Материалдар / Музыка пәнінің мазмұны
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Музыка пәнінің мазмұны

Материал туралы қысқаша түсінік
Музыка сабағын көңілді өткізу. Музыка пәнінің мазмұны. Музыка пәнінің мәні. Музика пәні бізге не үшін қажет.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
27 Қазан 2021
390
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік унивреситеті











РЕФЕРАТ







Тақырып: шешендік өнер

Орындаған:Матякубова Садокат


























Асан қайғы Сәбитұлы – 1361 – 1469 жылдар аралығында ғұмыр кешкен, қазақтың данышпан ақылгөй жырауы, өз дәуірінің абызы, бас биі, Үйсін, Майқы бидің алтыншы ұрпағы. Шоқан Уәлихановтың айтуы бойынша, қазақ халқының қамын, болашағын ойлаған “дала философы”, осындай ойшыл, ел қамын жеп, қайғы-қасірет кешкен Асан атына кейін “қайғы” сөзі қосылып аңыздалып кеткен. Шежіре – аңыздардың айтуынша, Асанның әкесі Сәбит ұзақ жасаған, оң сегіз мың ғаламның, құстың, жан-жануардың тілін білетін, өзі көріпкел әулие, атақты саятшы болса керек. Ол баласы Асанды ес білгеннен осындай қасиеттерге баулап өсіреді. Сондай өнегелі, ұлағатты тәрбие көрген Асан жас кезінен-ақ туған халқының қамын, оның келешекте ірі де, іргелі ел болу жағын ойластыра бастайды. Сондықтан да ол жас болса да хан, сұлтан, би, бектермен бірге жүріп, оларға ақыл қосысады, ой-пікір жарастырып,тайталасып ер жетеді. Бозбала кезінен-ақ ол ақындық-жыраулық, шешендік тапқырлық өнерді жете меңгереді. Ел дауын, жер дауын, әдет-ғұрып мәселесін шешерде оның ақылдылығы, алғырлығы, кесімді, шешімді билік сөздері өзге би, шешендерден үстем боп шыға береді. Осындай ерен зор талантын байқаған Алтын Орда ханы Ұлұғ Мұхамед оны өзіне ақылгөй бас би етіп, сарайында ұстайды.


Жиренше шешен.


Жиренше шешен – қазақтың дәстүрлі ауыз әдебиеті арқылы халық арасына атақ-даңқы кеңінен жайылған айтулы тұлға. Оның туған жылын, қайсы атадан шыққаның, өмір жолдарын дәл тауып айту мүмкін емес. Өйткені Жиренше шешен – ауыз әдебиетіндегі Алдар Көсе, Қожанасыр тәрізді аңызға айналып кеткен фольклорлық бейне. Аңыз бойынша ол әз-Жәнібек ханның тұсында өмір сүрген. Жиренше шешен сол әз-Жәнібектің сарай биі, шешен болғанға ұқсайды. Өйткені халық аузында да, тарихи шежірелерде екеуінің есімі қатар аталып отырады.


Әз-Жәнібектің 1406 – 1473 жылдар аралығында өмір сүргені аян.


Әнет би – шешен.


Әнет би Кішікұлы (кейде Көшек, кейде Күшік деп те аталады) – 1621 – 1723 жылдар аралығында ғұмыр кешкен әйгілі абыз, Әнет баба аталған аға би. Әнет бидің ата тегі қазақ шежіресінде, оның ішінде Шәкәрім Құдайберді ұлының жазған “Тобықты щежіресінде” былай таратылады: “Орта жүз Арғыннан Ақсора, одан Тобықты, одан Рыспетек, Дәулетік (жуан таяқ). Рыспектектен Дауан, Мұсабай, Көкше. Мұсабайдан Сүйірбас, одан Сары, Сарыдан Кішік туады. Кішік атаның бәйбішесінен Сәңкімұрын, Бәйімбет, тоқалынан Әнет, Әйтек тарайды. Әнет бабаның бәйбішесінен Байболат, ортаншы әйелінен Жаубасар, одан Өтеғұл, Маң, кіші әйелінен Есболат, Шақа ұрпақтары бар. Ал Әнеттің інісі Әйтектің бәйбішесінен Олжай, тоқалынан Байбөрі, Қалқаман үрім-бұтақтары тарайды.


Төле би – шешен


Төле XVII – XVIII ғасырларда өмір сүрген. Кейбір деректерде Төле Әлібекұлы 1663 жылы қазіргі Жамбыл облысы, Шу ауданының Жайсаң жайлауларында дүниеге келген. Кейін Ташкент маңында, Жиделібайсан жерінде, Сырдың бойында көшіп жүерген. Көп тұрған жері – Шыназ, сол жерде 1756 жылы қайтыс болған.


Қазақ шежіресінде: Дулаттан Жаныс, одан Жарылқамыс, Жарылқамыстан Жанту би, одан Құдайберді би. Құдайбердінің тоғыз ұлының бірі Әлібектен Төле би туады. Төле жастайынан ескіше оқып сауатын ашады, аңыз, хисса – хикаяларды көп оқиды.Бір жағынан қазақтың аңыз – әңгіме, өлең – жырларын, шежіре- тарихтан ел арасынан тыңдап, өзінен бұрынғы өткен шешен билер мен хандар, әсіресе өзінің бабалары Жанту, Жарылқамыс билердің кесімді, тапқыр, өнегелі, нақыл, щещен сөздерін ойында сақтап өседі. Төленің әкесі Әлібек те сөзге ділмар, шешен би болған кісі. Төле әкесіне еріп, ел көреді, жұрт таниды. Он бес жасынан ел билігіне араласып, өзінің ақыл, парасаттылығы, әділ шешімі, шешендік өнерімен көзге түседі.


Қаз дауысты Қазыбек.


Қазақтың аса айтулы, айбынды, аруақты биінің бірі – Қаз дауысты Қазыбек. Оның өмірі, негізінен, қазақ-қалмақ шапқыншылықтары өршіп тұрған жаугершілік заманда өтті. Қазыбек есімі ел аузындағы әңгімелерде, тарихи деректерде көбінесе абылай ханмен, Бұқар жыраумен қатар аталады. Халық оны “Қазып айтқан Қазыбек” деп қастерлеген. Қазыбек бидің: “Біз қазақ деген мал баққан елміз, бірақ ешкімге соқтықпай, жай жатқан елміз; елімізден құт береке қашпасын деп, жеріміздің шетін жау баспасын деп, найзаға үкі таққан елміз; ешбір дұшпан баспаған елміз, басымыздан сөз асырмаған елміз. Досымызды сақтай білген елміз, дәм-тұзды ақтай білген елміз. Асқақтаған хан болса, хан ордасын таптай білген елміз. Атадан ұл туса, құл боламын деп тумайды, анадан қыз туса, күң боламын деп тумайды! Ұл мен қызды қаматып отыра алмайтын елміз. Сен қалмақ болсаң, біз – қазақ, қарпысқалы келгенбіз. Қазақ, қалмақ баласы табысқалы келгенбіз. Танымайтын жат елге танысқалы келгенбіз. Жаңа үйреткен жас тұлпар, жарысқалы келгенбіз. Тұтқыр сары желіммін, жабысқалы келгенбіз. Берсең, жөндеп бітіміңді айт!” – деп келетін жай оғындай отты сөздерін жатқа білмейтін қазақ аз.


Қаз дауысты Қазыбек айтты” деген аталы сөз ел ішінде көп сақталған. Қазібек бидің тіршілік ортасы, өз тұлғасы жайлы мәнді әңгімелер халық жадында әлі де мол.


Қазыбек есімі халыққа қазақ пен қалмақ арасындағы шапқыншылық кезінде екі елдің арасында бітімші-бүтінші болған батыл елші, парасатты мәмілегер ретінде мәлім. Халық аңызына қарағанда, Қазыбек(14 жасында) Тайкелтір би бастаған қазақ елшілерінің құрамында қалмақ ханы Қоңтажыға барып, батылдылығымен әрі сөзге шешендігімен ерекше көзге түскен. Қазыбектің табандылыгы мен тапқырлығының арқасындағана осы сапарда қазақ елшілері теңдікке жетіп, қалмақ шапқыншылары байлап әкеткен адамдарын, айдап әкеткен малдарын қайырып алып қайтады, “Қаз дауысты Қазыбек” деген құрметті атаққа ие болады. Ш.Уәлиханов “XVIII ғасырдың батырлары туралы тарихи аңыздар” деген мақаласында былай дейді; “Үш жүздің батырларынан сіз кімді артық көресіз” – деп Абылайдан сұрағанда, ол былай деп жауап беріпті: “Бізге дейінгі екі кісіге таң қалуға болады. Олар тоқсан туысын тұтқыннан құтқарып қалған Қаракесек Қазыбек және тағы да сондай өзінің тұтқында кеткен адамдарын босатып алған, ал соңғысы өз ауылында жатып, дұшпанын қорқытып алдырған”.


Халық шежіресі бойынша, Қазыбектің Бекболат, Қазымбет, Базаргелді, Барқы, Сырымбет деген бес ұлы, Маңқан есімді бір қызы болған.


Әйтеке би-шешен


Әйтеке Кіші жүздің Әлім руынан. Әлімнің алты баласының екіншісі – Қарамашақ, одан Оразгелді, Ораз, Жаншұқыр, Қараш деген төрт ұл туады. Сол төрт ұлдың бірі – Ораз 1299 жылы туып, 1385 жылы қайтыс болған. Ол кезінде қажы атанып, Тұран мемлекетін құрушы Әмір Темірдің ең сенімді жеті кеңесшісінің бірі ретінде танылған. Ораздан Тоқаш, одан Сейітқұл қажы туып, оны жұрт кезінде “Синесоп баба” деп атаған. “Синесоп” – парсы тілінде “көңілі пәк жан” деген сөз. Сейтқұлды өзбек, парсы, қарақалпақ елдері осылай атаған (М. Есламғалиев).


Мөңке би-шешен


Мөңке Тілеуұлы (1675 – 1756) – дала тарихының ғана емес далалық діл мен танымның, философияның, эстетиканың, поэзияның Асан қайғыдан бері қарайғы дәстүрлі жолын ғажайып дарынымен жалғаған ұлы ақын, көреген ойшыл, әйгілі би.







Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!