Материалдар / Музыка, "Музыка әлемі" ашық оқу қызметі
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Музыка, "Музыка әлемі" ашық оқу қызметі

Материал туралы қысқаша түсінік
Музыка сауатын арттыру, есте сақтау қабілетін дамыту, музыкаға деген қызығушылығы мен сүйіспеншілігін тәрбиелеу.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
15 Қараша 2021
576
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ашық оқу қызметінің өтілу барысы

Білім беру саласы: «Шығармашылық»

Ұйымдастырылған оқу қызмет түрі: музыка әлемі

Білімділік мақсаты: ұлттық әуендер, классикалық әуендер жайлы түсінік беру, олардың айырмашылығын түсіндіру. Ұлттық және симфониялық аспаптар оркестрі туралы түсінік беру. Дирижер туралы түсінік беру.

Дамытушылық мақсаты: музыка сауатын арттыру, есте сақтау қабілетін дамыту.

Тәрбиелік мақсаты: музыкаға деген қызығушылығы мен сүйіспеншілігін тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдері: шатық шеңбері, сұрақ-жауап, көркем сөз, түсіндіру, салыстыру, әңгімелесу, қимылды ойын, ғажайып сәт, сергіту сәті, би қимылдары.

Көрнекіліктері:музыка аспаптары бейнеленген карточкалар, слайд, скрипка, қобыз, саксофон аспаптары, би қимылдарын орындауға арналған атрибуттар, музыка әуендері, шулы аспаптар.

Сазгер Е.Доганың әуенімен ырғақты би. «Турецкий марш» әуенімен қатар сақтап, нық адымдап әуез бөлмесіне кіріп, әуезді-ырғақты қимыл жасау.

Қонақтармен амандасу

Балалалар:

Сәлеметсіздер ме, қонақтар! Біз сіздерді көп күттік.

Қонақтар: Сәлеметсіздер ме, балалар! Біз де асыға жеттік.

Балалар:

Көңіл-күймен отырып,

Өнерді тамашала.

Қонақтар:

Сіздерменен біз бүгін,

Ән шырқаймыз балаша.

Балалар мен қонақтар бірге:

Ақылды балапан бүгінгі,

Көркейтер күніңді ертеңгі.

Үйренген өнерін көрсетсін,

Бүлдіршін балалар белсенді.

(Жарты шеңберде тұрып, карточкада бейнеленген суреттер арқылы жауап беру)

Рахмет, балалар! Енді алдарыңыздағы карточкаларды алып, не бейнеленгені жайлы айтып беріңіздер.

(Балалар жауаптары)

Жарайсыңдар, балалар! Бұл карточкалар арқылы өткен оқу іс-әрекеттерімізге шолу жасадық. Рахмет енді орындыққа жайғасыңыздар.

Балалар, халқымыздың бала дүниеге келген күннен бастап өмірінің әрбір маңызды кезеңдері әнмен әрленген, күймен көмкерілген. Музыка арқылы біз өзімізді үлгілі өнерге бейімдеп, өркендете аламыз. Музыканың шын мәнінде біздің жан дүниемізді толқытып, көңілімізді көтеруге құдыреті әбден жетеді. Әуеннің көңіл-күйі әр түрлі болады. Адам музыка арқылы өзінің көңіл-күйін білдіре алады.

Жарайсыңдар, балалар!

Балалар, сендер қандай музыкалық жанрларды білесіңдер?

Жарайсыңдар, дұрыс айтасыңдар!

Музыка жанрының тағы да бір түрі ол халық әні және кәсіби музыка болады. Халық әндері ауызша таратылады.

Халық әуендері ХХ ғасырға дейін жазбасыз түрде дамып, ауыздан ауызға, әкеден балаға, ұстаздан шәкіртке, өткеннен болашаққажеткізіліп отырған.

Ал кәсіби музыка – сауаты бар арнаулы білімі бар сазгерлердің жазған шығармалары. Олар күрделі және мазмұнды болады. Классикалық музыкаларды атақты, ұлы сазгерлер жазады. Олардың есімдері де, шығармалары да тарихта сақталады.

Классикалық әуен есте сақтау қабілетін жақсартады.

Әрі қарай тақырыбымызды, білімімізді тереңдету үшін, менің сендерге дайындаған тосын сыйым бар. Ол мына сыйқырлы айналым. Осы сиқырлы айналымды айналдыра отырып, біз берген суреттер арқылы жұмыс жүргіземіз.

(Ұлттық оркестр, симфониялық оркестр, үрмелі аспаптар оркестры, дирижер туралы түсінік беру)

Халық әуені дегенді қалай түсінесіңдер? Классикалық әуеннің айырмашылығы қандай?

Енді бүгінгі оқу қызметімізді пысықтау үшін бізге арнайы қонақтар келеді. Қарсы алайық.

Балалар сіздерге қонақтарымыз әр түрлі музыкалық аспаптарда әуендер орындайды. Соларды мұқият тыңдап түсінгенімізді және не сезінгенімізді айтамыз.

Бірінші қонағымыз қобыз аспабында ойнайтын Гүлдана. (күй орындайды, экранда слайд жүргізіледі)

Екінші қонағымыз скрипка аспабында ойнайтын Аружан. (классикалық шығарма ойнайды, экранда слайд жүргізіледі)

Балалар, қандай әсер алдыңдар? Музыка әуендерінде қандай айырмашылықтар бар? Жарайсыңдар, балалар! Олай болса барлығымыз ортаға келіп саксафон әуенімен би билеп сергіп алайық.

Үшінші қонағымызсаксафон аспабында ойнайтын Нұрғиса.

Балалар, сіздерге келген қонақтардың өнері ұнады ма?

Дамир:

Бақыт құсы әрбір үйге қонсын деп,

Қазандары бақ-ырысқа толсын деп.

Шын жүректен табыстаймыз сіздерге,

«Сыр-Қамқор» балабақшасынан естелік болып қалсын деп. (сыйлық тапсыру)

Сау болыңыздар, қонақтар. Алтын уақыттарыңызды бөліп келгендеріңіз үшін сіздерге көп рахмет!

Балалар, олай болса, өзімізде шулы аспаптармен оркестр құрып, ойын ойнасақ қалай қарайсыңдар?

Қимылды ойын: «Оркестр»

Тамаша, жарайсыңдар, балалар! Балалар, сіздерге бүгінгі оқу қызметіміз ұнады ма?

Оқу қызметінде қандай іс-әрекеттер болды? Олай босла, сіздерге көп рахмет. Қонақтарымызға арнап әнімізді шырқайық.

Аяулым:

Жайқалған нұрға бөлеп жанымызды,

Қуанышпен қарсы алайық әр күнімізді.

Сіздерге арнап әнімізді шырқайық біз

Шатыққа бөлеген бәрімізді.

Ән: «Балдәурен»

Балалар: Сау болыңдар, қонақтар!

Қонақтар: Сау болыңдар, балалар!




Күтілетін нәтижесі:

Нені біледі:

  • музыкалық аспаптарды;

  • нота сауаттылығын;

  • музыкалық жанрларды.


Ненібілу керек:

  • ұлттық әуендер, классикалық әуендер туралы;

  • қлттық және симфониялық аспаптар оркестрі туралы;

  • дирижер туралы.


Қолданады:

  • классикалық әуендердің есте сақтау қабілетін жақсартатындығын;

  • музыка әуендерініңкөңіл-күйге әсер ететіндігін.





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!