Материалдар / МУЗЫКАНЫҢ ӨСІМДІКТЕРДІҢ ӨСУІНЕ ӘСЕРІ
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

МУЗЫКАНЫҢ ӨСІМДІКТЕРДІҢ ӨСУІНЕ ӘСЕРІ

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімдерге оқушылармен бірге ғылыми жоба жүргізуге көмегін тигізеді.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
20 Ақпан 2019
1514
12 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Қарабалық ауданы әкімдігінің білім бөлімінің Мұхамеджан Сералин атындағы орта мектеп»коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Қостанай облысы , Қарабалық кенті.




Орындаған: Битенова Саяжан

4 сынып




МУЗЫКАНЫҢ ӨСІМДІКТЕРДІҢ ӨСУІНЕ ӘСЕРІ



Бағыты: Таза табиғат ортасы

Секцияcы: экология




Ғылыми жетекшісі: өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі

Кульжабекова Актолкын Бутамбаевна







Қарабалық, 2019 жылы


Мазмұны:

Кіріспе

  1. Теориялық бөлім

    1. . Жалпы музыка және оның әсері туралы

    2. . Ақын, жазушылар табиғи дыбыстар туралы.

    3. .Музыкалық аспаптар дыбыстарының өсімдіктің өсуіне әсері туралы алғашқы ғылыми зерттеулер

2.Практикалық бөлім

2.1. Өсімдік құрылысы және оларда болатын процесс.

2.2. Бөлме өсімдіктерінің өсуіне музыканың әсерін зерттеу.

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер тізімі



















Абстракт

Зерттеудің мақсаты – өсімдіктерді зерттеу барысында оның өсуі мен дамуына музыканың қаншалықты әсер ететінін анықтау.

Зерттеуддің міндеттері

  • Ғалымдардың өсімдіктің өсуі мен дамуына музыканың қаншалықты әсер етуін зерттеген және зерттеу қорытындысынан қандай шешімдер жасағанын анықтау.

  • Бөлме өсімдіктерінің өсуі мен дамуына музыканың әсерін анықтауда зерттеу жұмысын жүргізу.

  • Өсімдіктің өсуі мен дамуына музыканың әсері туралы қорытынды жасау.

  • Өсімдікті дұрыс өсіру барысында музыканы қолдану туралы ұсыныс құрастыру.

Зерттеу нысаны: шегіргүл бөлме өсімдіктері

Зерттеу әдістері:

  • Жоба тақырыбы бойынша түрлі дереккөздермен танысу

  • Сауалнама.

  • Тәжірибе жасау.

  • Қорытынды шығару

Зерттеу тақырыбының өзектілігі: Қазіргі өмірде әр жыл сайын музыка әуені жылдам және агрессивті болып барады. Сонымен қатар бірнеше музыкалық бағыттар пайда болуда. Ал музыкалық дыбыстар мен ырғақтар қоршаған орта мен тірі ағзаларға әсер ететін белгілі бір күшке ие.

Тақырыптың практикалық маңызы:

Біздің өміріміз музыкамен тығыз байланысты, сондықтан оның өсімдіктерге зиян келтірмей, жағымды әсер ету маңызын білу. Бұл жұмыстың нәтижесі ауыл шаруашылығына (өнімді жақсы алу және өсу жылдамдығын арттыру) тиімді болады. Алынған нәтижені биология сабақтарында, жылыжайларда және бөлмені, ауланы көгалдандыру жұмыстарында қолдануға мүмкіндіктер бар.

Зерттеу жұмысының гипотезасы:

Классикалық музыка өсімдіктердің өсуіне және дамуына оң әсер етеді, ал рок музыкасы жағымсыз әсер береді. (немесе өсуіне әсер етпейді).















Абстракт

Цель нашей работы - в ходе лабораторных исследований выяснить, какое влияние оказывает музыка на рост и развитие растений.

 Задачи проекта:

1) Выяснить, кто из ученых занимался изучением влияния музыки на растения и какие выводы были сделаны в результате исследований;

2) Провести лабораторное исследование по изучению воздействия музыки на рост и развитие фасоли стручковой;

3) Сделать выводы о влиянии музыки на рост и развитие растений.

4) Составить рекомендации по использованию музыки при выращивании растений с целью стимулирования их роста и развития.

Предмет исследования: комнатное растение- фиалка.

Методы исследования:

  • Сбор информации

  • Анкета.

  • Опыт. Сравнение.

  • Подведение итогов

Актуальность работы заключается в том, что с каждым десятилетием в современном мире музыка становится быстрее и агрессивнее, появилось множество музыкальных направлений. А музыкальные звуки и ритмы обладают определенной силой воздействия на окружающую среду и живые организмы.

Практическая значимость работы:

Наша жизнь плотно связана с музыкой и поэтому, важно знать, как она влияет на растения, как не погубить их. Результаты этой работы пригодятся в сельском хозяйстве (для лучшей урожайности и скорости роста), в промышленности и во всех случаях, где используются растения.

Возможность использования полученных результатов на уроках биологии, в теплицах школы, при озеленении кабинетов.

Гипотеза данной работы:

Классическая музыка положительно влияет на рост и развитие растений, а рок-музыка - отрицательно (или не влияет на рост и развитие).





Abstraction

The objective of our work is to find out in the course of laboratory research what influence music has on the growth and development of plants.

The tasks of research:

1) Find out which of the scientists was studying the influence of music on plants and what conclusions were made as a result of research;

2) Conduct a laboratory study on the impact of music on the growth and development of green beans;

3) To draw conclusions about the influence of music on the growth and development of plants.

4) Make recommendations on the use of music in growing plants in order to stimulate their growth and development.

Subject of research: indoor plant - violet.

Research methods:

Collecting materials on the project topic

experimental

conclusion

The relevance of the work lies in the fact that with each decade in the modern world, music becomes faster and more aggressive, many musical directions have appeared. And musical sounds and rhythms have a certain power of influence on the environment and living organisms.

The practical significance of the work:

Our life is closely connected with music and therefore it is important to know how it affects plants, how not to destroy them. The results of this work will be useful in agriculture (for better yields and growth rates), in industry and in all cases where plants are used.

The possibility of using the results obtained in biology lessons, in school greenhouses, in gardening cabinets.

The hypothesis of this work:

Classical music has a positive effect on plant growth and development, and rock music has a negative (or no effect on growth and development).

Кіріспе

Бізді қоршаған табиғат небір қызықты құпияларға толы.Табиғат аясында тіршілік етіп адам табиғат сырын игеріп үйренді, оның сан алуан құбылыстарын бағалай білді. Өсімдіктер тіршілігі сан алуан. Туған жердің табиғаты маған қатты ұнайды. Мені, әсіресе, бөлме өсімдіктердің құндылығы сұлулығы, қызықтырды. Сондықтан мен жұмысымның тақырыбын «Музыканың өсімдіктердің өсуіне әсері» деп алдым.

Зерттеудің мақсаты – зертханалық зерттеу барысында өсімдіктің өсуі мен дамуына музыканың қаншалықты әсер етуін анықтау.

Зерттеуддің міндеттері

  • Өсімдіктің өсуі мен дамуына музыканың әсері туралы ғалымдардың зерттеу қорытындысын анықтау.

  • Бөлме өсімдіктерінің өсуі мен дамуына музыканың әсерін анықтауда зерттеу жұмысын жүргізу.

  • Өсімдікті дұрыс өсіру барысында музыканы қолдану туралы шешім және ұсыныс жасау.

Зерттеу нысаны: шегіргүл бөлме өсімдіктері

Зерттеу заты: Өсімдіктің өсуіне әр түрлі ритмдегі музыканың әсері

Зерттеу әдістері:

  • Жоба тақырыбы бойынша түрлі дереккөздермен танысу

  • Сауалнама алу.

  • Тәжірибе жасау; Салыстыру.

  • Қорытынды шығару

  • Зерттеу тақырыбының өзектілігі: Қазіргі өмірде әр жыл сайын музыка әуені жылдам және агрессивті болып барады. Сонымен қатар бірнеше музыкалық бағыттар пайда болуда. Ал музыкалық дыбыстар мен ырғақтар қоршаған орта мен тірі ағзаларға әсер ететін белгілі бір күшке ие.

  • Тақырыптың практикалық маңызы:

  • Біздің өміріміз музыкамен тығыз байланысты, сондықтан оның өсімдіктерге зиян келтірмей, жағымды әсер ету маңызын білу. Бұл жұмыстың нәтижесі ауыл шаруашылығына (өнімді жақсы алу және өсу жылдамдығын арттыру) тиімді болады. Алынған нәтижені биология сабақтарында, жылыжайларда және бөлмені, ауланы көгалдандыру жұмыстарында қолдануға мүмкіндіктер бар.

  • Зерттеу жұмысының гипотезасы:

  • Классикалық музыка өсімдіктердің өсуіне және дамуына оң әсер етеді, ал рок музыкасы жағымсыз әсер береді. (немесе өсуіне әсер етпейді).





    1. Жалпы музыка және оның әсері туралы

Музыка (грек. musike, тура мағынасында «музыкалар өнері») – белгілі биіктіктегі дыбыстардан тұратын, адамға өзінің үйлесімді ұйымдасқан сазды әуенімен әсер ететін, дыбыстық көркем бейнеге негізделген өнердің бір түрі[1]. Музыка дегеніміз — сырлы да сиқырлы дыбыс. Ал, дыбыс – табиғат. Табиғатсыз тіршілік жоқ болса, дыбыссыз музыка жоқ. Әуен көптеген сансыз дыбыстан құралады. Табиғаттан пайда болған жаңбыр, дауыл, жел үні, су сылдыры, құстардың әні, аңдардың үні мен қимылы, жан - жануарлардың боздауы, кісінеуі т. б. дыбыстарға еліктеуден әуен құралады. Мысалы, талантты сазгер Нұрғиса Тілендиевтің ”Құстар қайтып барады” әнінің ырғағына бір сәт құлақ түріп, зейін қоя тыңдаңызшы. Құлаққа құстардың қиқуы келіп, ол үн жүрегіңді баурап, көңілді мұң шалмай ма?!
Халқымыздың білгір сазгері, академик Ахмет Жұбанов музыка жайлы: ”Қазақ халқының талантты күйшілерінің күйлерінде құлаққа әрең естілетін шөптің сыбдыры, кең далада келе жатқан жалғыз жолаушының әні, аспанда қалықтап жүрген қайсар бүркіттің қанатының суылы бар…” — деп ерекше тебірене жазыпты.

Жақсы ән мен сазды музыка – жан азығы. Әсем ырғақты, жан тербетер ән, сазды музыка тыңдаған адамның жүрегі жай тауып, рахат сезімге, ерекше қуанышты күйге бөленеді. Солардың арқасында қан айналу, зат алмасу процесі жақсарады. Музыка көңілді көтереді, қайғыны жеңілдетеді, бойды сергітеді, жанға жайлы эмоция тудырады.[2]

«Золотой век» газетінде «Целебная сила музыки» мақаласында Автор Г.Саго қандай музыканың емдік күші бар екендігі туралы мәселе көтереді. Белгілі ғалымдар мен профессорлардың өмірінен және ғылыми зерттеулерге сүйене отырып, қазіргі кезге дейін аяқталмаған, сонымен қатар музыканың емдік қасиетімен қатар жағымсыз әсер ету күшінің бар екенін растайтын тақырыпты қозғайды. [3]

«Мектептегі музыка білімі» кітабының авторы Л.В.Шкляр қатты рок музыканы ұзақ тыңдағаннан адамның көңіл күйі бұзылып ұйқысы қашатыны жайлы айтады. Мұндай музыкаға тәуелді болу қаупі бар. [4] Адам жақсы музыка тыңдаса көңiл күйi көтерiлiп мiнезi жайдарылана түсетiнi аян. Жануарлардың психологиясына жақсы әуеннiң әсер ететiніне, қазақтың «Наридiрген» күйi куә емеспе. Н. Ситникованың «Давайте слушать музыку» [5]кітабында автор әр түрлі халықтың әндері туралы жазып, олардың адамға жағымды әсері туралы ғана айтып қоймай, бесік жырының тек ана тілінде айтылу керектігін жазады.

Осы әдебиеттерді оқи отыырып, музыканың әсері туралы авторлардың көзқарасын:Тірі ағзаларға музыканың жағымды және жағымсыз әсерінің бар екеніне көз жеткіздім.

1.2.  Ақын, жазушылар табиғи дыбыстар туралы

Ақындар мен жазушылар құстар мен өсімдіктердің дамуындағы байланысты ғалымдардан бұрын байқаған. Сондай ақын Ілияс Жансүгіров «Көктемде» өлеңінде де осы тақырыпқа оралады.

Жауыны жауып, жасылы

Жарқылдайды - жаз кепті.

Өкіреді өзен тасуы,

Қаңқылдайды - қаз кепті.

Ширады шымайт, шаң шықты

Кұрғады құмайт, саз кепті.

Төңірек ашық, тұман жоқ,

Көктен нұрын күн септі.

Тоғайда, көлде той қылып,

Қаптады құстар жер-көкті.

Өсімдіктің қылтиып шыққаннан бастап,өсу барысында оған әсер етуші әртүрлі дыбыстар: таудағы өзен сыңғыры, құстардың әсем дауысы ілеседі.

Ал Мағжан Жұмабаев «Күз» өлеңінде табиғат құбылыстарын былай деп жырлайды:

«Бұрқырап қара дауыл соғып тұрған,

Көкорай түсі қашып солып тұрған.

Шыдамай қатты ызғарлы жел өтіне,

Бүрісіп ағаш, шөптер тоңып тұрған.

Көрік жоқ ойда-қырда шығып жүрсең,

Естілмес құс, құрт даусы құлақ түрсең.

Қақтанған, жамыла түсіп, от маздатып,

Көресің кемпір-шалды үйге кірсең.

Табиғаттағы әр дыбыс пен құбылысты ақындар осылай өз шығармаларында керемет көрсете білген.

1.3.  Музыкалық аспаптар дыбыстарының өсімдіктің өсуіне әсері туралы алғашқы ғылыми зерттеулер.

Музыкалық аспаптар дыбыстарының өсімдіктің өсуіне әсері туралы алғашқы ғылыми зерттеуді 1917жылы үнді ғалымы Д.Бос көтерді. Ол скрипка аспабының дыбысы өсімдікке айқын реакция беретінін байқайды. [7].

Ал 50-ші жылдары басқада үнді ғалымдарының гидрилла, шим-мимоза, декмодия, бальзам және бархат гүлдеріне музыканың әсері туралы жұмыстары шыға бастады. Скрипканың дыбысынан жасушаларда цитоплазма қозғалысының жылдамдағаны байқалады. Музыканы тоқтатқаннан бірнеше минуттардан кейін жасушаларда цитоплазма қозғалысы алғашқы қалпына келеді. Жасушадағы цитоплазма қозғалысы неғұрлым жылдам қозғалса, заталмасу жақсы жүріп өсімдіктің өсу жылдамдығы артады. Үнді ғалымдарының осы зерттеулері музыканың өсімдіктің өсуіне әсер ететіндігін растайды.

Американдық зерттеушілер жүгерімен тәжірибе жасап, тәулік бойы музыка қосып, өнімді мерзімінен бірнеше күнге ерте алған. Өнімдері сапалы да болған.

Дороти Ретолак (АҚШ) зерттеулерінде, 10-күндік көшеттер белгілі бір деңгейдегі бірдей температурада, жарық және ылғалды фитотрон камераларында өсірілді. 1-камерада тыныштық, екінші камерада Иога́нн Себастья́н Бахтың орган музыкасы ойнайды. Ал 3-ші камерада Америкалық композиторлардың джаз музыкасы, 4-ші камерада заманауи классикалықмузыка, ал қалған камераларда үздіксіз соқпалы аспаптар ойнайды.[8] Үш аптадан соң өсімдіктерді салыстырып, салмағын өлшейді. Сондағы тәжірибенің нәтижесі: Бахтың шығармасы ойнаған камерадағы өсімдік құрғақ, салмақты және сабақтары дыбыс көздеріне қарай тартылып өскен. Ал рок-музыка және үздіксіз ойнаған соқпалы аспаптардан өсімдік сабақтары дыбыс көздерінен бұғып өскен. Бұдан әр музыканың өсімдіктерге әсерін байқауға болады.

Мысалы, Францияда өнімді жоғары деңгейде алу мақсатында арнайы классикалық музыка жазылған СД-диск қолданылады. Америкада өсімдіктің көлемді немесе жақсы шырмалып өрілуіне қарай бағыттап өсіру мақсатында аудио жазбалар қосылады. Ал Қытайда жылыжайларда өнімнің нақты түрінің сапасын, дәмін, санын арттыратын әр түрлі толқынды дыбыс жиілілігі генераторлары орнатылған. Дыбыстық сигналдар тек өсімдіктің өсуіне ғана әсер етіп қоймай, жылыжайларда өсімдіктерді тозаңдатуға да қоданылады. Америкада жылыжайда қызанақтарды тозаңдандыруға қысыммен қатты ысқырық орнатылған.


  1. Зерттеу бөлімі

    1. Өсімдік құрылысы және оларда болатын процесс.

Өсімдіктің өсуі, көбеюімен қатар шешілмеген қызықты мәселе бар: өсімдіктің өсуіне музыка әсерінің механизмі қандай? Басты сұрақ, әр жанрдағы музыка әуені, тональносы мен тембрының өсімдіктің өсуіне физикалық әсерінде ме?

Тәжірибелерде өсімдіктер дыбыс толқындарының белгілі бір жиілілігіне қарай жауап беретіндігін көрсетеді. Өсімдік жарыққа, температураның өзгеруіне, стресс жағдайына қарайлайды. Акклиматизацияға және бейімделуге қабілетті. Оларда арнайы белсенді белоктар ферменттері жасалатын зат алмасу жүреді. Осылайша, музыканың биологиялық әсері негізіндегі өсім

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!