Сабақтың
кезеңі/уақыт
|
Педагогтің
әрекеті
|
Оқушының
әрекеті
|
Бағалау
|
Ресурстар
|
Сабақтың
басы.
|
Оқушылармен амандасып, сабақтың тақырыбымен, сабақ
мақсатымен таныстырады.
|
Оқушылар сабақ мақсатымен
танысады:
-тыңдалған мәтіндегі
негізгі ақпаратты
анықтайсыңдар;
-мәтіндегі ақпаратты өмірмен
ұштастырасыңдар;
Тілдік бірліктерді
орфографиялық нормаға сай жазасыңдар, сөйлемде орынды
қолданасыңдар.
|
ҚБ Өзін-өзі және
өзара бағалау
|
|
Мағынаны
тану
|
Жаңа сабақ тақырыбын
суреттер мен жетекші сұрақтар арқылы
анықтатады.
Оушылар, мына
суреттерге қарай отырып, бүгінгі сабағымыздың тақыыбын анықтап
көрейік.
1.Екі суреттің
арасында қандай байланыс бар деп
ойлайсыңдар?
2.Бүгінгі
сабағымызда нені тілге тиек
етеміз?
|
Оқушылар сурет
бойынша ойларын айтады.
Сабақтың тақырыбы
анықталады.
|
Мұғалімнің қолдау
сөзі.
|
Суреттер
|
1-тапсырма. Мәтінді оқып,
мәтін мазмұны бойынша жоспар құрыңдар.
Негізгі ойды анықтай отырып,
мәтіндегі ақпаратты өмірлік мәселелермен
байланыстырыңдар.
|
Оқулықтағы 1-тапсырмамен жұмыс
жасайды.
Дескриптор:
-мәтінді түсініп
оқиды;
Мәтінге жоспар
құрып, ондағы басты ойды
анықтайды;
-мәтіндегі
ақпаратты өмірлік мәселелермен
байланыстырады.
Өздерін
тексереді.
Жоспар:
-
Әл-Фарабидің «Музыканың үлкен кітабы» атты
еңбегі
-
Ғылымның музыка саласындағы еңбектерінің
мазмұны
-
Еңбектің музыка
өнерінің дамуына әсері.
|
ҚБ
|
Оқулық
|
2-тапсырма.
Мәтін мазмұнына
сүйене отырып, дұрыс-бұрысын
дәлелде.
№
|
Тапсырма
|
+
|
-
|
1
|
Әл-Фарабидің бұл еңбегінде
математикалық тәсілдерді пайдалану арқылы музыкалық дыбыстарды
тұңғыш рет қағаз бетіне түсіруі сөз
болады.
|
|
|
2
|
Ол музыкалық аспаптарды қолдан
жасағанымен, аспаптарда ойнай
алмаған.
|
|
|
3
|
Қазақ домбырасын дүниеге келуі
муызка зерттеушісі ұлы бабамыз Әбу Насыр әл-Фараби есімімен тығыз
байланысты.
|
|
|
4
|
Фараби музыканың емдік
қасиетін, жағымды әсерін дәлелдей келе, оның тәрбиелік мәнінің
ұшан-теңіз екендігіне де
тоқталады.
|
|
|
5
|
Ғұлама ғалымның еңбегін
кішігірім тараулар құрайды.
|
|
|
6
|
Фарабидің бұл еңбегі ХV ғ.-ақ
латын тіліне аударылып, музыка саласы бойынша жазылған аса қымбат
тарихи және мәдени мұра болып
саналады.
|
|
|
|
Дескриптор:
-мәтін мазмұнына сүйенді;
-ақпараттардың дұрыс, бұрыстығын
анықтайды.
Өздерін тексереді.
№
|
Тапсырма
|
+
|
-
|
1
|
Әл-Фарабидің бұл еңбегінде
математикалық тәсілдерді пайдалану арқылы музыкалық дыбыстарды
тұңғыш рет қағаз бетіне түсіруі сөз
болады.
|
+
|
|
2
|
Ол музыкалық аспаптарды қолдан
жасағанымен, аспаптарда ойнай
алмаған.
|
|
+
|
3
|
Қазақ домбырасын дүниеге келуі
муызка зерттеушісі ұлы бабамыз Әбу Насыр әл-Фараби есімімен тығыз
байланысты.
|
+
|
|
4
|
Фараби музыканың емдік
қасиетін, жағымды әсерін дәлелдей келе, оның тәрбиелік мәнінің
ұшан-теңіз екендігіне де
тоқталады.
|
+
|
|
5
|
Ғұлама ғалымның еңбегін
кішігірім тараулар құрайды.
|
|
+
|
6
|
Фарабидің бұл еңбегі ХV ғ.-ақ
латын тіліне аударылып, музыка саласы бойынша жазылған аса қымбат
тарихи және мәдени мұра болып
саналады.
|
+
|
|
|
ҚБ
|
ҮК
|
3-тапсырма.
«ПОПС формуласын»
пайдаланып, мәтіндегі ақпараттарды өмірлік мәселелермен
байланыстырыңдар.
1-сөйлем: «Менің ойымша...»
2-сөйлем: «Мен оны былай
түсінемін...»
3-сөйлем: «Оны мына деректермен, мысалдармен дәлелдей
аламын...»
4-сөйлем: «Осыған байланысты мен мынадай қорытында шешімге
келдім...»
|
Оқушылар 3-тапсырманы
орындайды.
Дескриптор:
-«ПОПС формуласын»
пайдаланады;
-Мәтіндегі ақпаратты өмірлік мәселелермен
байланыстырады.
Өздерін
тексереді.
1.Менің ойымша, Әл-Фарабидің музыка саласындағы зерттеу
еңбегінің қоғам дамуы мен адам өміріндегі алар орны
ерекше.
2.Мен оны былай түсіндіремін: Музыка адам денсаулығына,
санасына, тәртібіне ықпал етіп, өзіндік үлесін
қосуда.
3.Оны мына деректермен, мысалдармен дәлелдей аламын:
Қазіргі қоғамда музыка терапиясының адамның жүйке жүйесінің шаршауы
мен қажуын, көңіл-күйін ретке келтіру мақсатында қолданылуы осының
айқын дәлелі іспетті.
4.Осыған байланысты мен мынадай қорытынды шешімге келдім:
Олай болса, музыка өнерінің қасиеті мен құдыретін ұлы Абай атамыз
«Құлақтан кіріп, бойды алар, Жақсы ән мен тәтті күй...» деп жырға
қоспас еді?..
|
мадақтау
|
|
|
Тілдік
бағдар.
Есте
сақта!
4-тапсырма.
Турист,
туриске, турисі; ведомость, ведомосқа,
ведомосы деген сөздердегі өзгерістерді
түсіндіріп көр.
|
4-тапсырманы
орындайды.
Дескриптор:
-сөздердегі
өзгерістерді
түсіндіреді.
-Ережеге сай
дәлелдейді.
Өздерін
тексереді.
-Турист, ведомость
сөздеріне қосымша жалғанғанда, соңғы «ть, т» дыбыстары түсіп
қалады, себебі бұл сөздер- біздің тілімізге орыс тілінен енген
сөздер.
|
ҚБ
|
Оқулық
|
|
5-тапсырма. «Есте
сақта!» айдарында берілген сөздерді
пайдалана отырып, жоғары оқу орындарындағы «Лингвистика»
мамандығына оқуға шақырып, үгіт-насихат сипатындағы жарнама мәтінін
жазыңдар. (5-6сөйлем)
|
Дескриптор:
-берілген сөздерді
пайдаланады;
-«Линвистика» мамандығына
оқуға шақырып, үгіт-насихат сипатындағы жарнама
жазады;
-Жарнамада сөз санын
сақтайды.
Ықтимал жауап:
«Лингвистика»
мамандығы шақырады!
Құрметті ғылымға
құштар өрендер! Білім мен ғылым, мәдениет пен өнер, өндіріс пен
техника т.б салалардың тез қарқынмен дамуы орыс тілінен енген
сөдермен толығуда. Күнделікті өміріміге еніп кеткендігі сонша-
БАҚ-та жиі кездесіп те жүр. Ал сіз «ведомость, грамм, лимонад,
лингвист, турист, бефстрогов» сөздерінің жазылу ерекшелігін білесіз
бе? Бұл сөздердің сырын терең ұғынғыңыз келсе, «Лингвистика»
мамандығын таңдаңыз! Әлем тілдерінің құрылымын, тарихи дамуы мен
заңдылықтарын зерделеуге асығыңыз! «Сырлы әлемге» саяхат еккіңіз
келсе, бізді таңдаңыз!
|
ҚБ
|
|
Сабақтың
соңы.
|
Қорытынды
жасайды.
Үйге тапсырма:
М.Шахановтың әл-Фараби туралы өлеңін тыңдап
келіңдер.
|
Оқушылар сабақ
мақсатына жеткендігіне рефлексия
жасайды.
Үйге тапсырма алып,
бағаланады.
|
ФБ
|
|