Материалдар / Музыка сабағынан 5-сыныптарға арналған жоспар
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Музыка сабағынан 5-сыныптарға арналған жоспар

Материал туралы қысқаша түсінік
Сабақ жоспары жас маманға көмек
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
27 Қараша 2020
584
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Түсінік хат


Оқу бағдарламасы «Білім берудің тиісті деңгейлерінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 13 мамырдағы № 292 қаулысына, "Жалпы білім беру ұйымдарына арналған жалпы білім беретін пәндердің, таңдау курстарының және факультативтердің үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 23 қарашадағы № 668 бұйрығына, "Қазақстан Республикасындағы бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 7 шілдедегі № 432 бұйрығына сәйкес әзірленген.

«Музыка» пән мазмұны оқыту тілінде (қазақ тілі ) беріледі. Әр пәннің өз тілдік стилі бар, оны нақты бір пәннің «академиялық тілі» деп атауға болады. Академиялық тіл – пәннің мазмұнын оқып үйрену, ойлау қабілетінің және пәндік мазмұнның негізгі ұғымдарымен жұмыс істеуді жақсарту үшін қолданылатын негізгі құрал. Екінші немесе үшінші тіл арқылы оқитын көптеген оқушыларға олардың академиялық тіл мен пән мазмұнын толық игеруі үшін білім алу үдерісінде үнемі қолдау көрсетілуі қажет. Үш тілде білім беру контексінде бірінші тілде академиялық тілдің дамуы да тұрақты назарды талап етеді, сондықтан бірінші тіл арқылы оқуға жұмсалатын шектеулі уақыт тиімді және нәтижелі қолданылуы керек.

Тілдік мақсаттар академиялық тілді меңгеру үшін маңызды құрал болып табылады. Оқушылар үшін өздерінен не күтілетіндігін түсінуі тілдік мақсаттардың анық құрылуына байланысты. Сондай-ақ, тілдік мақсаттар мұғалімдермен оқушыларға оқуға деген ынтаны қалыптастыруға көмектеседі.

Академиялық тілді оқып үйренуді қолдау үшін мұғалімдерге оқу жоспарларына келесі оқу мақсаттарын қосу ұсынылады:

оқушылардың назарын академиялық тілге аудару (мысалы: пән бойынша оқу мақсаттарына жету үшін қажет терминология мен сөз орамдарынан құралған лексика);

пән мазмұнының ұғымдарымен жұмыс істеуге қажетті жұмыс тілін сабақта ұсыну (мысалы: топтық жұмыстарға қажетті сөз орамдары, сұрақтарды дұрыс қоя білу, жағдайды талдау және пікірталас жүргізу үшін қажетті сөз орамдары);

алдын ала оқыту, оның ішінде ең бастысы, пәнді оқытуда дұрыс қолдана білу үшін қажетті терминология мен сөз орамдарын қамтитын лексиканы орынды контексте алдын ала қолдану;

оқушылардың төрт дағдының барлығын түрлі әрекеттерде (мысалы: оқылым-тыңдалым, оқылым-жазылым, оқылым-айтылым, тыңдалым-жазылым және т.б.) түрлі мақсаттарға қол жеткізу үшін қолдану;

оқушыларды пікірталас диалогтарға қатыстыру (мәселен, оқушылардан қысқа жауаптарды қабылдамау, біліммен ғана шектелетінсұрақтарды қоймау; оқушыларды нәтижелі талқылау үшін өз білімін пайдалануға қозғау салу, сондай-ақ оқушылар диалогқа қатыса алуы үшін сөздердің лексикалық қорының кең спектрімен қамтамасыз ету);





тілге тән оқу дағдыларын дамыту (мәселен, таңдамалы түрде тыңдау, түсіндіру, металингвистикалық және метакогнитивтік танымды дамыту, басқа сөзбен жеткізу, сөздікпен жұмыс дағдылары);

тіл туралы сын тұрғысынан ойлауды дамыту (мәселен, тілдерді салыстыру, оқушыларды тілді барынша нақты пайдалануға ынталандыру, тілді оқудағы жетістікті бағалау);

сабақтың басында тілдік мақсатты белгілеу және сабақтың соңында осы мақсат бойынша қол жеткізген жетістіктерді талқылау.

Пәнді оқытудың мақсаты – қазақтың дәстүрлі музыкасы, әлем халықтары шығармашылығы, әлемдік классика және заманауи музыканың үздік үлгілері негізінде оқушылардың музыкалық мәдениеттілігін қалыптастыру, шығармашылық қабілетін дамыту. Пәнді оқытудың міндеттері:

-өзге өнер түрлері мен оқу пәніне музыка өнерін кіріктіре отырып әлем тұтастығының бейнесі жөнінде түсінігін қалыптастыру; -музыка өнерінің жалпы адамзаттық қажеттілікті құбылыс ретінде, оның адам өміріндегі ролі мен маңыздылығы туралы түсінігін қалыптастыру;   -сыни тұрғыда ойлауы мен музыкаға жағымды қарым-қатынасын, музыкалық іс-әрекет дағдыларын қалыптастыру; -музыкалық шығармалар мен тапсырмаларды талдау, зерттеу және орындаушылық пен импровизациялау, презентациялау оқу пәндік -тақырыптық білім, білік, дағды аясында дамыту; -музыкалық қабілеттілігін, белсенді шығармашылығын, орындаушылығы мен зерттеушілік дағдысын дамыту; -музыка өнері негізінде коммуникация формалары жөнінде білімін қалыптастыру; - музыкалық-шығармашылық жұмыстарға идеялар қосу негізінде өзін-өзі бағалау, өзін-өзі тану және өзін-өзі дамытуын қалыптастыру (шығармалар жазу, импровизация және өңдеу); -ақпараттық-коммуникациялық технология құралдарын қолдану барысында музыкалық-орындаушылық және техникалық білімі мен біліктілігін қалыптастыру, дамыту.

Тілдік мақсаттарды анықтау үшін келесі етістіктерді пайдалану ұсынылады: талдау, сұрақтарға жауап беру, санаттарға бөлу, таңдау, жіктеу, салыстыру, байланыстыру, көшіру, құрастыру, сынау, анықтау, суреттеу, әзірлеу, бағалау, түсіндіру, мысалдар келтіру, болжау, айқындау, негіздеу, келіссөздер жүргізу, жорамалдау, өндіру, балама шешімдер ұсыну, себептерді түсіндіру, қайта қарау, қайта ұйымдастыру, басқа сөзбен айту, мазмұндау, қайта қарап шығу, көшіріп алу, рөлдік ойындар ойнау, қорыту, синтездеу және жазу, түрлі мақсаттар үшін пайдалану, өз сөзімен анықтама жазу, безендіру .

Кейбір тілдік мақсаттарды пән мазмұнының оқу мақсаттары деп есептеуге болатынына қарамастан, мазмұн мен тілдің бөліну үдерісі оқушылардың мазмұнға да, тілге де баса назар аударуына көмектеседі. Бұл, сондай-ақ, жауаптар мен шешімдер іздеу үшін жауаптар/шешімдерге сияқты үрдістерге де аударылатын назарды теңдестіруге көмектеседі. Атап айтқанда, осындай үдерістерге басымдылық бере отырып, тілдің нақты қолданылуы мен ойлау әрекетінің жақсаруына септігін тигізе алады.

Күнтізбелік-тақырыптық жоспар 5-сынып жылына - 34 сағат, аптасына - 1 cағат

Сабақ

Ортақ

тақырып

Сабақтың

тақырыбы

Бөлімше

Оқу мақсаты

Cағат

саны

Өтілу мерзімі

1-тоқсан


1












1













Қазақ халқының музыкалық мұрасы (9 сағат)








Қазақ халқы әнінің әуенділігі

1.2 Музыкалық сауаттылық



5.1.1.1 – музыканың түрін, стилі мен жанрын, музыкалық көркемдеуші құралдарды анықтау, тыңдалған шығарманы талдау;

3


1.1 Музыканы тыңдау және талдау


5.1.2.1 – дәстүрлі халық әндері мен аспаптық музыканың жанры мен стилін, айтыстың түрлерін анықтау;

1.3 Музыкалық орындаушылық іс-әрекет

5.1.2.3 – қазақ халқының және әлем халықтары музыкалық дәстүрлерінің ерекшеліктерін анықтау;

1.3.(ән орындау, шағын шығармаларды аспапта сүйемелдеу)

5.1.3.1 ­ түрлі әндерді орындау барысында музыканын көңіл-күйі мен көркем бейнесін жеткізу

2



























3

















Айтыс өнері


2.2 Музыка шығару және өңдеу әрекет (ән орындау, шағын шығармаларды аспапта сүйемелдеу)

5.1.2.1 – дәстүрлі халық әндері мен аспаптық музыканың жанры мен стилін, айтыстың түрлерін анықтау;

2



2.2 Музыка шығару және өңдеу

5.1.2.2 ­ - дәстүрлі әншілік мектептердің және халық композиторларының шығармаларын салыстыру;

5.1.3.1 ­– түрлі әндерді орындау барысында музыканың көңіл-күйі мен көркем бейнесін жеткізу;

5.1.3.3 – музыкалық шығармалардың қарапайым үзінділерін музыкалық аспаптарда бірлесіп орындау

1.2 Музыкалық сауаттылық




5.1.1.1 ­ - музыканың түрін, стилі мен жанрын, музыкалық көркемдеуші құралдарды анықтау, тыңдалған шығарманы талдау;

1.1 Музыканы тыңдау және талдау


5.1.2.1 – дәстүрлі халық әндері мен аспаптық музыканың жанры мен стилін, айтыстың түрлерін анықтау;

2.2 Музыка шығару және өңдеу

5.1.3.3 – музыкалық шығармалардың қарапайым үзінділерін музыкалық аспаптарда бірлесіп орындау



Күй

құдіреті


2.1 Идеялар мен материалдарды жинақтау


5.2.1.1 ­ музыкалық шығармашық жұмыстарды жасау үшін идеялар ұсыну, жоспарлау және материал жинақтау;

2


1.1 Музыканы тыңдау және талдау

5.2.2.1 ­ -музыкалық көркем құралдарын, музыкалық аспаптар мен дауысын қолдана отырып, қарапайым композициялар шығару және импровизация жасау;

2.2 Музыка шығару және өңдеу

5.1.2.4 – ауызша және жазбаша жұмыстар орындау барысында музыкалық терминологияны пайдалану


4

4


Жобаны жоспарлау және

құрастыру

3.1 Музыкалық-шығармашылық жұмысты таныстыру және бағалау

1.2 Музыкалық сауаттылық

5.3.1.1 ­ өз жұмысын шығармашылықпен көрсету, критерияларға сәйкес бағалау және өзінің жұмысын жақсарту үшін ұсыныстар енгізу

1



5

Жобаның нәтижесін таныстыру

3.1 Музыкалық-шығармашылық жұмысты таныстыру және бағалау 1.2 Музыкалық сауаттылық


5.3.1.1 ­ өз жұмысын шығармашылықпен көрсету, критерияларға сәйкес бағалау және өзінің жұмысын жақсарту үшін ұсыныстар енгізу


1







2-тоқсан


6

1



Қазақ халқының дәстүрлі тұрмыс-салт әндері

және заманауи музыкасы (7 сағат)

Қазақ халқының тұрмыс-салт әндері




1.2 Музыкалық сауаттылық



5.1.1.1 ­ музыканың түрін, стилі мен жанрын, музыкалық көркемдеуші құралдарды анықтау, тыңдалған шығарманы талдау;

2


1.1 Музыканы тыңдау және талдау


5.1.3.1 – түрлі әндерді орындау барысында музыканын көңіл-күйі мен көркем бейнесін жеткізу;

1.3 Музыкалық орындаушылық іс-әрекет

5.1.3.2 – қазақ халқының дәстүрлі тұрмыс-салт әндерінің орындау тәсілдерін заманауи интепретациясымен салыстыру;

7

2

Жаңғырған салт-дәстүр әндері




1.2 Музыкалық сауаттылық



5.1.1.1 ­ музыканың түрін, стилі мен жанрын, музыкалық көркемдеуші құралдарды анықтау, тыңдалған шығарманы талдау;

1


1.1 Музыкалық шығарманы тыңдау және талдау,аналыз жасау.

5.1.3.2 – қазақ халқының дәстүрлі тұрмыс-салт әндерінің орындау тәсілдерін заманауи интепретациясымен салыстыру;

1.3 Музыкалық орындаушылық іс-әрекет, сүйемелдеу.

5.2.2.2 ¬ компьютерлік бағдарламаларды қолдана отырып, музыкалық композицияларды редакциялау және интерпретация жасау

8

3















Халық музыкасының интерпрета-циясы


1.2 Музыкалық сауаттылық



5.2.2.1 –музыкалық көркем құралдарын, музыкалық аспаптар мен дауысын қолдана отырып, қарапайым композициялар шығару және импровизация жасау;

1


1.1 Музыкалық шығарманы тыңдау және талдау,аналыз жасау.

5.2.2.2 ­ компьютерлік бағдарламаларды қолдана отырып, музыкалық композицияларды редакциялау және интерпретация жасау

3.1 Музыкалық-шығармашылық жұмысты таныстыру және бағалау

5.2.1.1 – музыкалық шығармашық жұмыстарды жасау үшін идеялар ұсыну, жоспарлау және материал жинақтау;



4





Халық музыкасын өндеу

1.3 Музыкалық орындаушылық іс-әрекет, сүйемелдеу.

5.2.2.2 – компьютерлік бағдарламаларды (Audacity, Soundation, Windows Movie Maker, Киностудия) қолдана отырып, музыкалық композицияларды редакциялау және интерпретация жасау

1


1.2 Музыкалық сауаттылық


5.1.3.2 ­ -музыкалық шығармалардың қарапайым үзінділерін музыкалық аспаптарда бірлесіп орындау




770 ₸ - Сатып алу

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!