Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
«Нарыннан шыққан батырлар»
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Ашық тәрбие сағатының тақырыбы: «Нарыннан шыққан батырлар»
Мақсаты: Оқушыларды отансүйгіштікке, патриотизмге тәрбиелеу және Жеңіс салтанатын көре алмай кеткен боздақтардың, бүгінде саны азайып қалған майдангерлердің рухына бас ие отырып, Отанын қорғауға, ерлік істеріне тағзым етуге, батыл да батыр ержүрек болуға үйрету;
Білімділік:Ұлы отан соғысы жылдарында шайқас болған жерлерді картадан таба білу, ерлік көрсеткен, жерлес Кеңес Одағының Батырларының ерліктерімен таныстыру, батырлар туралы мағлұмат беру.
Дамытушылық:Ұлы Отан соғысына байланысты материалдарды оқып ізденуге, батырлар ерліктеріне баға беруге, қорытынды жасай білуге дағдыландыру.
Тәрбиелік:Оқушылар бойында адамгершілік, патриоттық сезімдер қалыптастыруарқылы отанын сүюге және қорғауға тәрбиелеу. Батырларға тағзым етуге, құрметтеуге үйрету.
Көрнекілігі:ССРО- Германия соғысының батырларының суреттері, ерлік туралы нақыл сөздер, 1941-1945 жылдардағы жерлестеріміз туралы буклет.
Тәрбие сағатының өту барысы.
(Левитананың соғысты радиодан хабарлауы)
Оқытушы: Осы сорақы хабардан кейін, Кеңес Одағын дүр сілкіндірген от ауызды, қанды шайқас басталды. 1941 жылдың 22- маусымында қанқұйлы фашизмнің қара бұлттай қаптаған қолы Кеңес Одағының тыныштығын бұзды. Бұл соғысқа Қазақстанның 1 млн 196 164 адамы қатысты, соның ішінде біздің осы Бөкей ордасы ауданы бойынша майданға аттанғандарда аз емес.
Міне, бүгінгі «Нарыннан шыққан батырлар» атты тәрбие сағатымыз елі үшін қасық қанын сарп еткен, Отан үшін ойланбастан өзін құрбан еткен батыл да, батыр жерлес аталарымыз бен апаларымыз жайында болмақ.Тәрбие сағатымызды бастамас бұрын:
Екі қолмен шоқ көсеп ойнағандар,
Кеудесін оққа төсеп лаулағандар
Бір сәтке сол ерлерді еске алайық,
Жеңіс тойын 70 жыл тойлағандар.
Сонау сұрапыл жылдары Жеңіс күнін жақындатуға атсалысқан жандарды 1 минут үнсіздікпен еске алайық.
Ән: «Катюша» орындайтын: Маратова Алтынай
Оқытушы: «Тарих беті шежірелі сыр шертеді» деп ендігі кезекте жерлестеріміз жайында сыр шертейік.
Хиуаз ДоспановаЖасынан ұшқыш болуды армандаған қазақ қызы Хиуаз Доспанова Мәскеуден Қиыр Шығысқа қонбай ұшқан Марина Расковаға еліктеп, ұшқыш болуға біржола бел байлайды. Сөйтіп, Орал қаласының № 1 мектебінде оқып жүріп, қаладағы аэроклубқа жазылады, ұшқыш деген куәлік те алып шығады.
Ұлы Отан соғысы басталғанда, Хиуаз соғысқа сұранады. Саратов әскери-әуе училищесіне оқуға жіберіледі. Мұнда әуе штурманы класын бітірген ұшқыш қыз, 1942 жылы тарихта тұңғыш рет құрылған түнгі мезгілде жау позицияларын бомбалайтын, әйелдер автополкінің құрамына майданға аттанады. 300-ден астам әскери ұшу жасап, жаудың объектілерін бомбалайды, жаудын адам күші мен техникасын шығынға ұшыратып отырады.
Соғыстан кейін Орал облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы қызметтерін атқарады.
2004 жылы Х.Доспановаға «Халық Қаһарманы» атағы берілді.
2008 жылы мамырда Алматы қаласында дүниеден өтті.
Мәметова Мәншүк Жеңсікәліқызы 1922 жылы Батыс Қазақстан облысы, Орда ауданы, Жасқұс ауылында жүниеге келген. Мәншүктің жастық шағы Орал қаласында өткен.Мәншүк 1942 жылдың тамыз айынан майдандағы армия қатарында болды. Ол үздік пулеметші атанды.
21-гвардиялық атқыштар дивизиясының пулеметшісі, гвардия аға сержанты М.Мәметова Псков облысының Невель қаласын қорғаудағы кескілескен шайқаста қаза болды.
1944 жылдың 1 наурызында оған Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.Ленин орденімен марапатталған.
Қазақ халқының батыр қызын халқымыз зор құрметпен есте сақтайды. Ержүрек қызға Жәнібек, Орда кенттерінде, Невель және Орал қалаларында ескерткіш, ал Алматыда – мемориалдық тақта орнатылған. Алматы, Орал, Невель және Қызылорда қалаларында оның атнында көше бар, сондай-ақ оның аты мектепке де берілген. Алматыда ескі алаңда М.Мәметова мен Ә.Молдағұловаға обелиск-ескерткіш орнатылған.
Көрініс «Мәншүк»
Масин Темір Жантекеұлы 1907 жылы Батыс қазақстан облысы Орда ауданы Орда ауылында дүниеге келген.
Соғысының 1-ші күнінен бастап-ақ майданға аттанған, 1941 жылдың шілдесінен 1945 жылға дейін қатардағы жауынгерден майорға дейін көтеріліп, әскери жолдан өткен.
Жауынгерлік тапсырманы үлгілі орындағаны үшін Т.Ж.Масинге 1945 жылды 24 наурызында кеңес Одағының Батыры атағы берілді.
Ленин, жауынгерлік Қызыл Ту, Даңқ ордендерімен, медальдармен марапатталған.
1945 жылдың шілдесінде гвардия майоры Т.Масин бейбіт еңбекке оралды. Ол Тайпақ аудандық партия комитетінің екінші хатшысы болып сайланды.
1947 жылдың маусымында даланы өрт шарпыды. Адамдардың өлімімен халық мүлкінің шығыны болдырмау үшін барлық күш пен техника жұмылдыра отырып, өртпен аянбай күресті. Өрт сөндірілді, бірақ Т.Масиннің өзі адамдарды құтқара жүріп, ауыр күйік алды, 1947 жылдың 8 тамызында қайтыс болды.
Батыр Орал қаласының орталығында жерленген, оның қабірінде ескерткіш орнатылған. Қалада оның атында көше бар. Тайпақ ауданының Базартөбе ауылында батырдың бюсті, Ордада орта мектеп ғимаратында мемориалдық тақта орнатылған.
Хұсайынов Ахмедияр Дәуленұлы 1924 жылы Батыс Қазақстан облысы, Орда ауданы, Орда ауылында дүниеге келген.
1942 жылдың шідесінде Кеңес Армиясының қатарына шақырылып, Сталинградты қорғауға, Ростов үшін болған шайқастарға қатысады. Бір ұрыс кезінде ол автоматпен жаудың 30 солдатын жояды, одан кейінде бірнеше рет ерлік көрсетеді.
Мелитополь қаласын фашистерден азат етудегі көрсеткен ерлігі үшін оған 1943 жылы 1 қарашада Кеңес Одағының Батыры атағы беріледі.
Ленин, Отан соғысы ордендерімен, «Қазақ» КСР-і халық ағарту ісінің үздігі белгісімен марапатталған.
Соғыстан кейін А.Хұсайынов Алматы мемлекеттік педагогикалық институтын бітіріп, педагогтық қызметке араласты. Мектеп директоры, аудандық оқу бөлімінің меңгерушісі, Фурманов аудандық атқару комитеті төрағасының орынбасары болып жұмыс істеді. Соңғы жылдары Орал қаласында тұрды.
1986 жылы 5 мамырда қайтыс болды.
Орда ауданында орта мектепке және Орал қаласындағы көшелердің біріне А.Хұсайынов аты берілген.
Өлең «Борыштымыз» оқитын: Муханбетжанова Айкерім
Оқытушы: Жеңіс күні бар әлемге әйгілі,
Көктем, шуақ тоғызыншы май күні.
Айтшы, кәне, біздің жеңіс шеруі
Кездейсоқпа көктемге сай келуі?!
Біздің осы жеңісіміз көктем боп,
Көңілдерге шұғыласын төккен көп.
Сонау жылы тоғызыншы май күні
Алмастырған қуанышқа қайғыны - осындай бақытты күнді елі мен жері үшін арыстандай алысқан жеңімпаздар жауынгерлер біз үшін келер ұрпақ үшін сыйлайды. Сондықтанда бұл күні барлығымыз мерт болған қаһармандардың ерлік рухына бас иіп, көзі тірі ардагерлерімізге құрмет көрсету біздің азаматтық борышымыз.
Ән «Кестелі орамал» орындайтын: Нуркатова Алина
Шынында бұл-оралған мыңнан бірің.
Бақ нұрына жүзіңді жуған күнің
Жеңіс күні-өзіңдей көзі тірі
Майдангерлер бәріңнің туған күнің- демекші ендігі кезекте ауданымызда соғысты өз көздерімен көрген, жаудың бетіне қайсарлы тіке қараған, көздері тірі ер-жүрек батыр аталарымыздың өмірбаянына тоқталсақ.
Жұмағалиев Нәсіпқали – Соғыс және еңбек ардагері. 25.10.1926 ж. Орал облысы, Орда ауданы, Талап ауылында дүниеге келген. Білімі арнаулы орта, мамандығы мал дәрігері. 1942-44 жылдары «Жетекші» колхозында жылқышы болған.1944-1945 жылдары Чкалов облысы, Чкалов қаласында 165-ші атқыштар полкінде атқыш. 1945-1946 жылдары 3-ші Беларусь майданында 142-ші атқыштар полкінде атқыш. 1946ж. маусымы мен 1946 жылдың қыркүйегі аралығында Карелфин ССР, Лакденпохья қаласында дербес оқу батальонында курсант. 1946-1948ж. Карелфин ССР, Петрозаводск қаласында округ басқармасының 62-ші дербес күзет ротасының атқышы. 1948-1950 жылдары Карелфин ССР, Медвежьегорск қаласында №12430 әскери бөлімінің атқышы. 1952-60 жж. Ноғайбай, Сайқын ауылдарында клуб, қызыл отау меңгерушісі, кітапханашы. 1962-87 жж. М.Мәметова кеңшарында веттехник, Күйгенкөл кеңшарында ферма меңгерушісі, Орда кеңшарында веттехник болған. 1987 жылдан зейнеткер.
«За отвагу», «За взятие Берлина», «За победу над Германии», «Совет армиясының 20 және 30 жылдығы» , Қазақстан Республикасының 10 жылдығы, Ұлы Отан соғысының Жеңіс жылдарына байланысты медальдарымен марапатталған.
Қазіргі таңда Бөкей ордасы ауданы, Хан ордасы ауылының тұрғыны
Нарболов Камал Юсупұлы– Соғыс және еңбек ардагері. 01.01.1924 жылы Орал облысы, Орда ауданы, Талап ауылында дүниеге келген. Білімі арнаулы орта, мамандығы зоотехник. 1941-42 жылдары «Жетекші» колхозында колхозшы болған.
Әскерге 1942 жылдың қазан айында шақырылған. Соғыста Тынық мұхиты флотының 13,14 гвардия бригадасының 502-минометшілер дивизиясында болған. 1945 ж. тамыз айында Жапон соғысының «Сейсен» операциясына қатысқан. 1945 ж. тамыз айында қолдан, аяқтан жарақат алған. Содан 6 ай госпитальда Польшада болған. 1947-50 жж. Талап 7 жылдық мектебінде мұғалім, 1951 ж. Орда аудандық партия комитетінің нұсқаушысы, 1951-52 жж. Азғыр орта мектебінің мұғалімі, 1952-66 жж. Жәнібек механизациялау мектебінің курсанты, инструктор. 1966-68 жж. Орда кеңшарының қауіпсіздік техникасын сақтау инженері, 1988 жылдан зейнеткер.
«За отвагу», «За взятие Берлина», «За боевые заслуги», «Маршал Жуков», «Адмирал Кузнецов», «Совет армиясының 20 және 30 жылдығы» , «Қазақстан Республикасының 10 жылдығы», «Жапонияны жеңгені үшін», Ұлы Отан соғысының Жеңіс жылдарына байланысты медальдарымен марапатталған.
Қазіргі таңда Бөкей ордасы ауданы, Сайқын ауылының тұрғыны
Сисенғалиев Қалмияр – Соғыс және еңбек ардагері. 01.01.1926 жылы жылы Орал облысы, Орда ауданы, Қарғалы ауылдық кеңшарында дүниеге келген. 1931 жылы Аймекен бастауыш мектебіне барып, 1942 жылы 7 сыныбын бітірген.
1944 жылы қараша айында әскер қатарына алынып, Чкалов қаласында екі ай дайындықтан өтіп,соғысқа аттанған. 3- Белорусь майданының 169-дивизиясының 360- атқыштар полкінде болған. Польшадан Белосток қаласына, одан Германияның орталық қаласы Берлинді азат етуге қатысқан. 1950 жылы елге оралған. Елге оралған соң есепші болып жұмыс жасаған. 1951 жылы ветеринарлық техникумға түсіп, 1963 жылы бітіріп шыққан. Одан кейін ауыл шаруашылығы институтын бітірген. Веттехник болып жұмыс жасай жүріп, 1986 жылы зейнеткерлікке шыққан.
«За отвагу», «За взятие Берлина» «Совет армиясының 20 және 30 жылдығы» «Қазақстан Республикасының 10 жылдығы», «ІІ дәрежелі» Отан соғысының ордені, «Еңбек ардагері» Ұлы Отан соғысының Жеңіс жылдарына байланысты медальдарымен марапатталған.
Қазіргі таңдаБөкей ордасы ауданы, Бисен ауылының тұрғыны.
Оқытушы: Ешкім де, еш нәрсе де ұмытылмайды. Отан үшін ерлікпен қаза тапқандарды ел әр уақытта есінде сақтайды. Өйткені олар біздің бақытымызды қорғады. Отан үшін, ел үшін құрбан болды. Отанымыздың даңқы – ерлік пен қаһармандықтың даңқы. Біз олардың жүріп өткен ерлікке толы жолдарын, азаттық үшін күрескен ерлері мен батырларын ешқашан ұмытпаймыз. Олардың есімі ел есінде мәңгі сақталады. Ұмытылмас тұлғалардың бейнесі біздің көкейімізді ұялап, мәңгі қала бермек деген ниетпен батыр аталарымыз бен апаларымыздың құрметіне ауданымыздағы мектептер мен көшелерге батырлардың есімдері берілді.
Жерлес ардагер ақынымыз Нұрхат Шәріпқалидің сөзіне жазылған Ән: «Арман бар» орындайтын: Нуркатова Алина, Габыл-Манапов Рафхат
Қорытынды сөз
Ешқашанда жауынгер ерлігі мен жеңісті еңбегімен соққан еңбекшінің ерен ерліктері ұмытылмайды. Сол сұрапыл соғыста батырларымыздың сақтап қалған байтақ жеріміз бүгінгі күні дүние жүзі таныған, әлем мойындаған мемлекет болып қалуы біз үшін үлкен мақтаныш, жетістік. Бүгінде біздің азаматтық міндетіміз – болашақ ұрпақты Отанын сүюге, елінің, жерінің адал патриоттары, достық пен бірлік туралы түсінік беру арқылы отансүйгіштікке тәрбиелеу. Қазір Республикамыздың дүние жүзінің алдыңғы қатарындағы мемлекеттердің бірі болып, ең бастысы, елімізде бейбітшілік пен ынтымақтың өріс алып, халқымыздың тыныштықта бейбіт өмір сүріп келе жатуы - тұңғыш президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың адал да ұтымды тактикасының, үлкен парасат пен биік талғамының арқасында. Сондықтан біз, ХХІ ғасыр жастары, осындай байтақ елде тұрып жатқанымызға бақыттымыз- деп ашық тәрбие сағатымызды аяқтаймыз!