Материалдар / «Музыкалық диктант жазу әдістемесі»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«Музыкалық диктант жазу әдістемесі»

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл ұсынылып отырған «Музыкалық диктант жазу әдістемесі» туралы мақала балалар музыка мектебіне арналған, сольфеджио пәнінің негізгі оқу құралы болып табылады. Жалпы сольфеджио сабағының бағдарламасына жататын негізгі бөлімдер: теориялық мағлұмат, вокалды дауыс-ырғақ дағдысы, сольфеджиолау және нотамен әндету, өлшем-ырғақ сезімін тәрбиелеу, есту қабілетті талдау, саздық диктант, шығармашылық тәрбие дағдысы.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
20 Наурыз 2022
1226
3 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



«Музыкалық диктант жазу әдістемесі»



Бұл ұсынылып отырған «Музыкалық диктант жазу әдістемесі» туралы мақала балалар музыка мектебіне арналған, сольфеджио пәнінің негізгі оқу құралы болып табылады. Жалпы сольфеджио сабағының бағдарламасына жататын негізгі бөлімдер: теориялық мағлұмат, вокалды дауыс-ырғақ дағдысы, сольфеджиолау және нотамен әндету, өлшем-ырғақ сезімін тәрбиелеу, есту қабілетті талдау, саздық диктант, шығармашылық тәрбие дағдысы. Сольфеджио – музыка мектебінде дәріс алушылардың музыкалық эстетикалық тәрбиесін дамытатын, олардың жалпы музыкалық ой-өрісін кеңеюін, музыкалық мәнерінің қалыптасуын, қабілеттерін дамытып, теориялық негіздерімен таныстыратын пән.

Сольфеджио сабағының бағдарламасына жататын негізгі бөлімдер:

  1. Теориялық мағлұмат

  2. Вокалды дауыс-ырғақ дағдысы

  3. Сольфеджиолау және нотамен әндету

  4. Өлшем-ырғақ сезімін тәрбиелеу

  5. Музыканы қабылдау тәлім-тәрбиесі (есту қабілетті талдау)

  6. Саздық диктант

  7. Шығармашылық тәрбие дағдысы

Осы аталған барлық жұмыс бөлімдері өзара тығыз байланыста болған жағдайда ғана сольфеджио сабағының есту, есте сақтау, ойлау қабілеттерінің гармониялық дамуы жүзеге асады. Теориялық білімдер тәжірибелік негіздермен тығыз байланыста болуы керек. Сол себепті сольфеджио пәні мұғалімінің негізгі міндеті – қатысушылардың есту қабілетін дамыту. Қатысушыларға күрделі білім кешенін беру үшін, оқытушының педагогикалық шеберлігі, өз қызметіне деген сүйіспеншілігі мол болуы қажет. Сабақта алынған білімдерді бекітуге үй жұмыстары беріледі, олар шағын және қабілетіне сәйкес болу керек.

Музыкалық диктант жазу әдістемесінде, диктант қалай жазуын және жазу элементтері зерттеледі. Диктанттың әр түрі өтілген теориялық түсініктемені, тональдік туралы білімді, өтілген тақырыпты бекітеді. "Есту – түсіну – жазу "диктантын жазудың күрделі процесі белгілі бір білімді, есту қабілетінің даму деңгейін ғана емес,сонымен қатар арнайы дайындықты, оқытуды қажет ететіні анық. Бұл сольфеджио әдістемесінің маңызды міндеттерінің бірі – музыкалық диктант жазуды қалай үйрену керектігін көрсету. Диктант жазудың мақсаты: естігенді көрсетіп үйрену; есте сақтау қабілетті және ішкі есту қабілетті дамыту; сольфеджио сабағында алған білімдерді қорытынды ретінде диктантта қолдану;

Диктантты 2сыныпта жазған дұрыс. Ал 1 сыныпта дайындық жұмыстарын өткізу керек. Ол-ритмикалық, интонациялық жаттығулар, сольфеджиолау, есту қабілетті дамыту. Төменгі сыныптарда ауызша диктантты қолданған дұрыс. Ол-шагын интонациялық жаттығуларды әндету: мұғалім мелодияны фраза бойынша әндетеді, оқушылар қайталайды немесе әндетілген мелодияның, соңғы екі тактының әртүрлі аяқталу варианты. Ауызша диктант жазған кезде мелодияны талдаған жөң: неше фразадан тұратындығың, ритмикалық суретін, ұқсас немесе сәл өзгертілген фразаларын, мелодияның жоғары-төмен жылжуын, қайталанған дыбыстарды.

Жазбаша диктанттан көрі ауызша диктант оқушының ойын, түсінгенің көрсетеді.
Ауызша диктантты негізгі және де басқа тональдіктерде әндетуге болады: сабақтың соңында немесе келесі сабақта еске түсіріп әндету немесе есте сақтап үйде осы мелодияны жазу.

Мектепте "көзбен көру" деген ауызша диктантты қолдануға болады. Оқушы мелодияға қарап, ішкі есту қабілетімен "әндетеді" содан соң жазады. Қарап жаттап емес, ішкі естуменен жазылғанын екенін тексеруге болады, басқа тональдікте мелодияны жаздырып.

Диктант жазған кезде, мұғалім қателерін түземей, оқушының өзі тапқаны жөн. Оқушы немесе мұғалім жазған диктантты қателерімен ойнайды, ал оқушы өзі қателерін табу керек. Салыстыру ретінде мұғалім дұрыс вариантты ойнап береді.

Диктантты көбінде сабақтың ортасында жазады, интонациялық жаттығулар, сольфеджиолаудан кейін. Біріншіден, оқушылардын көңілін мұғалімге қарату керек. Диктанттын бірінші орындалуы әдемі, берілген екпінде орындалады. Оқушылардын есінде қалу үшін, 2-3 рет мелодияны ойнау керек. Алдын ала настройка беруге болмайды. Алғашқы музыка сезімін бұзбау үшін. Содан кейін мелодияның ладын, өлшемін, ритмикасын талдауға болады. Осыдан кейін настройка беріледі, диктант қайтадан ойналады. Алғашқы кездерде мелодия есте қалғанын тексеру үшін, сыныппен "та" немесе "ля" деп жатқа әндеткен жөн. Мында мұғалім оқушының жұмысын алға жүргізіп, жазуға үйретеді.

Өкінішке орай көп мұғалімдер өздері байқамай, диктанттың ноталарын айтып береді, содан кейін қабілетті оқушылардың тез және дұрыс жазуын күтеді, ал әлсіздер жаман, қателіктермен немесе мүлдем аяқтай алмайды.

Негізінде диктантты ішкі есту сезіммен, үндемей жазады. Бірақ, кейбір оқушылардың ішкі есту сезімі нашар болса, жазған кезде жәймен мелодияны әндетуге болады. Бұл таза әндетуды және дыбыс биіктерін анықтауға үйретеді.

Алғашқы диктант жазу кезінде, міндетті түрде дирижорлау керек. Музыкалық диктанттың орындау саны, оқушылардың есте сақтауына байланысты. Диктант жазу берілген уақыттың соңында, диктант тексеріледі. Тексеруді жеке немесе топпен тексеруге болады.

Сонымен, бірдауысты мелодияны жазған кезде, оқушы бөлек-бөлек ноталарды жазбау үшін, бүкіл мелодияның фразаларын, структурасын, ладын, мелодияның жылжуын, ритімын түсіну керек. Ал екідауысты мелодияны жазу үшін, бірдауысты диктантты жазуды жақсы меңгеру керек. Себебі, екідауысты мелодияны жазу методикасы, жүйесі өзгеше.
Диктант жазу әдістемелік нұсқалары
1.Музыкалық диктантты тандау.
Музыкалық диктант "іштей естумен жазу" болғандықтан, диктантқа музыкалық материалды дұрыс тандау керек. Музыкалық материалдар түсінікті, қысқа емес, қиындығы топқа сәйкес, есте жақсы сақталатындай болғаны дұрыс.
2. Ноталарды жазу талаптары.
А. Дұрыс және әдемі ноталарды жазу
Ә. Лигаларды қою
Б. Фразаларды цезурамен белгілеу
В. Легато, стаккато, динамикасын айырып білу және жазу
Г. Орындау жылдамдығын және өлшемді анықтау
Ғ. Вокалдық топтастыруды білу
Д. Әр дауыстың жылжуын дұрыс анықтап жазу
3. Диктантты орындау.
Оқушы дәптерге естігенді толық және сауатты жазу үшін, диктантты нақты және сауатты орындау керек. Қиын интонацияларды, гармонияларды, әлді үлесті ерекшелеп керек емес. Алғашқы орындау өз жылдамдығында орындалады, 2-3 рет орындалғаннан кейін жылдамдықты жайлатуға болады.
Жазу процессі.

Диктант жазар алдында, естіген мелодияға оқушыларды қызықтыру керек.
"Диктант жазамыз" деп айтуға болмайды. Себебі оқушы, орындалған музыканы тындамай, қалай жазамын, қай нотадан басталады, өлшемі қандай деп ойлайды.
Содан кейін мелодияның авторын, атын айтып, мелодияны талдап, анықтап, настройка беріледі. Тағы бір рет орындалады да, оқушылар бүкіл құрылымын түсінгеннен кейін жазуға кіріседі. Уақыттың соңында диктант тексеріледі.
Әр түрлі тексеру тәсілдері.
А. Сыныппен мелодияны әндету
Ә. Әр оқушының дәптерін тексеру
Б. Сыныппен бірге мұғалім тексереді
В. Әр оқушы өзінің дәптеріндегі мелодияны орындап, қателерін түзейді
Г. Негізгі мелодиямен жазған мелодияны үйде салыстырып тексеру
Диктанттың әр түрлі нұсқалары
1. Көрсетілген диктант.
Бұл диктанттың мақсаты, мұғалім тақтада диктант жазу процессін көрсетеді. Мұғалім сыныптың алдында қалай мелодияны естіп тұрғанын айтады, дирижорлайды, мелодияны әндетіп, түсіндіріп тақтаға жазып көрсетеді. Дайындық жаттығулардан кейін өзіндік жұмысқа көшу және жаңа қиындықтар немесе диктанттың басқа түрін жазған кезде, мұндай диктанттың пайдасы көп. Кейде осындай диктантты мұғалім емес, оқушылардың бірі тақтада жазып көрсеткені дұрыс.
2. Алдын ала талданған диктант.
1-2 рет орындағаннан кейін, мұғалім мысалды толық талдайды: орындау жылдамдығын, өлшемін, тональдігін, құрылымын, бөлек ерекшелерін, ритмикасын. Содан кейін орындайды немесе әндетеді. Осындай толық талдаудан кейін, оқушылар жазуға кіріседі. Диктанттың осындай түрін жаңа қиындықтар болғанда қолданған дұрыс.
3. "Эскизді", бөліп-бөліп жазу диктанты.
Мелодияны орындағаннан кейін, оны толық талдаған соң, мұғалім диктантты басынан емес, мысалы екінші фразадан немесе бөлек элементтерін, бөлек секвенцияны жазуды айтады. Осындай диктантты жазған кезде, нотный станды керек тактылерге бөліп, содан кейін керек үзіндіні жазады. Кейін осылай жазып үйренгенннен соң, оқушы өзі есте сақтаған үзіндіні жазып алады, артынан жетіспейтін жерлерін толық жазады. Диктанттың осы түрін оқушылар мұғалімнің ескертусіз әрқашан қолдану керек.
4. Настройкасымен және кез келген тональдіктегі диктант.
Музыкамен танысқаннан кейін, жазар алдында настройка беріледі. Настройка әр түрлі болуы мүмкін:
А. Сыныппен тониканы және бірнеше интонациялық жаттығуларды әндету.
Ә. Мұғалім фортепианода каденцияны орындайды.
Б. Мұғалім тек тоникалық үшдыбысты аккордты орындайды.
Мықты топтарға настройка аз берілу керек. Оқушылар мелодияны тындаған соң, өздері ішкі есту сезіммен натройка жасау керек. Настройкадан кейін тональдік анықталады. Оны мұғалімнің өзі немесе оқушылар айтады. Анда-санда тональдікті анықтамай, оқушының естіп тұрған тональдігінде диктантты жаздыруға болады. Әрине, осындай диктантты жеке тексеру керек болады. Содан кейін, мұғалім диктанттың өзі кай тональдікте жазылғанын айтып, транспозиция жасауын ұсынады.
5. Жаттау қабілетті дамыту диктанты.
Мұғалім 2-3 рет мысалды орындайды. Оқушылар тындайды. Содан мұғалім дирижорлайды, ал оқушылар ойша мелодияны кайталайды. "Мелодияны аяғына дейін естеріңізге түсірдіңіз бе?"- деп мұғалім сұрайды. Түсінбеген жері болса, мелодия тағы бір рет орындалады, оның тональдігі айтылады, содан кейін оқушылар мелодияны жазуға кіріседі. Жазу кезінде диктант орындалмайды.
Диктант жазып болған оқушылардың дәптерін орындамай, әндетпей мұғалім жеке тексереді. Жазуға берілген уақыты аяқталған соң, диктант тағы бір рет орындалады, сыныппен тексеріледі. Осындай диктантқа мелодия әнді және ашық болған дұрыс. Басында қысқа, аз дыбысты (2, 4 такт),кейін мелодиясы қиын. Кейін оқушылар назарына ие болған соң, шағын фразаларды жаттауға болады. Жаттау қабілетке жаттығу ретінде тексеруге мысалды жазғаннан көрі, оқушы фортепиянода теріп орындаған дұрыс. Музыкалық қабілеттері шамалы оқушылар жаттау кезінде анық дыбысты көрсете алмағандықтан, фортепиянода теріп орындауы, дыбысты анық көрсетуге көп көмектеседі.
6. Таныс музыканы жазу немесе "өзіндік диктант".
Есте қалған музыканы жазу – өзіндік үй жұмысы ретінде қолдануға болады. Ішкі сезім арқылы музыка жазу өте қолайлы. Өзіндік диктанттың әр түрлерін сольфеджио сабағында пайдалануға болады:
А. Сыныпқа таныс әннің немесе музыкалық мелодияның аты аталады, тональдігі және өлшемі анықталып. Содан кейін оқушылар тыңдаусыз, есте қалғанды жазуға кіріседі.
Ә. Мұғалім оқушыға өзінің есінде қалған, өз еркімен мелодия жазуға ұсынады. Сыныпта тыныш болу керек, себебі мұнда мұғалім тональдікті, бірінші дыбысты, өлшемді табуға әр оқушыға көмектесе алмайды. Сондықтан көбінде бірінші түрінен жазылады. Тексерген кезде, әр оқушыға жазғанын әндетуге мұғалім ұсынады, қатесі сол кезде белгілі болады.
Б. Өзіндік диктант оқушының шығармашылығын дамытады. Өз еркімен мелодия жазу немесе мелодияны аяқтау, үй жұмысына ұсынуға болады. Диктантты үйге берген жөн.
Қорытындылай келе, сольфеджио және музыкалық өнер орындаушылықпен тығыз байланысты. Музыкалық шығарма орындаушысы болмаса толық әдемі, түсінікті болмайды. Ол орындаған кезде шығарманың өзіндік түсінігін жеткізеді. Тындаушыға музыка өміріне көп әсер береді. Берілген әдістемелік кеңесім, пайдалы болатынын, әрі теория пәнінің мұғалімінің жұмысына көмектесетіне сененім.













Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!