Оқушылармен
сәлемдесу. Сыныпта қолайлы психологиялық климат қалыптастыру
.
Сөзжұмбақ шешу
1. Бактерицидтік қасиеті бар металл. күміс
2. Алақанда балқитын металл. цезий
3. Қан құрамындағы металл. темір
4. Металдар патшасы атанған металл. алтын
5. Ең қиын балқитын металл. вольфрам
6. Шойын өндіретін пеш. домна
7. Фотографияда қолданылатын металл. магний
8. Ең қатты металл. хром
Қалай ойлайсыздар,
неге алтын сары, мыс қызыл-сары түсті
болады?
Алтын, мыс, висмут
жарық спектрінің жасыл, көк сәулелерін сіңіреді, сондықтан олардың
түсі қызыл, қызыл-сары, сары түсті болып
келеді.
Слайдпен
түсіндіру
Мәтінмен жұмыс
(топтық жұмыс)
1-топ
химиктер
Мыс мырыш
элементтеріне сипаттама.Физикалық химиялық
қасиеттері
2-топ
Биологтар
Мыс мырыштың адам
ағзасындағы биологиялық рөлі
3-топ
Геологтар
Мыс мырыштың
табиғаттағы минералдары кен
орындары
Қосымша
сұрақтар
Сынап, мыс, темір
тұрмыста қайда қолданылады?
Пәлен жерде алтын
бар, Барсаң ... жоқ »
Құймаларды қандай
мақсатта дайындайды?
Мыс, элементтердің
периодтық жүйесінің І-тобындағы химиялық элемент, атомдық нөмірі
29, атомдық массасы 63,546. Табиғатта тұрақты екі изотопы бар: 63Cu
және 65Cu. Жер қыртысындағы массасы бойынша мөлшері4,7. Негізгі
минералдары: халькопирит, халькозин, ковеллин, малахит, азурит.
Пластикалық қызыл түсті металл. Құрғақ ауадағы бөлме
температурасында тотықпайды. Қыздырғанда ауада CuО және
Cu2О-ға дейін тотығады,
галогендермен, S, Se, HNO3,
H2SO4-пен
әрекеттеседі.
Егер ағзада мыс
жетіспесе, бауырда қорланған темір гемоглобинмен байланысқа түсе
алмайды. Мыстың мөлшерінің аз немесе көп екендігінің
көрсеткіші—адамның шашы. Мыстың мөлшері төмендеген кезде немесе
жетіспеген жағдайда шаш тез ағарады. Мыс қанға оттегінің өтуін
қамтамасыз етеді. Көптеген ферменттердің құрамына кіреді,
ұлпалардағы тотығу реакциясын
жылдамдатады.
Мыс ағзаға тағам
арқылы түседі. Әсіресе, теңіз тағамдарында, қырыққабатта, картопта,
қалақайда, жүгеріде, сәбізде, алмада көбірек кездеседі. Табиғатта
мырыш оксиді ZnO цинкит түрінде кездеседі, екідайлы қасиет
көрсетеді. Медицинада, косметикада әртүрлі майлар дайындауда
қолданылады.
Zn(OH)2 -мырыш
гидроксиді, екідайлы
қосылыс.
Zn(OH)2 + 2HCl=
ZnCl2+2H2O
Негіз Zn(OH)2+
2NaOH= Na2[(ZnOH4)]
Қышқыл
Екідайлы қосылыс
болғандықтан, мырыш гидроксиді сілтінің артық мөлшерінде, қышқыл
аммиактың судағы ерітіндісінде жеңіл
ериді.
Мырыш сульфаты -
ZnSO4*7H2O мырыш купоросы.
Мырыш сульфиді- ZnS
люминесценттік қабілеті бар.
Құймалары
Қола Cu+Sn Жез
Cu+Zn
Дюралюминий
Al+Mg+Cu+Mn Мельхиор Cu+Ni
Тапсырмалар
орындау (жұптық жұмыс)
1-топ Мыс мырыш
қосылыстарының атаулары мен формулаларын
құрастырың
Мыс сульфаты,мыс
нитраты, мыс хлориді, мырыш сульфиді ,натрий
цинкаты
2-топ
Мынадай айналымдарды
жүзеге асыратын реакция теңдеулерін
жазың.
а)
Сu2O→СuCuCl2Сu(ОН)2→СuSО4
ә) ZnZnSO4ZnZnOZn(NO3)2
3-топ Есептер
шығару
а) 6,5г мырыш күкірт
қышқылымен әрекеттескенде(қ.ж) қанша литр сутек
бөлінеді
ә) 16г мыс қанша
грамм азот қышқылымен
әрекеттеседі
Зертханалық
жұмыстар (жеке жұмыс)
1-топ химиктер
тобы
Мыс сульфатына
темірді әреттестіру
2-топ биологтар
тобы
Мысқа лимон қышқылын
әрекеттестіру
3-топ геологтар
тобы
мырыш сульфатына
калий гидроксидін
әреттестіру
Бүгінгі сабақтан
ұққаным....
Мен үшін жаңалық
болғаны....
Мен үшін қиын
болғаны....
Сәтті
шыққаны....
Жетілдіруді қажет
ететіні
Бағалау «Бағдаршам»
әдісі
Үйге тапсырма: §
6,2-6.3 №5- 6 -7 жаттығу
Мырыш пен мысты
салыстыра
отырып «Венн» диаграммасын
құру
|