Нәрестелік кезеңнің
психикалық дамуы
Мектеп жасына дейінгі
балалардың психикасының дамуы бір қалыпты болмайды. Мұнда біз бір
жас кезеңдерінің бір шама баяу, бірте-бірте өзгеретіндігін, ескі
психикалық белгілер жойылып, оның орнына жаңа психикалық
белгілердің пайда бола бастайтынын байқап, кейде бала неғұрлым тез
секірмелі түрде адам танымастай өзгеріп кететінін
байқаймыз. Баланы туғаннан мектепке
барғанға дейінгі аралықтың өзінде бірнеше дағдарысты кезеңдерден
өтеді. Әр даму кезеңдеріне өткен сайын, бір жастан екінші жасқа
көшу барысында адам үлкен дағдарыстарға
ұшырайды. Дағдарыс – қалыпты емес, «ауытқушылық»
құбылысы, дұрыс емес тәрбиенің нәтижесі. Дағдарыстардың бір қалыпты
кезеңдерден ерекшелігі, ұзаққа созылмайды, бірнеше ай болуы
мүмкін.
Негізінен бала туылғаннан
бастап үлкендерге тәуелді.
Үлкендер деп отқанымыз өзінің
отбасындағы адамдар әкесі,
анасы,
бауырлары деген
сияқты .Сонымен үлкендер сәбилердің
табиғи қажеттіліктерін қанағаттандырады: тамақтандырады,
шомылдырады, бір жағынан екінші жағына аударады. Үлкендер
балалардың әр түрлі әсерленгіш қажеттілігін де қанағатаныдарыды:
оны қолға алғанда сәби біраз көңілденіп қалады. Далаға шыққанда
үлкендердің көмегімен бала көптеген заттарды байқайды, олардың
қозғалнын көруге , қолын тигізуге, содан кейін ұстауға мүмкіндігі
болады. Үлкендер баланы әлдебір заттық
дүниеге ендіреді, оның назарын заттарға аударып, олармен не істеуге
болатынын сан алуан әдістермен көрнекі көрсетіп, балалардың қимылын
бағыттай отырып, оған қимылды орындауға жиі тікелей
көмектеседі.
Нәрестелік кезең
баланың 2-ші айынан
1
жасынан дейін болады. Ал сол
кезеңде балада түрлі дағдарыстар пайда болады. Ол кезеңде бала
көбінесе қарым- қатынасты талап етіп тұрады, яғни көпшілікте
болғанын қалайды. Белсенді түрде көру және есту
түсініктері қалыптасады. (3- айдан 4 айға дейін). 9-10
айында
балалар көз алдынан көрінбей
кеткен заттарды іздей бастайтын болады, демек ол заттардың
жоғалмағанын, тек басқа бір жерде тұрғанын түсінеді. Шамамен осы
мерзімде затты тани бсатайды. 11 ай шамасында көріп қабылдау туады.
Есі ырықсыз болады
Оның түрлері: эмоциональді,
қимыл-қозғалыс есі. 1 жасқа толғанда бала заттың қасиеттеріне зейін
аударады. Зейіні ырықсыз 1 жастың соңына орай көрнекі- әрекеттік
ойлауы көріне бастайды.9-10 айында бала
ма-
ма па
-па деген сөздерді айтып
бастайды. 2-3 айда балалар таныс және
таныс емес адамдарды ажырата бастайды.
Үш-төрт айлық кезде жармасу
қимылдары дами бастайды. Бала өзін қызықтырған жарқырауық затқа
ұмтылады, оған қолын созады, ұстауға тырысады. Алғашқыда бұл
қимылдар жөнді үйлеспейді: нәресте жиі қателіктер жіберіп, ұстай
алмай қалады. Бірақ біртіндеп қимылдар ұсталынатын заттардың
орнына, көлеміне және түріне орай нақтылана
бастайды. Нәресте туған бойдан алғашқы
тыныс алады, ол әдетте қатты іңгәләумен дүниеге келеді. Бұл сәтке
дейін тыныш күйде жатқан өкпе өз күш- қуатына енеді. Бірінші
демалыстан соң, бірнеше сағат өткеннен кейін нәрестенің біршама
бірқалыпты демалысы орнығады.
Толық жетіліп туған баланы
орташа салмағы шамамен алғанда 3000-нан 3500-ге дейін, бойы
50-52см. Аралығында өзгерістер болуы мүмкін. Бастың шеңбері орташа
32-34 см/ге. Ал кеуденің шеңбері 30-32 см/ге тең
болады.
Сәбидің алғашқы жылғы
өмірінде ас қорыту органдарының қызметі шектеулі болуына байланысты
тамақтану мен ас қорыту тез бұзылады, сондықтан оны дұрыс
тамақтандыру қажет. Жаңа туған баланың бұлшық еті
біршама әлсіз жетілген, оның салмағы ұлғайған сайын бұлшық ет
талшықтары да толысып жетіле түседі.
Түйсігі арқылы есту, 3-4 –ші
айда көру шоғырланады. "Жандану
кешені" балада алғашқы
қарым-қатынасқа деген әлеуметтік қажеттіліктің пайда болғанын
білдіреді.Мысалы:
бала 5-6
ай шамасында үстел үстіндегі
затқа қарай ұмтылып,
оны алуға
тырысады.
Жандану кешеніне бір мысал
айта кететін болсақ,
бала өзінің анасын көргенде
қуанып күледі.
Сол кезде балада жандану
комплексі қалыптасады .
2-ші айдың аяғында 3-ші айдың
басында жандану кешені байқалады. Мұның пайда болу себебі үлкендер
баланы барлық қажеттіліктерімен қамтамасыз етіп, мейірімділікпен
еркелетсе анық көрінеді. Жағымды сезім тудырушы әсіресе өзінің ең
жақын адамдары, анасына деген сүйіспеншілік, ықылас ниетінен сезімі
жақсы көреді. Ол күлсе күледі, бетін басып жыласа, қоса жылайды.
Сондай-ақ айналасындағылардың талап тілектерін орындау негізінде де
байқалады.
Дәмді сезіну кезінде бала
тәттіні ынталана сорады,
ал керісінше қышқыл мен ащыға
бет-
аузын
тыжырайтады,
соруын
қояды,
жылайды.
Жаңа туғандардың иіс сезімі
дәмге қарағанда едәуір нашар
жетілген,
алайда өмірінің бірінші
аптасында балалар иіске белгілі әсер
етеді,
мұны баланың
қимылынан,
дем алысы
мен қозғалысынан байқауға
болады.Нәресте
2-3
аптадан кейін орташа дыбыс пен
қатты дыбысты,
қозғалысты
байқайды.
Нәресте туғанда әрине оған
айтқанды түсінеді, тыңдайды. Нәресте бір айдың аяғында жай емес
заттарға көңіл аударады. Нәресте 2-3 айдан кейін анасының
белгілерін байқап, онымен қатынаста бола бастайды. Нәресте 6 ай
болғанда тітіркену «бұл не?» «онымен не істеуге болады?» ауысады.
Енді бала тек затты емес, оның сынын, оның әсерін реттейді және ол
бір уақытта кей затқа зейінін шоғырландырады. Мысалы: жай ғана
пластмас ыдыс беріп, оның жанына бір ойыншық берсек, оны сол ыдысқа
салып, қайтадан шығарып отырады.
Бала бастапқы кезде өзі
анасымен бірге ойнаған қуыршақты тербетеді, ал оған ұқсас басқа
ойыншықтармен мұндай қимыл әрекет жасай алмайды. Соған қарамастан
жыл соңында бала адамзаттың заттар әлемін тани бастайды және оларды
дұрыс қолдануды игере бастайды. Әрекеттердің әр түрлілігі оны
қоршаған объектілердің жаңа қырларын ашуға мүмкіндік береді.
Қоршаған ортаға бейімделгенде ол «мынау не» деп қана қоймай
«мұнымен не істеуге болады» деген қызығушылықтар таныта
бастайды.
Қабылдау және әрекет
нәрестелік кезеңдегі көрнекі амалдық ойлаудың алғашқы негізін
қалаушы баспалдақ. 1 жылдың ішінде бала шеше алатын танымдық
әрекеттер, бастапқыда қабылдау содан соң белсенді әрекет күрделене
түседі. Жетістіктерге жету үшін бала көру және қателесу әдісімен
әрекет етеді. Айта кететін болсақ жастық астына қойылған ойыншықты
іздеу кезінде ол алдымен көзіне түскен жастықтың барлығын аудара
бастайды. Бірінші жылының соңында бала күрделі ойын әрекетіне ене
бастайды. Бұл кейбір психологтарға шартты түрде болса, нәрестелік
кезеңде зат туралы ұғымның қалыптаса бастағандығы туралы айтуларына
мүмкіндік береді.
Бала анасын көрген кезде
танып, қуана бастаған кезде (нәрестелік шақ жас кезеңі ретінде осы
кезеңнен басталады), ол басқа да жақын адамдарын көрген кезде күліп
танымайтын үлкен адамдарды көргенде жылайды. Егерде таныс емес адам
өзінің жылы қатынасын білдіріп, баламен сөйлесіп оған қарап күлсе
бала да оған күліп қуанады .7-8 айда таныс емес адамдарды көрген
кездегі алаңдаушылық күшейе түседі. Әсіресе балалар таныс емес
адаммен жеке қалып қоюдан қорқады. Мұндай жағдайда теріс қарап
еңбектеп, жаңа көрген адамына көңіл бөлмеуге тырысады, ал
кейбіреулері жатырқап жылайды.