Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
музыка өнер үйірмесінің жоспары
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
№7 Бабыр атындағы жалпы
білім беретін мектеп КММ-де
Үйірме жетекшісі
Абдукадиров Зухриддин
«Бекітемін»
№7 Бабыр атындағы ЖББМ КММ
_______________ Л.Малабаева
«Хор үйірмесі»
өнер үйірмесінің бағдарламасы
Үйірме жетекшісі
Абдукадиров Зухриддин
2024-2025 ж
Түсінік хат
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 - 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы Қазақстан Республикасының зияткерлік, дене бітімі және рухани дамыған азаматын қалыптастыру, тез өзгеретін әлемде оның табысты болуын қамтамасыз ететін білім алудағы қажеттілігін қанағаттандыру білім беру мазмұнын жаңғыртуды қамтамсыз ететін жаңа парадигманың мынадай міндеттерін: қосымша білім берудің стандарттары, оқу жоспарлары мен білім беру бағдарламаларын қамтиды. Білім беру мазмұнын жаңарту нәтижесі білім алушылардың алған
білімдерін практикалық жағдайларда тиімді қолднауға және әлеуметтік бейімделу үдерісінде табысты пайдалануға мүмкіндік беретін басты құзіреттіліктер жүйесі болып табылады.
Үйірме бағдарламасы қатысушы оқушының жеке және жас ерекшеліктерін ескере отырып, оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту мен басты және пәндік құзіреттілікке (оқу пәні
аясында меңгерген өзіндік ерекше білім, дағды, шеберліктері) жетулеріне бағытталған
“Хор үйірмесі”өнер үйірмесінің мақсаты: ҚР мемлекеттік «Қазатың жүз әні», «Қазақтың жүз күйі» жобасын негізге ала отырып сабақ барысында қолдану. Оның көркемдік құралдары мен аспап арқылы іске асырылуы, Білім алушыларды музыка әлеміне ендіру, музыкалық білім беру,
эстетикалық тәрбие, рухани-адамгершіліктік дамуы үшін жағдай жасау, дарынды балаларды музыкалық өнер саласынддағы негізгі кәсіби білім беру бағдарламаларын іске асырушы білім беру ұйымдарына түсуге дайындау.
Дидактикалық: Танымдық қызметі, ой-өрісінің кеңеюі, музыкалық білімді жүйелі жинақтау, орындаушылық дағды мен шеберлік.
Тәрбиелеушілік: музыкалық өнерді тану жолдары арқылы рухани, адами, көркемөнер, эстетикалық, патриоттық, интернационалдық тәрбиелеу, өзіндік жұмыс атқару, ерік-жігерді тәрбиелеу,
адамгершіліктік, эстетикалық, дүниеге көзқарас ұстанымын қалыптастыру. Музыкада ән мен күйдің егіз екенін ұғындыру
Дамытушылық: музыкалық есту, еске сақтау, ырғақ сезімін, әсершіл-қажетсіну ортасын, эмпатияны, музыкалық-шығармашылық, зейін, ойлау, елес, қиял, рефлексия қабілеттерін, салыстыру, жалпы орындау шеберліктерін дамыту. Аспапта ойнау шеберліктері мен ән айту шеберліктерін байланыстыру.
Негізгі міндеттері: педагогикалық әсер етудің жаңа түрлері, әдістері, тәсілдерін табу; жеке дара бағдарланған жүйе әдістемесін жетілдіру. Заманауи технологияларды қолдана отырып бейне (видео) сабақтар жүргізу. Аудиожазбалар, т.б. түрлерін пайдалану. Білім алушыларда музыкалық оқыту мен тәрбиелеу құралдары арқылы түйінді және пәндік құзіреттілікті қалыптастыру.
Білім алушылардың табиғи мүмкіндіктерін ескере отырып жалпы музыкалық дамыту, орындаушылық өнер негіздеріне оқыту, тұлғаның рухани жалпы мәдениетінің бөлігі ретіндегі музыкалық-эстетикалық санасын қалыптастыру.
Музыкалық оқыту және тәрбиелеу барысында білім алушылардың негізгі және пәндік құзыреттерін қалыптастыру әр түрлі әдістерді қолдануды талап етеді. Музыкант-педагогтің жұмысында оқыту,
дамыту, тәрбиелеу, ынталандыру (уәждемелік) және бақылаушылық-түзетушілік қызметтерін атқаратын, барлық дерлік жалпыпедагогикалық әдістер қолданылуы мүмкін. Әрбір білім алушының жеке ерекшеліктері әрбір баланы, оның табиғи қабілеттеріне тәуелсіз, музыкаға жақындата алатын оқыту
әдістері мен құралдарын іздеп табуды талап етеді. Әрбір оқушыға жеке-дара сараланған тәсілдеме арқылы оқытудың мазмұны мен әдістерін жалпы психологиялық және музыкалық-психологиялық ерекшелігіне
қарай бейімдеуге мүмкіндік береді. Кешендік сабаққа білім алушылардың шығармашылық қызметінің
түрлері біріктіріледі – педагогикалық репертуарды зерделеу, қағаз бетінен оқу, ансамбль, естуі бойынша іріктеу, тасымалдау (транспонирование), аккомпанемент
оқу жоспары
Үйірме апталық жүктемесі 9 сағаттан жылдық 306 сағатты құрайды. .
Оқу жоспары пәндері:
- жекеленген сабақтар: Домбыра , Хор, Вокал,
Үйірмеге қатысушы баланың саны балалардың саны 10-нан 12-ге дейін болуы тиіс.
Әр пән аптасына 2 сағаттан жылына 68 сағатты құрайды. Вокал пәні аудандық байқаулардың талабына сай екі топтан тұрады. « Кіші топ» 6-10 жас аралығы, ал «Орта топ» 11 – 16 жас аралығын құрайды «Кіші топ» апталық жүктемесі 1 сағат, «орта топ» апталық жүктемесі 2 сағаттан өтуі тиіс.
Оқу пәнінің мазмұны
Жеке оқыту қағидаты әрбір білім алушының табиғи тума нышандары, дене және музыкалық дамуының деңгейіне сәйкес оқу материалдарын өтудің түрлі нысандары, әдістері, қарқынын қолдануды
ұсынады. Бұл оқу сағаттарын тараулар мен тақырыптар бойынша бөлуде біріздендірудің мүмкін еместігін көрсетеді.
Оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыру
1. Қатысушы оқушыны кешенді тәрбиелеу. «Кез келген аспапта ойнауды оқытатын мұғалім, ең алдымен, музыка мұғалімі, яғни оның түсіндірушісі және ұғындырушысы болуы тиіс. Бұл, әсіресе, білім алушы дамуының төменгі сатыларында аса қажет: мұнда оқытудың кешенді әдісі шарасыз, яғни мұғалім бір уақытта музыканың тарихшысы, қисыншылы, аспапта ойнауды оқытатын мұғалім болуы керек.
2. Білім алушылардың шығармашылық дағдыларын дамыту. Есту бойынша таңдап салу, қағаз бетінен оқу, тасымалдау (транспонирование), әуендердің аяқтамаларын, әуен үлгілерін шығару, үйлесімділікті таңдап салу, ырғақтық және әуендік суырып салу дағдылары бойынша оқыту . Әуесқойлық музыка ойнау.
4. Музыкалық шығармаларды оқу және әртүрлі стильдер мен жанрлардың шығармаларымен эскиздік танысу барысында жалпы және музыкалық ой-өрісті кеңейту. Музыканы тыңдау бойынша тәжірибені
жинақтау.
5. Қазақ халқының дәстүрлі мәдениетін, Қазақстан халықтарының музыкалық шығармашылығын, әлемдік музыканың, қазіргі заман қазақстандық және бүкіләлемдік өнердің шығармаларын үйрену барысында білім алушылардың негізгі және пәндік құзыреттерін қалыптастыру.
№7 Бабыр атындағы «ЖББМ» КММ
«Домбыра » тобына қатысатын
сынып оқушыларының тізімі
2024-2025 оқу жылы
№ |
Оқушының аты-жөні |
Туған жылы |
Сыныбы |
Жынысы |
Ұлты |
1 |
|
|
|
|
|
2 |
|
|
|
|
|
3 |
|
|
|
|
|
4 |
|
|
|
|
|
5 |
|
|
|
|
|
6 |
|
|
|
|
|
7 |
|
|
|
|
|
8 |
|
|
|
|
|
9 |
|
|
|
|
|
10 |
|
|
|
|
|
11 |
|
|
|
|
|
12 |
|
|
|
|
|
13 |
|
|
|
|
|
14 |
|
|
|
|
|
15 |
|
|
|
|
|
16 |
|
|
|
|
|
Үйірме жетекшісі: Абдукадиров Зухриддин
«Домбыра »
өнер үйірмесінің бағдарламасы
Үйірме жетекшісі
Абдукадиров Зухриддин
2024-2025 ж
Тақырыптық оқу жоспары
Домбыра
Домбыра сабағы апталық жүктемесі екі сағаттан жылына 68 сағат беріледі
Оқушыларға жан жақты сапалы білім беру және деңгейі жоғары орындаушы дайындау үшін ұстаздар өз әдістемелерінің үлгісін үнемі жаңартып өзгертіп отырулары қажет. Сабақты оқушының жасына музыкалық қабілетіне ойлау, үйрену ерекшеліктеріне қарай ұйымдастырған жөн.
Домбыра үйірмесінің мақсаты:
Домбыра тарту шеберлігін дұрыс меңгеруге , оқушының өнерге деген ынта-ықыласын өсіріп, эстетикалық талғамын арттыруға,музыканы дұрыс тыңдап, тереңдей түсіне білуге тәрбиелеу болып табылады.
-
Аспапты ыңғайлы ұстап,дұрыс отырып үйрету
-
Шығарманы талдай білуге, жете түсінуге дағдыландыру.
-
Халық шығармаларына деген қызығушылықтарын арттыру.
-
Сахна мәдениетін үйрету.
Сабақтың міндеттері:
-
оқушының шығарманы есту, есте сақтау, ойнай білу қабілеті дамыту.
-
Дәстүрлі орындаушылық ерекшеліктерін мұқият үйрету.
-
Шәкірттің ой-өрісі мен қабілетіне қарай, өнерін жан-жақты талдап, тереңдете түсіндіру.
Күтілетін нәтиже:
-
Аспапты ыңғайлы ұстап,дұрыс отыра біледі
-
Шығарманы талдай біледі
-
Сахна мәдениетін сақтай біледі.
-
Үйренген шығармаларын тыңдаушыға жеткізе біледі.
-
оқушының шығарманы есту, есте сақтау, ойнай білу қабілеті дамиды.
-
Дәстүрлі орындаушылық шеберлігі артады
№ |
Сабақ тақырыбы |
Сағат саны |
1 |
Домбыра туралы түсінік. |
1 |
2 |
Музыкалық дыбыстар |
1 |
3 |
Музыкалық дыбыстардың жазылуы. Домбырадағы шартты белгілер |
1 |
4 |
Музыкалық дыбыстардың биіктігін таңбалау интервалдар |
1 |
5 |
Музыкалық дыбыстардың күйсандық тілдерінде орналасуы |
1 |
6 |
Музыкалық дыбыстардың домбыра пернелерінде орналасуы |
1 |
7 |
Домбыраның бұрауы ( құлақ күйі) |
1 |
8 |
Оқушыны домбыра тартуға дайындау |
1 |
9 |
Екі қолдың қойылымы |
1 |
10 |
Музыкалық сауаттылық такт, өлшем, акцент, метр, ырғақ |
1 |
11-12 |
Қағыстар |
2 |
13 |
Перне басып ойнау. Аппликатура |
1 |
14 |
Екпін динамикалық белгілер. Ноталық жазуды қысқарту белгілері |
1 |
15-16 |
Жеңіл жаттығулар орындау |
2 |
17 |
Тыныс белгілері. Паузалар |
1 |
18-19 |
Жаттығулар орындау |
2 |
20-21 |
Этюдтар орындау |
2 |
22 |
Альтерация белгіері. |
1 |
23-24 |
Қол жаттықтыру жаттығулары |
2 |
25 |
Дыбыс ұзақтығын ұзартатын қосымша белгілер |
1 |
26-27 |
Қол жаттықтыру жаттығулары |
2 |
28 |
Ансамбль, акколада |
1 |
29-30 |
Қол жаттықтыру жаттығулары |
2 |
31-33 |
Лига қойылған ноталарды домбырада ойнаудың негізгі әдістері |
3 |
34 |
Күй тартып үйрену |
1 |
35-40 |
Кеңес |
6 |
41-49 |
Жезкиік ( бірінші сынып музыка хрестоматиясынан ) |
9 |
50-57 |
Қоңыр |
8 |
58-59 |
Ән «Әгугай домбыра » |
2 |
60-61 |
Ән: «Туган жер» |
2 |
62-63 |
Ән: Қазақ осы |
2 |
64-65 |
Орындаушылық шеберлігін жетілдіру |
2 |
66-67 |
Топпен бірге тарту |
2 |
68 |
Қортынды сабақ |
1 |
Тақырыптық оқу жоспары
Фортепиано
Үйірме бағдарламасын іске асыруда: аптасына 2 сағаттан жылына 68 сағатқа құрылған тақырыптық жоспар
Фортепиано сабағы сабақ беретін оқу
пәніне сәйкес арнайы педагогикалық немесе кәсіби (орта немесе жоғары)
білімі бар педагогикалық қызметкерлермен қамтамсыз етіледі.
Педагог дәріс беретін пәні бойынша білім беру бағдарламасын
әзірлеуі, музыкалық педагогика саласында отандық және шетелдік білім
берудің озық жетістіктеріне негізделген оқу-білім беру үдерісі
технологиясын пайдалана білуі қажет.
Балалар музыка мектептері мен басқа білім беру ұйымдарымен шығармашылық байланыс
орнату үшін жағдай жасауы қажет, оның ішінде ұдайы әдістемелік
жұмыс жүргізу, алдыңғы қатарлы педагогикалық технологияларды
қолдану мақсатында кәсіби байланыстар да орнатуы керек
Сабақ саны |
Тақырыбы |
Сағат саны |
1 |
Оқушыларды аспаппен таныстыру |
1 |
2 |
Музыкалық дыбыстар. Атауы. Октава. Бүтін және жарты тон |
1 |
3 |
Музыкалық дыбыстардың күйсандық тілдерінде орналасуы |
1 |
4 |
Музыкалық дыбыстардың жазылуы |
1 |
5 |
Музыкалық кілттер.Интервалдар |
1 |
6 |
Интервал қашықтықтары |
1 |
7 |
Музыкалық дыбыстардың ұзақтығы мен олардың жазылуы |
1 |
8 |
Нота таңбасы, акцент, метр, такт |
1 |
9 |
Өлшем ырғақ жай метрлер мен өлшемдер |
1 |
10 |
Екпін. Динамика және оның белгілері |
1 |
11 |
Ноталық жазуды қысқарту белгілері. Тыныс белгілері паузалар |
1 |
12 |
Альтерация белгілері. Дыбыс ұзақтығын ұзартатын қосымша белгілер |
1 |
13 |
Ансамбль. Акколада |
1 |
14 |
Оң қолдың қойылымы. Сол қолдың қойылымы. |
1 |
15 |
До мажорда қол жаттықтыру. Гармониялық гаммада ойнау |
1 |
16 |
До мажорда қол жаттықтыру. Мелодиялық гаммада ойнау |
1 |
17 |
Ля минорда қол жаттықтыру |
1 |
18 |
Соль мажорда қол жаттықтыру |
1 |
19 |
Ми минорда қол жаттықтыру |
1 |
20 |
Ре мажорда қол жаттықтыру |
1 |
21 |
Си минорда қол жаттықтыру |
1 |
22 |
Ля мажорда қол жаттықтыру |
1 |
23 |
Фа диезминорда ойнау гармониялық, мелодиялық ойнау |
1 |
24 |
Ми мажорда ойнау |
1 |
25 |
Екі қолмен До диез минорда ойнау |
1 |
26 |
Си мажорда ойнау |
1 |
27 |
Соль диез минорда ойнау |
1 |
28 |
Фа диез мажорда ойнау |
1 |
29 |
Ре диез минорда ойнау |
1 |
30 |
Ре бемоль мажорда ойнау |
1 |
31 |
Си бемоль минорда ойнау |
1 |
32 |
Ля бемоль мажорда ойнау |
1 |
33 |
Фа минорда ойнау |
1 |
34 |
Ми бемоль мажорда ойнау |
1 |
35 |
До минорда ойнау |
1 |
36-37 |
Жаттығулар орындау. Әлди әлди |
2 |
38-39 |
Жаттығулар орындау. Құлыншақ |
2 |
40-41 |
Қазақстан жалауы |
2 |
42-43 |
Елтаңбасы елімнің |
2 |
44-45 |
Зырлайды шанамыз |
2 |
46-47 |
Жаз |
2 |
48-49 |
Әліппе |
2 |
50-51 |
Менің Отаным |
2 |
52-53 |
Туған жер |
2 |
54-56 |
Біз өмірдің гүліміз |
3 |
57-59 |
Абайдың «Көзімнің қарасы» әнін күйсандықта ойнап үйрену |
3 |
60-63 |
Әгугай домбыра |
4 |
64-66 |
Орындаушылық шеберлігін арттыру |
3 |
67 |
Қортынды сабақ |
1 |
68 |
Жыл бойы өткенді қайталау |
1 |
«Вокал »
өнер үйірмесінің бағдарламасы
Үйірме жетекшісі
Абдукадиров Зухриддин
№7 Бабыр атындағы «ЖББМ» КММ
«Вокал» тобына қатысатын
сынып оқушыларының тізімі
2024-2025 оқу жылы
№ |
Оқушының аты-жөні |
Туған жылы |
Сыныбы |
Жынысы |
Ұлты |
1 |
|
|
|
|
|
2 |
|
|
|
|
|
3 |
|
|
|
|
|
4 |
|
|
|
|
|
5 |
|
|
|
|
|
6 |
|
|
|
|
|
7 |
|
|
|
|
|
8 |
|
|
|
|
|
9 |
|
|
|
|
|
10 |
|
|
|
|
|
11 |
|
|
|
|
|
12 |
|
|
|
|
|
13 |
|
|
|
|
|
14 |
|
|
|
|
|
15 |
|
|
|
|
|
16 |
|
|
|
|
|
Үйірме жетекшісі: Абдукадиров Зухриддин
Тақырыптық оқу жоспары
Вокал
Пән екі топтан тұрады. Орта топ 11-15 жас аптасына екі сағаттан жылына 68 сағатты құрайды. Кіші топ аптасына 1 сағаттан жылына 34 сағатты құрайды
ПӘННІҢ МАҚСАТТАРЫ
Пәнніңмақсаты – оқушы дауыстарына деген көбірек қамқорлық көрсету және олардың дауыс ережелерін катаң сақтауына үнемі көңіл бөліп отыру.
«Қазақтың жүз әні» жобасын сабақ барысында пайдалану
Музыкалық-педагогикалық талдау, әдістемелік әдебиеттер ән айтуды музыкалық шығармашылықтың жүргізушісі ретінде қарастырады. Жалпы мақсатқа ие бола тұрып, ол музыка сабақтарында әртүрліше жүргізіледі.
Вокал сабағынын негізгі басты шарты – оқушылардық музыкалық қабілеттерін дамыту, музыкалық денгейін кеңейту, музыкаға, ән айтуға деген сүйіспеншілігін тәрбиелеу, ән айту тәсілдерін үйрету болып табылады. Ән айту музыкалық қабілетін дамытуда, рухани жан дүниесін тәрбиелеуге, мінез-құлқын қалыптастыруда өз әсерін тигізеді. Ән айту балалардың музыкалық, әрі эстетикалық талғамын арттырып, ой - өрісін ұштап, таным - түсінігін жетілдіре түседі.
Дұрыс ән айтуға үйрету арқылы оқушылардың дауыс аппараты жақсы дамиды. Әнді өз нышанына келтіріп айту үшін көптеген жұмыстар атқарылуы тиіс, яғни әннің мазмұнын тыңдаушыға жеткізу, дауыстардың бір-бірімен үйлесіп, интонациясының таза, дикциясының анық шығуын, әнді жинақы жабық дауыспен академиялық үлгіде айтып жаттықтыру керек.
Ән айту балалардың орындаушылық үрдісіне белсенді қатысуына, музыкалық қабілетінін дамуына, музыкалық есту қабілетін тәрбиелеуге жағдай жасайды.
Ән айту – педегогикалық деңгейде дұрыс ұйымдастырылса, музыкалық эстетикалық тәрбиелеудің ең тиімді жолы болып есептелінді. Жоғары деңгей туралы айта отырып, педагогикалық үрдіс тек техникалық нәтижелер дәрежесіне жеткендегі қауіпті аңғару керек, сонда ән айту тәрбиесі «таза» ән айтуға айналады. Балалар әнді қалай орындап тұрғанына яғни ән айту үрдісінің техникалық жағына жауапкершілікпен қарау өте қажет.
Дыбысталу сапасын қалыптастыруда, дауыс аппаратының жұмысын ән айтатын жағдайға келтіруде, жалпы және музыка мәдениетін, әсіресе вокальды есту мәдениетін білуіне мұғалімнің арнайы білімі мен шеберлігіне байланысты іске асырылады.
Вокал сабағында және оқушылардың өздік жүргізілетін жұмыстары арқылы дауысын дұрыс дамыту жолдары мен оны жүзеге асыруға септігін тигізетін педагогикалық қолайлы жағдайларды анықтау.
Пәннің негізгі міндеттері:
-
әншілік тыныс алудың негізгі ережелерін пайдалана отырып, дауысты вокалдық – техникалық жағынан жетілдіру резонаторлар және артикуляциялық аппарат жұмыстарын саналы түрде қолдану.
-
Оқушылардың вокалды-педагогикалық білімін нығайта отырып, академиялық ән салу мәнерінің әдістемесін үйрету.
-
Вокалдық-музыкалық оқу – тәрбие процесіндегі іс-шараларды өткізе алуға дайындау.
-
балалар дауысымен жұмыс жүргізу әдістемесімен үйрету.
-
Үйрететін әндерді 1-6 сынып оқулықтарынан және «қазақтың жүз әні» жобасынан алу
Музыкалық бейнелер, жағымды саз арқылы студенттерді патриотизмге, елін сүюге, еңбекке, тәртіпке, адамгершілікке, ынтымактастыққа, достыққа тәрбиелеу мұғалімнің негізгі міндеттерінің бірі.
Әншілер әр аймақтың, өлкенің, жүздің өзіндік әйгілі ұстаздары, әншілері композиторлары, суырып - салма ақындары өздерінің бойына сақтаған ата-бабаларымыздың музыкалық дәстүрін жас ізбасарларына шәкірттеріне үйретіп, бойына сіңіріп, қалдырып отырды. Олар шәкірттерін әр шығарманың өзіндік ерекшелігін тыңдаушының сезім пернесін дәл басатындай етіп жеткізе білуге, орындау мәдениеттілігі мен дауысты меңгерудің жоғарғы шеберлігіне баулыды.
Қазақ мектептерінде сауат ашу сабағын әуенмен айту тәсілі қолданылғандығы революцияға дейінгі оқымыстылардың кейбір еңбектерінде көрсетілген. Онда «мұғалім әрбір сөз бен буынды айтып, балаларға қайталату арқылы үйреткен»- деп жазылған.
Оқытудың мұндай тәсілі, яғни әндетіп айту арқылы үйрену көптеген Азия жэне Африка халықтарында да кеңінен таралған. Баланың көпшілікпен қосылып әуенмен айтуы музыкаға деген қызығушылығын, таза айтуын, есту және есте сактау қабілетінің дамуын арттырып отырған. Оның әсерімен бала өзінің отбасындағы басқа балалармен, үйренген әуенді күнделікті бірігіп айтып, кейде өзі де әртүрлі ойындарға әуен шығаратын болған.
Сабақ саны |
Тақырыбы |
Сағат саны |
1 |
Дауыс апараттарымен таныстыру |
1 |
2 |
Диапазон жайлы түсінік |
1 |
3 |
Тіл ерін көмей арқылы дауысты және дауыссыз дыбыстарды әндетіп ашық айта білу |
1 |
4 |
Артикуляция |
1 |
5 |
Жаттығулар |
1 |
6 |
Дауысты дыбыстарды айту |
1 |
7 |
Нотаны оқылуы арқылы дыбыстау |
1 |
8 |
Тыныс алу |
1 |
9 |
Ән айту техникасын сақтай отырып, нотаға қарап оқып, фраза бойынша үйрену |
1 |
10 |
Вокализді орындау |
1 |
11-12 |
Әндер үйрену: Қазақтың халық әні «Дедімай-ау» |
2 |
13-14 |
Айқарагөз |
2 |
15-17 |
Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек |
2 |
18-19 |
Қарлығаш, Құстар әні |
2 |
20-21 |
Ана туралы жыр |
2 |
22-23 |
Әкетуралы жыр |
2 |
24-25 |
Ауылым әнім |
2 |
26-28 |
Көк тудың желбірегені |
2 |
29-30 |
Домбыра туралы баллада |
2 |
31 |
Мектебім (Ұстазым) |
1 |
32 |
Жаса Қазақстан |
1 |
33-34 |
Жаңа жыл |
2 |
35 |
Өз елім |
1 |
36 |
Әлем халықтарыны әндері. Ария, романс, жанрларымен таныстыру. Орындау шеберлігіне жету. |
1 |
37-40 |
Младая флора |
4 |
41-44 |
Менуэт экзоде |
4 |
45 |
Әнді ансамбльмен айтуға дағдыландыру |
1 |
46-47 |
Қазақ қызы. |
2 |
48-50 |
Бір бала |
3 |
51-52 |
Дауыс диапазонымен жұмыс, Вокалдық техникалық жаттығулар |
2 |
53-55 |
Ақтолғай |
3 |
56-58 |
Орфоэпиялық дыбыстармен жұмыс. Ақсұңқарым ( Ақмаңдайлым) |
3 |
59-60 |
Асыл арман |
2 |
61-62 |
Көзімнің қарасы |
2 |
63-64 |
Ақжайық |
2 |
65-66 |
Әгугай домбыра |
2 |
67 |
Қортындысабақ |
1 |
68 |
Қайталау |
1 |
Кіші топ 6-10 жас
Сабақ саны |
Тақырыбы |
Сағат саны |
1 |
Ән айту ережелері |
1 |
2 |
Дауыс жаттықтырулар |
1 |
3 |
Вокализде орындау |
1 |
4 |
Сәлем мектеп |
2 |
5-6 |
Біз мектепке барамыз |
2 |
7-8 |
Әнші балапан |
2 |
9-10 |
Жұлдыздарға жол |
2 |
11-12 |
Жас ұлан |
2 |
13-14 |
Ән сабағы |
2 |
15-16 |
Абайдың әні «Көзімнің қарасы» |
3 |
17-18 |
Ақбұлақ |
2 |
19-20 |
Көгілдір вагон (голубой вагон ) орыс тілінде |
2 |
21-22 |
Айгөлек |
3 |
23-24 |
Өз елім |
2 |
25-26 |
«Twinkle, twinkle little star» W.A. Mozart (1756 – 1791) |
2 |
27-28 |
Қазағымның дәстүрлері-ай |
2 |
29-30 |
Беу айдай (қазақтың халық әні ) |
2 |
31-32 |
Ұландар жыры |
2 |
33-34 |
Әгугай домбыра |
2 |
Тақырыптық оқу жоспары
ХОР
Мақсаты:
1. Оқушылардың музыкалық қабілетін арттыру.
2. Вокалды – хор техникасын меңгерту, шығарманы өз дәрежесінде
көркем орындауға үйрету.
3. Ән - әуез сабағынан алған білімдерін пайдалануға жетілдіруге
мүмкіндік жасау, хор шығармасына қызығушылығын арттыру, эстетикалық
таным – талғамының қалыптасуына жол
ашу.
Талаптары:
1. Хор шығармасын орындау,
айту кезінде ән айту дағдыларына қалыптастыру.
2. Шығарманы ансамбльдік құрылымда дыбысты таза айтуды, ритмикалық
нюансты құбылыстарды сауатты орындауды меңгерту.
3. Хор мүшелерінің белсенділігін, ынтасын арттыру, мектеп
өміріндегі хор ұжымының ролін айқындау
Пәнаралық кіріктіру
Тарих, әдебиет, өнер пәндерімен байланыстыру
Уақыт көлемі
68 сағат, аптасына 2 рет
Сабақ саны |
Тақырыбы |
Сағат саны |
1 |
Еркін тақырыпта өздері білетін ән айтқызып, баланың дауысын ажырату |
1 |
2 |
Дауытық топқа бөлу |
1 |
3 |
Ән айту ережелерімен тянақты түсіндіру |
1 |
4 |
Тыныс алу жаттығуларымен жұмыс |
1 |
5 |
Дауыс жаттығулары |
1 |
6 |
Дауыстарын нотаға салып айтқызу |
1 |
7 |
Әндік дыбыс |
1 |
8 |
Ырғақпен жұмыс |
1 |
9 |
Ән айтудағы үйлесімділік |
1 |
10 |
Дирижорға қарап ән айтқызу |
1 |
11 |
Хор айтуда диафрагматикалық тыныс алу |
1 |
12 |
Артикуляция-тыныс алу |
1 |
13 |
О,Удыбыстарымен айтылған жаттығулар |
1 |
14 |
Хорды нотамен орындау |
1 |
15-17 |
Әгугай домбыра |
3 |
18-20 |
Елім менің |
3 |
21-23 |
Жас дәуірдің түлегіміз |
3 |
24-25 |
Ақ мамам |
2 |
26-27 |
Атамекен |
2 |
28-29 |
Ұстазым |
2 |
30-32 |
Желсіз түнде жарық ай |
3 |
33-35 |
Саржайлау |
3 |
36-38 |
Мен деп ойла |
3 |
39-41 |
Ана туралы жыр |
3 |
42-44 |
Астанам |
3 |
45-46 |
Ақ көгершін |
2 |
47-50 |
Құстар әні |
4 |
51-54 |
Әнді екі дауыста орындату «Қошақаным» |
4 |
55-58 |
Әнді үш дауыста орындату «Қошақаным» |
4 |
59-62 |
Әнді екі дауыста орындату «Бір бала» |
4 |
63-66 |
Әнді үш дауыста орындату «Бір бала» |
4 |
67 |
Қайталау |
1 |
68 |
Қортынды сабақ |
1 |
Бағдарламаның орындалуы және күтілетін нәтижелер
-
Өнер үйірмесіне қатысушы оқушылар түрлі байқауларға қатысып өз деңгейін анықтауы мен мектепшілік, аудандық шараларға қатысуымен анықталады.
-
Музыкаға деген әуестігі, қызығушылығы, талпынысы жоғарылайды.
-
Аспапта ойнау қабілеті, орындау шеберлігі анықталады.
-
Аспап пен әннің үйлесімділігі
-
Ән айту ережелерін сақтайды.
-
Үйірме жетістіктері мен шәкірт жетістіктері