Материалдар / НАМЫС ПЕН ЕРЛІКТІҢ БАТЫРЫ- БАУЫРЖАН
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

НАМЫС ПЕН ЕРЛІКТІҢ БАТЫРЫ- БАУЫРЖАН

Материал туралы қысқаша түсінік
макала
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
30 Мамыр 2023
247
0 рет жүктелген
250 ₸
Бүгін алсаңыз
+13 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +13 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ӘОЖ 518:81.53


НАМЫС ПЕН ЕРЛІКТІҢ БАТЫРЫ- БАУЫРЖАН

Жетекші: Аға оқытушы, тарих магистрі Альдибаева А.Б.

Студент Құрманхан Балауса

М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті


Бауыржан Момышұлы – Кеңес Одағының Батыры, халық қаһарманы, әскери шенді қызметкер, даңқты қолбасшы, қазақтың көрнекті жазушысы.

         Бауыржан Момышұлы 1910 жылы 24-желтоқсан күні Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, Мыңбұлақ (Көлбастау) ауылында қарапайым, мал бағатын шаруа отбасында дүниеге келді. Балалық шағының он үш жылын өзінің кіндік қаны тамған ауылында өткізіп, одан кейін кеңестік дәуіріндегі интернатта тәрбие алады. 1921 жылы Бауыржан Момышұлы Аса интернатына оқуға түсіп, кейін 1924 жылдан бастап Шымкент қаласындағы жеті жылдық мектепке ауысады. Ол Құрманбек Сағындықов және Әбділда Тәжібаевпен мектеп қабырғасында бірге білім алған. 1928 жылы мектепті үздік бітіргеннен кейін Орынбор қаласындағы қазақ педагогикалық институтында білім алуды жалғастырады. Алайда көп ұзамай тұрмыстық жағдайына байланысты ауылына қайтуына тура келеді. Институт директоры Тоқтыбаев оның суықта жұқа киіммен жүргенін көріп, бухгалтерия арқылы қағаз жаздыртып береді. Кейін осы жазылған қағазбен студент Бауыржан ақша алып, ауылына қайтады.

1928-30 жылдары бастауыш мектепте мұғалім; аудандық атқару комитетінің жауапты хатшысы қызметтерін атқарып, 6 ай уақыт милицияда жұмыс істейді. Атқару комитетінде ерекше көзге түсіп, Тимофей Дубовиктің қолдауымен Шымкент өнеркәсіп банкіне қаржыгер болып жұмысқа тұрады. Осы жерде жүріп республикалық банк меңгерушісінің жолдамасымен Ленинградтағы қаржы академиясы жанындағы бір жылдық курсты тәмамдайды. Біліктілігін көтергеннен кейін КСРО өнеркәсіп банкінің республикалық басқармасына аға консультант ретінде тағайындалады. Кейін әскери борышын өтеуге шақырту алады. Әскерде бір жарым жыл жүріп запастағы командир атағын иеленеді. Осыдан кейін ауылға келіп қаржы мекемесінде жұмыс істеп жүргенінде қызыл әскер қатарына шақырылады. [1]

1932 жылы әскерге шақырылғаннан кейін Отан алдындағы борышын өтейді. Әскери дайындық кезінде білім алып, мергендік өнерге машықтанады. 1933 жылы полктық мектепті бітіреді. 1934 жылы әскерден келгенде запастағы командир болады. Одан кейінгі уақыттарында білімін жетілдіріп (Ленинградтың қаржы академиясында қысқа мерзімдік курстан өтеді), банк саласында қызмет етеді.

         1936 жылы Қызыл Армия қатарына командир ретінде қайта шақырылып әскери қызметтер атқарады. Ол ортаазиялық әскери округтың 315-ші атқыштар полкына командир болып тағайындалады. Бір жылдан кейін оның полкы ерекше Қызылтулы Қиыр Шығыс Армиясының бөліміне қосылады. Ал Бауыржан жарты ротаның командирі болады.

        Ұлы Отан Соғысының басталмай тұрғаны кезінде Бауыржан Момышұлы 105-ші атқыштар дивизиясының қарамағындағы артиллериялық атқыштар бөлімшесінің командирі қызметінде болады. Алайда, 1941 жылдың қаңтарында тәжірибелі сардар Алматыға қайтарылады. Сол жылдың жаз айларынан бастап жаңадан құрылған 316-шы атқыштар дивизиясының штабына Қазақстан мен Қырғызстан елінен сарбаздары жинай бастайды. Бауыржан қайта жасақталған дивизияның 1073-ші атқыштар полкының атқыштар батальонына командир болып тағайындалды. Ары қарай қайнаған соғыс майданы басталып кетеді. Ержүрек сардардың батырлығын танытқан майдандар аз емес. Солардың ең ерекшесі 1941 жылдың күзінен басталған Мәскеуді қорғау шайқасы болатын. Ол кезде ол 19-шы гвардиялық атқыштар полкына командир болады. Оның полкы жұдырықтай жұмылып, фашистерді Мәскеуге қарай жібермейді. Жасаған ерлігі мен батырлығы үшін, өзіне жүктелген міндеттерді абыроймен атқарғаны үшін, шешуші кездерде жылдам түрде нақты шешім қабылдай білгені үшін ол Ленин Орденімен марапатталады. Мәскеуді қорғау майданының Крюкова шайқастарында жарақат алып, біраз уақыт госпитальда жатады. [2]

Мәскеу түбіндегі қиян-кескі ұрыстарда батальон командирі аға лейтенант Бауыржан Момышұлының жеке басының ерлігі мен командирлік шеберлігі айқын көрінеді. Волоколамск тас жолындағы жеңісті ұрыстан кейін көп ұзамай, ол полк командрі болып тағайындалды. 1942 жылы 17 шілде де Сталинград шайқасы басталды. 200 күн мен түнге созылған кеңестік күштердің орасан зор шабуылы аяқталды, жау шегінді. Басты бағыттағы ұрыстарға Ақмолада жасақталып, генерал В.И. Чуйковтың 64-армиясының құрамына енген 29-атқыштар дизизиясының солдаттары мен офицерлері қатысыты.

Қазақстандық екі-28-гвардиялық және 28-атқыштар дивизиялары—Сталинградтың солтүстік- батысындағы ұрыстарға қатысып, Волга бойындағы қамалды қорғауға көмектесті. Элиста-Астрахань жолы арқылы Волга өзінінің төменгі сағасына өтуге тырысқан немус, румын әскер бөлімдерінің жолын орал қаласында жасақталған 152-атқыштар бригадасының батальондары бөгеді.

1943 жылы 33 жастағы полковник Бауыржан Қазақстанда жасақталған 8-гвардиялық атқыштар дивизиясын басқарды. Сол жылы шілде айында Курск иінінде орасан зор шайқас болыды. Кеңес халқы аса ауыр жағдайды басынан кешіріп, майдандағы күштердің арасалмағын теңестіріп қана қоймай, сонымен бірге жаудан сани жіне сапа жағынан анағұрлым асып түсті:адам құрамының санынан 1,2есе, танкіден-1,6, артиллериядан-1,8, ұшақтардан- 2,8 есе. Осы кезеңге қарай кеңестік қарулы күштердің жауынгерлік шеберлігінің жаудан артықшылығы да айқындала түскен еді.

1945 жылдың ақпаны мен наурызында Латвия жеріндегі Приекуле станциясы маңында болған шайқаста ол басқарған дивизияның солдаттары қарсыластарының қорғаныс шебін тасталқан етеді. Сондай-ақ, ұрыстың нәтижесінде 15 елді-мекен жаудан азат етіліп, жаудың әскеріне солдаттар жағынан және әскери техника жағынан үлкен шығын келтіреді. 1946 жылы Бауыржан Ворошилов атындағы әскери академияның тыңдаушысы болды. [3]

Бауыржан Момышұлының шендері мен марапаттары.

         1942 жылдың қазанында Бауыржан подполковник шенін алады. Ал сегіз айдан соң полковник шеніне көтеріледі.

      1945 жылдың 21-қаңтарында Бауыржан Момышұлы Бірінші Балтық жағалауы фронтының 6-шы гвардиялық әскерінің 9-шы гвардиялық атқыштар дивизиясының командирі болып тағайындалады.

         Бірінші дәрежелі «Қызыл Ту ордені мен (2 рет)», «Ленин», «Отан Соғысы» ордендерімен, «Әскери шайқастағы еңбегі үшін», «Мәскеуді қорғағаны үшін» орден және медальдарымен марапатталған. 1990 жылы 11-желтоқсанда Кеңес Одағы құламай тұрып ел президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың ұсынысымен «Бауыржан Момышұлына Ұлы Отан Соғысындағы ерліктері үшін «Кеңес Одағының Батыры» атағын беру туралы» жарлық шықты. Негізінде, Бауыржан Момышұлына бұл атақты беру жайлы 1942 жылы Мәскеу түбіндегі ұрыстардан кейін ұсыныс жасалынған болатын. Алайда, ол ұсыныс ол кезде көздеген мақсатына жете алмады.

         Соғыстан кейінгі жылдардағы Бауыржан Момышұлы.

        1948 жылы Генералдық штабтың әскери академиясын аяқтады. 1950 жылдан бастап «Тыл және Кеңес Армиясын қамтамасыз ету» әскери академиясында аға оқытушы болып қызмет етті. 1955 жылдың желтоқсанынан бастап запастағы полковник. Б.Момышұлы Қазақ КСР Жазушылар одағының мүшесі болды.

         1982 жылы 10-маусымда Алматыда батыр Бауыржан дүниеден өтті.

         Бауыржан Момышұлының әдебиетке араласуы.

Ол қазақ және орыс тілдерінде бірдей жазып, өз өмірінде көрген білгендерін арқау етеді. Оның қаламынан туған, өмір шындығын арқау еткен тамаша романы мен әңгіме, повестері қалың оқушының іздеп оқитын шығармаларына айналады.

         Бауыржан Момышұлы әдебиетке ерекшелікпен келген екен. Оқырман қауым батырды алдымен шығармалардың авторы ретінде емес, шығармадағы ержүрек кейіпкер ретінде таныды. Дәлірек айтар болсақ, Александр Бектің «Волоколамск тас жолы» («Волоколамское шоссе») повесті арқылы танылған болатын. Повестің басты кейіпкері панфиловшы офицер, мәскеуді қорғауға қатысқан батыр – Бауыржан Момышұлы. А.Бек бұл еңбегін батырдың әңгімелері мен еске түсірулерінің желісімен жазған болатын.  

         Бауыржан Момышұлы – «Офицердің күнделігі», «Бір түннің тарихы», «Москва үшін шайқас» әңгімелерінің, генерал И.В.Панфилов туралы «Біздің генерал» өмірбаяндық повестер мен әңгімелер жинағы кітабының авторы. «Біздің отбасы» туындысы үшін 1976 жылы «Кубалық кездесулер» атты очерктік шығармасын жазды. «Москва үшін шайқас» шығармасы А.Бектің «Волоколамск тас жолы» шығармасының жалғасы болып табылады.

         Ел аузындағы әңгімелер Б.Момышұлының мінезінің тік болғандығын айтады. Ол кісі өте қайсар болған. Шындықты жаны сүйетін, өтірікшілер мен қорқақтарды жек көретін ержүрек адам болды. Оның бойындағы қазақы қасиеттер молынан болды. «Момышұлы» деген тегінің өзі үлкен бір қайсарлықтың арқасында солай аталды. Кеңес заманында қазақтың тегіне шектеу қойып, -ев немесе –ева деген жалғауларды жалғатып қойған шақта Бауыржан Момышұлының қайсарлығы ғана өзінің қалаған тегін алып жүруге мүмкіндік берді.

         Қазіргі кезде батыр ұлының құрметіне еліміздің үлкенді-кішілі әскери және құқық қорғау органдарының оқу орындары, ауылдары мен көшелері батырдың атымен аталады. Тек Қазақстанда ғана емес Ресейде де батырдың есімімен аталатын мектеп пен көше бар.

2010 жылдың ақпан айында Мәскеу қаласында Бауыржан Момышұлының 100 жылдығына арналған «Аңызға айналған батыр» кітабының тұсаукесері өткізілді. Кітапта Бауыржан батырдың Мәскеу мұрағаттарында сақталған, бұрындары жарияланбаған жазбалары және жауынгерлер әріптестері Мәлік Ғабдулиннің, Дмитрий Снегиннің естеліктері жарияланған. [4]

1990 жылы президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың табандылығының арқасында одақ тарағанға дейін, Бауыржан Момышұлына Кеңес Одағының батыры атағын беру туралы жарлыққа қол қойды.

Елбасы ұлы қолбасшы, жазушының ұлы Бақытжан Момышұлына жолдаған құттықтау жеделхатында былай деген болатын: «Баукең жұлдызды болған күн – халықтың жұлдызы жанған күн!». Осы сөздер Алматыдағы Б.Момышұлы атындағы республикалық әскери мектеп-интернаттың аумағында орнатылған аты аңызға айналған Ұлы Отан соғысының батыры ескерткішінің тұғырына ойып жазылған.

Елбасы кітапханасының кітап қорында Б. Момышұлының қазақ және орыс тілдеріндегі көп томдық шығармалар жинағы, «Ұшқан ұя. Курляндия майданы» романы, сондай-ақ оған арналған басылымдар бар: М.Мырзахметұлы «Қаһарман Бауыржан Момышұлы» фотоальбомы,  М.Мырзахметұлы «Бауыржан Момышұлы туралы естеліктер», Қ.Сәрсебай «Батырым, Бауыржаным» дейді халқым», Е.Әлімжан «Бауыржанның пырағы: Әңгіме, пьеса, сұхбат», Б.Смағұл «Қаһарман», С.Бақытбек «Қолбасшы күнделігі. Дневник поководца», М.Қалдыбай «Мен – халқымның Бауыржанымын!.. Әңгімелер», Ж.Ыбыраев «Бауыржан Момышұлы. Майдан жыры мен сыры. История одной книги» және тағы басқалар шығырмалары сақталған.


Әдебиеттер тізімі:

  1. «Қазақ энциклопедиясы» . Алматы, 2011

  2. К.Рысбай Қазақстан Республикасының тарихы. Алматы, 2005

  3. Г. Абишева Казахстан в Виликой отечественный войне 1941-1945. Алмата, 1958

  4. «Ұлы тұлғалар». Алматы, 2011







Тіркеу формасы

1. Тегі, аты-жөні (толығымен) Альдибаева Аида Берікқызы__

2. Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы (бар болса) Аға оқытушысы, тарих магистрі ____

3 Ғылыми жетекшінің аты-жөні ________________________________________________

4. Ғылыми жетекшінің ғылыми дәрежесі _________________________________________

5. Ұйым (жоғары оқу орнының, кәсіби орта оқу мекемесінің, мектептің аты, мекен-жайы)

М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті

6. Автордың мекен-жайы (индекс көрсету міндетті) Тараз қаласы, 15 мөлтек, 4-75 080003

7. E-mail (міндетті) 1508_aida@mail.ru

8. Мақала тақырыбы: Намыс пен ерліктің батыры – Бауыржан

9. Секция: Тарих секциясы: Бауыржан Момышұлы: Ұлы Отан соғысы мен қазіргі жаһандану үдерісі




Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!