Материалдар / "Музыка-сезім тілі"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Музыка-сезім тілі"

Материал туралы қысқаша түсінік
музыкадан ашық сабақ
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: «Музыка - сезім тілі»
Мақсаты: Музыканың құдіреттілігін ұғындыру.
«Композитор» ұғымына түсінік беру. Жаңа ән үйрету. Бір үнділікпен ән салу дағдыларын жетілдіру. Мұқият тыңдауға, зейінділікке баулу. Би қимылдарын ырғаққа сәйкес, әсем қозғала орындауға дағдыландыру.
Музыканың динамикалық реңкін анықтай алуға үйрету.
Әдіс - тәсілдер: Түсіндіру, әңгімелесу, көрсету, қайталау,
сұрақ - жауап
Көрнекілігі: Үнтаспа, слайд, микрофон,
композитор C.В.Рахманиновтың, П,И.Чайковскийдің, Шаинскийдің суреттері, ойынға қажетті заттар.
Оқу іс - әрекетінің барысы:
1. Бастапқы жүріс
«Италия полькасы» С.В.Рахманинов.
Полька ырғақты әуенмен балалардың қатар түзей, ырғақты сезіне, аяқтың ұшымен адымдай жүре білулеріне мән береді. Балалармен әндете сәлемдеседі:
Сә - ле - мет –сің-дер ме, ба - ла - лар?
Сә - ле - мет - сіз бе!

2. Шаттық шеңбері

3.Әуенді - ырғақты қимылдар.
- Балалар! Мен сендерге бір әуеннің үзіндісін тыңдап көруді ұсынғым келіп тұр. (тыңдатады)
- Музыка қандай көңіл – күйде жазылған? (Көңілді)
- Дұрыс айтасыңдар, көңілді. Ендеше қазір бәріміз осы әуеннің ырғағын қол соғулармен, аяқ топылдатулармен, ырғақты қимылдармен әйгілеп, әуенге ілесіп билеп көрейікші... Бірақ жақсылап тыңдап, ән ырғағын дәл аңғаруға тырысыңдар, жарай ма?(музыка ойналып, балалар ырғаққа шапалақтау арқылы,топылдату арқылы ілеседі.)
- Жақсы. Музыка сендерге ұнады ма?
- Ырғақты сезіне алдыңдар ма?
- Бұл әнді композитор В.Я. Шаинский жазды. (Суретін слайд арқылы көрсетеді. Композитор, ақын, әнші - кім?)

Композитор - музыка ойлап табушы.Ақын-сөзін жазушы,Әнші-жеткізуші.(түсінік беріп өту)
Шаинскийдің балаларға арналған әндері көп. Мысалы: «Көгілдір вагон», «Нағыз дос», «Чунга - чанга» т. б.Өткен іс-әрекеттегі әнді қайталау.

Жаңа сендер қатар түзей жүргенде ойналған әуен мен осы әннің сипаты, ырғағы бірдей ме?
(- Жоқ. Бірінші ән - марш сипатты, ырғағы бірыңғай қысқа дыбыстармен беріледі. Ал екінші ән - би сипатты, ырғағы әр түрлі ұзақтықтағы дыбыстармен берілген.)
- Яғни, музыка бір - бірінен сипаты, ырғағы бойынша ерекшеленеді екен.

3. Дауыс жаттығулары. (марш, полька,вальс ырғақтарымен)Бүгінгі үйренген ырғақты қимылдар есімізде қалуы үшін тағы да қайталайық...Бұл жолы сөзімен жаттаймыз.
(Үйренген ырғақты қимылдарын қайталайды. Ырғақты дұрыс ажыратуға тырысады.)

Сергіту сәті.
Іздену - ұйымдастыру бөлімі
- Жақсы, енді жайғасып отырып музыка тыңдайық
4.Музыка тыңдау


«Қуыршақтың мұңы» П. И. Чайковский
- Музыка көңіл - күйлеріңе қалай әсер етті?
- Музыканың көңіл - күйі қандай? (Мұңлы, көңілсіз)
- Дұрыс айтасыңдар, мұңлы, көңілсіз музыка екен. Бұл - сендер сияқты кішкентай балалардың тыңдауына арналған шағын музыкалық шығарма.
- Егер осы музыкалық шығарманы сендер жазған болсаңдар қалай атар едіңдер? Мазмұны не туралы деп ойлайсыңдар? (Балалардың жауабы)
- Композитор бұл шығарманы «Қуыршақтың мұңы» деп атапты. Музыка арқылы ауырып қалған қуыршақтың көңіл - күйін жеткізуге тырысыпты.
- Балалар! Жаңа сендер ырғақты қимылдар орындағанда қандай көңіл - күйде болдыңдар? (Көңілді)
- «Қуыршақтың мұңы» атты шығарманы тыңдағаннан кейін көңіл - күйлерің өзгерді ме, жоқ па? (- Иә, көңілсіз күйге түстік.)
- Ал сендер ол музыкалардың көңіл - күйін білу үшін қолмен ұстап байқадыңдар ма? Әлде көзбен көрдіңдер ме? (Жоқ, тыңдадық)
- Дұрыс, тыңдау арқылы білдіңдер. Музыка тыңдағанда әр түрлі сезімге бөленуге болады. Музыкада тілдік шекара жоқ. Әлемдегі барлық халықтардың музыкасын тыңдап, айтқысы келген ойларын түсінуге болады. Сондықтан музыка - сезім тілі делінеді.
5. Әнді сылдырмақтармен бірге айту.
6. Ойын ойнау
Рефлексивті коррекциялаушы
- Балалар, мен сендермен тағы бір ойын ойнағым келіп тұр. Ойын «Тілші» деп аталады. Сендер тілшілердің қызметі туралы білесіңдер ме? Тілшілер ел арасында өнерімен, еңбегімен, ерекше талантымен т. б. танылған адамдардан сұхбат алады. Сұхбат дегеніміз кәдімгі әңгімелесу, немесе сұраққа жауап беру.
Мен тілші болайын, сендер менің сұхбаттасушы серіктестерім болыңдар.
Қойылған сұраққа толық, анық, барынша нақ жауап беруге тырысыңдар, жарай ма? Ойнаймыз ба?
- Бастадық онда! (Әуез жетекшісі қолына микрофон ұстай сұрақ қою арқылы оқу іс - әрекетін қорытындылайды)
- Бүгінгі оқу іс - әрекеті барысында қандай музыкалық іс - әрекеттер орындалды?
- Қандай музыка тыңдалды?
- Мазмұны туралы не айта аласыңдар?
- Музыканы біз қалай түсіне аламыз? (Тыңдап, сезіну арқылы)
- Музыка бір - бірінен қалай ерекшеленеді? (Ырғағы, сипаты, көңіл - күйі, жылдамдығы бойынша)
- Композитор кім? (Музыка жазатын адам)
- Шулы және музыкалық дыбыстар туралы айтып берші? т. б.
Күтілетін нәтиже:
Музыкалық іс - әрекеттер түрлерін орындау дағдылары жетіледі.
«Композитор», «Шулы және музыкалық дыбыстар», «Музыка бояулары» ұғымдарына түсінік алады. Музыканың динамикалық реңкін анықтап үйренеді. Жаңа әннің 1 - шумағымен танысады. Ән салуға ықыластары артады. Өз ойларын еркін жеткізуге машық - танады. Ырғақты дұрыс ажыратуға қалыптасады.

Ақмола облысы Целиноград ауданы Қошақан балабақшасы













«Бүлдіршін» мектепалды даярлық тобына арналған «Музыка- сезім тілі»

тақырыбындағы музыка ұйымдастырылған оқу қызметі.











Музыка жетекшісі: Искакова А.Б.















Қажымұқан ауылы 2017ж



Picture 1



Picture 2









Picture 6





Picture 4



Picture 5



Picture 3

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!