Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Мұсылмандық әдеп
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Сабақ жоспары№1
Оқытушы: Аюпова Феруза
Пән: Уағыз әдістемесі
Мамандық топ: 0112000 - «Исламтану» (Ислам негізінің мұғалімі) 2-курс 23-11-71
Сабақтың тақырыбы: Мұсылмандық әдеп
Күні:
Сабақтың мақсаты: «Әдеп» сөзінің мағынасын түсіндіру, әдептілікке дағдыландыру, адамның бойындағы «әдептілікті» дәріптеу, ұжымдық дұрыс қарым-қатынас орнату, білім алушыларды уағыз мазмұнының мағынасымен таныстыру. Уағыз әдістемесі мағынасын меңгеру арқылы жалпыадамзаттық құндылықтарға бейімделуге дағдылану. Болашақ дін маманын уағыз әдістемесі туралы білімін қолдана білуге үйрету
Күтілетін нәтиже:
1.Адамның жан дүниесінднгі қалыптасқан әдеттерді ажрата біледі
2.Адам өз бойындағы жаман әдеттерді тастап,жақсылыққа бет бұрады
Сабақтың түрі: Практикалық
Сабақтың әдіс тәсілдері: Баяндау,талдау,түсіндіру,топтық жұмыс,
Сабақтың көрнектілігі: Бейне баян,сұрақ парақшалары,хадистер жиынтығы
Пәнаралық байланыс: «Құран Кәрім», «Хадис әдістемесі», «Ақида», «Фиқһ», «Ислам тарихы», «Ислам әдебі және ахлағы», «Хадис»
Әдебиет:
Негізгі: Имам Нәуәуи. Хадистер жинағы (риядус-салихин). – Алматы, 2013.
Қосымша: Дін мен дәстүр, І кітап, ҚМДБ. – Алматы, 2014. Бағашар Қ. Ислам және өнеге. – Алматы, 2010. Бағашар Қ. Исламдағы тазалық. – Алматы, 2014.
№ |
Сабақ кезеңдері |
Кезең мазмұны |
Уақыты |
1 |
Ұйымдастыру кезеңі |
Сәлемдесу,студенттердің қатысуын белгілеу және көңіл-күйді көтеріп,шеңбер құрып, бір-біріне жақсы тілек айту аудиторияның дайындығын тексеру |
5 минут |
2 |
Білімдерін тексеру
|
Сұрақтар қою арқылы сұрау Әдеп неше топқа бөлінеді? Ислам әдебінің ерекщелігі неде? Әдептінің артықшылығы неде? Мұсылман қандай болу керек? Пайғамбар с.а.с. мұсылмандық әдеп жайында айтқан хадистерін айтыңдар. |
25 Минут |
3 |
Жаңа тақырыпты жеткізу әдісі
|
Ауызша баяндама; Қазақ еліне,жеріне қасиетті Ислам діні келген уақыттан бастапата-бабамыздың салт-дәстүрімен имандылық жолы бірге қалыптасқан. Асыл дініміз Исламның мақсаты адамзатты өз ұлтын жақсы көруді құптайды. Сонымен қатар шектен тыс ұлтшыл болуға жол бермейді. Адам баласы қоғам болып өмір сүргендіктен Ислам діні бір-бірене құрметпен қарауға тату-тәтті, бейбітшілікте болуға шақырады.
|
25 минут |
4 |
Оқушылардың өздік жұмысы |
Әдеп-ахләқтың сүннеттегі көріністері жайлы әңгімелеу,жазбаша шығармашылық |
20 Минут |
5 |
Тақырыпты бекіту |
Жалпы сұрау; Ислам сөзі қандай мағыналарды білдіреді? Шынайы мұсылман деп қандай адамдарды айтамыз?Шынайы мұсылманның сипаты қандай? Сәлемдесу жайында хадисте не айтылады?
|
10 Минут |
6 |
Сабақ қорытындысы |
Сандық жүйе арқылы бағалау |
3 минут |
7 |
Үй тапсырмасы |
Имам Нәуәуи. Хадистер жинағы (риядус-салихин). – Алматы, 2013. кітабы бойынша оқып келу
|
2 Минут |
Оқытушының қолы:_______________
Әдіскер: ___________________
Мұсылманның әдебі
Ислам – көркем мінез
бен әдепке негізделген дін. Ол әрдайым тазалық пен пәктікті
насихаттайды. Бұл оның негізгі қағидаларынан айқын көрінеді.
Мәселен, дініміздегі қайсыбір амалды алсақ та, жақсылыққа,
тазалыққа жетелері сөзсіз. Исламдағы материалдық және рухани
мәдениет тек арғы дүниеде Алла разылығына бөлеумен шектелмейді, осы
дүниеде де Адам атаулыға үлгі боларлық өркениеттің негізін құрайды.
Исламдағы барлық ғибадат-құлшылықтар осы мақсатта тоғысады.
Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) бір хадисінде өзінің жіберілу мақсатын былай
деп жеткізеді:
«Шындығында, мен көркем мінезді кемеліне жеткізу,толықтыру үшін
жіберілдім».
Демек, асыл дініміздің негізгі мақсаттарының бірі адамзатты
тәриелеу болып саналады. Ал пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) ғұмыры
бойы жалықпастан, осы көркем мінезді үйретумен бол- ды. Алла тағала
Құран Кәрімде:
«Сен, әлбетте, ұлы мінезге иесің»335деп, оның көркем мі- незін
ерекше атап, арнайы аят түсірді. Олай болса, дінімізде
мінез-құлықтың алар орны ерекше. Иманның кәмілдігі де мінез-
құлықтың көркемдігімен, әдептің толықтығымен байланысып жатыр.
Пайғамбарымыз (с.ғ.с.):
335 «Қалам» сүресі, 4-аят.
«Мүминдердің иман тұрғысынан кәмілі– мінезі көркем болғаны» деген
хадис-шәріпінде иман мен көркем мінез арасын байланыстырып отыр.
Бұның астарлы мәні терең. Сондықтан көркем мінез, әдеп дегенді
бүкіл өмірімізді Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) іс-әрекеттеріне қарай
ұйымдастыру деп түсінуге де бо- лады. Бұл хадисте Алла тағала өз
елшісіне айтқызып отырған көркем мінездің құрамында толық және
жалпы әдептің маңызы зор. Ғалымдар оны ішіп-жеу әдебі, киім кию
әдебі, ұйықтау әдебі, адамдармен қарым-қатынас жасау әдебі, жалпы
барлық істегі әдеп деп бірқатар салаларға бөліп қарайды. Исламның
негізгі қағидаларына жататын әдептің бұл түрлері өмірдің қай
саласын- да да, салаларында да нағыз өркениеттің үлгісін көрсетеді.
Олар адам өмірімен тығыз байланыса келіп, көркем мінездің ең биік
мәртебесіне қол жеткіздіреді. Сондықтан болар, шариғатымызда жеке
адамның өмірінде де, қоғамда да сенімділік пен достықты,
бауырмашылдық пен жақсылық сүйгіштікті қалыптастыру ісі осы әдеп
шеңберінде қалыптасады. Өйткені, әдеп адамдардың бір-бірімен
қарым-қатынасында да көрінеді. Алла тағала Құран Кәрімде
мүминдердің өзара қарым-қатынасы туралы мынадай бір аят
түсірген:
«Мүмін ерлер мен мүмін әйелдер – бір-бірінің көмекшілері, достары.
Олар игілікке шақырып, жек көрінішті істерден тоқтатады. Сондай-ақ
намаздарын толық орындап, зекет беріп, Аллаға, елшісіне бой
ұсынады. Міне, соларды Алла ра- хымына бөлейді. Расында
Алла тым үстем, аса дана»336.
Қасиетті аят кәрімде әдептің бірқатар өлшемдері көрсетілген. Иманды
жандар бір-біріне көмекші һәм дос болатыны айтылған. Ал достықтың
сипаты олардың өздерін және бір- бірін жақсылыққа шақырып,
жамандықтан қайтаруы. Аяттағы 336 «Тәубе» сүресі, 71-аят
«маърууф» (игілік) сөзін тәпсіршілер бүкіл жақсылық атаулы, дұрыс
сенім, ізгі амал, терең ықылас деп түсіндіреді. Міне бұл
құндылықтардың барлығы да әдептіліктің белгілеріне жатады. Ал
«мүнкар» (жамандық) сөзіне жақсылыққа қайшы келетін барлық
қасиеттерді, қате сенімді, жаман қылықтардың бәрін және төмен
ықыласты жатқызуға болады. Олай болса, адамдар арасындағы
қарым-қатынас әдебі ең алдымен осындай жақсылыққа шақырып,
жамандықтан қайтарудан басталмақ. Әсіресе, Алла тағалаға және
оның елшісіне бағыну бүкіл әдептің басында тұрады. Сондықтан әдеп
тақырыбын Алла тағаланың алдындағы әдептен бастаған жөн. Мына бір
оқиға мұсылман адамның Алла тағаламен байланы- сы қандай болу
керектігін көрсетеді:
Бірде Абдуллаһ ибн Омар (р.а.) бірнеше достарымен Мәдинамаңындаға
сахара шөлінде келе жатады. Бір кезде олар тамақ жеуге отырғанда,
оларға бір қой бағып жүрген жас бала жақындап келіп сәлем берді.
Ибн Омар (р.а.) оны дастарханға шақырып: «Кәне, кел, тамақтан ал»,
– деді. Қойшы бала: «Ау- зым берік еді», – деп жауап қайырды. Ибн
Омар таң қалып: «Мынандай ми қайнатқан ыстық күнде, тау-таста қой
бағып
жүріп ораза қайтіп ұстап жүрсің?», – деді. Сөйтті де баланың
сенімділігі мен тақуалығын сынау үшін былай деді: «Қойларыңның
бірін сатасың ба, біз саған ақшасын береміз, етін береміз, соны жеп
ауыз ашасың», – дейді. Бала: «Бұл менің қойым емес, қожайынның
қойлары», – дейді. Ибн Омар: «Оған қойды қасқыр жеп қойды дей
саларсың», – деді. Бала ашуланып: «Алла қайда
қалды сонда?», – деп теріс қарап кетеді. Баланың «Алла қайда?»деген
сұрағынан Ибн Омардың (р.а.) көңілі босап, жылап жібе-реді. Кейін
қалаға келгенде, Ибн Омар баланың қожайынын та- уып алып, одан
қойды да, қойшысын да сатып алады. Артынша қойшыны азат етіп,
босатып жібереді.
Мінеки, мұсылман адамның Алла тағала алдындағы әдебі осындай болса
керек. Алланың үнемі бізді көріп, естіп тұрғанын сезіну, әрқашанда
бізбен бірге екенін ұмытпау бізді күнәлі істер- ге қадам басудан
сақтайды. Әрі бұл сөзімізде, қылықтарымызда,
ойлауда, қарым-қатынаста әдепті болуға алып келеді. Мәселен, Алла
тағала көріп тұрғанын ұмытып, дауысымызды тым көтеріп сөйлеу
әдепсіздікке жатады. Құран Кәрімде Алла тағала:
«Жүрісіңде орташа бол да даусыңды бәсеңдет. Сөз жоқ, дауыстардың ең
жаманы есектің дауысы»337, – деп, мұндай әбес қылықтан аулақ болуға
шақырады. Сондай-ақ бөтен үйге баса көктеп, рұқсатсыз кіріп кете
беру де дінімізде құпталмайтын іске жатады.
Құран кітабымызда:
«Әй, ____________мүміндер! Өз үйлеріңнен басқа үйге рұқсат
алмайын-
ша, әрі үй иесіне сәлем бермейінше кірмеңдер. Бұл сендер үшін
қайырлы. Әрине, түсінерсіңдер»338.
Міне бұл аят та мұсылман жұртшылығын әдепті болуға
шақырып тұрғандығы сөзсіз. Кейде адамдар бір кісі үйіне кіруге
рұқсат бермеген кісіге ашуланып жатады. Үйге кіргізбеудің се- бебін
өзінше жорамалдап, қатты өкпелеп жататындар да кезде- седі. Ал,
ақиқатында, иесі жоқ немесе кіруге рұқсат берілмеген үйге кіруге
болмайды. Бұл –Жаратушы иеміздің бұйрығы. Құран Кәрімде бұл туралы
былай делінеді:
«Егер үйде ешкім таппасаңдар, өздеріңе рұхсат бермей- інше
кірмеңдер. Егер сендерге: «Қайтыңдар» делінсе, онда қайтыңдар. Бұл
сендер үшін жақсырақ. Алла не істегендеріңді жақсы біледі»339.
337 «Лұқман» сүресі, 19-аят
338 «Нұр» сүресі, 27-аят.
339 «Нұр» сүресі, 28-аят.
Бұрынғы ғұламалар әдеп туралы небір құнды қанатты сөздер қалдырды.
Мысалы, «Әдептілік – арлылық, әдепсіздік – сорлылық», «Әдептілік –
әдемілік», «Әдеп – адамның киімі тәрізді. Әдепсіз адам жалаңашқа
ұқсайды» деген қанатты сөз әдепті бейнелі түрде түсіндірген.
Әрине, әдеп адамның тәнінің емес, рухы мен жанының киімі. Киім
болмаса, ұятты жерлеріміз ашық болып тұратыны сияқты, әдеп болмаса,
рухымыздағы кей- бір ағат мінездер жұртқа көрініп жүреді. Тағы бір
ғалым: «Әдеп – тәж секілді. Оны киген кісі бар бәледен құтылады»
деген. Ойланып қараңызшы, шындығында, әдепті кісіге қай адам жау
болады, қастасады. Ешкімге соқтықпай, құлшылығын жасап, тек жүрген
кісімен ешкімнің де ілігі болма- сы анық. Керісінше, әдепті
кісілерді жұрттың бәрі сыйлайды, тіп- ті патшадай құрметтейді. Жер
бетінде нағыз әдептің үлгісін Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) көрсетті.
Әдепті тәлім-тәрбие жағынан алсақ та, киім кию, ас ішу тұрғысынан
қарасақ та, сөз сөйлеуді алсақ та, бәрібір қашан да ең биіктен
табылды. Әбу Бәкір (р.а.) Пайғамбарымыздан (с.ғ.с.) сұрады: «Уа,
Алланың елшісі, сені осыншалықты әдепке кім баулыды?». Ол: «Мені
Раббым әдепті етті және жақсылап тәрбиеледі», – деп жа- уап
қайырды. Айша анамыздан (р.а.): «Алла елшісінің мінез-құлқы
қадай
еді?», – деп сұралғанда, ол: «Сіздер Құран оқымайсыздар ма?», –
деді.
Олар: «Оқимыз», – дегенде, анамыз: «Алла Расулының мінез- құлқы
Құран еді», – деп жауап берді. Демек, Пайғамбарымыз (с.ғ.с.)
әдептің ең шыңынан орын алған. Олай болса, әдеп үйренгісі келгендер
Алла елшісі- не қараулары керек. Сөйтіп бейнебір әдеп айнасына
қарап тұрғандай, өзінің кем-кетігін түзетуі қажет. Өйткені, Алла
тағала оны бүкіл адамзатқа үлгі болатындай әдепті етіп жаратты.
Пайғамбарымыздың пайғамбарлығының бір кереметі де осында. Алла
елшісінің(с.ғ.с.) әрбір қылығы миллиардтаған адамдарға әсер етеді,
сондықтан ол басқа көркем мінездің кез келген түрінде де, әдеп
мәселесінде де кіршіксіз өнеге-тәлім көрсеткен. Оны ешбір ісінде
қателесуі мүмкін де емес еді. Өйткені, оның жүрегінен былайғы
адамдар қашып құтыла алмайтын шайтанның оғына нысан болатын қара
нүкте алынып тасталған. Жай адам- ды азғыру үшін қан тамырларына
әбден орнығып алған шайтан
Пайғамбарымыздың маңайына да жолай алмайды. Сондықтан әдепті, ең
алдымен, Пайғамбарымыздан (с.ғ.с) үйренеміз. Оның әдебі бүкіл
өмірді толығымен қамтиды. Қай жерде, қандай әрекет жасаса да, оны
сол жағдайға қатысты нағыз әдептіліктің үлгісі деп қабылдау керек.
Алайда әдепті бұғып, үндемей отыра беру екен деп түсіну дұрыс емес.
Мысалы, әділетсіздікті көргенде, Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) қатты
ренжитін, ашуланатын еді. Ол әділетсіздікті сүймейтін. Сол
әділетсіздікті орнына келтірген- ше тынышталмайтын. Бұны да
әділетке көрсетілген әдептің бір үлгісі деп бағалауға болады.
Алайда жеке басына зиян келсе, ол еш уақытта қабағын да шытпайтын.
Өйткені, мұнда да әдептілік одан осылай жасауды талап ететін.
Әнас (р.а.) былай деді: «Он жыл Алла елшісіне қызмет ет- тім.
Жасаған қылықтарым үшін бір рет те «Неге былай еттің» деп немесе
жасамаған істерім үшін «неге жасамадың» деп кейі- генін көрген
емеспін. Тіпті бірде Алла Расулы мені бір жұмысқа жұмсады. Көшеге
шықтым да, ойынға айналып кетіппін. Арада қанша уақыт өткенін
білмеймін, әлден уақытта арт жағымнан біреу тақап келіп, құлағымды
ұстағанын сездім. Қарасам, әдеттегідей күлімсіреп тұрған Алла
елшісі (с.ғ.с.) екен. «Міне, бара жатыр-
мын» дедім де айтылған істі орындауға жүгіре жөнелдім». Алла елшісі
бізге жолдан адаспау үшін ұстанатын екі нәрсе қалдырды. Бірі –
Құран, екіншісі – Алла елшісінің сүннеті. Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.)
бізге қалдырған ең маңызды мұрасы оның парызды, уәжіпті, сүннетті,
мұстахабты қамтыған түгелдей өмірі болса, онда оның әдебінен әдеп
үйрену біздің қажеттілігіміз.
Алла тағала Пайғамбарларды адамдар тура жолда өмір сүрсін,
адаспасын деп жіберді. Олай болса, біз ішіп-жеудің, жатудың,
тұрудың, күллі табиғи қажеттіліктерімізді өтеудің әдебін сол Алла
елшісінің өмірінен үйренеміз. Осы әдептен нәр алып, жеке басымызға,
отбасымызға, қоғамымызға қатысты өмірімізді соған орай
ұйымдастырамыз. Енді пайғамбарымызға қатысты әдепке тоқтала
кетелік.
Саңлақ сахабалар Пайғамбарымызды (с.ғ.с.) өте қатты құрметтеген,
оған деген әдептері де тым жоғары болатын. Оның әңгімелерін
бейнебір бастарына құс қонып отырғандай, сол құсты ұшырып алудан
қорқып отырғандай мұқият тыңдайтын. Оны таныған сайын бұл әдептері
одан сайын тереңдей түсті. Тіп- ті өздерін мазалаған сұрақтарды
емін-еркін сұрауға да именетін. Жаңадан дінді үйреніп жүрген
кісілер сұрақ сұрағанда, айтылған
жауаптарды қаныға тыңдауды қатты қалайтын, сондай мүмкіндікті асыға
күтетін. Пайғамбарымыздың алдында тұрып, екі ауыз сөзді батыл әрі
еркін айта білетін сахабалар аз еді. Олар осыншалықты дәрежеде әдеп
сақтайтын. Бұл бәлкім адамзаттың ардақ тұтар тұлғасы, ғаламның
мейірім нұры Мұхаммед Мұстафаға (с.ғ.с.) деген махаббат пен
құрметтен туындаса керек-ті. Худайбия келісім-шарты кезінде
сахабалардың Пайғамбарымызға деген құрметін көрген бір кісі таң
қалыпты. Сөйтіп Меккеге қайта оралғанда былай депті: «Мен Қисра
сарай- ларында болдым, Византия патшалығында қонақта болдым. Не-
бір билеушілерді көзім көрді. Алайда ешкімнің олардың алдында
хазірет Мұхаммедке (с.ғ.с.) көрсетілгендей шынайы құрметке, сыйға
бөленгенін көрген емеспін».
Ол келгенде, сахабалар орындарынан тұратын. Ол отырмай, ешкім
отырмайтын. Бірақ Пайғамбарымыз еш уақытта мұндай
әрекетті талап еткен жоқ. Керісінше, «Өзгелердің орнынан тұрғаны
сияқты орындарыңнан тұрмаңдар» дейтін. Дегенмен сахабалар әркез осы
әдептерінен бас тарта алмады. Оған құрмет көрсетуді қасиетті борыш
деп санаудан таймады. Әбу Бәкір (р.а.) мен бір яһудидің арасында
бір талас туды.
Екеуі де өз пайғамбарының жоғары екендігін дәлелдеуге тырыс- ты.
Бір мезет яһуди Пайғамбарымыз туралы әдепсіз сөз айтып қалады да,
Әбу Бәкір (р.а.) шыдай алмай, оны шапалақпен тартып жібереді.
Йаһуди сол заматта Пайғамбарымызға барып, болған жайды айтып
береді. Алла елшісі (с.ғ.с.) осы оқиға себепті саха- баларына былай
деді: «Мені Мұсадан (р.а.) жоғары санамаңдар. Өйткені, тірілу үшін
сүр үрленгенде, ең бірінші тірілетін мен бо-
ламын. Тұрғанымда Мұсаның (а.с.) Аршта жалбарынып тұрғанын көремін.
Менен бұрын да хашр-нәшр (қайта тірілу, жиылу) болды ма, әлде Тур
найзағайының бір түрі ме, біле алмаймын». Сондай-ақ Алла тағала
оған:
«Сен (Хұт иесі Юнус (а.с.)) сияқты болма»340 деген аят түскенде,
сахабаларының ойына Пайғамбар туралы теріс пікір келіп қалмасын
деп, бірден «Мені Юнус ибн Мәттадан жоғары санамаңдар» деп бұйырған
еді. Бұл оның пайғамбарларға деген құрметі мен әдебінен еді. Ақын
аталарымыз да «Зер қадірін зергер білер» демеуші ме еді?! Олай
болса, Мұсаны (а.с.), Исаны (р.а.), басқа да бүкіл пайғамбарларды
қалай құрметтеу керек екендігін
Мұхаммед пайғамбарымыздан (с.ғ.с.) сұрасақ, ақиқат жауапқа көз
жеткізе аламыз. Ал Мұхаммед пайғамбарымызды (с.ғ.с.) тану үшін де
сол пайғамбарлардың сөздеріне құлақ ассаң болады. Сондықтан болса
керек, Иса пайғамбар (а.с.) соңғы елшінің келуі- нен бес жүз жыл
бұрын «Ғаламдардың басшысы келе жатыр» деп сүйінші сұраған еді.
Өйткені, олар Пайғамбарымыздың ұлылығын жақсы түсінетін. Алайда,
Пайғамбарымыз қарапайымдылық пен кішіпейілділік танытып, жоғарыдағы
сөздерді айтты.
Иә, бұл да «көркем мінезді кемеліне жеткізу үшін жіберілген»
Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.)әдебі еді. Ол осыншалықты кішіпейіл еді.
Бұл айтылғандар «қай жерде қалай әрекет жасаймыз?» деген сұрақтың
айналысында өрбіді. Енді бір нәрсе айқын: «Пайғамбарымыз (с.ғ.с.)
қай жерде кіммен қалай қарым-қатынас жасаса, біз де солай әрекет
етеміз». Ендеше, мұсылман Адам өзінен үлкенге, елбасына, патшасына,
мұғаліміне, ұстазына т.б. қалай қарым-қатынас жасау керектігін Алла
елшісінің (с.ғ.с)
өмірінен үйренгені абзал.
340 «Қалам» сүресі, 48-аят
Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) еш уақытта да мүбәрак аяқтарын толық созып
жатпаған. Олай керіліп-созылып жатуды Алла тағаланың алдындағы
әдепсіздік санайтын. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) өз серіктерімен
жасалатын жұмыстарда үнемі белсенділік танытатын. Үй шаруашылығында
жанұясына жәрдем беретін. Ешкімге өзінің жеке тірліктерін жүктеп
қоймайтын. Керісінше, достары оның бір жұмысын атқарып беруге үнемі
жарыса кірісетін. Алайда әрқашан да жұмысқа алғашқы болып кірісіп
кететін Пайғамбарымыз болып шығатын.
Мысалы, жолда ас пісіріп ішерде, бірден орнынан тұрып: «Отынды мен
жинайын» деуі, мешіт салынып жатқанда жұртпен бірге кірпіш тасып
жүруі, тіпті басқалар бір кірпіш апарғанда, оның екі кірпіштен
тасуы осының дәлелі. Ол осылай жасай- тын, сахабаларын да, олар
арқылы кейінгі үмбетін де осылай тәрбиелейтін. Әбу Бәкір, Омар,
Осман, Алилердің (радиаллаһу анһум) әр ісінде қара қылды қақ
жаратын әділ болуы да ұлы ұстаздарынан үйренген әдептерінен бастау
алып жатса керек. Ислам шариғаты бойынша көшеде жүріп-тұрудың да
өзіндік әдебі бар. Мәселен, мәжбүр болмаған жағдайда көшеде бет
алды отыра беруге дініміз рұқсат бермейді. Пайғамбарымыздың бізге
жолдың ақысын беруге шақыруы жолда жүрудің әдебін үйрену керектігін
аңдатады. Олай болса, жолда немесе көшеде жүрер
болсақ, жолдың әдебін сақтауға тиіспіз. Әбу Сайид әл-Қудриден
жеткен бір хадисте Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) былай деген:
Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) бірде «Бұдан былай жол бойында
отырмаңыздар!», – деді. Ел: «Уа, Алланың елшісі, біз жол бойын-да
жиналуға мәжбүрміз, кейде бір-бірімізбен сұхбаттасамыз», – деді.
Сонда Алланың елшісі (с.ғ.с.): «Егер сендер онда жиналуға Жұма
мінбері 265
мәжбүр болсаңдар, онда жолдың ақысын өтеңдер!», – деді. Ел:«Уа,
Алланың елшісі, жолдың ақысы деген не?», – деп сұрағанда, «Бұл –
адамдарға сұқтанып қарамау және оларға зиян тигізбеу, сәлем
бергенге жауап беру, жақсылыққа ынталандыру және жамандықтан
қайтару»341, – деп жауап қатты. Сондай-ақ, ғылым үйрену үшін, ең
алдымен, әдеп үйренгеніміз абзал. Кейде бір-екі діни кітапты оқып
алып, төңірегіндегі жұрттың бәрінің «мынау дұрыс емес, анау қате»
деп мазас- ын алатын мұсылман бауырларымызды көріп қаламыз. Бұлай
жұрттың бәріне беталды соқтыға беру де әдепке жат. Тіпті бас-
шыларына ақыл айтып, тәртіпке бағынбай кеткендер де кезде-
седі. Алайда, шынайы Ислам үлкендерімізді құрметтеуге, оларға
бағынуға үндейді. Алла тағала қасиетті Құран Кәрімде былай деп
баяндаған:
«Шын мәнінде, Аллаға, Пайғамбарына иман келтірген мүміндер егер
Пайғамбармен бірге топпен жасалатын істе болса, Пайғамбардаи рұқсат
алмайынша кетпейді. Рас, се- нен рұқсат сұрағандар – Аллаға,
Пайғамбарға иман келтір- гендер. Қашан олар кейбір жұмыстары үшін
сенен рұқсат сұраса, олардан қалағаныңа рұқсат бер. Және оларға
Алла- дан жарылқау тіле. Күдіксіз, Алла – өте жарылқаушы, аса
мейірімді»342.
Осы аятта мұсылмандарға жамағатпен жұмыс жасаудың әдебі
көрсетілген. Демек, бір істе арамыздағы басшыға бағынуымыз керек,
қажет болса, рұқсат сұрауға тиіспіз. Дүниеде барлық дін адамды
әдепті қыла бермейді. Ал Ислам діні адамды әдепті қылады.
341 Әл-Бухари, 190. Муслим.
342 «Нұр» сүресі, 62-аят.
Өзара сәлемдесіп жүрудің өзі мұсылмандар арасындағы әдепке жататыны
сөзсіз. Өйткені, адамдар арасында өзара сүйіспеншілікті арттыратын
ең негізгі құндылықтардың бірі сәлемдесу. Ойланып көріңізші, бір
ғана сәлемдескеннен кейін қанша кісілермен достасып кеткен жоқ па
едік? Сондықтан бүгінгі қоғамда үлкен, кіші демей барлық адамдармен
сәлемдесуді көбейткеніміз дұрыс. Сүйікті Пайғамбарымыз кез келген
кісімен жас демей, кәрі демей сәлемдесе беретін болған. Құран
Кәрімдегі:
«Қашан сендерге сәлем берілсе, одан жақсырақ неме- се соның өзін
қайтарыңдар. Шәксіз, Алла әр нәрседен есеп алушы»343 деген аят
сәлемдесудің қаншалықты маңызды екен- дігін анық білдірсе керек.
Сондай-ақ бір үйге кірген кезде сәлем беру де дінімізде сауабы мол
іске жатады. Құранда бұл туралы мынадай аят келтірілген:
«Әй, мүміндер! Өз үйлеріңнен басқа үйге рұқсат алмайын- ша әрі үй
иесіне сәлем бермейінше кірмеңдер. Бұл сендер үшін хайырлы. Әрине
түсінерсіңдер»344.
Тамақ ішу әдебі де мұсылман адамның өмірінен елеулі орын алуы тиіс.
Ол, ең алдымен, халал тағамды таңдап ішіп-жеуден басталады.
Шариғатымыз рұқсат берген асты ғана ішіп-жеп, ал тыйым салынған
нәрселерден аулақ болу тамақтанудағы ең басты талаптары қатарына
жатады. Өйткені, «өңештен өтсе ас екен» деп кез келген нәрсені
талғамай ішіп-жей беру мұсылманшылыққа жат қылық. Тамақтану туралы
Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) көптеген хадистерінде сөз қозғалады.
Мысалы, бір хадисінде Алла елшісі (с.ғ.с.) дініміздегі тамақ жеуге
қатысты бірнеше ережені көрсетіп берген. Хадисті Омар ибн Әбу Сәлам
(р.а.) былай баяндайды: 343 «Ниса» сүресі, 86-аят
344 «Нұр» сүресі, 27-аят
Жұма мінбері 267
«Маған Алланың елшісі (с.ғ.с.) былай деді: «Әй, балақай, «бисмиллә»
(Алланың атымен)”, - деп баста да, оң қолыңмен өзіңе жақын
тұрғаннан же!”345. Айша анамыздан (р.а.) жеткен бір хадисте Алланың
елшісі
(с.ғ.с.) былай дейді:
«Тамақ жердің алдында сендерден кез келгенің Алла тағаланың есімін
айтсын, ал егер де ол Алланың есімін тамақтың алдында айтуды ұмытып
кетсе онда: “Алланың атымен тамақтың алдында және соңында!»
(Бисмилләһи фи аууалиһи уа ахириһи!), – десін346.
Жалпы алғанда Исламда әдептілік кең ұғымды қамтиды. Мұсылман адамды
әдеп иесі деуге болады. Ал әдепті құлын Алланың сүйері
анық.