Материалдар / Музыкалық білім беру жүйесі
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ
Осы тақырыптағы материалдардың барлығын көріңіз!

Музыкалық білім беру жүйесі

Материал туралы қысқаша түсінік
музыка пәні мұғалімдеріне пайдасы тиеді
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
14 Қырқүйек 2018
917
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Психологиялық - педагогикалық түзеу кабинеті





 

 

Баяндама

 

 Тақырыбы:

«Музыкалық білім беру жүйесі бала тұлғасын қалыптастырудың ошағы» 

  





Дайындаған музыкалық ырғақ педагогі: Хасанов Ж.Н.

 

 











Казталовка 2018 жыл

МУЗЫКАЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІ БАЛА ТҰЛҒАСЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ОШАҒЫ

Музыкалық қабілет жеке тұлғаның музыкаға, ән - күйге бейімділігі, оған деген жоғарығы көңіл - күйі, музыкалық есту қаблеті, жады, ойлауы, музыкалық сұранысы, әр түрлі музыкалық - шығармашылық қызметтерді игеріп - сапалық нәтижесі болып табылады. Б.М.Тепловтың пікірінше: «Музыкалық қаблеттіліктің ең басты белгісі - музыканы кейбір бейнесі сөздердің мазмұнын түсінгендей сезіне білу». Сондай ақ, Б.М.Теплов: «Музыканы жан - жақты, жан - тәніңмен сезінуің үшін ең алдымен оның дыбыстық жағын қабылдай білу керек», - дейді. Қазіргі кезде музыкалық есту қаблетінің мынандай түрлері бар: дыбыс биіктігі, аралық, әуезділік, үйлесімділік, көпүнділік (полифонический), саздылық, ырғақтылық, бояулылық, әсерлілік, фактуралық, құрылымдылық, вокалді, хорлы т.б. Музыкалық есту қаблеттілігінің екі түрі бар: сыртқы есту және ішкі есту қаблеттері. Сыртқы есту – музыканың өзін тікелей қабылдау. Сыртқы есту, негізінен, сезім компоненттерін жинақтап, даралау арқылы қабылдаудың ең маңызды белгілерін ажырата отырып сезімдік әсерге сүйеніп іске асады. Ішкі есту – музыканы, әуенді оймен елестету арқылы қабылдап, дамиды. «Ішкі есту қаблетінің басты мақсаты – адам мен музыка арасындағы үздіксіз қатынасты қолдау болып табылады», - дейді.

М.С.Старчеус «Слух музыканта» деген еңбегінде. Яғни, бұл кезде адам тек өзіне бұрыннан таныс әуенді ғана емес, сондай - ақ күрделі шығармаларды да оймен қабылдап, ішкі әуенге салып елестете алады. Музыкалық есту қаблеті жалпы музыкалық шығармашылықпен айналысу кезінде, оны қабылдап, орындауды және музыкалық шығармаларды өзі шығарып шабыттанғанда дамып қалыптасады. Аталған аспектілердің барлығының өзіндік ерекшеліктері бар. В.В.Медушевский сөзімен айтқанда: «Өмірдің әуенін ырғақты түрде ойлап, есту керек». ә) Дыбыс ырғағы қорын толықтырып байыту мақсатында оқушылар оны тереңдетіп, кеңейтуге ұмтылады. б) Дыбыс ырғағын өзгерте білу (яғни, вальстен маршқа не полькаға көшу сияқты ауыстырулар). Сондықтан төмендегідей музыкалық ойлаудың қасиеттері көрінеді: 1. Тұлғаның музыкалық туындыларды жетілдіру процесі. 2. Музыкамен қарым-қатынас жасағанда, оны өнердің бір түрі ретінде қабылдайтын адамның ойлау тәсілінің қалыптасуы. Музыкалық дарынды балалар көптеген жағдайларда арнайы музыка мектептерінде, жоғарғы оқу орындары жанындағы колледждерде алты-жеті жыл оқып кәсіби музыкант болып шығуға мүмкіншіліктері бар. Музыкалық қаблеттілігінің даму деңгейі төмен оқушылар оқытушы тарапынан ерекше көңіл бөлініп, арнайы жеке дайындық жүргізуді қажет етеді. Ол үшін, ұйымдастыру кезінде жұмыстың төмендегідей мазмұны қарастырылуы керек: а) барлық оқушылармен бірге жалпы бағдарламамен; ә) жалпы білім беретін мектептерде арнайы музыкалық бағдарламамен оқытатын коррекциялық сыныпта; б) денсаулығының дамуында кемістігі бар балаларға арналған арнайы мектептердегі жасалған музыкалық бағдарламамен оқитын оқушылар. Аталған топтарға әрқайсысының өзіндік музыкалық оқу-әдістемелік бағдарламасына сай жұмыстар ұйымдастырылуы қажет.

Креативтілік (шығармашылық қабілет) Баланың креативтілігі – оның шығармашылық қаблеттілігі, музыкалық іс-әрекеті нәтижесінде жаңа туынды жасауға талпынысы, шығармашылық бағыты. Шығармашылық оянушылық – баланың музыкамен айналысқан кезінде дамитын табиғи форма болып табылады. Тыңдаушылық әрекеті нәтижесінде музыкалық туындыларды қабылдаудың көптүрлілік, әрқырлылық сияқты балалардың алғашқы шығармашылық қаблеттілігі дамып, қалыптасады. Орындаушылық әрекеті нәтижесінде музыкалық туындыларды саналы түрде өзінше түсіндіріп-жеткізу, талдай білу қаблеті арта түседі. Осындай музыкалық әрекеті, қызметі нәтижесенде балалар өнер әлеміне бойлай еніп, олардың шығармашылық күш-қуаты дамып, музыка өнерінің құндылығын жан-тәнімен сезініп, сұлулықты түсіне отырып, оны көркем ойлау жүйесіне айналдырып, музыкалық шығармашылықпен көрсете алады.

Қазіргі оқушының жалпы мінездемесі әрбір жас ұрпақ жас ерекшелік мінез-құлықтың дамуын сақтай отырып, мұғалімдер мен ата-аналарға күнделікті жаңа міндеттер мен мақсаттар жүктейді. Қазіргі, яғни ХХ ғ. соңы ХХІ ғ. басындағы балалардың мінезқұлықтың дамуында өткендегімен салыстырғанда өте көп айырмашылықтар байқалады. Оның бірнеше объктивтік факторлары бар. Жас өспірім шақ Жас өспірім жастағы балалардың ерекшеліктерін сипаттай келе, Ю.Б.Әлиев жас жеткіншек (10-12 жастағылар) және жас өспірім (12-15 жас) балалардың өзіндік ерекшелігі музыкалық білім беру бағыты тұрғысынан ашып береді.Зерттеушінің айтуынша, жас жеткіншектер тез шаршауға бейім, сондықтан оларға музыка пәні мұғалімі әр тұрлі жұмыс формаларын алмастыра отырып, жұмыс жоспарын мозайкалы жүйемен құру керек. Бұл кезде сабақтың көңіл-кұй өрісіне бағытталған дұрыс. Ал енді, жеткіншекерге қарағанда жас өспірімдер күш-қуатының молдығымен ерекшеленеді. Олар берілген жұмысты құмарлықпен тез әрі жылдам орындайды. Мұндай кезде жас өспірімдердің басым көпшілігін организімінде өзгерістер болып жатқанын пән мұғалімі есте ұстау керек. Әсіресе, ән сабақтарында өте мұқият болғаны жөн. Өйткені жас өспірімдердің дене құрылысы дамып, бойы өсіп, дауыс шымылдығында өзгерістер жүре бастайды. Бұның барлығы қалыпты физиологиялық даму. Тағы бір ескеретін жағдай – ұл баламен қыз баланың физиологиялық дамуы әр басқа: қыз балаларда жеңіл өтсе, ұлдарда күрделі жүреді, ұл бала мен қыз баланың арасында қарым-қатынасы да өзгереді. Қорыта айтқанда, оқушылардың жас өспірім айырмашылықтарын ажырата біліп, олардың физиологиялық дамуын, мінез-дүниесімен сезе білген мұғалім ғана оқушылардың музыкалық қажеттіліктерін қанағаттандырып, музыкалық тәрбие беруде өз мақсатына жететіні күмәнсіз.

- тыңдаған шығарманың және сол автордың басқа да музыкалық шығармаларының, өзге композиторлар туындыларының, өнердің басқа түрлерінің бір-бірімен ұқсастығын және өзгешелігін табу. ә) Музыкалық орындаушылық әрекетінде жоғарыда айтылған икемділіктердің барлығы өз ерекшеліктерін сақтайды, сонымен қатар, сол тыңдаған шығарманы өз орындауында іске асыру барысында (әнмен, музыкалық аспаптарда ойнағанда, би қимылымен) басқа да жаңа икемділіктер пайда болады. Оған жататындар: - шығарманы өзінің орындауымен (жеке дауыста ән салғанда, бимен, музыкалық аспапта) түсіндіру әрекетінде ең алдымен интуитивті, содан кейін белгілі бір жағдайда түсініп орындау керек; - бір шығарманың өзі ұсынған әр түрлі нұсқаларын (варианты) орындау керек; - әр түрлі музыкалық талдауларды салыстырып ішіндегі ең жақсы нұсқасын таңдау керек; - таңдаған нұсқаның сапасын өз орындауында көрсете білу керек. б) Музыкалық-копозициалық шығармашылықтағы икемділік – ұсынған параметр бойынша ырғақты, әуез-ырғақты, синтаксистік, жанрлыстильдік, фактуралық және тағы басқа үлгілер арқылы музыка шығару (жазу). Салыстыру әдісінің түрлері: - ұқсастықтар мен айырмашылытарды ажырата білу әдісі; - ұқсастыру әдісі, мәселен таныс әуенді басқа туындалардан табу; - қайта таңбалау (перекодирование) әдісі, музыкалық бейнені әртүрлі би қимылдарымен жеткізу және т.б. Тыңдау-көркемдік тәсілдері белгілі бір музыкалық туындыны тыңдай отырып, өзінің орындауында көрсететін орындаушылық әрекетті дамытатын әдістің бірі. Ауызша тәсіл арқылы оқығанда оқушылар біріншіден есту арқылы музыкалық білімін сөз формалары арқылы жеткізуге тырысады, екіншіден өз саналарында жалпы музыкалық терминдерді бекітуге көмектеседі.

Музыкалық қимыл – қозғалыс. Музыканы әр түрлі қимылқозғалыстарға бейімдеп, оның әр ырғағына сай немесе ұжымдық би өнері арқылы музыканың құдіретін сезіну. Музыкалық шығармаларды драмалау. Музыканы театрландырылған музыкалы-шығармашылық оқыту іс-әректімен көрсету: ән – билерді сахналау.

Музыканы эмоционалды түрде қабылдауға негізделген психотерапия әдісі. Музыканың әуеніне, ырғақ негізіне және орындауына байланысты музыка әртүрлі ықпал етуі мүмкін.

 Музыка әуені адамның жан дүниесі мен дене қалпына әсер етеді:

Тамыр соғуы

Тамырлардың кеңейюы

Қан қысымын қалыпқа келтіреді

Ас қорытуды жақсартады

Тәбетті жақсартады

Бас мидың тонусын жоғарлатады

Тыныс алуды мен қан айналымын ынталандырады

Зейінді жақсартады

ми қыртысының нейродинамикалық процестерінің қалыпқа келуі, биоритмның қалыпқа келуі;

мазасызданудың төмендеуі;

естіп қабылдауды ынталандырады;

балалардың жалпы күйін жақсартады;

қимыл қозғалыстарының сапасын жақсартады (сөз мәнерлігі, ырғақтылығы, бір қалыптылығы);

коммуникативті вербальді және вербальсыз дағдыларының дамуы;

сөйлеу тілінің әуезділігінің қалыпқа келуі

Музыкалық ырғақ (ритмика) келесі жағдайларды емдеуге қолданылады

Беттің тартуын (тик);

тұтығуды;

Тыныс алу бұзылыстарын

брадилалия мен тахилалияны.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!