400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Музыка ұйымдастырылған оқу қызметіне арналған "Күзгі серуен" тақырыбына конспект

Материал туралы қысқаша түсінік
Музыка жетекшілеріне оқу қызметіне арналған конспект
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ересек «Ботақан» тобының ұйымдастырылған оқу қызметінің

технологиялық картасы


Білім беру саласы: Шығармашылық

Бөлімі: Музыка

Тақырыбы: «Күзгі серуен»

Мақсаты: әнді бірқалыпты табиғи дауыспен мәнерлеп айтуға үйрету. Лирикалық шығарманы қабылдап сезіну, сипаттай білуге баулу. Музыкаға сәйкес қимылдап, билеуге дағдыландыру.

Көрнекіліктер: күзгі бақ көрінісі, суреттер, күзгі жапырақтар, балапандардың және енесінің, қарақұстың атрибуттары, бірнеше шығыршық (обруч).

Алдын ала орындалатын жұмыс: күз мезгілі туралы өлең – тақпақтар жаттау, күз ерекшеліктері туралы әңгімелесу.

Сөзік жұмыс: лирикалық әуен.

Оқу қызметінің кезеңдері

Музыка жетекшісінің

іс - әрекеті

Балалардың

іс-әрекеті





Мотивация-лық қозғаушы-лық

Зал іші күз мезгілін бейнелейтін суреттермен безендіріледі. Жетекші:

Ай жапырақ, сары алтын,

Айналамның бәрі алтын,

Қуандырып біздерді

Сары алтын күз келді !

-Балалар, күз мезгілі сендерге ұнай ма ? Бәріміз күзгі баққа серуенге барайық.

Марш (Е. Брусиловский) ойналып, балаларға шеңбер бойымен жүруді ұсынады.

Балалар залға кіріп, күзгі көріністі тамашалап қызықтайды.



Қуана келісіп, қатарласып, марш екпінімен жүреді.







Ұйымдастыру- шылық

ізденістік

-Күзгі баққа да келдік !Бақ іші қандай тамаша ! Сары түске боялыпты. Жұмбақ шешіңдерші.

Ағайынды бәрі,

Шықса көк,

Түске сары. Бұл не ?

Күзгі жапырақтарды жинап алып, көңілді әуенмен би билейік. «Күзгі жапырақтар» «Вальс» (П. И. Чайковский) биін үйретеді.

Жел тынымсыз гуілдеп,

Болып кетті тым бұзық

Шуылдайды тал – терек

Жапырағын жұлғызып.

(Қ. Мүсірепов)

- Бақтағы ағаш жапырақтары желмен тербеліп, сыбырласып тұрғандай. Бүгін біз орыс композиторы М. И. Чайковскиймен танысамыз (суретін көрсету). Композитордың «Аққу көлі », «Гүлдер вальсі», «Жыл мезгілдері» атты шығармалар бар.

«Күзгі ән» (Қазан) әуенінде не туралы айтады екен, тыңдайықшы ! (жыл мезгілдері) шығармасынан, «Күзгі ән» үнтаспада орындалады).

-Шығарманың көңіл күйі, сипаты қандай екен ?

-Бұл әуеннен нені сезініп, түсіндіңдер? (балалардың жауаптарын тыңдау ).

Дауыс жаттығулары «Күзгі жапырақ»,«Күзгі жел» әндеріне жасалады. Терең тыныс алып, дауысты еркін шығаруға үйретеді.

Алма пісіп, алмұрт түсіп,

Күзде бақтар жайнайды.

Құстар қайтып, қош айтысып,

Қимас үнмен сайрайды.

«Күз» (Қ. Шілдебаев) әнін қайталауды ұсынады. Әнді мәнерлеп айтуға үйретеді.

Жаңа ән: «Күз» (Ақтоқты Райымқұлова, Қ. Жұмағалиев). Композитордың балаларға арнап жазған әндері көп. Мысалы, «Торғай», «Жасыл шырша». Әнді орындап, сипатын ажыратуды, мазмұнын әңгімелеуді сұрайды.

-Әнде не туралы айтады ?

-«Күз» әнінің сипаты қандай ?

Қимылды ән – ойын: «Етек -етек».

Ойын шартын, мәтінін алдын ала түсіндіріп үйретеді. Құстар атрибуттары қолданылады.

Күзгі көріністі тамашалап әңгімелейді.


Шешуі: жапырақ




Күзгі жапырақтармен әуен ырғағына сәйкес қозғалып, мәнерлі билейді.



Композитор туралы біліп, мәлімет алады, танысады. Композитр шығармаларын еске сақтауға тырысады.



Әуенді тыңдап, әсер алады.

Мұңды, баяу, лирикалық әуен.

Күз мезгілінің құбылыстарын, ерекшеліктерін

Фраза арасында дұрыс тыныс алуды үйренеді.

Әнді нақышына келтіріп, хормен және дауыстап орындайды. Жаңа әнді тыңдап, алған әсерлері туралы әңгімелеейді.

Ән авторлары мағлұмат алып, шығармалары туралы естіп ұғынады.

Сұрақтарға белсене жауап береді.

Ойын шартын сақтап ұйымшылдықпен қатысады.

Рефлексиялық- түзетушілік

-Балалар сендерге күзгі бақ ұнады ма ?

-Бақ ішінде қандай өзгерістер көрдіңдер ?

-Қандай лирикалық әуенді тыңдадыңдар ?

-«Күзгі ән» шығармасын жазған қай композитор ?

Балалар қойылған сұрақтарға жауап береді. Үйренген әндері, тыңдаған әндері туралы өз ойларын жеткізеді.

Күтілетін нәтиже:

Біледі: әнді бір қалыпты мәнерлеп айтуды, тыңдаған шығармаларды қабылдап сезінуді, сипаттауды білу керек.

Игереді: музыканы есту арқылы күз мезгілінің ерекшеліктерін ажыратады.

Меңгереді: әнді табиғи дауыспен орындайды. Шағармалардың мазмұнын сипаттай алады.Әуенге ілесе мәнерлі қимылдай біледі.




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
04.11.2020
663
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі