Музыка әлеміне саяхат

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Музыка әлеміне саяхат

Материал туралы қысқаша түсінік
Музыка арқылы бала бойындағы дүниетанымдық,адамгершілік қаситтерді дамыту. Нотаны жаттау. Кері санау. Аспаптар, олардың қасиеттерімен таныстыру. Музыкаға деген көз қарастарын кеңейту. Музыкалық дыбыстар туралы білімін қайталау және бекіту;
Материалдың қысқаша нұсқасы

Курмангалиева Арай Жумагазыевна

Нұр-Сұлтан қаласы

68 «Балбұлақ» балабақшасы

музыка жетекшісі









«Музыка әлеміне саяхат»
Мақсаты: Музыка арқылы бала бойындағы дүниетанымдық,адамгершілік қаситтерді дамыту. Нотаны жаттау. Кері санау. Аспаптар, олардың қасиеттерімен таныстыру. Музыкаға деген көз қарастарын кеңейту.
Музыкалық дыбыстар туралы білімін қайталау және бекіту;
«Марш» музыка орындалады
Балалар музыка залына әуен ырғағымен кіреді. Залға кірген балалар ырғақты сергіту орындайды. «Полька»

Ырғақты қимыл орындалғасын балалар бір қатармен жүріп музыка ырғағымен еріп арнайы музыка жетекшісінің көрсеткен парағындағы жолақтармен сап түзеп жүру арқылы орындарына отырады.
Музыка жетекшісі. Балалар біз қайда келдік . Олай болса амандасып алайық. Сендер білесіңдер музыка залында барлығы әуенді болу керек. Саламатсыздарма балалар,!
Балалар. Саламатсыз ба!

Музыка жетекшісі. Бізде музыкада 2 дыбыс бар иәәә. Сол екі дыбыс арқылы дауысымызды жаттықтырып алайық

(Музыка ойналып перизат келеді.) Перизат:Балалар Саламатсыздарма! Мен ертегілер еліндегі перизатпын. Сендерге музыка ханшайымының сәлемдемесін алып келдім. Музыка жетекшісі:Саламатсың ба перизат! Сәлемдемеңді көрейік. Перизат:Мен сәлемдемемді жеткіздім балалар іске сәт! Музыка жетекшісі:Балалар кәні перизатқа рахмет айтайық. (Балалар рахмет айтады фея ұшып кетеді.)



















Музыка жетекшісі:Балалар қараңдаршы бұл не болды екен? (ішінен хат шығады) Балалар мында хат бар екен, тезірек оқыйық «Саламатсыңдар ма балалар! Мен сендердің ашық оқу қызметтеріңе келе алмадым. Алайда мен сендерге тапсырмалар жібердім.Себебі сендер музыка жайында көп білулерің керек. Соны пысықтау мақсатында менің сендерге жіберген флешкамды қараңдар. Онда барлығы түсінікті. Мен сендердің менің тапсырмаларымды еш қиындықсыз орындайтындарыңа сенемін. Сәлеммен Музыка ханшайымы» (Музыка жетекшісі флешканы апарып балаларға көрсетеді.)

Балалар мында жеті сан тұр екен. Яғни бізге ханшайым жеті түрлі тапсырма берген екен.

Бірінші тапсырманы ашып көрейік. Оның астынан не шығады екен.Балалар мынау ноталардың суреті екен. Яғни бізге нота туралы айтыңдар деп тұр. Қараңыздаршы бұл не? ( Музыкалық нота станына көрсетеді)
Ноталар тұратын сиқырлы үй кімнің есінде?
Нота санында неше сызық бар екен?(5)

Барлық ноталардың патшасының аты кім? (Скрипичный ключ)
Музыка әлемінде неше нота бар.

7.Ендеше барлық ноталарды әндетейік.
(балалар гамманы әндетеді)
Балалар ал енді ноталар қалашығында біздер сонымен қатар музыкалық дыбыстар түрлерімен танысамыз олар балалар легатто стокатто. Ендеше балалар гамманы стаккатто және легатто түрінде айтып шығайық. (Музыка жетекшісі пианинода гамманы балалармен айтады)

Екінші тапсырма: Ладтар Музыкада әуен көңілді және көңілсіз болып екіге бөлінеді. Көңілді әуен мажор, көңілсіз әуен минор деп аталады. Біз оны әнді тыңдау арқылы ажыратамыз.

Үшінші тапсырма: Компазиторлар компазиторлар суреттерін слайд арқылы көрсетіп түсінің беру, олармен таныстыру.

Балалар ән жазатын адамды кампозитор дейміз. Компазиторлар түрлері көп. Мысалы: халық компазиторы, классикалық компазитор, балалар компазиторы т.б. Біз солардың ішінде балалар компазиторын жақсы білуіміз керек. Слайд көрсетіледі. Слайдта Б. Бейсенова мен Алтын Маханбетованың суреттеріне толық мағлұмат беріледі.

Төртінші тапсырма: Ән айту «Сағындым әже» әні.

Бесінші тапсырма: Би. Балалар біз жай билемейік. Музыкада ырғақты қимылдар деген ұғым бар. Яғни біз би билеу арқылы музыкалық қимылдарды көрсетіп ритмді есту және санау қабілетімізді де көрсетейік

Алтыншы тапсырма: Оркестр Аспаптар туралы айтылады. Артынша оркестр ойналады. Асылбек Енсепов «Концерт»

Жентінші тапсырма: Қорытынды.














Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
18.01.2022
470
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі