Материалдар / Нарық, аймақ трендтері. Саланың трендтері
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Нарық, аймақ трендтері. Саланың трендтері

Материал туралы қысқаша түсінік
Нарық, аймақ трендтері. Саланың трендтері туралы ақпарат беріледі.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
13 Қаңтар 2023
1994
6 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

6 лекция. Тақырыбы:Нарық, аймақ трендтері. Саланың трендтері

    1. «Икигай» дегеніміз не?

    2. Бизнес-идея дегеніміз не?

    3. Нарық трендтері;

    4. Бизнес-идеялар генерациясы;

    5. Өзіндік жұмыстың тапсырмасы.

    6. Бизнестің салалық ерекшеліктері;

    7. Smell Test;

Shape1 Сіздер кәсіпкерлердің басқа адамдардан айырмашылығы қандай екенін және кәсіп- керліктің не екенін білесіздер. Өткен са- бақта сіздер командаға бөліндіңіздер, енді сіз өз өміріңіздегі бірінші бизнес-жобаға кірісуге дайынсыз. Кез келген іс бизнес- идеядан басталады. Бүгін біз дәл осы биз- нес-идея туралы әңгімелесетін боламыз. Бірақ алдымен біз «икигай» деген ұғымды талқылаймыз.

Икигай – өзіңнің күнделікті істеріңе қа- нағаттану және риза болу. Бұл өнерді кез келген адам үйрене алады деп санайды

«Шағын икигай кітабының» авторы, ней- робиолог және жазушы Кен Моги. Жа- понның «икигай» деген сөзі «өмірдің мәні» деп аударылады. Ол екі сөзден тұрады

  • «ики» (тірі) және «гай» (себеп) – бұл әр адамның күнде ояна сала ұмтылатын ісі. Сізде бар көңіліңіз бен күш-қуатыңызды талап ететін өз бизнесіңіз бар деп елес- тетіп көріңіз. Бұл сізге көп уақытыңызды жұмсауға тура келетін іс. Егер сіз одан ләззат алмасаңыз, сіздің бизнес-жобаңыз сіз үшін бейнет пен әурешілік көзі болады. Сол себепті өз ісіңізге құмартуыңыз – өте маңызды, сіз өзіңізбен айналысудан күнде ләззат алуыңыз, онымен айналысқан сай- ын дамып, өсіп-өркендеп, өз ісіңіздің ше- бері болуыңыз үшін стимул болуы қажет.

Икигай өміріңізге мақсат береді және оған қол жеткізуге күш береді. Солтүстік Жа- понияның Сендай қаласындағы Тохоку

университетінің медицина факультетінің зерттеу нәтижелері бойынша икигай алған адамдар ұзақ өмір сүреді, олардың ден- саулығы мықты және олар кәсіби және жеке өмірінде үлкен жетістіктерге жетті. Оған қарапайым түсініктеме беруге бола- ды: өмірінің мәнін тапқан және өзінің сүй- ікті ісімен айналысып жүрген адамдар өз денсаулығына ұқыпты қарайды, зиянды әдеттерден арылады, көтеріңкі көңіл-күй- де жүреді әрі сирек қамығады. Сондықтан ұзақ және мағыналы өмір сүргісі келетін әрбір адам үшін өзіне ұнайтын істі таба білу маңызды. Сіздің өміріңізде икигай пайда болуы үшін, бес қарапайым ережені орындау керек.

  1. Шағын істен бастау

Жапонның атақты бас аспазы Дзиро өте кедей отбасында дүниеге келген және бастауыш мектепте оқып жүргенде ол кешкі уақытта мейрамханада жұмыс істейтін. Кейін, өзінің бірінші суши-барын ашқан кезде ол өз алдына әлемдегі ең үздік және таңдаулы мекеме құрсам де- ген мақсат қойған жоқ. Ол небары нәпақа табу үшін өзінің дағдыларын қолданды. Өйткені, суши-барға бар керегі ең қара- пайым ас үй бұйымдары мен қарапайым заттар ғана керек еді. Ол бірте-бірте өз дағдыларын, жабдықтар мен интерьерді жетілдірді. Бүгінде оның мейрамханасы Жапониядағы және тіпті әлемдегі ең үздік мейрамханалардың бірі болып саналады.


Shape2 Бас аспаз өз ісіне асықпай, бірте-бірте ұсақ жақсартулар енгізіп отырды, ол үлкен істі ұсақ-түйек істермен бастау керек екенін жақсы түсінді.

Шағын істен бастау – өз өміріңе шағын өзгерістер енгізу деген сөз, ал олар бір- те-бірте өміріңе оң өзгерістер жасайды: таңертең ерте тұру, дене шынықтыруға немесе қызықты хоббиге күніне бір сағат уақыт бөлу, денсаулыққа пайдалы тамақ дайындау және т.б.

  1. Өзін-өзі босаңсыту

Жас бала қамсыз болады және оған әлі әлеуметтік ауыртпалық жүктелмеген. Бала ешқандай мамандықтың немесе әлеу- меттік дәреженің талаптарымен байлан- баған. Басқаша айтқанда, икигайға қол жеткізу үшін өз-өзіңді қабылдап, босату керек, іштегі сезімді оятып, айналасын- дағылардың пікірінен азат, батыл және тәуелсіз болуды үйрену керек.

  1. Үйлесімділік пен тұрақтылыққа қол жеткізу

Икигайға қол жеткізу үшін қоршаған орта- мен, айналадағы адамдармен және жалпы қоғаммен тікелей үйлесімді қарым-қаты- нас орнату қажет, онсыз тұрақтылыққа ұмтылу мүмкін емес. Жеке амбициялар әрқашан қоғам мен қоршаған ортаның жағдайына қарап қанағаттанады. Егер олар салауатты болмаса, сіз өз мақсатта- рыңызға қол жеткізе алмайсыз және өз жоспарларыңызды жүзеге асыра алмай- сыз. Басқаша айтқанда, басқа адамдарды, табиғат пен қоршаған әлемді жадыңда мықтап ұстай отырып өз арманыңа бет алуға болады. Оларға зиян келтіріп, ики- гайға қол жеткізу мүмкін емес.

  1. Ұсақ-түйекке қуану

Бақыт тек (сәттілік, ұлы мақсатқа қызмет ету) ұлы істерден және (жоғары жалақы

және үлкен үй) материалдық заттардан тұрмайды. Күнделікті бақыт ұсақ-түйек- терден тұрады: дәмді таңғы ас, шуақты күн, концертке бару немесе велосипедпен кешке серуендеу мүмкіндігі. Сізге қанағат сыйлайтын заттарды атап, оларға шынайы қуана отырып, осы ұсақ-түйектер үшін тағдырға ризашылық білдіріңіздер.

  1. Бүгінгі күнмен өмір сүру

Бүгінгі күнмен өмір сүру ұсақ-түйектерге қуана білу және өзін-өзі босата білуге ті- келей байланысты. Оған қоса, бүгінгі күн- мен өмір сүру біз осыған дейін айтып өт- кен ағынды күйге ұқсас күй. Ағынды күй және «бүгінгі күнмен өмір сүру» – адам- ның өзі ісіне жантәнімен берілгендігі сон- шалықты, басқа нәрселерге мән бермеуін білдіреді. Ол өз жұмысынан ләззат алады және ол мақсатқа жету құралы емес, жеке Өзіндік мақсат болып табылады. Яғни, сіз табыс табу үшін жұмыс істемейсіз, сіз ол істен ләззат аласыз, дамып-жетілесіз, өз мақсаттарыңызға қол жеткізесіз және әлемді жақсартасыз.

Қорыта келе, табысты бизнесмен болу үшін ең бастысы – өз істеріңізден ләззат алу, шағын істерден бастау керек, өзіңді бола- шақта қандай дәрежеде көргің ке- летінін елестетіп, осы жағдайға әкелетін ұсақ іс-әрекеттер жасаудан бастау керек; стереотиптерден аулақ болып, өз қала- уың мен наным-сенімдеріңді ұстану; қор- шаған ортаға зиян келтірмеу және басқа адамдарға және олардың қажеттіліктері- не құрметпен қарау; ұсақ-түйекке қуана білу және олардан ләззат алу; ағынды күйде болуға тырысу және әртүрлі ішкі және сыртқы стимулдар арқылы өз-өзіңді осы күйге қайтаруға күш салу.

Ал енді өзіңіз жүзеге асыра алатын биз- нес-идеяны іздеуге кірісейік.


  1. БИЗНЕС-ИДЕЯ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

Бизнес-идея болжамды бизнестің қысқа әрі нақты анықталуы. Өз бизнесіңізді бастау үшін сіз немен айналысқыңыз ке- летінін анықтап алуыңыз керек. Жобаның табыстылығы оның негізінде қандай биз- нес-идея жатқанына тікелей байланысты.

Бизнес-идея:
  • тұтынушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыруытиіс;

  • табыс әкелуі тиіс;

  • кәсіпкерге моральдық қанағат әкелуі тиіс.

Мыңдаған идеялар бар, олардың ондаға- ны жүзеге асырылады, ал табысқа бір- лі-жарымы жетеді. Табысты идеяны іздеу және таңдау құпиясы неде?

Бизнеске арналған идеяларды таңдау ережелері

Бірінші ереже. Идея көп болуы керек. Идея- ның көп болуы әрқайсысының ерекше екенін, біреуі екіншісінен перспектива- лы екенін, әртүрлі ресурстарды қажет ететінін білдіреді, осының бәрі олардың арасынан басым тұрғанын таңдап алуға мүмкіндік береді.

Екінші ереже. Идея бизнес бастамашысы үшін түсінікті қызмет саласынан болуы тиіс. Кәсіпкер өзінің құзыреттілігі жоқ са- лалардағы жобалармен айналысса – та- бысқа жету мүмкіндігі бірнеше есе төмен- дейді.

Үшінші ереже. Идея қызықты болуы ке- рек. Бизнес бастағанда кәсіпкер әдетте өзінің барлық уақытын – жұмыс уақытын және бос уақытын толық жобаға арнайды. Сондықтан қызықсыз жоба кәсіпкерді мо- ральдық қанағаттандырмайды.

Төртінші ереже. Идея бір-екі сөйлеммен ғана құрылуы тиіс. Тым күрделі және ұзақ түсініктемелер әлсіз және өңделмеген идеяны білдіреді.



Біріншіден бизнеске оның негізін қалаушы бизнесті идеядан ақиқатқа айналдыру үшін жасайтын қадамдар жүйесі ретінде қарап көрейік.

Бірінші қадам нишаны таңдау. Ол үшін кәсіпкер мынадай сұрақтарға жауап бе- реді:

«Мен нақты немен айналысқым келеді?». Бизнес үшін ниша таңдау – алғашқы әрі өте маңызды қадам. Өйткені, сізге өз ісіңіз- бен жылдар бойы күн сайын, кем дегенде 8 сағаттап айналысуға тура келеді. Егер сізді өз жұмысыңыз қанағаттандырмаса, сізде оны орындауға мотивация болмай- ды. Ал мотивациясыз прогресс болмайды.

Абай Құнанбаевтың мынадай белгілі нақыл сөздері бар: «Өзіңе сен, өзіңді алып шығар, еңбегің мен ақылың екі жақтап», сонымен қатар кең таралған тағы бір нақыл сөз бар:

«Өзіңді таны, бұл – қызық! Өзіңді таныт, ол да – қажет. Өзіңді жетілдір, бұл – қо- лыңнан келеді! Өзіңді көрсет, ол – лай- ықты іс!». Неге бәрі өзін танудан баста- лады? Өйткені өзін- өзі танымай бизнесті жүзеге асыру мүмкін емес. Өзіңізге былай деп сұрақ қойыңыз:

«Мен не істей аламын?», «Менің не істегім келеді?». Егер нишаны таңдау сіздің ішкі қажеттіліктеріңіз бен жеке тұлға ретіндегі қызығушылығыңызға сәйкес келмесе, сіз өз ісіңізге толығымен беріле алмайсыз, жұмыстан ләззат ала алмайсыз, өз коман- даңыздың қалған мүшелерін ынталанды- ра алмайсыз. Бұл жөнінде Міржақып Ду- латұлы:

«Салт-сананың негізі – елдің қолданған кәсібінде» деген екен.

Бизнестің бұлжымайтын заңы бар: тек бірегей бизнес табысты болады. Әйтпе- се, сізді бәсекелестер жұтып қояды. Кез келген аспект – сіздің өзіңіз өз көзқара-


Shape3 сыңызбен, құзыретіңізбен, идеяларыңыз- бен және т.б., сіздің өніміңіз немесе сіздің қызметтеріңіз – бірегей болуы мүмкін (мысалы, сіз басқа наубайханалар сияқты нан пісіресіз, бірақ сізде ыстық кофе ішу- ге болатын үстелдер бар). Бірақ бірегейлік мотивация болса ғана келеді. Егер сіз сүй- ікті іспен айналыссаңыз және оны дамы- туға ниет білдірсеңіз, сіз әрқашан бірегей болуға мүмкіндік таба аласыз. Мотивация болмаған кезде сіз әдетті іс-қимылдарды бір сарынды орындап, үйге қайту үшін жұ- мыс күнінің аяқталғанын күтетін боласыз.

Ниша табылған кезде, келесі қадамды

«өзіңді танытуды» бастауға болады. Яғни, сіздің бизнесіңіз табысты болу үшін сізге қандай дағдылар қажет екенін анықтау керек. Мүмкін сіз өз қолыңызбен бір нәр- се жасап үйренерсіз, мүмкін, сауда жасай- сыз, суретке түсіресіз, жарнама жасайсыз,


  1. НАРЫҚ ТРЕНДТЕРІ

Біз бизнес-идея клиенттердің қажеттілік- терін қанағаттандыруға тиіс деп айттық. Қазіргі тұтынушыларда қандай қажет- тіліктер бар?

Қазіргі нарықтың басты тренді клиентке бағдарлану.

Клиентке бағдарлану – сатып алушы- ның (клиенттің) мүдделерін басқалардан жоғары қою. Нарықтық экономика на- рықтағы жоғары бәсекелестікті тудыр- ды, ал жоғары бәсекелестік менеджмент сатуды ұлғайту үшін ресурстарды ізде- уге итермеледі. Тұтыну қоғамының да- муымен, клиент қалаған тауарды алып қана қоймай, оны барынша жайлылық пен ыңғайлылықпен жасағысы келді. Әри- не, адамдар, олардың пікірінше, өздеріне жақсы қарым-қатынас жасаған компания- ларды таңдайды. Клиентке бағытталған бизнес ұзақ мерзімді перспективаға есеп- телген және иесіне тұрақты табыс әке- леді. Компания жылдам табыс таба ма,

командаға қажетті адамдарды жинайсыз және т.б. Сізге қандай дағдылар қажет екенін түсіне отырып, оларды дамытуды бастауға болады.

Сізге өзіңіздің күшті және әлсіз жақта- рыңызды зерттеу керек. Оған жұмсалған уақыт мың есе өтеледі және тиімді биз- нес-шешімдер туғызады. Сондықтан, бұл кезеңде бірнеше сағат бөліп, қағаз бен қалам алып өз кемшіліктеріңіз бен ар- тықшылықтарыңыздың кестесін құрыңыз.

«Кемшіліктер» бағанында «Клиенттер- мен сөйлесуді ұнатпаймын», «Кәсіби білім жетіспейді», «Бастапқы капиталды қа- лай тарту керектігін білмеймін» және т.б. жазулар пайда болсын. Сіздің барлық кемшіліктеріңіз – бір жағынан сіздің биз- несіңіз үшін қауіпті. Бірақ егер сіз оларды жақсы білсеңіз, кемшіліктер мүмкіндікке айналады.



әлде ұзақ уақыт тіршілік ететін және да- митын бизнес-жүйені құра ма, осы еке- уінің бірін таңдауы керек.

«Starbucks» желісінің кофеханаларында әрбір тапсырыс берілген стаканда кофеге сіздің атыңызды жазады. Бұл сусынның қожайынын іздеуге көмектесіп қана қой- май, сонымен қатар клиенттің атын атап, сөйлесуге мүмкіндік береді. Ал адамдар- дың өз атын естуге құмар екені анық.

Ініңізді немесе сіңліңізді балаларды да- мыту орталығына апарғаныңызды көз алдыңызға елестетіп көріңізші. Компания әкімшілері сабақ уақытында өз балала- рын күтіп отырған ересектерге интерне- тке қосылған және ересектерге арналған ойындары бар планшеттер береді. Осы- лайша, уақыт байқалмайды, сонымен қатар ыңғайлы және үлкен креслолар ұсынылады.

Мұның бәрі кәсіпкердің клиентке бағыт- талғанын көрсететін мысалдар, кәсіпкер


клиенттің позициясынан қарап, «оның орнына өзін қойып көреді» және оның компаниямен қарым-қатынасын барынша жайлы әрі қолайлы еткісі келеді.

Клиентке бағдарлаудан нарықтың да- мыған логистика сияқты басқа да тренд- тері туындайды. Тауарды сатумен іс аяқталмайды, оны клиентке жеткізіп беру керек. Қаншалықты жылдам әрі ыңғайлы болса, соншалықты тиімді. Нәтижесінде, басқа да тең жағдайларда өз бизнесі үшін неғұрлым да- мыған логистикалық желіні қамтамасыз ете алатын компаниялар бәсе- келестік соғысында жеңеді. Сондықтан за- манауи бизнес өз өнімдерін клиентке жет- кізу нұсқаларын мұқият қарастыруы тиіс. Мейрамханалардың көпшілігінде қазір та- мақ жеткізу қызметі, ұялы қосымша бар, оған қажетті мекен-жайды бір рет енгізіп, үйге дайын тамаққа тапсырыс беруге мүм- кіндік береді. Ірі компаниялар, мысалы, Meloman.kz интернет дүкені клиент өзіне

қолайлысын таңдап алуы үшін әр түрлі жеткізу нұсқаларын ұсынады. Егер сатып алу сомасы көрсетілген шектен асып кет- се, сіздің тапсырысыңыз үйге тегін жет- кізіледі. Егер олай болмаса сіз жеткізуді бөлек төлей аласыз және көрсетілген күн мен уақытта тапсырысыңызды ала ала- сыз. Тапсырысты қайда және қай уақытта жеткізуге болатынын анықтау үшін ку- рьер сізбен алдын ала хабарласады. Егер сіз жеткізу үшін ақы төлегіңіз келмесе, сіз ең жақын «Меломан» бөлшек сауда дүкенін таңдай аласыз және сол жерден тапсырысыңызды ала аласыз. Бұл ретте интернет-дүкенде тауарды сатып алу сіз- ге бөлшек саудамен салыстырғанда ар- занға түседі және оның ассортименті кең, өйткені ол барлық дүкендерден тауарды жинақтайды. Сіз сондай-ақ төлем әдісін де таңдай аласыз қолма-қол ақша, банк картасы және басқалар.


Өткен сабақта сіз түрлі әдістерді қолдана отырып, бизнес-идеяларды қалай жасау- ға болатынын үйрендіңіз. Бұл сабақта біз


1-тапсырма.

таңдаған мамандық шеңберінде бизнестің қандай ерекшеліктері мен түрлері болуы мүмкін екенін анықтауға тырысамыз.

Ол үшін сізге өз бетіңізше кестені толтыру қажет. Кестені толтыра отырып, «Қолда- ныстағы бизнес» бағанында өзіңізге белгілі бизнес мысалдарын көрсету керек. Сіз қа- зақстандық базнесті, сол сияқты шетелдік бизнесті де көрсете аласыз. Өткен сабақта бизнес-идеяларды генерациялай отырып, сіз таңдаған мамандық шеңберінде бизнеске арналған бірнеше қызықты идеялар ойлап тапқан шығарсыз. Егер ойлап таппасаңыз, өт- кен сабақ әдістерін пайдалана отырып қазір ойластырып көріңіз. Өзіңіздің барлық идеяла- рыңызды «Жаңа бизнес» бағанына жазуыңыз керек (3-кесте).


  1. кесте. Қолданыстағы және жаңа бизнестің мысалдары.



Қолданыстағы бизнес

Жаңа бизнес

1. Өз мамандығыңыз бойынша B2В бизнес мысал- дарын көрсетіңіз



2. Өз мамандығыңыз бойынша B2С бизнес мысал- дарын көрсетіңіз



3. Өз мамандығыңыз бойынша IT бизнес мысалда- рын көрсетіңіз



4. Өз мамандығыңыз бойынша сервистік бизнестің мысалдарын көрсетіңіз



5. Өз мамандығыңыз бойынша сауда-саттыққа негізделген бизнес мысалдарын көрсетіңіз



6. Өз мамандығыңыз бойынша өндірістік бизнес мысалдарын көрсетіңіз



7. Өз мамандығыңыз бойынша бизнестің ар- тықшылықтарын көрсетіңіз



8. Өз мамандығыңыз бойынша бизнес кемшілік- терін көрсетіңіз




  1. SMELL TEST

Енді «Жаңа бизнес» бағанында сізде көп- теген идеялар бар. Екінші сабақта өзіңіз жинаған команданың әр мүшесінің де өз идеялары бар. Іске асыру үшін олардың қайсысын таңдау керек? Жүзеге асыруға тұрарлық бизнес-идеяларды жіктеудің және іріктеудің көптеген жолдары бар. Олардың ең қарапайымымен танысайық. Ол сөзбесөз «иісін байқау» деп аударыла- тын Smell Test деп аталады. Өз идеяңыз- ды «иіскеп көріңіз», егер иісі ұнамаса оны өкінбей алып тастаңыз.

Smell Test-тің басты ережесі – ешқандай қосымша зерттеудің қажеті жоқ. Бұл де-

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!