Материалдар / Нақты ғылымдар көшбасшысы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Нақты ғылымдар көшбасшысы

Материал туралы қысқаша түсінік
Сабақтан тыс шара
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
25 Желтоқсан 2018
336
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Нақты ғылымдар көшбасшысы»

(І курс студенттері арасында)


Саламатсыздар ма, құрметті ұстаздар, әділ - қазылар, студенттер! Сіздермен бірлесе отырып, «Нақты ғылымдар көшбасшысы» атты интелектуальды ойынымызды бастауға рұқсат етіңіздер.

Алдымен ойынға қатысушыларды анықтап алу үшін студенттер тест сұрақтарына жауап беруі тиіс.

Бүгінгі ойынымыз 4 турдан тұрады. (Ойыншылар өздерін таныстырып өтеді)

І тур – «Бәйге»

ІІ тур – «Полиглот»

ІІІ тур – «Ғажайып алаңы»

IV тур –«Жорға»


Ойын толқын, айналған қатты ағысқа

Табылғандай танымда, жат дауыста

Біреу озып келеді қатарынан

Біреу қалып жатады асығыста


Ойын толқын жатқанда асып, тасып

Біреу мығым, біреулер шалыс басып

Бұл ойыннан өтеді ғұлама ойлар

Жеңседе, жеңілседе қалма жасып!



І тур. «Бәйге».Сіздерге ортақ 20 сұрақ беріледі. (Әр дұрыс жауапқа 10 ұпай беріледі)

Бәйге турының сұрақтары мен жауаптары

  1. Ең бірінші телефонды жасаған кім? (Александр Белл)

  2. Тәуелсіз айнымалы. (аргумент)

  3. «Көбейтуге» және басқа бағдарламаларға «жұғуға» қабілетті шағын компьютерлік бағдарлама қалай аталады? (вирус)

  4. Евклид еңбегі (негіздері)

  5. Қандай құрылғы компьютердің миы деп аталады? (процессор)

  6. Алгебра қандай сөзден шыққан? («Әл – жебр» деген араб сөзінен)

  7. Ақпартты енгізуге арналған құрылғы? (пернетакта)

  8. Дәлелденбейтін ұйғарым. (аксиома)

  9. Дыбыс шығаратын құрылғы? (колонка)

  10. Математикалық формулалармен символдарды енгізу редакторы? (формулалар редакторы)

  11. Мысыр елі қандай ғимараттарымен әйгілі? (пирамидаларымен)

  12. Интернет желісі ( Бүкіл әлемдік желі, өрмек)

  13. Утилиттер деген не? (Комекші программалар)

  14. Дүние жүзіндегі ең бай адам? (Билл Гейтс)

  15. Ақпаратты шығару құрылғысы? (принтер)

  16. Жалпы желіге қосылу үшін қажетті құрылғы (модем)

  17. Ақпаратты өңдеу құрылғысы (процессор)

  18. Графикалық информацияны компьютерге енгізу құрылғысы? (сканер)

  19. Әр түрлі объектілер орналасқан Windows экраны? (жұмыс үстелі)

  20. Мәтін дегеніміз не? (жолдар тізбегі)





Көрермен жиналған бұл тамашаға

Құр қарап жай отыру жараса ма?

Туыс, досқа, ағайын, танысқа емес

Соқ қолыңды білімді жас талантқа.


Ана тілің – арың бұл,

Ұятың боп, тұр бетте.

Өзге тілдің бәрін біл,

Өз тіліңді құрметте! – Қ.Мырзалиев ағамыз айтқандай, оқушылардың тіл білімін тексерейік.



ІІ тур – «Полиглот»

Полиглот турының сұрақтары:


  1. Алды ортамыз шексіз де

Жете алмайсың біздерге

Сәуле менен кесінді

Шыққан тегін білсе де.

  1. Ақпаратты шығару құрылғысы?

  2. Бірдей санды бірнеше рет

Көбейтуден тұрады.

Егер оны ықшамдасаң

Қандай атау болады?

  1. Мәліметтер енгізу пернесі.

  2. Алты аға бірігіп әке болмас,

... жеңге бірігіп ана болмас.

  1. Бір жолға канша оператор жазуға болады?

  2. Ең кіші жай сан.

  3. Кері сандардыңкөбейтіндісі.

  4. Қабырғасы 1- ге шаршының ауданы неге тең?

  5. Қабырғасы 1- ге шаршының ауданы неге тең?


ІІ турдың қорытындысы бойынша ұпай саны аз оқушы ойыннан шығады.

ІІІ тур – «Ғажайып алаңы»

Мәңгі бақи есте қалар

Ғажайып бір кеш болсын

Білімдірек шәкірт озар

Қиынырақ сұрақ болсын.


ІІІ турдың қорытындысы бойынша ұпайы аз оқушы ойыннан шығады.

Білімнің ұшқырлығын танып сен,

Асып, тасып, асықпа, қалыспа сен

Уақыт деген зымырап, зулап жатыр

Шапшаңдық бұл сайыста қажет екен.

Ең қиыны жарыстың енді келді,

Мықтылары қалыпты жеңсін енді.

Тез жауап бер ойланып тұрып қалмай,

Осы ойыннан көреміз ерен ерді.






IV тур. «Жорға»

Жорға турының сұрақтары мен жауаптары

  1. Компьютердің қандай құрылғысы ақпарат сақтау үшін қолданылады? (Жад)

  2. F(x)= функциясының туындысын тап. (x2 +4х)

  3. Сыртқы құрылғыларды басқаратын арнайы бағдарлама. (драйвер)

  4. Қандай сандардың квадраттары теріс санға тең? (комплекс сандардың)

  5. 1694 жылы Лейбниц Паскальдың идеясын дамытып құрастырған машина атауы. (Арифмометр)

  6. Қабырғасы 1- ге шаршының ауданы неге тең? (1)

  7. Аталған байттар тізбегі? (файл)

  8. Евклидтік емес геометрияның негізін салған орыстың ұлы математигі. (Н.И.Лобачевский)

  9. Windows жұмыс атқара алатын барлық мүмкіндігі? (объект)

  10. Бөлшек сызығын кім енгізді? (Әл – Хассар)

  11. Адам мен компьютер арасындағы қарым-қатынас? (интерфейс)

  12. 0 – ден үлкен сандар (оң сандар)

  13. Компьютердің ақыл – ойы? (процессор)

  14. Квадраттық функцияның графигі. (парабола)

  15. Мәтін дегеніміз не? (жолдар тізбегі)

  16. Геометрияның негізін қалаған гректің ұлы математигі. (Евклид)

  17. Windows сөзінің аудармасы? (терезелер)

  18. Теңдік белгісін кіс енгізді? (Рекорд)

  19. Дискілерді оқу құрылғысы? (диск енгізгіш)

  20. Арифметиканың есептер жинағын құрастырған орыстың ұлы жазушысы. (Л,Н,Толстой)


Жорға турының сұрақтары мен жауаптары

  1. Вирустың кері әсерін жоятын программа? (Антивирус)

  2. Қандай елде бірінші рет шеңберді 360 градусқа бөлді? (Вавилион)

  3. Бос орын қалдыру пернесі? (пробел)

  4. Кері сандардың көбейтіндісі. (1 – ге тең)

  5. ОЖ дегеніміз не және оның түрлері қандай? (Адам және компьютер арасындағы байланысты қамтамасыз ететін жүйелік программа. ОЖ компьютер жұмысын басқарады)

  6. Әрі қиылыспайтын, әрі параллель емес түзулер. (айқас)

  7. Бас меню қалай ашылады және қандай командалалардан тұрады? (Бастау командасы арқылы және мынадай командалалардан тұрады: Программалар, Құжаттар, Анықтама беру, Орындау, Компьютерді қайта жүктеу, Компьютерді өшіру)

  8. Алгебра қандай сөзден шыққан? («Әл – жебр» деген араб сөзінен)

  9. Жұмыс үстелі дегеніміз және оның негізгі объектілері? ( ОЖ жүктелгеннен кейін пайда болған экран және Windows ОЖ негізгі терезесі. Негізгі объектілері: Менің компьютерім, қоржын, менің құжаттарым, желілік орта)

  10. Алгебралық теңдеулерді жете зерттеген белгілі француз математигі. (Франсуа Виет)

  11. Тапсырмалар тақтасы дегеніміз не? (Бастау менюінен кейінгі орналасқан ұзын жолақ)

  12. Жазыңқы бұрыштың шамасы неге тең? (180градус)

  13. Архивтік программа дегеніміз не және оның түрлері қандай? (Үлкен көлемді файлды немесе буманы қысу арқылы көлемін кішірейту. Win RAR, Win Zip, ARJ, PKZIP)

  14. Таңбалар бірдей сандардың көбейтіндісі. (оң сандар)

  15. Стандартты программалар (Блокнот, Калькулятор, Word Pad, Paint)

  16. «Ақын жанды болмасаң, математик те бола алмайсың», - деп кім айтты? (С.В.Ковалевская)

  17. Дыбыс жазу құрылғысы? (микрофон)

  18. Sin2x+Cos2x (1 – ге тең)

  19. Жалпы желіге қосылу үшін қажетті құрылғы (модем)

  20. Египет үшбұрышының қабырғаларын өрнектейтін сандар. (3; 4; 5)


Әділ – қазылар жеңімпазды анықтағанша, біз көрермендермен ойын ұйымдастырамыз.

«Ойымды жалғастыр» сайысы.
1. Жеті жұрттың тілін біл, (жеті түрлі білім іл)
2. Білекті бірді жығар, (білімді мыңды жығар)
3. Екі жақсы қас болмас, (екі жаман дос болмас)
4. Досыңды үш күн сынама, (үш жыл сына)
5. Жүз сомың болғанша, (жүз досың болсын)
6. Отыз тістен шыққан сөз, (отыз елге тарайды)
7. Білгенің бір тоғыз, (білмегенің тоқсан тоғыз)
8. Бір кісі қазған құдықтан, (мың кісі су ішеді)


Осыменен бұл қызықты тәмәмдасақ,

Бұл жайды айтамыз ба жаман болсақ.

Үйрендік білмегенді осы жолы,

Тағыда үйренеміз аман болсақ.


Тағыда үйренеміз аман болсақ,

Шыңымыз биік болар, білім қусақ.

Өмір деген өнермен үйлеспей?

Жадыратар жанымызды ән тыңдасақ!


«Қазақ елі» әні.

Ең көп ұпай жинаған студент - «Нақты ғылымдар көшбасшысы» атағына ие болады. Құттықтаймыз!



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!