400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·20.10.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

«Музыкадағы жыл мезгілдері» 4 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
ашық сабақ
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мектеп:

№ 205 орта мектеп

Пәні:

Музыка

Бөлімі:

Табиғат құбылыстары

Педагогтің аты жөні:

Үркімбаева Жанна Шералықызы

Күні:


Сынып: 4

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

«Музыкадағы жыл мезгілдері»

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары:

4.5.4.1-музыкалық шығарманың дыбысталуын түрлі орындауда тыңдатып анықтау жəне салыстыру,əн айту ережесін сақтай отырып, түрлі сипаттағы екідауысты қарапайым элементтері бар əндерді орындау;

1.1- музыка тыңдау және талдау

1.2-музыкалық сауаттылық(музыкалық терминдер мен ұғымдар)

1.3- музыкалық орындаушылық іс-әрекет

Сабақтың мақсаты:

  • əртүрлі көңіл күйдегі музыкалық шығарма мен əндердің көркемдеуіш құралдар арқылы табиғат құбылыстарын бейнелей алатынын біледі;

  • музыкалық шығарманың көркемдік бейнесін, мазмұнын ажыратады, түсінігін айтады;

  • музыкалық шығармаларды жəне басқа өнер саласының жанрларын би, пейзаж картиналарымен салыстырады, мүмкіндігінше талдайды;

Ұлттық мүдде құндылығы:

  • Ұлттық мәдениетті дәріптеу;

Ар-ұят құндылығы:


  • Адал еңбекті құрметтеу;

  • Сөзіне берік,ісіне адал болу;

  • Халқына адал қызмет ету;

  • Достарына,сыныптастарына,отбасы мүшелеріне қамқор болу,мейірімділік таныту;

Талап құндылығы:

  • Сыни және креативті ойлау;

  • Салауатты өмір-салтын ұстану;

  • Білуге,жаңаны тани білуге құштар болу;

Сабақтың барысы:

Сабақтың кезеңі (уақыты)


Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

12 минут
































Сабақтың ортасы

28 минут





















































































































Сабақтың соңы

5 минут










I.Ұйымдастыру кезеңі:

  • Оқушылармен амандасу

  • Оқушыларды түгендеу

  • Сабаққа назарларын аудару

  • Дауыс жаттығуларын жасату

  • Үй тапсырмасын сұрау.

  • Үй тапсырмасына қорытынды жасау.


Дауыс жаттығуын жасау

(М) Сәлеметпе балалар!

(О) Сәлеметсіз бе ағай!

(М) Көңіл күйлерің қалай?

(О) Көңіл күйіміз жақсы.

(М-О) Ән салайық тамаша,








(М-О) Ән салайық жараса.

(М-О) Ән салайық жараса.


II.Жаңа сабақ:

«Музыкадағы жыл мезгілдері»


Ойтолғау.

Сабақтың басында оқушылармен бірге тақырыпқа байланысты жыл мезгілдері туралы əңгімелейді:

  • «қыс», «көктем», «жаз», «күз» жыл мезгілдерінің бірінен кейін бірі ауысып келуін;

  • əр мезгіл өзінің мезгілдік заңдылықтары бойынша өзгере беретінін;

  • əр мезгіл өзіне тəн əсем ерекшелігімен адамдарды қызықтырып, қиялды қозғап, шығармашылық шабытқа шақыратынын жəне т.б.

Оқушылардан «Дүниетану» пəнінен жыл мезгілдер туралы білімдері мен білетін жұмбақтар, өлең-тақпақтарды, əндерді, музыкалық шығармаларды еске алып бөлісуді

сұрайды (Осы тапсырмада «Микрофон» əдісін немесе басқа əдістерді де пайдалануға болады)


Тыңдау және талдау:

1-тапсырма.

Сабақтың негізгі ойын жалғастырып, оқушыларға шетелдік классик композитор Антонио Вивальдиді таныстырады. Композитор туралы мынадай мəлімет береді:

Антонио Вивальди (1678–1741) – итальян композиторы, асқан шебер скрипкашы, педагог, дирижер, католик шіркеуінің діни қызметкері. Венеция қаласында өмірге келген. 40-қа жуық операның авторы. Көптеген түрлі жанрдағы шығармалар жазған. Ол – сол замандағы итальян скрипка өнерінің ең ірі өкілдердің бірі. Аспаптық концерттер, əсіресе скрипкаға арналған концерттер оны дүниежүзіне танытты.

Шығармалардың ішінде ең белгілісі – «Жыл мезгілдері» атты скрипкалық төрт концерті.

«Төрт жыл мезгілі» (концерттер циклінен үзінділер) Музыкасын жазған: А. Вивальди.

М. Тапсырма басында оқушыларды «қыс, көктем, жаз, күз» жыл мезгілдері атаулары бойынша төрт топқа бөледі. А. Вивальдидің «Жыл мезгілдері» концерттерінен төрт шығарма үзінділерін тыңдатады: «Көктем» («Көктем келді»), «Жаз» («Жазғы найзағай»), «Күз» («Егін ору»),

«Қыс» («Желтоқсан»).

Тапсырма бойынша мынадай сұрақтарға жауап береді:

  • «Аспапқа арналған концерт» деген не?

  • «Скрипкалық концерт» дегенді қалай түсінесің?

  • А. Вивальдидің əр скрипкалық концерті қалай аталады?

  • Əр концерт неше бөлімнен тұрады?

  • Əр бөлімі айлар бойынша қалай аталады?


Музыкалық сауаттылық:

( терминдер мен ұғымдар)








Оркестр – музыкалық шығармаларды орындайтын

көптеген музыкалық аспаптар ұжымы.

Симфониялық оркестр – симфониялық музыкалық шығармаларды орындайтын музыканттардың үлкен ұжымы.

Дирижер – (француз тілінен – басқару, жетекшілік жасау) музыкант-орындаушылар ұжымын басқарушы. Шығарманың көркем орындалуына жауап береді.

Партитура – оркестр аспаптарының барлық партияларының толық ноталық жазбасы.

Клавир – оркестр музыкасын орындаушы мен фортепианоға бейімдеу түрі.

Концерт (1-мағынасы) – жұрт алдында музыкалық жəне басқа шығармалардың орындалуы.

Концерт (2-мағынасы) – оркестрдің сүйемелдеуімен жеке аспапқа арналған музыкалық шығарма.



Орында!

Ә н орындау,үйрену.








«Шат көңіл»

өлеңін жазған: Б. Тəжібаев, əнін жазған: С. Еркімбеков

Оқушыларды жаңа əнмен таныстырады: шығарма мазмұны жəне авторлар туралы мəлімдейді, үнтаспаны тыңдатқызады; оқушылардың мүмкіндігіне қарай əнді толығымен үйретеді.

Оқушыларға қойылатын талаптар:

  • Əнді басынан аяғына дейін тыңдап, сыныппен бірге талдау.

  • Əннің көңіл күйіне, көркемдеуіш құралдарына, мəтіннің мазмұнына көңіл бөлу.

  • Əнді вальс ырғағына, мазмұнына қарай мəнерлеп, көркем орындау.

Уақыт қалатын болса, сыныпты топқа бөліп, «Əнді көркем орындайық» деген жарысты өткізуге болады.Оқушылармен бірге берілген музыкалық түсініктерді талдайды жəне көп кездесетін терминдерді үш тілде айтуды үйренеді:




III.Жаңа сабақты сұрақ-жауап арқылы қорытындылау.

Сабақта не ыңғайлы болды?

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
9 ұстаз жүктеп алған
28.05.2024
598
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі