Тәрбие жұмысының
теориясы мен әдістемесі
«МЫҢ ТАҒЗЫМ САҒАН,
МАЙДАНГЕР!»
ҰЛЫ ЖЕҢІСТІҢ 75 ЖЫЛДЫҒЫНА
АРНАЛҒАН ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ
ӘЗІРЛЕМЕСІ
Әзірлеген: Баймульдина
С.Ж.
Тексерген: Тайболатов
Қ.М.
Павлодар –
2020
Мақсаты: Ұлы Отан соғысы майдангерлерін
мадақтау, оқушыларға ерлік іс-әрекеттерің дәріптеу, жастарды
отансүйгіштікке баулу, патриоттық тәрбие
беру.
Міндеттері:
Білімділік: Ұлы Отан соғысы жылдарының
тарихын түсіндіру.
Дамытушылық: жас ұрпақ бойындағы
ардагерлерге деген құрмет, ерлік іс-әрекеттерге деген жалынды
көзқарас дамыту.
Тәрбиелік: жас ұрпақты отансүйгіштікке,
патриоттыққа, үлкенге құрмет көрсетуге
тәрбиелеу.
Өткізу
формасы: дөңгелек
үстел
Көрнекіліктер: «Мың тағзым саған, майдангер!»
тақырыбында презентация, кітаптар көрмесі
Барысы:
-
Соғыс жылдарын дәріптейтін
видео-жазба;
-
Жүргізушінің
сөзі;
-
Тыл еңбеккері
___________________________ құттықтау
сөзі;
-
Презентацияны
түсіндіру;
-
«Ана туралы баллада»
әні;
-
Оқушылардың жеңіс күніне
арналған өлең жолдары;
-
«Катюша»
биі;
-
Сабақты
қорытындылау;
-
«День Победы»
әні
Ұйымдастыру
кезеңі: Оқушылармен, көрермендермен,
құметті қонақтармен амандасу.
Интербелсенді тақтада
соғыс жылдарын дәріптейтін видоматериал
көрсетіледі.
https://www.youtube.com/watch?v=Ay2F3DKBzkw
1
жүргізуші: Қымбатты ардагерлер, тыл еңбеккерлері мен
сіздерді бүгінгі қасиетті де қастерлі мереке – Жеңіс күнімен
құттықтаймын. Сұрапыл соғыстың біткеніне, міне, 75 жыл толды.
«Кеңес Одағы» деген үлкен мемлекеттің миллиондаған халқымен бірге,
Қазақстан да бұл сұрапыл соғыстағы жеңіске өзінің үлкен үлесін
қосты. Қасиетті де қастерлі Отан үшін жан беріп, жанын пида еткен
шейіттерді жыл сайын еске алып, олардың рухына тағзым ету –
біздің, кейінгі ұрпақтың ең басты
парызы.
2
жүргізуші: Егер де ойлап қарасақ, халқымыздың басына
түскен 30-шы жылдардағы зұлматтан кейінгі қазақтың басына түскен
екінші бір сұрапыл қырғын Ұлы Отан соғысы болғандығы ақиқат. Бұл
соғыста біздің азаматтарымыз ерлік пен қаһармандықтың ең жоғары
деңгейдегі үлгісін
көрсетті.
Бүгінгі дөңгелек үстеліміз Ұлы Жеңісті жас
ұрпаққа сый қылып тастап кеткен жауынгерлерімізге
арналады.
Құттықтау сөз ауылымыздың ардақты азаматы,
тыл еңбеккері
______________________________________беріледі.
«Мың тағзым саған,
майдангер!» презентациясы
көрсетіледі.
1
жүргізуші:
Елінен де, өзінен де күй
кетіп,
Төрт жыл бойы киді шинель, керзі
етік.
Майдангерлер жүрді сосын біраз
жыл,
Сол әскери киімдерін
сүйретіп.
Соғыс – адам баласы үшін ең үрейлі, ең
қорқынышты сөз. Өйткені, соғыс атаулы адамзатты қырып - жоюға
бағышталған. Бұл күнді соғыстың алғы шептерінде қайсарлықпен шайқас
жүргізіп, ерліктің сан үлгісін көрсеткен ардагерлер тойлайды. Ұлы
Жеңіс күні елі мен жері үшін жанын пида еткен, туған -
туысқандарына, жақын - жарандарына, туған жеріне, ауылына оралмай
қалған қаһарман ерлерді бүкіл елі болып еске
алады
Ән «Ана туралы
баллада»
Оқушылардың жеңіс күніне арнаған өлең
жолдары
1
оқушы:
Жайқалтқан бұл жер
үстін,
Келді міне жеңіс
күн.
Сол жеңістің
арқасы,
Басын шалдық көп
істің.
2
оқушы:
Желбіреп жеңіс
жалауы,
Алаулап жанып
алауы.
Қазағым бүгін азат
ел,
Қуанышты бұл
жаңалық.
3
оқушы:
Азаттық сыйлап жаңа
күн,
Армандап келген сан
ғасыр.
Бұл жеңіс оңай келген
жоқ,
Жан беріскен,жан
алып.
4
оқушы:
Азаттық үшін
шайқаста,
Жауынгерлер
жаралы.
Қаншама мына
қазаққа,
Жеңіс күнін
сыйлады.
5
оқушы:
Жеңісім – салтанат,
сән-сәулет,
Өмірім өркендей
береді.
Жеңісім – береке,
бақ-дәулет,
Осы ғой адамға
керегі.
2
жүргізуші: Жеңіс оңайлықпен келген жоқ.
Жеңіс жолында Отан үшін су кешіп талай миллиондаған асыл азаматтар
мерт болды. Жауымен жан аямай шайқасып, ерліктің ерен үлгілерін
көрсетті. Ана – жарын жолғалтқан жесір, бала - әкесінен, анасынан
айрылған жетім атанды. Фашистердің тұтқын
лагерлерінде ана мен бала айуандықпен өлтірілді. Ал тылда қалған
қарттар, аналар мен бесіктен белі шықпаған балалар соғыстың қайғы -
қасіретін арқалай жүріп, бірде аш, бірде тоқ тынбай жұмыс жасады.
Бірақ ешкімнің сағы сынбады. Олардың бойындағы отаншылдық сезім,
қолына қару алып сапқа тұрған көптеген ұлт өкілдерінің тізе қосқан
бірлігі мен ерлігі Жеңіс сағатын жақындата
түсті.
Оқушы қыздарымыздың
орындауында «Катюша» биі.
1
жүргізуші: Сіздерді тағы да 9-мамыр – Ұлы
Жеңіс Күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл мереке – жанқияр
ерліктің, еңселі елдіктің рухы өрлеп, Жеңіс жалауы желбіреген күн.
Бүгінгі тәуелсіздік тұғырының берік, еңсеміздің биік болуы да,
еліміздің өркендеуі мен елордамыздың гүлденуі де – осынау мерекенің
жемісі. Бүгінгі ұрпақ аға буын-ардагерлер танытқан қаһармандық пен
қайсарлықтан үлгі алып, бой
түзейді.
2
жүргізуші: Осынау ерлікке толы Күн
тарихымыздың мәңгілік ұмытылмас парағы болып қала бермек.
Баршаңыздың дендеріңізге саулық, шаңырақтарыңызға шаттық, бақ пен
береке тілеймін!
Барлық қатысушылар «День
Победы!» әнін орындайды.