Материалдар / "Мыс кендері" қысқа мерзімді жоспар 10-сынып (жаратылыстану -математикалық бағыты)
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Мыс кендері" қысқа мерзімді жоспар 10-сынып (жаратылыстану -математикалық бағыты)

Материал туралы қысқаша түсінік
"Арман -ПВ" баспасы бойынша ҚМЖ
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
27 Қазан 2024
324
2 рет жүктелген
700 ₸
Бүгін алсаңыз
+35 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +35 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары _____________Ақжолова А.А


Қысқа мерзімді сабақ жоспары

4 сабақ


Бөлім:Индустрияландыру:ұлттық өндіріс.Сөз мәдениеті

Мектеп: №201 МГ


Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Бактыбаева Д.А

СЫНЫП: 10 «А»

05.12.2024

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспаған оқушылар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Мыс кендері

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

10.1.4.1 мәтінде көтерілген мәселеге автор мен оқырманның қарым-қатынасын ескере отырып, сұрақтар құрастыру және бағалау

10.4.3.1 белгілі бір тақырып аясында сөздерді іріктеп, түрлендіріп, талғаммен қолдана білу

Бағалау критерийлері:

Оқушылардың барлығы орындай алады: мәтінде көтерілген мәселеге автор мен оқырманның қарым-қатынасын ескере отырып, сұрақтар құрастырады;

Оқушылардың көпшілігі орындай алады: : мәтінде көтерілген мәселеге автор мен оқырманның қарым-қатынасын ескере отырып бағалайды;

Оқушылардың кейбірі орындай алады: белгілі бір тақырып аясында сөздерді іріктеп, түрлендіріп, талғаммен қолдана біледі,


Сабақтың барысы


Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Ұйымдастыру

І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылар назарын сабаққа аудару.

«Шаттық шеңбері» арқылы психологиялық ахуал туғызады

Оқушыларға тақырыпты болжау суреттері көрсетіліп, сұрақтар қойылады

https://kk.unansea.com/%D1%81%D2%B1%D1%80%D0%B0%D2%9B%D1%82%D0%B0%D1%80%D2%93%D0%B0-%D1%82%D2%AF%D1%80%D0%BB%D0%B5%D1%80%D1%96-%D1%81%D2%B1%D1%80%D0%B0%D2%9B%D1%82%D0%B0%D1%80-%D0%B6%D0%B0%D0%B1%D1%8B%D2%9B/

Сұрақ түрлері



  • AutoShape 2

  • Тыңдалым мәтіні

Қаныш Сәтбаев – Қазақстан ғылымының атасы

Қаныш Сәтбаев – қазақтан шыққан тұңғыш тау-кен инже- нер-геологі, Қазақстандағы геология ғылыми мектебінің негізін қалаушы, қазақстандық металлогения ғылымының негізін салушы.


Павлодардағы орыс-қазақ мектебінде бастауыш білім алды. 1914 жылы Семейдегі мұғалімдер семинариясына оқуға түс- ті. Онда Ж.Аймауытов, М.Әуезов сияқты көрнекті қайраткер- лермен бірге оқыған. 1918 жылы семинарияны бітірген соң Семейдегі педкурста мұғалім, Баянауылда халық судьясы болды.

1921 жылы Баянауылға емделуге келген геолог-ғалым Михаил Усов жас Қаныштың геолог болуына әсер етіп, туған елінің қазба байлықтарын зерттеуге ынталандырды. Усовтың ақылымен 1921 жылы күзде Томск технология институтының тау-кен факультетіне оқуға түсті. 1926 жылы институтты бітірген соң Мәскеуде зерттеу жұмыстарымен айналысып, Жезқазған мыс кен орындарын, Байқоңыр көмірін зерттеу және Қарсақбай мыс зауытының құрылысын жүргізу мақ- сатында Қазақстанға қайтып оралды. 1929 жылдан бастап бүкіл өмірін геологиялық барлау жұмыстарына арнады.

Қаныш Сәтбаев 1946 жылдан бастап өмірінің соңына дейін Қазақстан Ғылым академиясының президенті қызме- тін атқарды.

Сәтбаев – 641 ғылыми еңбектің авторы. Оның есімі Қазақ- стан Ғылым академиясының Геология ғылымдары институ- тына, Жезқазған кен-металлургия комбинатына, бір қалаға, жүздеген көшелерге берілген. Сәтбаевтың құрметіне Жоң- ғар Алатауы жотасындағы мұздық пен шың, Қаратау кен орнынан табылған «Сәтбаевит» минералы, «Академик Сәт- баев» гладиолус гүлі аталған. Еліміздегі ең ірі жоғары техни- калық оқу орны – Қазақ ұлттық техникалық университетіне Сәтбаев есімі берілген.

(«Қазақстан» ұлттық энциклопедиясынан

Сабақтың тақырыбын анықтайды,өз біліміне сүйеніп тақырыпты жалғастырады.




Ой қозғау

Берілген сөздер мен тіркестерді тақырыпқа бөліп, кестеге бірінші болып дұрыс орналастырған оқушы жеңіске жетеді.

Металлургия

Мұнай өндірісі


Түсті металдар, құбыр арқылы тасымалдау, минералдық шикізат, жанар-жағармай зауыты, қара металлургия, көмір- сутектер қоспасы, руда, синтетикалық талшықтар, кентас, бензин, металл қорытпалар, керосин

2-тапсырма

«Қаныш Сәтбаев – Қазақстан ғылымының атасы» мәтінін (05. mp3) аудиожазбадан тыңдаңдар. Мәтінде көтерілген мәселеге автор мен оқырманның қарым-қатынасын ескере отырып, сұрақтар құрастырады және баға береді.

1-топ. Ашық сұрақтар

2-топ.Жабық сұрақтар

3-топ.


3-тапсырма

Суреттегі ұлы тұлғаларды анықтап,тыңдалым мәтінімен салыстырады




Тыңдалым мәтіні

Оқылым мәтіні

Тақырыбы



Стилі



Тілдік ерекшелігі




Оқылым мәтіні


Қазақ халқының зор ғалымы

Қазақ ғалымдарының алдыңғы қата- рынан қадірлі орын алатын кісінің бірі – Қаныш Сәтбаев.

1926 жылдан санағанда, табандай 15 жыл бойы Жезқазған ауданының бар- лық кен байлығын зерттеді. Тәжірибесі өсіп, мемлекеттік ұлы шаруаны ойдағы- дай басқарумен қатар, Қаныш сол жыл- дардың өзінде қазақ халқынан шыққан.

2400 жыл бұрын грек тарихшысы Геродот: «Арал теңізінің алқабында сақ, массагет деген елдер бар. Қола мен жез- дің молы соларда. Өз жерлерінен қазып алады», – деген екен. ХІІІ ғасырда соғып өткен бір кезбе: «Мұнда мол байлық жа-

тыр», – деп кетіпті. Сол үлкен атақонысты мекен еткен «Ба- ғанаты» деген жер атын «Жезқазған» қойыпты...

Сол Жезқазғанда 1926 жылы қызу жұмыс басталады. Сарыарқаның өз баласы, беті-жүзі келбетті, жас шырайда жарқыраған көркі бар, білім-сана нұры бар, жиырма жеті жасқа келген жігіт келді. Аз тобымен іске кірісті.

Қаныш жалғыз жезді зерттеп келген жоқ, сол 15 жыл ішінде Арқаның Жезқазған, Қарсақбай атыраптарында та- лай да талай басқа қазына да ашты. Сол өлкеден Байқоңыр- дай, Қияқтыдай көмір ошақтарын өзі тапты. Еспедей елеусіз жерден есілген тағы талай қазына тапты. Қалың қатпар қор- ғасын мен күміс тапты. Зауытқа мол қор болардай қара темір, марганец кенін ашты. Үй, дүкен салар тастың асылын, тағы талай бұйым тапты. Мыс қорытқанда қоспа боп, себі тиетін тағы бірнеше қосымша кен затын тапты. Алтын мен молиб- ден де бұғып қалған жоқ. Оны да ашты.

Ұлы Отан соғысы шағында Қаныш бастаған ғылым орын- дарының көмегі аса зор болды. Майданға керек болған кен қа- зынаның бәрін тез тапқызып, мол алғызып отырды.

(М.Әуезовтің «Қазақ халқының зор ғалымы» мақаласынан)


Медеу Сәрсеке – ұлтымыздың кемеңгер перзенті Қаныш Сәтбаевтың ғұмыр жолын айшықтауға қырық жылдан астам уақытын сарп етіп, тартымды еңбектерімен қазақ қауы- мына танылған қаламгер. «Нартұлға» сериясымен жарыққа шығып отырған «Қаныш Сәтбаев» ғұмырнамасы – деректі жанрдың айтулы шеберінің осы саладағы көпжылдық еңбе- гінің ең толымдысы.






Қалыптастырушы бағалау



Дескриптор:

-Сөз тіркестерін топтастырады;





Дескриптор:


-мәтінде көтерілген мәселені анықтайды;

-сұрақтар құрастырады;

-өз пікірін айтады;










Дескриптор

-Екі мәтінді салыстырады;

-Стилін анықтайды

-Тілідк ерекшелігін анықтайды:








Слайд






Оқулық


60-бет.



https://kk.unansea.com/%D1%81%D2%B1%D1%80%D0%B0%D2%9B%D1%82%D0%B0%D1%80%D2%93%D0%B0-%D1%82%D2%AF%D1%80%D0%BB%D0%B5%D1%80%D1%96-%D1%81%D2%B1%D1%80%D0%B0%D2%9B%D1%82%D0%B0%D1%80-%D0%B6%D0%B0%D0%B1%D1%8B%D2%9B/

Сұрақ түрлері



  1. Р ефлексия «Табыс сатысы» әдісісінде сатының суреті беріледі.




Үй тапсырмасы: 62-бет.5-тапсырма














Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!