ұйымтастыру арқылы кірістіру жолдарымен іске асырылатын: «денсаулық»,» «коммуникация»,«таным», «шығармашылық», «әлеуметтік орта» бес білім беру саласына негізделген.Сонын ішінде: «Шығармашылық» білім беру саласы.
Мақсаты: баланың шығармашылық ойлау мәдениетінің негізі ретінде оның сезімдік-эмоциялық саласы мен қиялын дамыту.
«Шығармашылқ »білім беру саласы сурет салу; мүсіндеу,жапсыру және өнер туындыларын қабылдау мен түсінуді дамытуды,қоршаған ортаға эстетикалық қатынасты қалыптастыруды; өнер түрлері туралы қарапайым түсініктерді қалыптастыруды; музыканы, отандық композиторлардың шығармаларын,ұлттық музыкалық аспаптарды, көркем әдебиетті, фольклорды қабылдауды; көркем шығармалардың кейіпкерлердің жанашырлықты ынталарндыруды; балалардың өзіндік шығармашылық қызметін іске асыруын қамтиды.
«Шығармашылық» білім беру саласының ұйымдастырылған оқу қызыметі:
1.сурет салу;2.мүсіндеу;3.аппликация;4.музыка;
Мүсіндеу өнерінің даму тарихы
Қола ғасыры мен темір ғасыры адамзат дамуындағы асқаралы баспалдақтар болды.Археологтар белгілі дәуірлердегі еңбек құралдары дайындалған негізгі материалдардың өзгеріп отыруына сәйкес алғашқы қауымдық құрылыс тарихын бірнеше сатыларға бөледі:тас,қола және темір дәуірлері.
Тас дәуірі палеолит ерте тас ғасыры және неолит жаңа тас ғасыры болып бөлінді.
Палеолит төменгі ертеректегі және жоғарғы кейініректегі болып бөлінеді.Палеолит пен неолиттің арасындағы кезенді энеолит деп атайды.Сексен мың жыл шамасында табиғат жағдайы түбегейлі өзгерді.Жердің жедел салқындауының нәтижесінде мұз дәуірі басталды:мұз Скандинавиядан оңтүстікке қарай Вельнюс-Орша-Вышний Волошок қалаларына созылды. Осындай қатал табиғат жағдайында адамдар өмір сүрді.
Полиолит дәуірі мұз дәуірінің соңында аяқталды. Оны б.з.б 14-12 мың жылдықтан 6-5мың жылдыққа созылған мезиолит(орта тас ғасыры) алмастырды. Мұз дәуірінің аяғында ірі жануарлардың үйірі көп болған жоқ. Аң аулаушылыр толық тамақтарын тауып ала алмағандықтан терімшілікке көшті балық аулау кең тарай бастады. Аң аулау шаруашылығы дағдарысқа ұшырады. Жануарларды қолға үйрете бастады: бірінші итті, сосн ұзақ жәнеірі малдарды үйретті. Мезиолит кезінде біздің еліміздің оңтүстігінде қарудығң жаңа түрі жасалды. Жүзі шақпақ тасты, жебемен садақты ойлап тапты. Жоғарғы полиеолит мезиолит кезеңінде өмір сүрген аналық ру неолит дәуірінің өзінің жоғарғы дамуына жетті. Неолит шаруашылығы иемдеу формасынына өндіру формасына бірте бірте көше бастады.Бұл кезенде тас құралдарың жасау техникасы одан әрі жетілдірілді.Адамдар тас балталарды,түрлі сүйек құралдары кең пайдалана бастады.Неолит үшін бұрғылап тесілген және қырнап өндірілген сапты құралдардың қолданылуы,тоқу станогының пайда болуы,балшықтан ыдыс жасай білуі,ағашты алуан түрлі етіп өндеу,қайық жасау,ау тоқу тән болдыү
Егіншіліктегі табыс отаршылдыққа әкелді.Үйлердің түрлері пайда болды,керамика кең етек алды.Қола ғасырдың бастамасы болып саналатын энеолит кезені басталды.Энеолит адамдарының сыртқы бейнесінде қазіргі адамдарының сыртқы бейнесінде қәзіргі адамдардан айырмашылығы болмады.
Мүсін,яғни «Скульптура» латынша scuiptura сөзі алғашқыда қатты материалдардан фигураларды қашап жасауды білдірген.Кенінен пішіндеу арқылы жасалған шығармалар да осы ұғыммен білдірілген.
Мүсіннің басқа бейнелеу өнері түрлерінен айырмашылығы сол,оның басты әсерлік құралы аймақтық форма.Мұның өзі оны жасаған кезде ағаш,металл,тас сияқты ұзақ сақталатын материалдарды пайдалануға мүмкіндік береді.
Түрлі халықтар мен дәуірлердің толып жатқан мүсіндік шығармалары бізге дейін жетті.Ежелгі Мысырдың,Үндістан мен Американың мүсіндері мен барельефтері кенінен мәлім.Антиқалық Грекия аса көрнекті мүсіншілер-Фидийдің,Мирон мен Поликлеттің мәңгі өшпейтін шығармаларын әлемге тарту етті.
Мүсін жұмыр оны барлық жағынан қарауға болады және бедерлі болып келеді.Жұмыр мүсінді адамды бейнелей отырып тек маскамен,яғни бетпен,баспен ғана шектеліп қала алады,Басты иықпен бірге кеудеге дейін мүсіндеу кеуіт болып табылады.Адамды беліне дейін бейнелеу жартылай фигура,ал бүкіл бойымен бейнелеу мүсінше деп аталады.Көпфигуралы композиция мүсіндік топ немесе ансамбль деп аталады.
Рельеф-тек бір жағынан қарағанда жақсы көрінетін,жазық беттегі мүсіндік бейне.Рельеф екі түрге бөлінеді;фигуралар фонның жазықтығынан өз көлемінің жартысынан көбірек шығып тұрса ол горельеф деп аталады.
Мүсін шығармалары жанды бейнедегі сияқты,станокты және монументті-сәндік болып бөлінеді.Станокты шығармалар айналадағыларға тәуелсіз өмір сүреді,сондықтан түрлі жағдайларда қоюға болады.Монументті-сәндік шығармалар әдетте жеке ансамбльдін,алаңның немесе саябақтын сәулет композитциясының құрамдас бөлігі болып табылады.Мүсін өнері қазақ жерінде кең етек алды.Мүсіндер Торғай өзені мен Ұлытау төңірегінен бастап,Сарыарқадан күн шығысқа қарай созылып Алтай, Тарбағатай тауларына дейін, Оңтүстік Қазақстанда Қаратаудың жақ етегінде Буырлтау, Талас тауларында, Алатаудың жазық алаңқайларында ұшырасады. Мүсіндер түркі дәуіріндегі (6-8ғ) және қыпышақ замандарындағы (7-13ғ) мүсін тастар болып екі топқа бөлінеді. Көпшілігі адам бейнесінің нобайын ғана көрсететін дөрекілеу етіп жасалғанмен, ішінара бет-әлпеті мен тұлғасы айқын суреттелген жұмыр мүсіндер де кездеседі. Бұл ескерткіштер жергілікті рулардың рухани мәдениетін, тұрмысын, салт-санасын көрсететін өнер нұсқаларына жатады. Қыпышақ заманындағы мүсін жасау өнері (ата-баба, аруақ, кейелі санлған аңдардың мүсінін қашау, ішінара қасиетті әйел-ананы пішіндейтін қола мүсін құю) кең етек алды. 19-18 ғғ. Тас мүсін қашау өнері жойылып, оның орнына ою-өрнекпен және араб жазуларымен әсемделген құлптастар көптеген жасала береді.
Көшпелі шаруашылықтың дамуна байланысты қолөнершілер мал шарушылығына қажетті желі,шылбыр ,кісіне, қада, ер-тұрмандар, ноқта,құрық,жүген,бұғалық жасаумен шұғылданады. Олар құмнан,тастан, саздан құмыра мен ыдыс-аяқтар, мүйізден, сүйектен, мал мен аң терілерінен әшекейленген нақышты бұйымдар,домбыра қобыз,сыбызғы,шаңқобыз сияқты музыка аспаптарын жасайды.
Мүсіндеу - көркемөнердің бір түрі. Мүсін өнері — латынша кесу, шабу, жону деген мағынаны
білдіреді. Мүсіндеудің сызба мен кескіндемеден айырмашылығы-барлық көлемін ,пішінін анық көрсетеді. Мүсіндеудің негізгі объектісі - адам. Мүсін өнері ежелден келе жатқан көне өнердің бір түрі болып табылады. Ол тас дәуірінен бастап қалыптасқан, өңделе келіп классикалық өнерге айналған.
Мүсіндеудің түрлері: Монументті мүсіндеу және рельеф.
Монменттімүсіндеуде оның барлық жағынан қарауға болады. Рельевті мүсіндеуде жазықтық бетінде орындалады.
Қазақ мүсін өнерінің қалыптастырушысы Хакімжан Наурызбаев (1925-2009ж.ж) Парасат кавальер орденінің иегері. 300 ден астам жұмысы бар. Солардың ішінде ен танымал жумыстары: «Абай Құнанбаев» (1960) ескерткіші, «Ш .Уәлиханов» (1969) Қазақстан Ұлттық Ғылым Академиясының алдында орналасқан биіктігі 8 м, «Ж.Жабаев» ескерткіштері тұлғалық мүсінге жатады. Астана қаласындағы Есіл өзені арқылы өтетін көпірлерде орналасқан Төлеген Досмағанбетовтың «Барыс» мүсіндері, бұлар да сәндік монументальды мүсінге жатады. Мүсін тек бір ғана фигурадан емес екі немесе одан да көп фигурадан тұруы мүмкін. Солардын бірі,біздің қаламызда Достоевский мұражайының іргесін де орналасқан қоладан жасалған «Ш. Уәлиханов пен Ф.Достоевский» мүсіндері . Бұл мүсіндердің авторы Мәскеулік мүсінші Д.Г.Эльбакидзе. Д.Г. Эльбакидзенің Семей қаласындағы тағы бір жұмысы 1972 жылы жасалған Абай көшесінде орналасқан «Абай» ескерткіші.
Келесі рельефті мүсін түріне тоқтала кетейік. Рельефті мүсін жоғарыда айтылып кеткендей белгілі бір жазықтық бетінде орындалады, ғимараттар қабырғаларында ,тыйнның бетынде.
Мүсін сомдауға көптеген заттар негізгі материял бола алады. Мысалыағаш, түрлі тастар , саз балшықтар, металл, пластилин т.б. Осылардың ішінде мүсіндеуге үйрену үшін оқушыларға ең ыңғайлысы-саз балшық пен пластелин. Олардың жақсы бір қасиеті ырыққа көнгіш, тез иленеді, жасаған мүсін формасын қалай өзгертем десең де ыңғайлы. Мусін жасағанда қолданылатын басты қаолданылатын құралдар: тақтайша,қарқаз, қалақша т.б. Мүсін орындағанда арнайы кйім немесе алжапқыш кию керек. Өйткені олардың мектеп формасыбылғанбауы тиіс.Мүсін кезінде айналмалы станокты пайдалану орынды. Бұл станокпен жұмыс істеу өте қолайлы. Жан-жақты бұрып көруге болады. Мүмкіндігінше бір түсті пластелинді қолданған немесе саз балшықты қолданған дұрыс. Бұл біртұтаскөруге ықпал етеді. Әр түрлі ала-құла болып кеткен пластелин көзді алдайды. Сомдалған мүсін пішінін жоғалтып алады. Жұмысты аяқтағаннан кейін жұмыс орнын жинап ,қалған пластелин немесе саз балшық қалдықтарын жинап қорапқа салу керек. Қолды жылы сумен сабындап жуу қажет.Латынның «Sculptura» – «қашау, кесу,шабу,пластика» сөзінен шыққан.[2]
Мүсіндеу өнерінің бөлімдері
Мүсін дегеніміз – тас, ағаш, металл, саз балшық және ермексаздан сомдалған бейнелер.
Мүсін түрлері: жұмыр мүсін,бедерлі мүсін.
Мүсіннің барлық жағынан көрінетін түрін жұмыр мүсін деп атаймыз.
Жазықтық бетінен жартылай шығыңқы түрін бедерлі мүсін деп атаймыз.Барлық кезеңдегі суретшілер хайуанаттарды мүсіндеп, суретін салып бейнеленген.Бейнелеу өнерінің анималистикалық жанры осылай пайда болған. Анималистер құстар,жәндіктер мен жануарлар өмірінен сурет салып, табиғат туралы кітаптарды олардың бейнесімен безендірген. Олар өздері бейнелеп отырған жәндіктер мен жануарлардың, құстардың тіршілігін, мінез – құлқын, түр- тұлғасын жақсы білген.
Қазақстан анималист – суретшілер:Бапанов Әлімбай, Телжанов Канафия Темір — Болатұлы, Шаяхметов Кәмил Махмұдұлы, Наурызбаев Хакімжан Исмаханұлы Досмағамбетов Төлегенді айтсақ, Есіл жағасындағы барыс бейнесін және баланың өмірін қасқыр құтқарған қасқыр мүсіндеген мүсіндері бар
Анималист – суретшілердің жануарларды, құстарды бейнелеу барысындағы жұмыс кезеңдері:
Дене мүшелерінің негізгі пішінін талдау:
Оларға тән қозғалысты анықтау.
Олардың жүріс- тұрысымен, қозғалу қылығымен таныстыру:
Сыртқы түр – тұлғасының ерекшелігі (терісі, түгі,қауырсыны)
Есіңе сақта !
Қауіпсіздік ережесін еске түсіру.
1.Ермексазды ауызға салмау;
2.Жұмыс орныңды таза сақтау;
3.Жұмыс аяқталған соң, қолды жуу.
4.Орамал қолдану.
Мүсіндеу жолдары
1.Мүсіндейтін хайуанатымыздың түсіне сәйкес ермексазымызды таңдап аламыз
2.Ермексаздыбөліктергебөлу.
3.Алақанарасынасалыпилеу, жұмсарту.
4.Алдымен жануарлардың денесін, одан соң басын, аяғын, құлағын, құйрығын дайындап алу.
5.Бөліктерді жапсырып біріктіру. Мысалы: қоянның денесіне басын жапсырамыз, содан кейін құйрығын, аяғын, құлағын жапсыру; Біріккен жерлерін тегістеу.
Мүсіндеу - көркем өнердің бір түрі. Мүсіндеудің графика мен кескіндемеден айырмашылығы кескіннің барлық жағынан анық көрсетілуі.Мүсіншілер өз шығармашылығын тастан қашап (әсіресе мәрмар мен граниттен), ағаштан жонады.Қазіргі уақытта мүсінді болаттан, бетоннан,пластмассадан және т.б материалдан жасауға болады.
Мүсіндеудің негізгі объектісі – адам.
Қазақстан аумағында ежелгі мүсін өнері ескерткіштері тас дәуірінде пайда болған.
Бұл тас мүсін – Балбал тастар.
Оны жасауға сопақ пішінді тастарды іріктеп алған. Олар: Орталық Қазақстан, Жетісу өңірінде көп кездеседі. Ертеректегі тас мүсіндер жалпақ, әрі көлемді болып келеді. Одан кейінгілері жұмырлы мүсін болып келеді.
Мүсіндеудің түрлері:
1. жұмыр мүсіндеу
2. рельефті мүсіндеу (бедерлі)
Жұмыр мүсінді барлық жағынан қарауға болады.
Мүсіншілер өздерінің шығармаларын жасау барысында адам мен жануарлардың мүсіндерін жан - жақты қарап отырып сомдайды.
Мысалы: Хакімжан Наурызбаев (27. 08. 1925 жылы туған, қазіргі Қостанай облысы, Ленин ауданы) — қазақтың тұңғыш кәсіпқой мүсіншісі, қазақ халқының көрнекті қайраткері. Оның қолынан
А. Иманов, Ж. Жабаев, А, Ш.Уалихановтың , А. Құнанбаевтың монументалды бюстері шықты.
2.рельеф.(бедерлі)
Монументтік мүсіндеу – бұл ұлы адамдардың немесе тарихи оқиғаларға
орнатылған, асқақ, келісті
ескерткіштер.
Монументті – сәндік шығармалар әдетте жеке ансамбльдің, алаңның немесе демалыс орындарының сәулеттік композициясының жиынтығы болып табылады.
Жаңа терминдерге түсінік беру.
Анималистік жанр -(лат. Жануар ) хануанаттар
дүниесін бейнелеу өнері
Анималист мүсінші – Жануарларды бейнелейтін
мүсінші.
Мүсіндеме түрлері
Мүсіндеме негізінен адамды, кейде жан-жануарды немесе басқа пішіні бар заттарды бейнелейді.
Мүсіндеменің негізгі жанрлары
Мүсіндеменің негізгі жанрларға бөлінеді:
1.портрет
2.тарихи мүсіндер
3.тұрмыстық мүсіндер
4.символикалық мүсіндер
5.аллегориялық фигуралар
6.анималистикалық жанр.
Техникасына байланысты түрлері
Мүсіндеме негізінен 2 түрге бөлінеді:
1.жұмыр (мүсінді жан-жағынан түгел көрсету) және
2.рельефті (тегіс заттың бетіне бедер түсіру).
3.барельеф (фигураның жартысынан көбі сыртқа шығып тұрады);
горельеф(фигураның жартысы сыртқа шығып тұрады);
4.контррельеф (фигура сыртқа емес, ішке кіріп тұрады)
Рельефті бедермен ойылып жасалған күрделі композициядағы мүсіндерді тек монументтік туындыларда ғана қолданады (мысалы, Қазақстан Жазушылар одағы үйіндегі “Кітап бейнесі” атты монументтік мүсін).
Мазмұнына қарай
1.Мүсіндеме мазмұнына қарай:
2.монументтік-декоративті,
3.қондырғылы немесе шағын пішінді болып екіге бөлінеді.
Шағын пішінді Мүсіндеменің әрқайсысы бір-бірімен мазмұндық жағынан тығыз байланыста болғанымен олардың өздеріне тән ерекшеліктері болады.
Өңдеу тәсіліне қарай
Өңдеу тәсілдері:
-
ою,
-
құю,
-
шеку, т.б. болып келеді.
Мүсіндеменің ерекшелігі көп жағдайда жасау техникасы мен пайдаланатын материалдарына (тас, металл, саз, балауыз, ағаш, гипс, тағы басқа) байланысты.
Архитектуралық және табиғи ортамен байланысты:
-
монументтік Мүсіндеме (ескерткіштер, монументтер, мемориалды құрылыстар) идеялық мазмұнының мәні мен көлеміне қарай ерекшеленеді.
-
Монументтік-декоративті Мүсіндеме архитектуралық құрылыс пен кешендерде (атланттар, кариатидалар, фриздер, фронтондық, бақ-саяжайлық мүсіндер) қала көшелері мен алаңдарда, тағы басқа мекеме ғимараттарының алды мен интерьерлерінде орналасқан.
-
Архитектурамен тікелей байланысы жоқ қондырғылы Мүсіндеменің көлемі түпнұсқаға сай немесе одан кішілеу болып келеді. Олар негізінен тұрғын үйді көркемдеуге, мұражайлар мен көрмелерге қоюға арналады. Мұндайда ол Мүсіндеменің пластик. мүмкіндігін, көлемін, жанрының ерекшелігін ескеріп, көбінесе декоративтік-сән және қолөнері түрінде қолданады.[1]
-
Мүсіндемеде пайдаланатын материалдар[өңдеу]
Мүсіндеме жасауда әр түрлі материалдар қолданылады және оларды ұқсату тәсілі де түрліше болып келеді:
-
Мүсіндеме жасауда саз, балауыз, пластилин қолданыылады. Бірақ бұлардан жасалған мүсіндемелер тез тозатын болғандықтан, көбінесе гипстен көшірме жасалады. Мүсіндеме жасар алдында темірден, ағаштан, сүйектен болашақ образдың қаңқасы пішінделіп, соған татлған материалдың бәрін жабыстыру арқылы мүсінші ойындағысын орындап шығады.
-
Металдар (қола, мыс, қалайы, шойын, болат т.б.), гипс, бетон, пластмасса сұйық (ерітілген, араластырған) күйінде алдын ала жасалған қалыпқа құйылады. Металдар қатты күйінде де қақтау, бедерлеу әдістері арқылы өңделеді. Ежелгі Грекияда хрисоэлефантинналық бедерлі алтын қаңылтыр мен ағаш қаңқаға жапсырылған піл сүйегінен жасалды
-
Тас (мәрмәр, гранит, әк тасы, құмайт тас, базальт, диорит т.б.), ағаш және сүйектен де жасауға болады. Ол үшін материалдың іші-сыртындағысы образ жасауға қажетсіздерінің бәрі қашау, шеку, егеу, бедерлеу арқылы алынып тасталады. Тас Мүсіндеме қашауға саймандар (тескіш, кескіш, балға т,б,) қолданылады. Ағашты пайдаланғанда қашау, пышақ т.б. өткір құралдар пайдаланады.
-
Керамикадан да Мүсіндеме жасалады. Ол үшін саздан істелген мүсінше үлгілерді арнайы пештерде күйдіріліп, оған ақ немесе түрлі түсті жылтырақ (майолика, фаянас, фарфор), кейде жылтырамайтын бояулар (терракота, фарфордың бисквит деген түрі) жалатылады. Мүсіншінің жұмыс тәсілі негізінен төмендегіше: пластилиннен не саздан кішкене нұсқа жасалып, ол одан кейін сазға үлкейтіп көшіріледі. Үлкен Мүсіндемелерді жасарда ең алдымен айналмалы қондырғыға металл діңгек бекітіліп, діңгекке сымнан, ағаштан Мүсіндеме қаңқасы жасалады. Қаңқаға саз жапсыру арқылы болашақ образ сомдалады. Саздан жасалған үлгі бойынша екіге немесе бірнешеге бөлінген бедерлі гипс қалып алынады. Осы қалып бойынша кейіннен гипс көшірме құйылады. Саз Мүсіндеме тасқа көшірілетін жағдайда, қалыптың шығыңқы және ойыңқы жерлері түгел өлшеніп, тас соған қарай қашалады. Мүсіндемені металдан құю өте ұзақ және күрделі жұмыс.
Тарихы
Мүсіндеме тарихы ертеден бастау алады. Алғашқы қауымдық құрылыс кезінде жауынгерлерді, балалы ананы бейнелейтін тас мүсіндер кеңінен тараса, біздің заманымыздан бұрын 8 – 2 ғасырларда дамыған “Аң стилі” ежелгі Мүсіндеменің көрнекті мысалы бола алады. Көктегі күш пен жердегі билеушілердің құдіретін бейнелеу үшін жасалынған Мүсіндеме ежелгі дәуірдегі өркениеттердің (Грекия, Рим, Ассирия, Вавилон) ажырамас бөлігіне айналды. Көлемдері өте үлкен, тылсым күшті сипаттаған және ғұрыптық бағыттағы Мүсіндеме тек құдай мен билеушілердің, жеке тұлғалардың, аңыздық кейіпкерлердің (Мирон, Скопас, Геркулес, Циклоп, тағы басқа) бейнесін жасауға бағытталды. Орта ғасырлардағы Мүсіндеменің негізгі бағыттары шіркеулерді, ғибадатханаларды көркемдеуге (Құдай ана ғибадатханасы, Париж; Буддистік шіркеулер, Үндістан) арналды. Қайта өркендеу дәуірінде, Мүсіндеме адамзаттың ерлікке, еркіндікке деген ұмтылысын, тұлғалық қасиеттерін, табиғат сұлулығын бейнеледі. Донателло, Микеланджело, Гужон, Пилон, тағы басқа туындылары соңғы орта ғасырларда және жаңа дәуірде Еуропаның көптеген қала-қамалдарының іші-сыртын көркемдеу үшін кеңінен қолданылды. 18 – 19 ғасырларда Мүсіндеме адам бейнелері мен ескерткіш тұрғызу бағытында дамыды. Оның құрамында, классик., примитивизм, кубизм (П.Пикассо), конструктивизм (Н.Певзнер), сюрреализм, абстракционизм, тағы басқа бағыттағы Мүсіндеме бар. Қазақстан жеріндегі Мүсіндеменің пайда болу тарихы 3000 жылға созылады. Ол палеолит дәуірінде пайда болып, сақтар мен Түрік қағанаты тұсында кеңінен дамыды. Ата-баба рухына сену, жер, су, от иелеріне табыну (Көк Тәңірі, Жер-Су иесі, өмай ана, балбал тас, тағы басқа) және исламдық сенім (құлпытас, қойтас; кесенедегі бейнелер) Мүсіндеменің көптүрлілігіне әкеліп соқты. Кеңес дәуіріндегі Мүсіндеме өкілдерінің (Б.Төлеков, Е.Сергебаев, Х. Наурызбаев, Б. Төленов, Т. Досмағамбетов, тағы басқа) еңбектері халық батырлары, еңбек ерлері және соғыс ардагерлерін бейнелеуге арналса, соңғы кезеңдегі Мүсіндеме бағыты әлемдік құндылықтар мен жергілікті салт-дәстүр ерекшеліктерімен ұштаса отырып дамып келеді (Е.Рахмадиев, Н.Далбай, Ш.Төлешев). Сонымен қатар Мүсіндеме әлемдік техника жетістіктерін, өткен мен бүгінгінің өзара үндестігін және дүниежүзіндегі Мүсіндеме саласындағы жетістіктерді бейнелеуге және халық мақтанышы: ақындар, батырлар, қоғам қайраткерлері мүсіндерін сомдауға бағытталған (Кенесары мүсіні, Астана, 2001; Мұқағали Мақатаев, Алматы, 2003; Әл-Фараби мүсіні; ҚазҰУ қалашығы, 2004, тағы басқа).
Екінші сәбилер мүсіндеу оқу қызметінің мақсат-міндеті.
Шығармашылық білім беру саласының базалық мазмүны,сурет мүсіндеу,музыка ұйымдастырылған оқу қызметінде жүзеге асырылады.Мақсаты балалардың танымдық,шығармашылық,музыкалық қабілеттерін қалыптастыру болып табылады.
Міндеттері;
Өнімді әрекеттерге қызығушылықтарын ояту,балалардың байқампаздығын дамыту;Көрнекі-қимылдық,ойлауды,есті,қиялды,зейінді,қабылдауды дамыту;
Қоршаған орта туралы түсініктерін және сенсорлық қабілеттерін қалыптастыру.
Мүсіндеу(1 жас 6 айға дейін)
Сазбалшық,оның қасиеттерімен таныстыру.Балаларды ермексазды
сазбалшықтың кесектерін алақан арасында домалатуды,алақан арасын шарлар жасауды,жалпақ,дөнгелек пішіндерді мүсіндей білуге үйрету.
Мүсіндеу (1 жас 6 айдан-2жаска дейін)
Балаларға ермексазды,сазбалшықты алақан алақан арасында ала білуді өз қалауы бойынша алынған пішіндерді құрастыруды біледі.
Шығармашылық білім беру саласы
Шығармашылық білім беру саласының базалық мазмұны сурет салу,мүсіндеу,аппликация,музыка ұйымдастырылған оқу қызметінде іске асырылады.Мақсаты балалардың шығармашылық қабілеттерін,эстетикалық талғамын дамыту болып таблады.
Міндертері;
Бейнелеу өнріне қызығушылықты қалыптастыру,шығармашылық ойлауы мен қиялдауын дамыту;
Көзбен қол үйлесімін дамыту;
Қарапайым заттарды,құбылыстарды,ертегі кейіпкерлерінің
пішінің,түстерін,бөліктердің орналасуын бере отырып,бейнелеу біліктері мен дағдыларды қалыптастыру;
Өнер туындылармен,халықтардың сәндік-қолданбалы өнер туындыларымен таныстыруды жалғастыру;
Қоршаған шынайы әлемнің эстетикалық жағына
қызығушылықты,балалардың өз ойын білдіруі мен музыкалық
қабілеттіліктерін дамыту;
Балардың өнімді іс-әрекетінің түрлерін дамыту;
Балаларды тұтас қағаз парағына бейнелерді орналастыруға үйрету.
Мүсіндеу
Балалардың сазбалшық,ермексаз және оның қасиеттері туралы білімдерін қалыптастыру;
Сазбалшықты дұрыс қолдану біліктерін жетілдіру;
Техникалық дағдыларды қалыптастыру;заттардың қарапайым және одан да күрделі пішіндерін мүсіндеу.
Күтілетін нәтижелер;
Сазбалшықтын,ермексаздың қасиеттерін біледі;
Сазбалшықпен,ермексазбен жұмыстын бастапқы дағдыларына ие;
Мүсіндеудін қарапайым тәсілдерін меңгерген(үлкен кесектен кішкентай бөліктерді бөліп алады,оларды біртұтас етіп біріктіреді,сазбалшықты өздігінен илей алады)Бірдей және түрлі көлемді шарларды біріктіру жолдарымен заттарды мүсіндейді.
Мүсіндеу
Заттық мүсіндеу
Ермексаздың,сазбалшықтың,қамырдың кесектерінен мүсінлдеу дағдыларын қалыптастыру:
1.түрлі тәсілдерді қолданып бейнелеу
2.түрлу пішіндегі заттарды және өзіне тән ерекшеліктерін ескере отырып,үлгісі мен елестеуі бойынша көлемін:
3.пропорцияларды сақтап ,саусақпен алақан қозғлыстарын пайдалана отырп екі бөліктен тұратын заттарды:
4.Адам пішінін:
5. заттарды толық пішінін алынғанғадейін немес жайылған пішіннің жиектері иілгенге дайын сығымдау.
Сюжеттік мүсіндеу
1.Балаларды тұрмыстық заттар мен бейнелі ойыншықтарды мүсіндеуге қызығушылығын арттыру. Ұлттық ойыншықтар туралы білімдерін кеңейту,халық шығармашылығының желісі бойынша бейнелер жасау. Балаларды халық шеберлерінің еңбектерімен таныстыру, халық бұйымдарының желісі бойынша ыдыстарды мүсіндеуге үйрету.
2.Кескішті қолдануды таныстыру. Кескіштің көмегімен жасалған бұйымды безендіруге тырысуын ынталандыру. Ұқыпты мүсіндеу әдістерін бегіту.
Күтілетін нәтижелер:
Түрлі пішіндегі және көлемдегі таныс заттарды түрлі тәсілдерді қолданып мүсундей алады:
Адамның пішінін (дене бөліктерін бас,кеуде,қолдары,аяқтары) мүсіндейді.
Халық шығармашылығының желісі бойынша тұрмыстық заттар мен ойыншықтардың бейнелерін мүсіндеуге қызығушылық танытады:
Кескішпен түрлі безендірулер жасайды.
Мүсіндеу техникасын жетілдіру
Заттық мүсіндеу.
Дағдыларды қалыптастыру:
1.жануарлардың мүсінін жасаудың әр түрлі тәсілдерін пайдалану:
2.бірнеше бөліктерде заттарды мүсіндеу, оларды орналастыру ,пропорцияларды сақтау, бөліктерді біріктіру.
Сюжеттік мүсіндеу
Дағдыларды қалыптастыру:
1.ертегілер мен қоршаған өмір тақырыптарына мазмұндық композициялар құрыу.
2.ұжымдық жұмыстарды орындау,міндеттемелерді өзара бөлісу.
3.мүсіндеудің таныс тәсілдерін пайдалана отырып, саз балшықтан, қамырдан,ермексаздан мүсіндеу.
Сәндік мүсіндеу
Тұрмыстық заттарды мүсіндеуде қызығушылқты тәрбиелеу.
Халық шеберлерінің еңбегі туралы білімін кеңейту, саздан жасалған халықтық бұйымдардың желісі бойынша ыдыстарды мүсіндеу дағдыларын бекіту.Жартылай пішінді алу үшін сазбалшықтың тұтас кесегінен мүсіндеу дағдыларын қалыптастыру.
Күтілетін нәтижелер:
Мүсіндеуде кескішті қолдана біледі:
Жануарлардың мүсінін жасаудың әр түрлі тәсілдерін пайдаланады:
Ертегілермен қоршаған өмір тақырыптарына мазмұндық композициялар құрастырады:
Ұжымдық жұмысқа қатысады,тұрмыстық заттарды бейнелеуге қызығушылық танытады:
Халықтық ұйымдардың желісі бойынша ыдыстарды мүсіндеу дағдыларын игерген:
Қоршаған әлемнің әсемдігін эмотционалды қабылдайды;
Заттық мүсіндеу
Адамның бейнесін,жпнуарлардың қозғалыстағы
мүсінің,үйлесімділікті,қол-аяқ қалпын дұрыс мүсіндеуге үйрету.Заттардың үзын және қысқа,жуан және жінішке белгілерін көрсете білуге,бөліктердің салыстырмалық көлемдерін сақтауға,мүсінделген пішіндердің бөліктерін нақтылауға,оларды бір-біріне қосып,біріккен жерлерін тегістеуге үйрету.
Ортақ композиция жасау үшін
ұжымдықмүсіндеудің,адамның,жануарлардың,ойыншықтардын,халық шығармашылығының заттарын карап мүсіндеу дағдыларын дамыту.
Кеуде,бас және басқа да бөліктерді мүсіндей білуге,мүсіндеу тәсілдерін іріктеуде дербестікті білдіру,сазбалшықты бөлуг өз жұмысының алдында тұрған үлгімен салыстырға үйрету.[1]
Екінші сәбилер тобында мүсіндеу қызметіне арналған жоспарлар.
Күні: 17.05.18ж
Білім беру саласы: Шығармашылық.
Бөлімі: Мүсіндеу
Тақырыбы: Үйректің балапаны
Мақсаты: Үйректің балапаны туралы білу.
Білімділік: Балардың үлкен-кіші,көп,аз ұғымын,дөнгелек және сопақша пішіні туралы білімдерін бекіту.Ермексазды домалатуды,бармақпен шымшып созуды үйретуді жалғастыру.Ермексазбен таза,ұқыпты жұмыс істеуге тәрбиелеу.
Дамытушылық: Балалардың ой-өрісін, сана-сезімін, қиялын дамыту.
Тәрбиелік:.Балаларға жұмыс жасау барысында ұқыпты жұмыс жасай білуге, жауапкершілікке, шығармашылыққа тәрбиелеу.
Билингвальды компонент: Балапан-птенчик, шөже-птенец, үйрек-утка.
Сөздік жұмысы: үйрек,
Технологиялық қамтамасыз ету: Балапан ойыншығы, сурет тауық пен үйректін,бейнеленген көл суреті, ермексаз, тақтайша, шүберек.
-
Іс-әрекет кезеңдері
Тәрбиешінің басқару әрекеті
Балалардың іс - әркеті
Мотивациялық қозғауыш
Таңғы шеңбер:
Күн дидарлы арайлы,
Нұрын төгіп тарайды.
Барлық бала шаттанып,
Қуанышпен қарайды.
-Балалар мына пернетақтаға назарларынды аударындаршы,мен сендерге жұмбақ жасырамын сендер шешімін тапқан жағдайда суреттер шығада.
Жұмбақ:
Ақ сарайын талқандап,
Шықты біреу талтандап.
Күн бата қонақтап қалқыған,
Таң ата жерден жем аңдыған.
-Ал мына суретке қарандаршы,бұлар олардың балалары,оларды қалай атайды?
-Тауық пен үйрек үлкен,ал шөже мен балапан қандай?
-балапандардың түсі қандай?
-Олар мекен ету орнына қарай үй және дала құстары болып бөлінеді.Тауық пен әтеш үй құстары болып саналады.Үй құстарын үйде күтіп баптайды.Адамдар үй құстарына жем,су беріп,қора дайындап қамқорлық жасайды.Бізге балапан келіпті,ол өзінің достарымен таныстырмақшы.
-Мына,балапапан жалғыз жүр,ол дос іздеп жүр,дос табуға көмектесейікші.
Үйректі ермексазбен жасаймыз,ол үшін екі бөліктен тұратын ермексазды қолданамыз.Кіші бөлігі-басын домалатып домалақ жасаймыз. Үлкен бөлігі-денесін сопақша етіп жасау үшін домалатып, алақанға салып басамыз, ал тұмсығын құйрығын, бармақпен шымшып созамыз.
Балалар тәрбиешінің айтқанын қайталап, қимылмен көрсетеді.
Пернетақтаға назарларын аударады.Жұмбақтардың шешімін табады.
-Үйрек.
-Тауық
-Тауықтын балапаның «шөже»,ал үйректің балапаның «балапан» деп аталады.
-кішкентай
-сары түсті
Балалар құс болып ауыл шаруашылығына барады.
-Иа,көмектесеміз.
.
Ермексазды алақандарына салыпдомалатады.Бармақтарымен шымшу арқылы тұмсық пен қанаттарын жасайды.Сергіту сәтіне барлығы қатысып,қимыл қозғалыстарын қайталайды.
.
Ұйымдастырушылық – іздеушілік
Тауық пен үйрек суреті бойынша әңгімелесу.
-мына суреттен не көріп тұрсында?
-Бұлар үй құстары.Ал олардың балаларын қалай атайды.
-Тауықтын балапаның шөже,ал үйректін балапаны балапан деп аталады.
-Ал үйрек ше.
Үйректін балапаның
қарастыру.
Тақтада үйрек балапанының суреті болса,екіншісінде
үйректін балапанының пішіні басы-дөңгелек,денесі сопақша түрінде көрсетілген.
-Қане,дөнгелекті,сопақшаны ауада сызып көрсетейік.
-Біз бүгін ермексаздан үйрек балапаның мүсіндейміз.
Балапанның түсі қандай екен.
-Ендеше сары түсті ермексазды аламыз.Балаларға көмектесіп жеке жұмыс жүргізеді.
-Ол үшін екі бөліктен тұратын ермексазды қолданамыз.Кіші бөлігі-басын домалатып домалақ жасаймыз.
-Үлкен бөлігі-денесін сопақша етіп қжасау үшін домалатып,алақанға салып басамыз,ал тұмсығын
құйрығын бармақпен
шымшып созамыз.
Сергіту сәті:
Қазым,қазым қаңқылда
Көлде жүзіп саңқылда
Жем шашайы, жейсін бе
Кәмпит берші дейсін бе
Жоқ,жоқ,жоқ
Кәмпит-тәтті,болмайды ас,
Арпа менен бидай шаш.
Тауық пен үйректі
Балапан
Сары
Тарбиешінің көрсеткен сурет салу технологиясын тыңдайды.
Сергіту сәтін жасайды.
Рефлексивтік – түзетушілік
Балалар, бізде қандай оқу қызметі болды?
-Мүсіндеу оқу қызметінде ненің суретін мүсіндедік?
-Қандай сергіту сәтін жасадық?
-Бүгін біз ермексаздан не жасадық-Балапан.
-Қай құстын балапаны
Үйректің.
-Неше бөліктен жасадық-екі бөліктен басы,денесі.
-Денесін жасау үшін не істедік-.
-Ал тұмсығын,құйрығын қалай жасадын-шымшып,создық.
-Ал енді балапанды көлге
жіберейік.
Мүсіндеу
Үйректін балапаның
Қазым,қазым қаңқылда.
домалатып алақамен бастық
Сұрақтарға жауап береді.
КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕ
Нені білу керек:Балапан үйректін баласы екенін білуі керек. .
Нені игерді: Бала дене бөліктерін атай алады.
Нені білді:.Ермексазды үйрек балапанының мүсінің жасай алады.[5]
Қорытынды:
Шығармашылық тұлғаны қалыптастыру – қазіргі кезеңдегі педагогикалық теория мен тәжірибенің маңызды мәселелерінің бірі. Оны мектепке дейін дамыту тиімді. В.А. Сухомлинский айтқандай: «Балалардың мүмкіндігі мен дарындылығының бастамалары саусақтарының ұшында. Бейнелеп айтқанда, саусақтарынан, шығармашылық ойын қоректендіретін өте жіңішке жылғалар сынды жіптер тарайды.Баланың қолында неғұрлым шеберлік көп болса, соғұрлым ол ақылды болады». Педагогтардың пайымдауы бойынша-барлық балалар дарынды.Сондықтан дарынын уақытында байқап, сезіп, тәжірибесінде, нақты өмірінде қолдануға мүмкіндік туғызу қажет. Ересектердің көмегімен көркемдік-шығармашылық қабілеттерін дамыта отырып, бала жаңа туындылар жасайды (сурет, жапсыру) .Қайталанбайтын туындыларды ойластыру барысында ол әрқашан заттың жасалу тәсілдерімен тәжірибе жасайды. Мектепке дейінгі жастағы бала өзінің эстетикалық дамуында қарапайым көрнекі-сезімдік әсерінен түпнұсқалық кейіптің жасалуына бейнелеу-мәнерлеу әдістері арқылы өтеді. Сондықтан оның шығармашылығының негізін қалау керек. Неғұрлым бала жақсы көрсе, естісе, күйінсе, соғұрлым қиялдау әрекеттері маңызды және нәтижелі болады.Балалар ерте жастан бастап өздерінің қоршаған ортадан алған әсерін бейнелеп көрсетуге тырысады.Мен өз тәжірибемде сурет салудың дәстүрден тыс әдістерін қолданамын. Сурет салудың дәстүрден тыс әдістері балаларды қызықтыратын, еліктіретін іс- әрекет. Қоршаған орта бала өмірінде ең маңызды орын алады. Сондықтан заттық – дамытушы ортаны ұйымдастырған кезде мазмұнының дамытушылық жағын және әр баланың жеке ерекшелігін ескере отырып, шығармашылық қабілетін дамытуға бағытталғанына басты назар аударамын. Үйде қаншама қажетсіз нәрселер бар: тіс щеткалары, поролон тарақтар, қақпақтар, пенопласт, жіптер, майшамдар т.б. Ал серуенге шыққан кезде айналада қаншама қызықты нәрселер бар: таяқшалар, жаңғақтар, жапырақтар, тастар, тұқым, баққабақ гүлінің мамығы т.б. Осының бәрінен іс- әрекетке қажетті өнімді бұрыш жасақтап алдық. Ерекше материалдар балаларды өзінің ерекшелігімен қызықтырады, «Жоқ» деген сөзді айтқызбай- ақ, не қаласа соны жасауларына және өздерінің жаңа шығармашылық қабілеттерін көрсетуге мүмкіндік береді. Балалар ұмытылмас әсер алады, жағымды көңіл күйде болады, ал олардың көңіл- күйлеріне қарай отырып не нәрсеге қуанатынын, не нәрсеге көңілі толмайтынын аңғаруға болады. Ұйымдастырылған оқу қызметінде бейнелеу өнерінің дәстүрден тыс әдістерін қолдану:
• Балалардың қорқынышын сейілтуге мүмкіндік туғызады;
• Өзіне деген сенімін арттырады;
• Ойлау кеңістігін дамытады;
• Өз ойын еркін білдіруге үйретеді;
• Шығармашылық ізденіске түрткі болады;
• Әр түрлі материалдармен жұмыс жасауға үйретеді;
• Композициялық сезімін, ырғақты, түс, түстерді қабылдауын дамытады;
• Саусақтың ұсақ моторикасын дамытады;
• Жұмыс барысында эстетикалық сезім алады.
Дәстүрден тыс әдістер арқылы сурет салу дағдыларын жеңілдетуді жөн санадым.Психолог Ғалия Зейнуловнаның айтуынша «Сурет бала үшін өнер емес, ол тіл. Сөзбен айтып жеткізе алмағанын, сурет арқылы жеткізуге мүмкіндігі бар. Бейнелеу барысында оңтайлының бәрі екінші орынға кетеді, тыйым мен шектеулер болмайды. Бұл уақытта бала мүлдем еркін.»
Сурет салуда дәстүрден тыс әдістер балалар үшін қызықты, өйткені өзінің қиялын, ықыласын, ойын толық білдіруге үлкен мүмкіндіктер береді.
Алға қойған мақсатыма жету үшін келесі тапсырмаларды орындауды анықтадым:
1.Мектеп жасына лейінгі балаларды сурет салудың дәстүрден тыс әдістерін қолдануға үйрету;
2.Мектеп жасына дейінгі балалардың қозғалыс дағдыларын және қолдың білезік буынының икемділігін арттыру;
3.Балаларды сурет салудың дәстүрден тыс әдістерін пайдалана отырып кез- келген сурет салуда өз шығармашылықтарымен ұштастыра білуге үйрету.
Нәтижеге қол жеткізу үшін балалармен жұмысты сатылып үш жастан бастаған жөн. Ең бірінші кіші топ балаларға диогностикалық зерттеу жүргізу қажет. Диогностикалық зерттеу мынаны көрсетеді:
— балалар қарындашты ұстауды қиналады;
— қағаз бетіне сызық, дақ, бояу түсіруге қиналады;
— қағаз бетіне суретті түсіру икемі болмайды;
Өзімнің ұйымдастырған оқу қызметімде сурет салудың дәстүрден тыс әдістерінің топтамасын, балалардың саусақтарына толықтай демалыс болатын, қимыл қозғалысын арттыратын, жазу дағдыларын қалыптастыратын элементарлық саусақ ойындарын, гимнастика, жаттығуларды пайдаланамын.
Бірнеше жылдан бері мектепке дейінгі балалармен жұмыс барысында мен бейнелеу әрекеттерінің нәтижелеріне назар аудардым. Балалар келесі белгілер бойынша жақсы нәтижелер көрсетт
Штрихтау икемділігі,түрлі түсті қарындаштармен әр түрлі сызықтады тартуы;
· Жіңішке және жуан қылқаламмен бояуды жаға білуі;
· Негізгі түстердің,бояудың реңктерін танып,оларды араластыра
білуі;
· Үлгі мен дақты жұмыста қолдана білуі;
· Өз жұмыс орнын жинай білуі;
Сонымен қатар балалардың төмен қабілеттері де байқалды:
· Сабақ барысында, жауап айтқан кезде өзіне деген сенімсіздік пен бөгеліп қалушылық;
· Өздігінен бейнелеу құралдарын таңдауда,суретті параққа орналастыруда әректсіздік;
· Дәстүрлі емес бояу әрекеттерін қолдану кезіндегі жаңғалақтық;
· Бейнелеу құралдарымен тәжірибе жасау;
· Танымал сурет салу әдісінде педагогтың анық түсіндіруін күту;
· Қиялын,көркем шығармашылығын байқату;
· Суретке жеке көзқарасын жеткізу;
Балалардың жас ерекшеліктеріне байланысты әр топта белгілі бір әдістерді үйрету керек. Мысалы: сәбилер тобында балалар алақанмен, бастырмамен, саусақпен сурет салуды үйренсе, ересек топтарда қағазды екіге бүктеу арқылы, түтікшемен үрлеу, шашырату әдісімен, далаппен салуды және жіпті, жапырақтарды пайдалану арқылы, балауызды қолданып сурет салуды үйретеміз. Осы әдістердің бірнеше түріне тоқтала кетейін.«Бастыру әдісі» әр түрлі заттармен бастыру арқылы сурет салу балаларда жағымды эмоция, қызығушылық тудырады. Бастыру үшін әртүрлі заттарды қолдануға болады. Мысалы:Жапырақ, алақан, поролон, өсімдіктер.«Құммен сурет салу әдісі». Балаларға құммен сурет салу өте қызықты, қатты ұнады, ол көтеріңкі көңіл-күй сыйлайды.
Оны төмендегідей жүргізеді:
- Ақ қағаз бетіне суреттің пішіні сызылады;
- Желім сызылған сызық бойымен қылқаламмен жағылады;
- Жағылған желімнің үстіне ыдыстардағы құм себіледі.
Балалармен жұмыс барысында олардың жеке ерекшеліктерін ескеріп, алынған нәтижеге талдау жасадым, жеке жұмысты жоспарладым.
Балалардың ұсақ қол моторикасын дамытып қана қоймай, дәстүрден тыс әдістермен жұмыс жасауды жетілдіріп, ерекше бейнелері арқылы өзінің «Менін» көрсету.Жұмысты нәтижелі жүргізуде ата- аналармен тығыз байланыс орнаттым. Ата- аналардың балаларының балабақшада немен шұғылданатындығын, қандай жетістікке жеткендігін білу туралы ой мазалайтындығын ескере келе балалардың шығармашылығынан көрмелер ұйымдастырдым.Қорыта келе мектепке дейінгі мекемелерде балалардың бейнелеу өнері арқылы шығармашылық қабілеттерін дамыту үшін оқып үйретудің сан алуан әдістері және ең алдымен балалар дербестігін, белсенділігін, өмір құбылысын көркемдік тұрғысынан қабылдау әрқашанда дара, әрі таңдамалы.Нәтижесінде балада көркем өнер туралы білімі қалыптасады, шығармашылық қабілеттері дамиды, авторлық бағытта бейнелей біледі, отбасы және балабақша ынтымақтастығы орнайды.
Пайдаланылған әдебиеттер:
Негізгі әдебиеттер:
1.Ә.Сағымбаев. (Бейнелеу өнерін оқыту әдістемесі), «Фолиант»баспасы, Астана 2013
2.М.Мұқашов, А.Сейтімов, М.Хамзиев.(Бейнелеу өнерін оқыту әдістемесі) «Фолиант»баспасы, Астана 2008
3.С.Андабекова (Мектепке дейінгі педогогика) Алматы 2014
4. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы Астана2016
5. https://ds02.infourok.ru/uploads/.../00058251-8c6ee0f5.doc..
Қосымша әдебиеттер:
1. Ұ.М.Әбдіғаппарова. Қазақтың ұлттық ою-өрнектері. А. «Өнер»,1999
2. М.Өмірбекова, С.Төлепбаев, Қазақ ою-өрнектерінің жасалу жолдары, А., «Қанағат ЛТД»,1993
3. Н.Б.Халезонова. Народная пластика и декоративная лепка детском саду. М. «Просвещение»1984
4. Н.П.Сакулина, Т.С.Комарова. Бейнелеу іс-әрекеті мен конструкциялауды үйрету тәсілдері. А. «Мектеп»,1985
5. Қ.Болатбаев, Халқытың педогиканы бейнелеу пәнінде қолдану. А.1995
6. Қ.Ералин, Қ.Болатбаев. Сәндік-қолданбалы өнер сабақтары. А. «Өнер» 2001
7. М.А.Гусакова. Аппликация. М. «Просвещение»,1983
8. В.И.Нименский. Изобратильное исскуство и художественный труд. 1-4 Пособие для учителя М. 1991
9. К.Амиргазин.Қазақ қолөнері. Алматы 2014
.