Материалдар / МУЗЫКАНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ ҮШІН ПАЙДАСЫ.
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

МУЗЫКАНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ ҮШІН ПАЙДАСЫ.

Материал туралы қысқаша түсінік
Музыканың денсаулық үшін пайдасы.Денсаулыққа беретін әсері
Авторы:
19 Қазан 2023
215
14 рет жүктелген
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыптық мақала

МУЗЫКАНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ ҮШІН ПАЙДАСЫ.

Балалардың жан-жақты дамуына музыканың әсері бар ма? Музыка баланың дамуына қалай әсер етеді? Бала қай жаста музыка тыңдау керек? Белгілі француз актері Жерар Депардье Моцарт шығармаларының арқасында кекеш ауруынан айыққан балалар жайлы білесіз бе? Музыканың адамға емдік әсері бар екенін ғалымдар әлдеқашан дәлелдеген.

МУЗЫКАНЫҢ БАЛАЛАРДЫҢ жан-жақты ДАМУЫНА ӘСЕРІ

Ми – «ақылды» нейрондық байланыстардың әлемдегі ең күрделі құрылымдарының бірі. Олардың желісінің өзіндік тербелістері бар. Тыңдаушыға музыка ұнаса, сол сәтте әуеннің ырғақтары адамның жүйкелік байланыстарының ырғақтарымен сәйкес келеді де, сұр затта дофамин өндіріледі. Бұл гормон жақсы көңіл-күйге жауап береді. Қолайсыздық, алаңдаушылық тыныштықпен алмасып, көңіл-күй жақсарады, метаболикалық процестердің сапасы артады. Ғалымдар жақсы көңіл-күй сүйікті әуенді тыңдау сәтінде ғана емес, оны есте сақтау кезінде де пайда болатынын әлдеқашан дәлелдеген. Мысалы, асүйде сүйікті әніңізді өз бетіңізше іштей айтып жүргенде, сіз өзгеше бір қуанышқа бөленесіз. Сондықтан болар, Жапонияда музыка сабағы мектеп бағдарламасына міндетті пән ретінде енгізілген. Балалар музыка мәдениетімен танысып қана қоймай, музыкалық аспапта ойнауды, ән айтуды үйренеді.

БАЛАЛАР ӨМІРІНДЕГІ МУЗЫКАНЫҢ РӨЛІ

Баланың физиологиялық даму процесінде музыка сабағының пайдасын ескеру қажет. Тыныс алу жүйесі ауруларымен ауыратын балаларға ән айту және үрмелі аспаптарда ойнау өте пайдалы. Бірнеше жыл бойы өткізілген үздіксіз сабақтар нәтижесінде демікпеден толық айыққан балалар да бар. Ал кекештігі бар балаларға хормен ән айту ұсынылады. Кекеш бала сөздегі бірінші буынды айтуда қиналады[1]. Ән айтқан сәтте бала ұжымға бейімделіп, кекештенсе де, қатесін ешкім естімейді. Психологиялық ыңғайсыздық азайып, ауру басылады. Кішкентай балалар үшін көбінесе классикалық немесе заманауи аспаптық шығармаларды қосу ұсынылады. Бірақ рок пен рэптен аулақ болу керек, өйткені көптеген соқпалы аспаптар балалардың эмоционалдық фонына теріс әсер етеді. Егер бала тым қатты дыбыстар мен ырғақтарға үйренсе, ол мазасыздыққа ұшырайды. Музыка ырғақты болуы керек, бірақ агрессивті емес. Балалар ырғақты музыкаға билей алады немесе таңертеңгілік жаттығулар жасай алады. Ал ұйықтар алдында босаңсытып, тыныштандыратын музыка тыңдаған дұрыс. Жарқын және есте қаларлық әуендер, бірінші дәрежелі әртістердің дауыстары және қызықты оқиғалар баланың дамуына жақсы әсер етеді. Музыкалық ертегілер қиял мен шығармашылық ойлауды дамытуға ықпал етеді.Кейбір ересектер классикалық музыканы балаларға түсіну қиынға соғады деп санайды, оны бірден күрделі этаптан бастау қажет емес. Көптеген композиторлар балаларға да, ересектерге де жарайтын жарқын және есте қаларлық әуендер жазған. Мысалы, П.И.Чайковскийдің «Балалар альбомы» балаларды әртүрлі елдердің музыкалық мәдениетімен таныстырады, ал С.С.Прокофьевтің «Петр мен Қасқыры» музыкалық аспаптардың дыбысы туралы ойын түрінде түсінік береді[2].

Баланың музыкаға деген сүйіспеншілігі оның хоббиіне айналуы ғажап емес. Оның арқасында ол өз шығармаларын жаза бастайды немесе музыкалық аспапта кәсіби түрде ойнай алады. Ол болашақта кәсіби музыкант болып шығуы мүмкін. Олай болмаған күннің өзінде эстетикалық талғамы арқасында сапасы жоғары музыканы сапасыз музыкадан ажырата білу қабілеті қалыптасады.

МУЗЫКА БАЛАНЫҢ ДАМУЫНА ҚАЛАЙ ӘСЕР ЕТЕДІ?

Музыканың балаларға берер пайдасы шексіз. Музыкалық аспаптарда ойнаған кезде саусақтар үнемі қозғалыста болады. Мысалы, фортепианода бала алдымен әр қолымен кезектесіп ойнайды, үйрену барысында екі қолы бір уақытта, әр түрлі қимылдар жасай бастайды. Осы сәтте мидың екі жарты шары арасындағы нейрондық сигналдар біркелкі бөлінеді. Осылай жаттыққан ми кез келген ақпаратты тез қабылдап, жақсы игереді. Осыған байланысты музыканттардың IQ деңгейі өзге адамдарға қарағанда жоғары[2]. Музыка сабағына үнемі баратын балалардың интеллектуалдық дамуы жағынан өз қатарластарынан алда болатыны белгілі. Бұл қолдың моторикасын ғана емес, сөйлеудің моторикасын да дамытады. Жас музыканттар оқу техникасын тез меңгеріп, өз ойын дәл жеткізе алады. Қазіргі таңда психологтар музыкалық аспапта ойнауды үйренуді мектептің міндетті бағдарламасына енгізуді талап етуде.

БАЛАҒА ҚАЙ ЖАСЫНАН БАСТАП ӘУЕН ТЫҢДАУҒА БОЛАДЫ?

Баланың алғашқы 1,5 аптасында табиғат қорғауында болатынын, яғни бұл өмірдің шуына үйрену үшін уақыт керек екеннін бәріміз білеміз. Дегенмен, оның жүрегі ол мейірімділік пен махаббтты сезіне алады, жылы сөздер мен баяу әуендер оған ұнайды. Сондықтан бала өмірінің алғашқы күндерінен бастап музыка тыңдай алады, бірақ ең бастысы ол құлаққа жағымды болуы тиіс. Нәрестенің миы күн сайын соншалықты орасан зор ақпаратты қабылдай алады, сондықтан оны көбірек және дұрыс қабылдауға бағыт беру керек. Әйгілі композитор Ахмет Жұбанов атамыз айқандай "Музыка жас азаматтардың ішкі дүниесін байытып, әр дәуірдегі қоғамдық өмірдің түрлі құбылыстарын дұрыс түсінуге көмектеседі."Баланы музыка әлеміне оны музыкант қып шығару үшін емес, жеке тұлға болып қалыптасу жолындағы баспалдағы ретінде әкеліңіз, сол сәтте ғана ол өз жемісін береді. Жоғарыда айтылған кеңестер сізге кішкене де болса, өз пайдасын береді деп сенемін ойшыл оқырман!









Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Слухи. Технологии управления. Учебное пособие. Игнатюк Н. А. [1]

  2. «Музыкальный инстинкт. Почему мы любим музыку» Филип Болл [2]

  3. https://journal.tinkoff.ru/list/music-and-brain/ [3]





Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!