Материалдар / Н есебі
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Н есебі

Материал туралы қысқаша түсінік
Н есебі
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
14 Қараша 2024
48
0 рет жүктелген
250 ₸
Бүгін алсаңыз
+13 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +13 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



H есебі

«Бетпе-бет» оқыту кезеңдерінің нәтижесінде мектептің мұғалімдерін дамыту басымдықтарын талдау туралы рефлексиялық есеп


Бетпе-бет оқу кезеңдерінде мұғалімдердің кәсіби дамуы мен оқушылардың сапалы білім алуына байланысты сұрақтарыма толыққанды жауап алдым. Мектеп мұғалімдерін дамыту және оқушылардың үлгерімін арттыруға арналған іс-шараларды жаңаша жоспарлауды үйрендім.

Мектептегі тәжірибенің бірінші кезеңінде, мектебімнің айқындалған даму басымдықтары негізінде жұмыс жасау үшін өзгеріс енгізу тобын құру маңыздылығына көзім жетті.

Өзімнің басқару ісімде мұғалімдердің кәсіби дамуына қолдау көрсету үшін жүйелі зерттеу және бағалауды үйрендім.

Педагогтардың кәсіби қызметін эвалюациялауға арналған диагностикалық картасын қолдану барысында мұғалімдердің даму деңгейін анықтап, кәсіби өсуіне жағдай жасауға мүмкіншіліктер тудыру үшін өзгеріс тобы мүшелерінің көмегіне жүгіндім.

Диагностикалық карта бойынша бағалау өлшемдері Блум таксономиясы бойынша белгіленген:

1/білу және түсіну-1 балл (қанағаттанарлық)

2/қолдану және талдау-2 балл (жақсы)

3/синтездеу және бағалау-3 балл(өте жақсы)

Яғни мектептегі даму жұмыстарының барысын бағалап отыру үшін бұл ыңғайлы тәсіл екені сөзсіз. Мұғалім оқу жылының барысында өзін-өзі бағалай отырып жалпы ұпай және орташа ұпай шығарып отырады және оқу жылының соңында мектеп әкімшілігінің бағалау мониторингісімен салыстыруына болады

Басқару мен бақылаудағы директорларға қойылатын талаптарда көшбасшылыққа жаңа көзқараспен қарауды түсіндім.Бақылауды тек басшылық қана емес, қажетті білім мен дағдыны меңгерген мектеп қызметкерлері бірлесіп жүргізсе, мектептегі оқу мен оқытудың сапасы жақсарады, жаңалықтар енеді, тәуелділіктің туындауынан алшақтаймыз және мектептің дамуына ықпал етеді деген ойдамын. Ұйымдастыру жұмыстарын дұрыс жүргізуде шығармашылық және жаңадан құрылған басқа да топтармен жүйелі түрде жұмыс жасау үшін Деңгейлі бағдарлама курстарынан өтіп келген мұғалімдердің көмегіне жүгінеді екенмін. Демек деңгейлі бағдарламадан өткен және сертификатталған мұғалімдер санын көбейтуді жоспарлауым қажет

Мектептегі тәжірибенің бірінші кезеңінде қоғамдастық мүшелерімен бірлесіп, Деңгейлі бағдарлама негізінде мектептің мұғалімдерін дамыту мақсатында келесі қадамдардан тұратын жұмысты бастадық:

1.Мұғалімдерге кәсіби қолдау көрсету үшін тәлімгерлік үдерісін дамыту

2.Мектеп қызметкерлерінің мүмкіндіктерін ашу,дамыту, игерген дағдылары мен тәжірибесін жетілдіру мақсатында коучингтерді жоспарлау, өту

3.Орта мерзімді және қысқа мерзімді жоспарлау оқу-тәрбие үдерісіне

біртіндеп еніп жатқан өзгерістердің бірі. Мақсат қоя білу,оған жету жолдары мен міндеттерді белгілеу,күтілетін нәтиже,модульдер, әдіс-тәсілдер бөлімдерін қамтитын бұл жоспарлар сабақты тиімді жоспарлауға мүмкіншілік беретіні сөзсіз.Сол себептен тәлім алушылармен бірлесіп орта және қысқа мерзімді жоспарларды LS сабақтарын жоспарлауда пайдаландық.

4. «Оқушы үні»- сабақ соңында жұмыс сапасын арттыруға көмектесетін кері байланыс ретінде оқушылармен пікір алмасу

5.Сабақтың әр түрлі кезеңдерінде топтық жұмысты ұйымдастыру , рефлексия жасау, іс-әрекеттегі зерттеуді жоспарлау

6.Сынып деңгейінде зерттеу жасау және кері байланыс алу үшін LS сабақтарын жоспарлап, өттік

7.Мектеп қоғамдастығы жұмысымен ұштасып жататын «Желілік білім беру қоғамдастығы» жұмыстары екен. Басқа мектептермен кәсіби байланыс орнату- мұғалімдерімнің кәсіби дамуы жолындағы тағы да бір мүмкіншілігі

Мектебімдегі жас мұғалімдер деңгейлі бағдарлама бойынша курстан өтпесе де, өз беттерінше ізденіп, үш деңгей бойынша материалдармен танысып жүргендерін айта отырып, көптеген сұрақтар қойды.

Осы мұғалімдермен және қоғамдастықтың басқа да мүшелерімен бірігіп жұмыс жүргізу барысында мектептегі бірінші тәжірибе кезеңінде жоспарланған іс-шараларды жүзеге асырдық.

Ата-анамен байланыстың дұрыс жолға қойылуы және мұғалімдердің кәсіби дамуы ата-аналардың дамуымен қатар жүргені жөн, яғни ата-аналарымыздың мектеп ұжымымен, өз балаларымен қарым – қатынас сауаттылығын жетілдіру бағытында ізденуіміз қажет .

Мектебімізді «Табысты мектепке» айналдыру үшін келесі қадамдардан тұратын мақсаттарды айқындадық : Оқытуда кездесетін проблемаларды анықтау

Курсалды тапсырмаларда берілген қосымшаларға сәйкес мен өз мектебім туралы деректерді жинадым. Ата-аналарға, мектеп персоналына, оқушыларға арналған сауалнамамалардың қорытындысы бойынша мектеп проблемалары айқындалып , қай салаларды жақсарту және қалай жақсарту керектігі туралы жоспар құрылып,жұмыс жасалынды.Мұғалімдердің кәсіби дамуы бағытында тәлімгерлік жасау үдерісін жаңа тұрғыдан қарастыру,мониторинг, Деңгейлі бағдарлама бойынша курстарға жіберуді жоспарлау сияқты жұмыстарды жүйелі іске асыру негізделді.

Әр мұғалім өз бойындағы көшбасшылық қасиеттерін зерттеу, дамыту

Бұл бағытта мектепішілік дөңгелек үстелдер, семинарлар, кәсіби әңгімелер,коучингтер , дебаттар т.б. ұйымдастырылуы қажет.Үздіксіз жұмыс жасалынып , мұғалімдер өз бойынан көшбасшылық қасиеттерді таба біліп дамуы үшін ұжымдасу , қоғамдасу және тәжірибе алмасуды жүйелі жоспарлауды іске асырғанымыз жөн деп ойлаймын.

Әлеуметтік өзара әрекет етуді қалыптастыру,

инновациялық көзқарастар мен идеяларды қолдау:

Мектепаралық және т.б. қоғамдастықтарды құру арқылы жұмыс жасау керек.

Мектеп мәдениетін қалыптастыру, бір-біріне қолдау көрсететін шығармашыл, зерттеушіл өзгеріс топтарының құрылуына және әрі қарай жұмыс жасауына ықпал ету,

педагог кадрлардың кәсіби дамуын жоспарлы түрде жүргізу және құзыреттілігін арттыру жолдарын қарастыру

Мен мектеп басшысы ретінде өзгеру бастамасына ұжымда ашық, шынайы қарым-қатынас орнау үшін ықпал етуім керек. Өз мұғалімдеріммен бірлесіп жұмыс істеумен қатар , тәжірибе жүргізетін бір-біріне көмектесетін ұжымды қалыптастыруға жұмысымды бағыттағаным жөн деп ойлаймын.

Ата-аналардың жаңа әдіс-тәсілдерге деген ынта-ықыластарын арттыру арқылы балаларының қызығушылығын арттыруға ықпал ету

Бұл бағытта электрондық пошта арқылы хабарламамен жұмыс жасап, АКТ-ды күнделікті пайдалану керек.

Түрлі желілік қоғамдастықтармен ынтымақтаса отырып, мектепті дамыту мақсатында өзге мектеп мұғалімдерімен бірлесіп жұмыс жасау,

тәлімгерлік пен коучинг үдерісін үнемі жетілдіру, өткізу барысына жағдай жасау,білім саласындағы өзгерістермен үнемі бірге болу.


Мектептегі тәжірибе кезеңінде мектепішілік шағын қоғамдастық құрылды, оның жұмыс жасау бағыты айқындалды, тәлімгерлік жасау үдерісімен мектеп ұжымы танысты, жаңа әдіс-тәсілдерді енгізу ,әрі қарай дамыту бағытында коучингтер өтті, LS сабақтары жүргізілді,кері байланыс жасалынды, қысқа және орта мерзімді жоспарлар жасалынды. Ал ендігі мақсатым бұл бастаманы әрі қарай дамыту .



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!