Музыка халықтың рухани қазынасы

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Музыка халықтың рухани қазынасы

Материал туралы қысқаша түсінік
Музыка халықтың рухани қазынасы тақырыбындағы шығармамда әйгілі адамдардың музыка туралы айтқан ақылиялары бар.
Материалдың қысқаша нұсқасы

МУЗЫКА ХАЛЫҚТЫҢ РУХАНИ ҚАЗЫНАСЫ


Музыка әлемі адамзат мәдениетінің байлығы, ғажайып дүние, музыкада адамның асқақ асыл ойлары, арман мақсаты, ізгі тілектері қуанышы, қайғы-қасыреті мен тұрлі сезімдері бейнеленеды. Музыканың адам жан дүниесіне тигізетін әсері орасан зор. Сондықтан оны шынайы ықыласпен қабылдау арқылы ғана түсінуге болады. Қаншама ғасырлар бойы жинақталған музыкалық қазынаның ұшы-қиыры жоқ, аса мол мұра, біз музыка аясында өмір сүреміз. Ол еңбек үстіндеде, тұрмыс тіршілігімізде де,саяхат сапарларда да, тұрлі жиын-кездесулерде де, мерекелік салтанаттарда да үнемі бізбен бірге, жер бетінде қандай да бір музыкасыз ғұмыр кешетін адам болуы мүмкін емес, олай болса, музыка біздің өмірлік серігіміз, музыканы опералардан, концерт залдарынан тыңдаймыз, салтанатты шерулер мен спорт мерекелеріннен, демалыс бақтарынан, мектеп пен балалар бақшаларынан, радио- телевизордан естиміз.


Халық музыкасы


Халықтық әуен ол ауызша таралып, бірден бірге орындаушылық дастұр арқылы жетіп отырады. Оны кең таратушылар негізінен халық арасынан шыққан шын талант иелері болып, олар орындаушылар деп аталады.біздің қазақ халық музыкасындада халық арасында шыққан көптеген таланттар болды, мысалы; Ықылас, Сарымалай, Құрманғазы, Дәулеткерей, Қазанғап, Сейтек, Сүгір, Тәттімбет, т.б. өнерпаздар бастаған күйшілер тобы,екіншісі – Біржан, Ақан, Мұхит, Мәди, Жаяу Мұса, Естай, Үкілі Ыбырай, Абай, Нартай, Майра, т.б. сал-серілерден арқау тартатын әншілік өнер.халық музыкасының шығу төркіні басқада өнер тұрлері сияқты өте ерте заманға саяды. Халық музыкасының негізгі тұрі-ән. Толғаулар, би әуендері,аспаптық күйлер, адамзат өмірінің мәңгі серігі болған халық музыкасы жанр жағынан өте бай. Халық тірлігінің әр бір кезеңі халық музыкасында өз таңбасын қалтырып отырған.

"Музыка ұлтқа бөлінбейді" дейміз. Иә, біз кез келген елдің музыкасына құдды бір ана тілімізде тыңдап отырғандай құмарта құлақ тосамыз. Ондағы тылсам күш жүрек түкпіріне терең бойлап, саз сиқырына қалай арбалып қалғаныңды сезбей қаласың. Музыка жан-дүниемізді өзге бір әлемге жетелеп, сезім пернелерін дәл басады. Әсем  әуен ой-қиялымызға қанат бітіріп, көңіл сарайына нұрын төгеді. Осынау құдіретті музыка өнері туралы ұлылардың ой-пікірлеріне кезек берейік.



  • Музыка адам жанын жарқындатып, жалындатуға тиіс.

Л.Бетховен

  • Музыка жас азаматтардың ішкі дүниесін байытып, әр дәуірдегі қоғамдық өмірдің түрлі құбылыстарын дұрыс түсінуге көмектеседі.

Ахмет Жұбанов

  • Музыканың үш түрі бар. Біріншісі, жәй ғана рахат сезімін туғызады, екіншісі құмарлықты, ынтықтықты білдіреді, үшіншісі біздің қиялымызға бағытталады. Жағымды сезім оятатын музыка демалыс үшін қолданылады, ол бізді жақсы тынықтырады.

Әл-Фараби

  • Музыка арқылы біз өзімізді үлгілі өнерге бейімдеп өркендете аламыз... Музыканың моральдық мәні сол, біз оның әсерімен таза нәр аламыз, яғни шынайы сүйеміз, немесе жиренеміз... Музыканың шын мәнінде біздің жан дүниемізді толқытып, көңілімізді көтеруге құдіреті әбден жетеді.

Аристотель

  • Музыка сұлулығы – оның жеңілдігі мен табиғилығында.

П.И.Чайковский


Жастар үшін , жарқын әуенді, жастық жалын, құлшынысқа толы өмірдің қызығы мен қуанышын білдіретін жеңіл музыка аса қажет. Өмірде бір уақыт байыптылықты ұмытып, жас адамның шаттана көңілденгісі келетін сәттері болады.мұндайда жақсы жаз музыкасын тыңдаудың, әр тұрлі би ырғақтарымен бірге тербелудің өз қызығы болатыны даусыз. Осындайда көңілденгеннің жөні осы екен деп, құр даңғырлаған музыкасымақтарға әуестенудің ешбір пайдасы жоқтығын да білген дұрыс.үйткені ол адамға тәрбие бералмайды. Міне, сондықтанда музыканы үлкен таныммен, сауатты тұрде таңдап тыңдай білу керек.

Адамды рухани жақтан желпітетін, жанын жадыратып, сезімін қозғайтын, шынайы көркем шығармаларды тыңдап. Үйрену- үлкен өнер. Музыканы тыңдап отырып, одан өмірқұбылыстарының дыбыстық бейнесін елестете білу қажет.музыканың классикалық, халықтық, жалынды, жігерлі, жеңіл тұрлерінің бәріде- өмірімізге қажет дүниелер. Бірақ музыканы тыңдап түсіну ұшін, дұрыс таным, талғам болуы тиіс.шығармамның соңын Григорий Николаевич Потанинтың «Маған бүкіл қазақ даласы ән салып тұрғандай көрінеді »деген сөзімен аяқтатқым келеды.




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
18.12.2017
2604
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі