Материалдар / N есебі
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

N есебі

Материал туралы қысқаша түсінік
N есебі
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
14 Қараша 2024
56
0 рет жүктелген
250 ₸
Бүгін алсаңыз
+13 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +13 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Оспанов Ғабит Темірбекұлы Мектеп басшысының портфолиосы N есебі

02-D-10-19 топ .

Алматы қаласы


Мектеп даму үдерісінің мониторингі дәлелдерін жинақтау.

Мұғалімдердің кәсіби құзіреттіліктерін арттыру арқылы оушылардың білімдерін көтеру үшін мектепте құрылған кәсіби қоғамдастық мүшелерімен бірге «Мұғалімдердің сабақ барысын басқару құзыреттілігін дамыту арқылы оқушылардың сыни ойлау дағдысын қалыптастыру» тақырыбында мектептің дамуына 6 айға жуық жұмыс атқардық. Өзгерістің дұрыс жүргізілуі мен қадамдарын реттеп саралап отыруда мониторингтің көмегі орасан зор. Себебі, мониторинг өткізілген іс- шараның нақты бағасын анық көрсететін сандық көрсеткіш. Сол себептен, тәжірибе кезеңінде, әрбір қадамдарды талдап, талқылап отыру келесі қадамдардың ретпен жүріп отыруына ықпал етеді деп санадым. Мектепке өзгеріс енгізудің басты мақсаты – мұғалімдердің сабақта интербелсенді әдістерді қолдана отырып, оқушылардың сыни ойлау дағдыларын дамытуға ынталандыру. Ал, оқушылардың сыни ойлауы, білім сапасының артуы мұғалімдердің кәсіби құзыреттілік деңгейіне байланысты. Сондықтан, тәжірибе барысында, мектептің өзгеріс енгізу тобымен бірлесе отырып өткізген түрлі тақырыптағы коучингтер, семинарлар, тренингтер, ата-аналар жиналыстары, қоғамдастық пен тәлімгерлік аясындағы жұмыстар, зерттеу және тәжірибелік сабақтар мұғалімдердің өзгеруіне ықпалын тигізді, нәтижесінде мектептің, сыныптың, пәндердің білім сапасының көтерілгенін байқадым.

Білім сапасының мониторингі



Мұғалімдердің коучингтарға көп қатысуы, олардың өзара қарым-қатынасын нығайтып, педагогикалық инновацияларды меңгеруі артады, коучинг барысында белсене араласып отыруының өзі жүргізіп жатқан іс-шараның талапқа сай екендігі мен қажеттілігін қанағаттандыруы деп бағамдадым. Оқыту семинарлары, тәжірибелік сабақтар мен коучингтерді талдап талқылап, өзгерістерді бақылау үшін мониторинг жүргізіп отырдық. Төмендегі кестеде іс-шараларға байланысты саны көрсетілген. Өткізілетін іс-шаралар мұғалімдердің жазғы еңбек демалысында болуларына байланысты шілде айына жоспарланған жоқ. Төмендегі кестеден байқағандай алғашқы айлармен соңғы айларда айырмашылық байқалады, ондай болуы оқу үрдісіндегі кедергілер әр түрлі болды, бірақ өсуі айқын көрініп тұр. Бұдан байқағаным ата-аналармен мұғалімдердің қажеттіліктері жаңа оқу жылында жаңартылған білім мазмұнын игеру аясында болуында деп ойладым. Жалпы коучинг саны-15,ата-аналар жиналысы-8, оқушылар мен тәжірибелік сабақтар саны-21.


Сәуір

Мамыр

Маусым

Тамыз

Қыркүйек

Қазан

Қараша

Жалпы

Коучинг, семинар,тренинг

1

2

1

2

3

3

3

15

Оқушылармен іс-шаралар

1

-

1

-

3

1

2

8

Ата-аналар жиналысы

-

1

1

-

3

2

1

8

Тәжірибелік сабақтар

1

2

-

2

2

3

3

13



Жоғарыдағы сандық көрсеткіштер қуантарлық жағдай болды, себебі коучингтерге үнемі қатысқан мұғалімдердің пікірлерін, келесіде өткізетін коучингтардың тақырыптарын дұрыс таңдауда өте құнды ақпарат болып отырды. Ол деректерде мұғалімдерді қандай тақырыптар көп толғантады, қай әдістерді тәжірибе жүзінде көргісі келетіні сияқты сұрақтардың болуын ескеру қажет деп ойлаймын. Коучинг өткізу әдістерін таңдауда, кейбір мұғалімдердің кәсіби шеберліктерін жетілдіру керектігі байқалды. Нәтижесінде мұғалімдерге ұсынылған ақпараттар нақты уақытта керекті болып табылғанына қуандым. Өткізілген коучингтерден кейінгі мұғалімдердің пікірі 100%-ға өзгеріп кетпесе де 80-%-ға өзгергені, құрылған МДЖ-2-нің дұрыс бағытта келе жатқанынының дәлелі деп ойладым. Бұдан, мұғалімдердің пікірлерін ескеру, оларға сұрақтарды жиі қойып отыру мектеп әкімшілігіне мектепті дамытудың тиімді тәсілі екенін түсіндім.

Тәжірибе барысында мұғалімдердің құзыреттілік деңгейінің артқанын бағамдау үшін сауалнама алып, мониторинг жүргізіп отырдым. Екінші мектептегі тәжірибе кезеңінің алғашқы 3 айында мұғалімдердің кәсіби қызметінің мазмұны мен сапасының бірыңғай құзыреттілік талаптарын анықтау мақсатында өзгеріс еңгізу тобымен мектеп әкімшілігі бірігіп 90 мұғалімнен сауалнама алынып нәтижесі төмендегідей болған.


Құзыреттілік

А

деңгейі

В

деңгейі

С

деңгейі

Психологиялық- педагогикалық құзыреттілігі


11%

27%

62%

Қарым - қатынас құзыреттілігі


12%

35%

53 %

Оқытуда ақпараттық– коммуникациялық технологияларды қолдану құзыреттілігі


8%

47%

45 %

Сабақ барысын басқарудағы құзыреттілігі


9%

38 %

63 %

Оқу үдерісін бағалау мен талдау құзыреттілігі


8%

27%

65%

Қорытынды:


9,6 %

34,8%

57,6 %


1-ші сауалнама қорытындысы бойынша: А деңгейіндегі мұғалімдер 9,6%,

В деңгейіндегі мұғалімдер 34,8%,С деңгейіндегі мұғалімдер 57,6%-ды құраған болатын, сауалнамаға қатысқан 90 мұғалімнің 57,6% өздерін С деңгейіне қойып отыр. Ал, 2-ші соңғы сауалнаманың қорытындысы төмендегі көрсеткішті көрсетті.

Құзыреттілік

А деңгейі

В

деңгейі

С деңгейі

Психологиялық- педагогикалық құзыреттілігі

27%

60%

10%

Қарым- қатынас құзыреттілігі

35%

50%

15%

Оқытуда ақпараттық–коммуникациялық технологияларды қолдану құзыреттілігі

45%

50%

15%

Сабақ барысын басқарудағы құзыреттілігі

38%

53%

10%

Оқу үдерісін бағалау мен талдау құзыреттілігі

26%

65%

18%

Қорытынды

34 %

56 %

11 %


Сауалнама қорытындысынан байқап отырғандай, А деңгейіндегі мұғалімдер 34%, В деңгейіндегі мұғалімдер 56%, С деңгейіндегі мұғалімдер 11%-ды құрады. Ендеше А,В деңгейіндегі мұғалімдердің пайыздық көрсеткіштері өсіп, керісінше С деңгейіндегі мұғалімдердің пайызы азайғаны байқалады.






Мұғалімдердің сабақ барысын басқарудағы құзыреттілігі

Мектептегі өзгеріс енгізуде қозғаушы күш мұғалім, бірақ өзгерістің сапасын оқушылар арқылы көруге болатыны белгілі. Білім сапасының жоғары көрсеткішіне жету үшін оқытудың мазмұнын жаңартып тұру қажет. Оқыту сапасының нәтижелі шығуы мұғалімге байланысты. Мұғалімдердің кәсіби біліктілігінің көрсеткіші оның білімін үнемі, үздіксіз жетілдіру мен өзін-өзі дамыту кезінде көрінеді.

Тәлімгерлік үрдісінің мектепке өзгеріс енгізуде мұғалімдердің кәсіби даму мәдениетін қалыптастыруға тигізер ықпалы зор екендігіне тәжірибе кезінде көзім жетті. Себебі, бірінші тәжірибе кезеңінде тәлімгерлікті тек тәлім алушыларыммен жүргізсем, екінші тәжірибеде деңгейлі және тәжірибелі мұғалімдердің бірлесіп жүргізіп толықты. Қорытындысында тәлім алушылардың қатары көбейіп, кәсіби дамуларына барынша қолдау ала отырып, мұғалімдер арасындағы әріптестік қарым-қатынас жоғары деңгейде жүріп отырды. Осы бағытты жетілдіру мақсатында тәлімгерлер және тәлім алушылар апталығы ұйымдастырылды. Өткізілген апталықтағы тәжірибелік сабақта рбарысындағы тәлім алушылардың жаңартылған білім мазмұнына енгізілген әдіс-тәсілдерді тиімді игере бастағандары, сабақта оқушылардың белсенді қатысуы мен берген кері байланыстарынан көрініс тапты. Байқағаным оқушылар кері байланысты ұнады, түсіндім деп жаза салмай, нақты нені түсінді, нені білгісі келетінін және берілген тапсырманың қандай жерінде қиналғанын, қандай жерде қызықты болғанын ашық жазатын деңгейге жеткенін байқадым. Қорытындысында тәлімгерлердің жүргізген жұмыстарының бағыты дұрыс екендігінің дәлелі деп ойладым.


тәжірибе кезеңі

1 тоқсан

ІІ тоқсан

1ІІ тоқсан

Тәлімгер

2

12

20

Тәлім алушы

15

46

65

Жоғарыда көрсетілген кестеде тәлімгерлердің саны өсіп, ұжымдағы мұғалімдердің 68%-ы өзгеріске толық қатысты деп айта аламын.

Мектептегі тәжірибе барысындағы өзгерістің қозғаушы күші мұғалім болғанмен, оның еңбегінің жемісі әрине оқушылардың жетістігі, оқудағы үлгерім сапасы. Оқушылардың жұмысынан өзгерістің сапасы мен МДЖ-2-гі нақты қадамдардың қандай деңгейде жүзеге асқанды мен өзгерістердің нәтижелілігін байқауға болады. Сондықтан, мен нысаналы 5«б»,8«б»,9«а» сыныптарынан тоқсан сайын сауалнамалар алып, курсалды сауалнама нәтижесімен салыстырып отырдым. Алғашқы сауалнама нәтижеінде осы сыныптар нысаналы сыныптар болып белгіленген болатын. Тәжірибе барысында мұғалімдер үш сыныпта пәндер бойынша сабақтарды 7 модульді ықпалдастыра отырып жүргізді. Алынған сауалнамалардан оқушылар пікірінің өзгергенін көруге болады. Оған дәлел ретінде төмендегі мониторингті беріп отырмын.

Сауалнамалар қорытындысы 5 «Б», 8 «Б», 9 «А» сыныптары

Зерттеу сабақтарында оқушылардан алынған кері байланыстар мен пікірлерден, өзгерістің оң нәтиже беріп жатқанын көруге болатын дәлелдемелер деп айта аламын. Кері байланыстарды сараптау нәтижесінде бұл сыныптарда сабаққа қатысу пайызы көтеріліп, білім сапасының көтерілгенін байқауға болады.


5 «Б», 8 «Б» , 9 «А» сыныптарының білім сапасы

Оқушылардың сабаққа қатысу пайызы

Сонымен қатар мектепте өзгерісті енгізуде бір мұғалім емес, бірнеше мұғалімдерден тұратын топтарды пайдаланудың арқасында жоғарыда көрсетілген нәтижелерге қол жеткіздік деп бағамдадым. Өзгеріс енгізудің негізгі қозғаушы күші бірнеше топтардан тұратын мұғалімдерден құралған қоғамдастықтар. Қоғамдастықтардың жұмысының негізгі идеясы бірлесе отырып жұмыс жоспарын жасау, интербелсенді әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып, жоғары нәтижеге қол жеткізуге, жұмыста шығармашылық таныта отырып, мектепті дамытуға өзіндік үлесін қосуы деп түсіндім. Сондықтан, қоғамдастық саны көп болса өзгерісті аз мерзімнің ішінде енгізудің тиімді жолдарын табар деген үмітпен бірнеше қоғамдастықтар құрдым.

Мектепті дамытуда ата-аналардың көзқарасын, пікірін саралап отыру, ішкі эвалюация үдерісінің бөлігі ретінде қарастыруым керек деп шештім. Сондықтан тоқсанына 1 рет ата-аналардан сауалнама алып, мониторинг жасап отырдым.

Оқушылардың сабаққа қатысуы мен ата-аналардың мектепке келуі

Алынған сауалнамалар нәтижесінде ата-аналармен өткізген іс-шаралардың сапасы мен ақпарат алмасу жүзеге асырылды. Мектептегі білім берудің басты мақсатына қол жеткізу үшін атқарылған жұмыстарға ата-аналар үнемі қолдау көрсетіп отырды. Ата-аналар қоғамдастығын құру арқылы, бірлескен жұмыста көптеген нәтижеге қол жеткіздім деп айта аламын. Өзгеріс барысындағы ата-аналармен өткізілген коучинг, жиналыс, конференциялар олардың мектепке деген көзқарастарын өзгертіп, сенімін арттырды. Себебі әр іс-шарадан кейін ата-аналардан кері байланыс алып отырдық. Бұдан, мектептегі өзгеріске ата-аналардың берген бағасын алдым деп бағамдадым.

Тәжірибе барысында мұғалімдерді қызықтырып, олармен бірлесе жұмыс істеп, үнемі тек қолдау көрсетіп отырғанда ғана сапалы нәтижеге жететінімізге көзім жетті. Басқаша айтқанда мектеп басшысының, әкімшілігінің өзгергеніне қарап басқаларда өзгеретінін байқадым, тек ерінбей жұмыс істеу керек. Алдағы уақытта осы бағыттағы жұмыстарымды әрі қарай жалғастырып, дамытып мектебімді облыстағы табысты мектеп деңгейіне жеткізуді жоспарлап отырмын. Мектептегі өзгерістердің оқушылар, ата-аналар және мұғалімдер тарапынан қолдау тауып, жақсы нәтиже беруі қойған мақсатымның, бағытымның дұрыс екендігін, күткен нәтижемнің жоспарлағандай шықпаса да, кей жерлерде жақсы нәтижелерің көрінуі бағдарламаның идеясын дұрыс бағытта жүргізгенімнің белгісі деп есептедім.



























Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!