Материалдар / "Нан дастарқанға қалай келеді?"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Нан дастарқанға қалай келеді?"

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларға нанның көп еңбекпен келетіні жайлы әңгімелеу.Нан қасиетті тағам екенін ұғындыру. Туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыру.Отаншылдыққа тәрбиелеу
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
02 Қазан 2018
598
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

95 «Алтын дән» бөбекжай балабақшасы

2 «Қарлығаш» ересектер тобы








Ашық ұйымдастырылған оқу қызметі

Тақырыбы: Нан дастарқанға қалай келеді.




Тәрбиеші: Мурзабаева.Р.А











Шымкент



Білім саласы: Коммуникация, Таным, Шығармашылық,

Денсаулық, Әлеумет.


Білім бөлімі: Көркем әдебиет.


Мақсаты:


Әдіс-тәсілдер: Түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу, құрастыру, жапсыру.


Көрнекілігі: Үлгі суреттер, бидай сабағы, түрлі нандар.


Билингвальді компонент: Бидай – пшеница,Астық – зерно,Нан – хлеб


Сөздік жұмыс: Бидай.



Оқу қызметінің кезеңі


Тәрбиешінің іс-әрекеті


Балалардың іс-әрекеті



Мотивациялық қозғаушы








Шаттық шеңбері:


Біз қандаймыз, қандаймыз,

Шұғылалы таңдаймыз.

Жарқыраған күндейміз,

Ренжісуді билмейміз.



Бүгін аптаның қай күні?


Қазір жылдың қай мезгілі?

Д/ойын: «Кім тез»

Шарты: Күз мезгілінің ауа-райына байланысты сөйлем айту.




Шаттық шеңберіне тұрып айтады.







Бүгін аптаның төртінші күні – Бейсенбі.

Қазір жылдың – Күз мезгілі.

Күз мезілінде күн салқындайды. Жаңбыр жиі жауады. Ағаштардың жапырақтары сарғайады.



Ұйымдастырушылық – ізденістік

Жұмбақ жасырады:


Ұзын мұртты сарылар, Қойнында дәні бар.


Дұрыс айтасыңдар?

Бидайдан басқа қандай дәнді дақылдарды білесіңдер?


Бұларды бір сөзбен не деп айтамыз?

Дұрыс айтасыңдар.

Астық жинау науқаны қай мезгілде болады?

Бүгінгі біздің жаңа тақырыбымыз «Нан дастарқанға қалай келеді».


Балалар қараңдаршы нан дастарқанға келгенше қаншама маман иелері еңбек етеді. Біз олардың еңбектерін бағалауымыз керек.

Балалар көктем мезгілінде жерді трактормен жыртып егін егуге дайындайды. Содан дайын жерге бидайдың тұқымын егеді. Оны күтіп баптайды. Бидай күннің көзін жақсы көреді. Пісіп шыққан бидайды, комбайнмен орып көліктерге салады. Көліктермен қырманға алып келеді. Қырманда дәнді кептіріп, тазартады. Бидайды диірменге апарады. Диірменде бидайдан ұн жасайды.

Ұнды наубайханаға апарады. Ол жерде наубайшы ұннан нан пісіреді.

Балалар жұмбақты тыңдап жауабын айтады.

  • Бидай




Арпа, тары, сұлы, қарақұмық, жүгері, ноқат, бұршақ, күріш.

  • Астық



  • Күз мезгілінде






Балалар мұқият тыңдайды.

























Піскен нанды дүкенге апарады. Дүкенші нанды адамдарға сатады.

Міне көрдіңдер ме? – нан дастарқанға келу үшін қаншама адам еңбек етеді екен. Нан біздің байлығымыз. Нанды біз қадірлеуіміз керек.

Қане балалар айтыңдаршы нан бізге келу үшін қандай маман иелері еңбек етеді екен?

Балалар, нан дастарқанға қалай келеді екен, рет-ретімен әңгімелеп берейік.












Биллингвальды компонент:

Бидай – пшеница

Астық – зерно

Нан – хлеб


Ойын: «Құрастырайық»




Сергіту сәті:

Көктемде жер жыртады,

Суарады, егін егеді.

Күннің көзін жақсы көреді,

Түбін жұмсатады.

Суарады, піседі, өседі,

Самал желмен жайқалады.


Ойын: «Кім зерек»

Шарты: Ұннан жасалған және ұннан жасалмаған тағамдарды ажырату.


Балалар міне ұннан әртүрлі нандар жасайды. Қара ұннан, ақ ұннан жасалған нандар.


Ал, енді балалар біз кеше бастаған ісімізді аяқтайық.









Тракторшы, комбайыншы, жүргізуші, диірменші, наубайшы, дүкенші.


Көктем мезгілінде, жерді трактормен жыртып, егін егуге дайындайды.

Бидайдың тұқымын егеді және баптап қарайды.

Пісіп шыққан бидайды

комбайынмен орып алады.

Көліктермен қырманға апарады. Содан соң бидайды диірменге апарады. Ол жерде ұн жасайды. Ұнды наубайханаға апарады. Ұннан нан пісіреді. Нанды дүкенге әкеледі.

Қайталайды.





Балалар маман иелерінің көліктерімен ұн шығаратын диірменді құрастырады.

Балалар қимылмен көрсетеді.








Балалар ойынды қызығушылықпен ойнайды.



Балалар көреді, нандарға назар аударады.



Балалар бидайдың қауашағын ермексазбен толтырады және егістікке апарып қояды.



Рефлексиялық - түзетушілік

Балалар бүгін не туралы өттік?

Нан бізге келу үшін қандай маман иелерінің еңбегі өте үлкен екен?

Нанды біз қалай қадірлейміз?



Нан ардақты асыл зат,

Кәрі мен жас аттамас.

Ақ дастарқан үстінде,

Қолды жумай ұстамас.

Балалардың жауаптары:

Бидай, нан туралы.


Тракторшы, комбайыншы, диірменші, наубайшы, дүкенші.

Нанды теріс қоюға болмайды. Нанды бір қолмен үзуге болмайды. Нанды ысырап етпеу керек. Нан біздің байлығымыз.


Қайталайды.

Күтілетін нәтиже:

Орындайды:


Түсінеді:


Қолданады:


Қолданылған әдебиеттер:


  1. Көркем әдебиет. Әдістемелік құрал



  1. Қоршаған ортамен таныстыру.



  1. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жаңартылған үлгілік бағдарламасы бойынша оқу қызметтері жоспарлары. Әуелбекова. К.А. Шымкент 2017ж


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!