Материалдар / Музей - халқымыздың асыл қазынасы!
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Музей - халқымыздың асыл қазынасы!

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұражай халқымыздың асыл мұрасы
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
18 Ақпан 2019
3481
7 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Астана қаласы Білім басқармасы





Мектебі Ж.Жабаев атындағы №4 мектеп-

гимназиясы



Сыныбы: 5 «З»





Абы-жөні: Асқарұлы Дәурен





Тақырыбы: Музей - халқымыздың асыл мұрасы





1секция: Тарих





Жетекшісі: Ергешбаева Зауре Хамзаевна



















Астана 2018 жылы

Мазмұны

Кіріспе__________________________________________________ 2-бет

    1. Музей – халқымыздың асыл мұрасы______________________3- бет

1.2 Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің

Әскери-тарихи музейі_________________________________ 5- бет

1.3 Музейдің өскелең ұрпаққа берер пайдасы_________________ 8-бет

Қорытынды_____________________________________________ 9-бет

Пайдаланған әдебиеттер___________________________________ 11-бет






















1. Кіріспе

Ғылыми жобаның тақырыбы: Музей – халқымыздың асыл мұрасы

Ғылыми жобаның мақсаты: Бүгінгі жас ұрпақ өз елінің, жерінің тарихын, ата-бабаларының тарихын білуі және бүгінгі музейлерге саяхат жасап, өткен күнмен салыстыра отырып, қорытынды жасауы, сабақ алуы тиіс. 

Ғылыми жобаның міндеті: Еліміздегі музейлерге саяхаттар жасай отырып, өткен тарихымызға терең үңілу.

Жобаның өзектілігі: - өзінің кім екенін, қайдан шыққанын тарихи білім мен тәрбиені тығыз ұштастыру. Біздің ата-бабаларымыздың тарихын, мұраларын үйрену. Әрбір азаматтың өзінің ата-бабалары қалдырған кең байтақ елінің, жерінің лайықты мұрагері болу ұмтылысын арттыру.


Зерттеу обьектісі: Зерттеудің материалы ретінде деректер, сыныптастарымен сауалнама жүргізу, музей қызметкерлерімен кездесу. 

Болжам: Егер біз ұлттық болмысымызды сақтап, музейлердегі жәдігерлердің тарихын, оның мәнін түсіне білсек еліміздің өткен тарихын бүгінгі күнмен салыстыра отырып, тәуелсіздігімізді құрметтей алатын ұрпақ боларымызға сенімдіміз. 

Зерттеу әдіс-тәсілдері. Зерттеудің барысында жинақтау, салыстыру, сауалнамалар, талдау (анализ) және синтез тәрізді зерттеу әдістері пайдаланылды. 
Зерттеудің жаңалығы: Музейлерді зерттеп, елімнің өркендеуіне үлес қосатын , болашақта шет елдерден және еліміздің әлі де ашылмай жатқан мұраларын жинақтап еңбек ететін ғалым болғым келеді.







    1. Музей – халқымыздың асыл мұрасы

Отаным десем ойыма,

Шалқыған байтақ жер келер.

Отаным десем ойыма,

Көгілдір тартқан көл келер!

Біз Отанымыздың тарихы жайлы білеміз бе? Оны қайдан үйренеміз?. Әрине музейге бару арқылы, ондағы жәдігерлер тарихына үңілу арқылы білеміз.

Музей – тарихи-ғылыми дерек ретіндегі ескерткіштерді, өнер туындыларын, мәдени құндылықтарды т.б. мұраларды сақтап, жинақтап, ғылыми-танымдық қызмет атқаратын мекеме. Музей гректің «museіon» сөзінен алынған, «муза сарайы» деген мағынаны береді.

Музей алғашында бағалы бұйымдар мен заттар, мәдени жәдігерлерді сақтайтын қазыналық қор ретінде қалыптасты. Музейдің қалыптасуына көне замандардағы коллекциялар негіз болды. Ежелгі Рим шешені Марк Туллий Цицерон: «коллекция – шашыранды заттарды бір топқа біріктіру» деп түсіндірді. Коллекциялау ісімен Аристотель, Рим патшасы Юлий Цезар, т.б. айналысты. Еуропада тарихи музейлер 16 – 18 ғасырларда пайда болды. Қазақстанда 1820 жылы Орынборда Граф П.П Сухтелен жергілікті тұрғындарды өлкенің табиғатын, тарихын, этнографиясын бейнелейтін заттарды ашылғалы жатқан музей үшін тапсыруға шақырады. Содан бастап музей әр елді мекенде ашыла бастаған екен.Музейдің қалыптасуы ұлттық сана-сезімді оятуға, мәдени-саяси идеяларды (ой-сезімді) насихаттауға көмектесті. Музей – жалпы адамзат баласының өмірінде заттық және рухани мәдениетті танытуда, зерттеу мен насихаттауда үлкен рөл атқарады. Әсіресе, ұлттық, мәдени, азаматтық, әскери, еңбек жетістіктерін, әдет-ғұрып, салт-дәстүрдің ерекшеліктерін оқып-үйренуге оның көмегі зор.

Музейлер өзінің қызметі мен бағытына қарай бірнеше топтарға бөлінеді: тарихи музейлер, көркемөнер музейлері, жаратылыстану музейлері, техникалық музейлері, кешенді музейлері, мемориалдық музейлер. Н.Ә.Назарбаев атамыз айтқандай туған жердің тарихын білу, оның тарихи ескерткіштерін көзқарашығымыздай күтіп сақтай білу басты міндетіміз.

Музей – өткен тарихты жаңғыртып, бүгінгі құндылықтарды саралап, Отанға, жерге деген патриоттық, отансүйгіштік сезімді оятып, болашаққа көзқарасты қалыптастыруға септігін тигізетін киелі орын. Музейлерде жинақталған жәдігерлер музейдің жаны саналады. Әр жәдігер өзінің тарихымен құнды.

Музей – әр халықтың барлық уақыттағы тарихи-мәдени байлығы жинақталған ең үлкен рухани орталық. Қазіргі заманғы музейлер озық технологиялармен жабдықталған. Келушілерге жаңа жабдықтардың көмегімен көне деректер туралы барлық ақпаратты беру үшін бүкіл жағдай жасалған.

Музей заттық және рухани құндылықтарды танытуда, ғылыми тұрғыда зерттеп, оның нәтижелерін насихаттауда, осы негізде тәлім-тәрбие беруде маңызды рөл атқарады. Музей ғылымның, білімнің, мәдениеттің қалыптасуына ықпал ететін ғылыми мекеме ретінде өскелең ұрпақтың тәрбиесіне, тарихи сананың қалыптасуына ықпал етеді. Бүгінде музей тек ғылыми зерттеу, мәдени-ағарту мекемесі ғана емес, ол ұлттың ұлт екенін айғақтайтын киелі мекен. Музей тек экспозиция мен білікті мамандар ғана емес, ол ерекше рухани орда, құнды жәдігерлер әлемі.

Музей қызметкерлерінің басты мақсаты халқымыздың төл тарихын, салт-дәстүрлерін, мәдени мұрасы мен рухани қазынасын көзінің қарашығындай сақтап, келешек ұрпаққа жеткізу. Мен мұражайларға барғанды ұнатамын. Сондықтан ең алғашқы мұражай қайда ашылған, кім ашқан деген сұрақтарға жауап іздей бастадым. Сол себепті қаламыздағы музейлердің ішіндегі маған қызығушылық тудырған музейлердің бірі - Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Әскери-тарихи мұражайы болды. Сол кезден бастап менің тарихқа деген қызығушылым арта түсті. Музей қызметкерлерімен көп әңгімелесе отырып, қаншама деректер алдым.


1.2. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Әскери-тарихи музейі

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Әскери-тарихи музейі - 2015 жылы 1 желтоқсанда Тұңғыш Президент күні қарсаңында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың арнайы қатысуымен ашылған.

Музей 1998 жылы Нұрсұлтан Назарбаевтың сәулеттік идеясымен салынған, жалпы ауданы 20 мың шаршы метрді құрайтын 5 қабатты ғимаратта орналасқан. Музей ғимаратына ұшар биіктен көз салсаңыз ол, әлемнің төрт бұрышына сәулесін таратып тұрған шеңбер тәріздес болып келген. Музейдің төбесі дәстүрлі түркі сәулет өнеріне тән көк күмбезбен көмкерілген.

Музей қорында қазіргі уақытта 13 мыңнан астам жәдігер сақталған. Ол әлемнің басқа да музейлері тәрізді заманауи озық технологиялармен жабдықталған. Музейдің әрбір залы және жекелеген жәдігерлер туралы кеңінен мәлімет алғысы келген кез келген көрерменнің электронды ақпарат беру құралдарының көмегіне жүгіне алуы үшін барлық жағдайлар жасалған. Сондай-ақ «ХХ ғасырдың әскери тарихы» залында музейге келушілер үшін Ұлы Отан соғысында қаза тапқан және хабарсыз кеткен туыстарының аты-жөнін іздеп табуға мүмкіндік беретін қондырғы орнатылған.

Музей мазмұнына келер болсақ, бұл жерде қазақ даласының ежелгі заманнан күні бүгінге дейінгі әскери тарихын айғақтайтын жәдігерлер топтастырылған. Табалдырықтан аттаған сәттен бастап, көне дәуірлерден күні бүгінге дейін жеткен, қазақ даласының қаһарман ұлдарының атадан балаға мирас қылып ұстанып келген әскери өнерінің пайда болуы мен дамуы арасындағы сабақтастықтан сыр шертетін «Мәңгілік Ел» атриумы бар. Атриумда тәуелсіздікке тұғыр болған сақ сарбазы, ғұн көсемі, түркі-қазақ жауынгерлері мен әскербасылары және қазіргі таңдағы қазақ сарбаздарының мүсіндері шеңбер бойымен орнатылып, төрінде егемендіктің тізгінін ұстаған Елбасы тұлғасы баршамызды Мәңгілік ел болуға шақырып тұр.

Оң жақ қанаттағы үлкен зал Тәуелсіз Қазақстан Қарулы Күштерінің залы деп аталады. Онда Президенттің 1992 жылғы 7 мамырдағы «ҚР Қарулы Күштерін құру туралы» жарлығының түпнұсқасы, басқа да аса маңызды құжаттар қойылған. Бұл залда Қазақстан Қарулы Күштерінің негізгі үш саласы: құрлық әскерлерінің, әуе қорғанысы күштерінің, әскери теңіз күштерінің тарихы мен бүгінінен, сондай-ақ, ғарыш, әскердегі спорт пен білімнен хабар беретін жәдігерлер қойылған. Шынылы сөренің ішінде Жоғарғы Бас Қолбасшы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың әскери киімі, әскери шені, басқа да мұралар жинақталған. Сондай-ақ осы залда «Қазғарыш» атынан ұшқан ғарышкер Айдын Айымбетовтің ғарышта ұстаған туы мен Талғат Мұсабаевтың скафандры, Армия генералдары Сағадат Нұрмағамбетов пен Мұхтар Алтынбаевтың жеке заттары, маңызды құжаттары мен әскери киімдері қойылған. 

Келесі зал «Ежелгі дәуір – XIX ғасыр» деп аталады. Бұл жерде тас, қола, темір дәуірлерінің, түркі заманының, Алтын Орда кезеңінің, Қазақ хандығының және жаңа заманның қару-жарағы мен әскери өнеріне қатысты деректер орналастырылған. Жәдігерлер тас дәуіріндегі аңшылықтан бастау алып дамыған, жылқының қолға үйретілуінен бастап Ұлы дала халқының әскери тарихынан, қару жасау шеберлігінің дамуынан сыр шертеді.

Келесі, «ХХ ғасырдың әскери тарихы» залында Алашорда әскерінің құрылуы, қазақстандықтардың Ұлы Отан Соғысы мен Кеңес-Ауған соғысына қатысуы сияқты сындарлы уақыттан сыр шертетін жәдігерлер сақталған. «Алаш әскерінің маршы» мәтіні, Міржақып Дулатовтың тайжақысы бәрі де көз алдыңызда тұрады. Әлихан Бөкейханов, Міржақып Дулатов, Ахмет Байтұрсынов бастаған алты адам қол қойып, 1917 жылы 13 қарашада «Сарыарқа» газетінде жария еткен үндеуден бастау алған Алаш армиясы туралы құнды құжаттар мен ұлт ардақтыларының жеке заттары орын алған.

Соғыс қаруларының жаңа түрлері көптеп шығарылып таратылған, кеңес әскерлерінің даңқын асырған Ұлы Отан соғысының толық картинасы топтастырылған.

1979-1989 жылдар аралығында кеңес әскерлері қатысқан Ауған соғысының тарихи шежіресі де осында. 2296 адам қатысып, 260-ы сол майданнан қайтпаған ауған сарбаздарының өшпес ерлігі ұрпақ жадында. Залдың ортасындағы мәңгілік алау осы құрметті көрсететіндей. 

ХХ-ХХІ ғасырлар қару-жарағының көшірмелері қойылған келесі зал адамзат баласының қорғаныс саласында қол жеткізген жетістіктерінен хабар беруге құрылған. Әуе, теңіз және құрлық әскерлерінің арнаулы киім-кешектері мен қару-жарақтары, қолданған техникалары мен әдістері туралы ақпарат беретін залдың әскери өнер мен әскер тарихына қызығуышылық білдіретін кез келген жанның көңілінен шығары сөзсіз. Оқ-дәрілердің, жарылғыш заттар мен миналардың, тапаншалардың неше атасы мен әлемге әйгілі Калашников автоматының даму эволюциясы, мергендер мылтығынан бастап ауыр артиллерия жабдықтары, барлау мен диверсиялық құралдар, су асты атылатын қарулар мен әуе қорғаныс шабуылдау құралдарының жаңа заманғы үлгілері топтастырылған. 

«Мерзімді көрмелер залы» әрдайым жаңарып отыруымен ерекше әрі қызықты. Бұл залда еліміздің түкпір-түкпіріндегі және алыс-жақын шетел музейлеріндегі әскери өнер мен соғыс тақырыбына қатысты қызықты жәдігерлерден уақытша көрмелер ұйымдастырылады.

Бұл музейдің мәртебесі биік. Әскер тарихын білу арқылы жас ұрпақ отансүйгіштікке тәрбиеленеді, ата-баба аманатына адалдық таныта алады. Әскери-тарихи музейдің басты міндеті – жас ұрпақты патриоттыққа тәрбиелеу. Музей қызметкерінің айтуы бойынша, осы тұрғыда музейде көптеген жұмыстар жүргізіп отырады екен. Екі жыл ішінде музей республикалық, халықаралық деңгейдегі ірі іс-шараларды өткізіп, астаналықтар мен Елорда қонақтарының сүйікті орнына айналғандығы жайында айтты.










3 Музейдің өскелең ұрпаққа берер пайдасы

Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласында: жаңғырудың ең басты шарты – өз мәдениетіңді, ұлттық кодыңды сақтай білу»,-деп атап өткен. Ұлттық код дегеніміз – бұл туған жерге, оның мәдениетіне, тарихына және салт-дәстүрлеріне деген қарым-қатынас.

Әскери-тарихи тәрбиелеу патриотизмге, отансүйгіштікке тәрбиелеумен тығыз байланысты. Өйткені батылдық, табандылық, төзімділік пен Отаныңның тарихы мен оның әскери дәстүрлерін білу әр ер-азаматтың борышы. Бұл - жас ұрпақтың жан-жақты, ұлтжанды, отансүйгіш болып өсіп-жетілуінің басты шарты.

Бұл орайда, музейдің атқарар рөлі зор. Музей өскелең ұрпаққа білім мен ұлтжандылық тәрбие беру орталығы. Мысалы мен Кеңес әскерлері, Ауғанстан деген ұғымдарды есіткеніммен оның тарихын білмеуші едім. Музейде көргеннен соң осы тақырыптар бойынша ата-анамнан, интернет желісінен оқып мәлімет алдым. Мені Ұлы Отан соғысына арналған экспонаттар бөлмесі ерекше ойландырды. Бүгінгі еліміздегі тыныш өмір, жеткілікті жағдай, балалардың тек қуанышты күлкісі үшін өмірлерін құрбан еткен батыр аға- апаларымызға мың рет тағзым айттым. Еліміздің қорғаныс қару-жарақтарына арналған бөлімде біздің, Отанымыздың қауіпсіздігін қорғайтын қаншама қару түрлері қойылған.Бұл қарулар тек тыныш өмірге қызмет етсін, елімде мәңгі бейбіт күн болсын, бұл қаруларды музейлерде ғана көрсем деп іштей тіледім.

Болашақта мен КАРЛАГ, Ақмола сияқты үлкен музейлерге барғым келеді және зерттеу жүргіземін деген ойдамын.

Қоғам жас ұрпақты тәрбиелеу тұрғысынан маңызды міндеттер қойып отыр. Мемлекетімізге дені сау, батыл, ержүрек, бастамашыл, тәртіпті, сауатты, сондай-ақ қажет жағдайда Отанымызды қорғай алатын адамдар керек.




ҚОРЫТЫНДЫ

Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев өзінің Жолдауларында, «Рухани жаңғыру» бағдарламасында еліміздің тарихында өзіндік орны бар музей ісін әрдайым қамтып отырады. Президент 2004-2009 жылдары «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында Қазақстан аумағындағы тарихи-мәдени ескерткіштер мен нысандарды жаңғырттық. «...Мен халқымның тағылымы мол тарихы мен ерте заманнан арқауы үзілмеген ұлттық салт-дәстүрлерін алдағы өркендеудің берік діңі ете отырып, әрбір қадамын нық басуын, болашаққа сеніммен бет алуын қалаймын», - деп атап өткен.

Қазір Қазақстанда музейлер саны артып келеді. Оларға мемлекет тарапынан көп көңіл бөлінуде.Еуропа жұртының көп жерінде елдің тарихынан сыр шертетін мұражайлардың барлығына кіру тегін және оларда мектеп жасындағы балалардың экскурсиялары міндетті түрде мектеп бағдарламасына енгізілген екен. Балалар қаласын, қаламасын ауық-ауық мұғалімдер оларды мұражайларға апаруға міндеттеледі. Бұл бір жағынан балаларды отансүйгіштікке тәрбиелесе, екінші жағынан олардың ұжым болып, алған әсерлерін сыныптастар арасында бөлісуге ықпалын тигізеді. Бізде де осындай шаралар қолға алынса жақсы болар еді.Өкінішке орай ата-аналар балаларын мұражайларға апарып, қызықтыра білсе ғой. Мен сыныптастарымнан кім мұражайға барды, барса не түсінді, қанша рет барды деген сауалнамалар жүргіздім.Сонда байқағаным 28 оқушыдан 7 оқушы ғана мұражай туралы өз пікірін айта алды.

1977 ж. Халықаралық музейлер Кеңесінің 11 конференциясында 18 мамыр Халықаралық музей күні болып белгіленді. Біздің еліміздің де музейлері бұл күнді мереке ретінде атап өтуді үрдіске айналдырған.

Өз еліңнің, Отаныңның патриоты болғанға не жетсін!. Мен музейге барғанда елімнің өткен өміріне, бүгінгі Тәуелсіз елімнің осы күнге қалай жеткенін музей қызметкерінен көп мәлімет алдым. Менің есіме мұғалімім айтқан «Рухани жаңғыру әр адамның өзінен басталады», деген сөзі ойыма келді. Менің еліме, Отаныма деген жақсы көру сезімім арта түсті. Мен елімді сүйемін, үлкен азамат болғанда осы музейлердің экспонаттарын шет елден, өзіміздің еліміздің түкпір-түкпірінен жинап қызмет етемін. Міне Қазақстан тарихының парақтарын ақтара отырып еліміздің өткен тарихы Қытай, грек, парсы мемлекеттерінің деректерінде көптеп жазылғанын оқып үйреніп жатырмын.Сол елдерден біздің ата-бабаларымыздың елін қорғаған тарихын үйренгім келеді.

Астана тұрғындары мен достарымды еліміздегі тұңғыш әрі жалғыз Әскери-тарихи музейді аралап көруге шақырамын. Қазақ даласындағы жебенің зулаған дауысынан бастап ат тұяғының дүрсіліне, зеңбіректің гүрсіліне дейінгі әскери өнер тарихынан хабардар болғыңыз келсе музейге барыңыздар.

Мен осы зерттеу жұмысымды қорытындылай келе мынадай ұсыныс айтқым келеді

  1. Тарих сабақтарында мұражайларға саяхат сабақтар жиі ұйымдастырылса;

  2. Ата-аналар балаларының музейге деген қызығушылығын арттыру мақсатында, оларды жиі алып барса;

  3. Қала музейлері жиі жарнамаланып, түрлі іс-шаралар өткізілсе.

















ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:

  1. 2015 жылғы 02 қарашадағы Қазақстан Республикасы Қорғаныс Министрінің бұйрығы;

  2. Н.Назарбаев: «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы

  3. 12 сәуір 2017 ж;

  4. ҚР Қарулы Күштері Әскери-тарихи музейі қорының материалдарынан

  5. https://baribar.kz/31918/qr-qaruly-kushterininh-askeri-tarikhi-muzeyine-sayakhat/.






















9


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!