Материалдар / «Нарықтың әр түрлі модельіндегі баға тағайындау ерекшеліктері»
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

«Нарықтың әр түрлі модельіндегі баға тағайындау ерекшеліктері»

Материал туралы қысқаша түсінік
Колледж экономика пәнінің оқытушыларына ашыө сабақ жоспары
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Желтоқсан 2017
739
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІНІҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ«ЖАМБЫЛ ҚАЗАҚ-ТҮРІК ЕСЕП-ЭКОНОМИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ»МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ









БЕКIТЕМIНДиректордың оқу ісі жөніндегі орынбасары______С.С.Құрманбекова «»_____20 ж.





«Нарықтың әр түрлі модельіндегі баға тағайындау ерекшеліктері» тақырыбындағы «Кәсіпорын экономикасы (сала бойынша)» пәнінен ашық сабаққаәдістемелік әзірлеме







«Экономикалық пәндер» ТӘК отырысындақарастырылды.Хаттама _____ ___________ 2016ж.Колледж әдіскері: Тубаева Р.С_________ТӘК төрайымы:_________ Тоқтар Н.АОрындаған: Тоқтар Н.А







Тараз 2016 ж.

Сынып: 3 С2Өткізу мерзімі: 12.10.2016ж Сабақ түрі: тәжірибелік сабақСабақтың типі: топ аралық жарыс сабағыПән: «Кәсіпорын экономикасы (сала бойынша)»Тақырыбы: «Нарықтың әр түрлі модельіндегі баға тағайындау ерекшеліктері»
Сабақ мақсаты:Білімділік:- Көтерме, жіберу, бөлшектік және көтерме-жіберу бағаларын есептеу әдістемесін игеру;- жер, капитал, тұтынушылар, еңбек, халықаралық сауда нарығындағы баға белгілеу ерекшеліктерін қарастыру; - баға маңызы туралы студенттердің жалпы түсінігін құрастыру; - аналитикалық ойлау дағдыларын жаттықтыру; - баға маңызын талқылау кезінде жаңа ақпаратты қабылдау және аргументацияны ұсыну дағдыларын дамыту;- коллективпен жұмыс жасау дағдыларын игеру;- теориялық материалдарды нығайту, сонымен қатар кәсіпорында баға белгілеумен қатысты болған мәселелерді шешу, дағдылық пен ептілікті қалыптастыру.


Тәрбиелік: Білім алушыларды дұрыс шешім табуға үйрету, дербестікпен жауапкершілікке, адамгершілікке тәрбиелеу.


Дамытушылық: Пәнге деген қызығушылығын арттыру, тұжырымдау, логикалық сұрақтар арқылы ой - өрісін, дүниетанымын кеңейту, есте сақтау қабілетін дамыту, білімгерлерді өздігінен білім алу дағдыларын, аналитикалық қасиеттерін дамыту.
Қолданылатын көрнекі және оқытудың техникалық құралдары:слайдтар, есеп карточкалары.Таратылатын материалдар: кеспе қағаздар.Оқыту әдістемесі: командада жұмыс жасау, білім алушының жеке жұмысы































Сабақ жоспары

р/сСабақ барысыУақыт
1Ұйымдастыру кезеңі:10 мин


1.Студенттердің сабаққа қатысуын қадағалау, зейінін сабаққа аудару



2.Аудиторияның жаңа сабаққа дайындығын тексеру

2 Өткен тақырыпты жалпылама қайталау немесе үй тапсырмасын сұрауТақырыбы: Кәсіпорын өніміне баға тағайындауҮй тапсырмасын тақырыпқа байланысты сұрақтар қою. Сұрақтар екі категорияға бөлінген.: біріншісі: «теориялық мәні және мазмұны» категориясы, екіншісі: «формулаға түрлендіру» категориясы)1) «Теориялық мәні және мазмұны» категория сұрақтары:Сұрақ 1. Баға түсінігі және түрлері?Жауабы: Баға дегеніміз- тауар мен қызмет құнының ақшалай көрінісі.Баға түрлері: көтерме баға, бөлшек баға, жіберу бағасы, әлемдік баға, еркін баға т.б

Сұрақ 2. Баға құрылымы дегеніміз не?Жауабы: Баға құрылымы дегеніміз тауар мен қызметке бағаның қалыптасу процесі.

Сұрақ 3. Бағаны есептеу әдістері қандай?Жауабы: Бағаны есептеудің үш әдісі бар: Шығынға негізделу; Сұранысқа негізделу; Бәсекелестерге негізделу

Сұрақ 4. Бағаның атқаратын қызметі?Жауабы: Баға келесі қызметтерді атқарады: өлшенгіш, салыстырмалы, төлем құралы, ақпараттық, әлеуметтік, сыртқыэкономикалық, есептік, ынталандырушы, бөлуші, реттеуші.

Сұрақ 5. Баға белгілеу тактикасы дегеніміз не?Жауабы: Баға белгілеу тактикасы дегеніміз - ағымдағы бағаны коррекциалау (бағалардың ынтамен өзгеруі, жеңілдіктер жүйесін қолдану, баға белгілеудегі тәуекел және т.б).

Сұрақ 6. Баға белгілеу принциптерін атаңыз?Жауабы: Баға белгілеудің төмендегідей принциптері бар:- бағаны негіздеудің ғылымилығының принциптері – баға белгілеуде нарықтық экономиканың даму заңдылықтарын үйрену және есептеу қажеттілігінен тұрады; - мақсатты бағытталған принцип – шешу үшін бағаларды қолдану керек болатын негізгі экономикалық және әлеуметтік мәселелрді айқын анықтауынан құралады; - баға белгілеу үрдісінің үздіксіздік принципі – баға белгілеу үрдісінің динамикалығымен анықталады (мысалы, «шикізаттан дайын өнімге дейін» қозғалысы – тауар қозғалысының әр кезеңінде өзіндік баға қойылады);- баға белгілеу үрдісінің және бағалардың сақталуын бақылау үрдісінің бірлік принципі – ол баға белгілейтін және басқаратын мемлекеттік органдар оларды (бағаларды) бақылауы тиіс деген принциптерінен тұрады.







Тапсырма 2. Формулаға түрлендіру



Жауабы:1. Көтерме бағаны анықтау формуласы: Бкб=Өқ+Р2. Кәсіпорынның жіберу бағасын анықтау формуласы: Бжб=Бкб+А+ҚҚС3. Көтерме делдалдың сату бағасын анықтау формуласы: Бд=Бжб+ДУ4. Бөлшек бағаны есептеу формуласы: Бб=Бд+СУ

15 мин
3Сабақ барысы: Негізгі бөлімБілім алушылар алдын-ала бес топқа бөлінеді, олар:1-топ. «Еңбек нарығы»2-топ. «Жер нарығы»3-топ. «Капитал нарығы»4 топ. «Сыртқы экономикалық іс-әрекет нарығы»5-топ: «Тұтынушылар нарығы»6 топ. «Бағаны мемлекеттік реттеу»

Ескерту ! Әр топ 5 минуттық регламентты сақтай отырып, презентация жүргізеді. Топ өкілі презентациялау барысында әр нарықтың баға құру ерекшелігін көрсете алуы қажет.

Тапсырма 2 (Есеп шығару).

Есеп 1. 1-ші топ (Еңбек нарығы) тапсырмасыЖөндеу цехында (көмекші өндіріс цехында) жұмыс істейтіндерге аккордты төлем жүйесі бойынша еңбекақы төленген.Негізгі өндіріс цехының жалпы жалақысы 300000 теңге құраған, жөндеуді орындауға жұмсалған уақыты 140 адам/сағаты болған, оның ішінде 40 адам/сағаты – екі ағаш ұстасына; 30 адам/сағаты – бес пісірушіге, 10 адам/сағаты – үш энергетикке; 50 адам/сағаты-жиырма бес сылақшы-майлаушыға; 10 адам/сағаты – бес слесарьге кеткен.Атқарған жұмысы үшін еңбеккерлердің жалақы көлемін анықтаңыздар:Жауабы:Мысалы: ағаш ұстасы =300000/140*40=85714 тг

Есеп 2. 2-ші топ (Жер нарығы) тапсырмасы

Жер телімі 400 тг. көлемінде жер рентасын әкеледі. Ссудалық пайыз ставкасы 5%. Жер телімінің бағасын есептеңіз.Жауабы:Жер телімінің бағасы төмендегі формула бойынша есептеледі:Жер бағасы = R/r* 100%, Мұндағы:R- жер рентасы,r- ссудалық пайыз мөлшері.Жер бағасы = 400 / 5 * 100 = 8000.

Есеп 3. 3-ші топ (Капитал нарығы) тапсырмасы

Акционерлік қоғам 10000 жай акция эмиссиясын тіркеуден өткізді, оның ішінде 9000 акционерлерге сатты, 1000 сатылмай қалды. Біраз уақыт өткен соң АҚ 500 акцияны акционерлерден сатып алды.А/К: Бір акцияға келетін дивидентті, егер шарт бойынша таза пайда 2000000 тг құрасаЖауабы: 9000-500=8500 айналымдағы акциялар саны2000000/8500=235,3 бір акцияға төленетін дивидент құны

Есеп 4. 4-ші топ («Сыртқы экономикалық іс-әрекет нарығы») тапсырмасы

ВАЗ Украина еліне автокөліктер экспорттайды. Есеп айырысулар АҚШ долларында жүргізіледі: бір автокөлік құны – 4000 долл. Валюта бағамы $1 = 27,5 руб. Бір автокөлікке өндіріс шығындары 90 мың руб. құрайды.ВАЗ фирмасының әр көліктен экспорттан түсетін пайдасы қандай болмақ, егер:а) рубль бағамы 20% көтерілсе;б) рубль бағамы 20% төмендесе.

Есеп 5. 5-ші топ («Тұтынушылар нарығы») тапсырмасыӨнімнің бірлігі үшін негізігі көрсеткіштер жағдайында өнімнің жіберілу бағасын анықтау керек:1) жеңіл автомобильдің толық өзіндік құны – 17600 мың теңге; 2) өндірістің рентабелділігі – 24 %; 3) акциз мөлшері – 5 %;4) қосымша қосылған салыққа белгіленген мөлшер – 12 %Жауабы:Жб=Кб+А+ҚҚСКб=Өқ+Р17600+4224=21824Жб=21824+0,5+1,12=21826 тг

3 тапсырма. 1-топ. «Еңбек нарығы» білім алушыларына қойылатын өзін-өзі бақылау сұрақтары (ия немес жоқ деген жауап берілу қажет, ойлануға бір минут уақыт беріледі)
  • Еңбек нарығының спецификалық ерекшелігі адам күшін тауарға айналдыруында?
  • ия немесе жоқ
  • Нарықта тауар айырбасы тоқтаған жағдайда жұмыс күші тауарға айналады?
  • ия немесе жоқ
  • Еңбек нарығында сұранысқа мемлекеттің нормативті актілері әсер ете алмайды?
  • ия немесе жоқ
  • Еңбек нарығында баға рольін еңбекақы атқарады?
  • ия немесе жоқ
  • Еңбекақының негізгі формаларына мерзімді және кесімді еңбекақы жатады?
  • ия немесе жоқ

    2-топ. «Жер нарығы» білім алушыларына қойылатын өзін-өзі бақылау сұрақтары

  • Жердің нарықтық құны сұраныс пен ұсыныстың өзара әрекеттесуі нәтижесінде қалыптасады?
  • ия немесе жоқ
  • Жердің кадастрлық құны төлемнің базалық ставкасын бекіту арқылы реттеледі?
  • ия немесе жоқ
  • Жер рентасы дегеніміз жерді пайдаланғаны үшін төленетін міндетті салық түрі?
  • ия немесе жоқ
  • Жер нарығы дегеніміз тек ауыл шаруашылық мақсатында қолданылатын тауар айналымының сферасы?
  • ия немесе жоқ
  • ҚР-да жер құнын бағалаудың екі нысаны бар?
  • ия немесе жоқ

    3-топ. «Капитал нарығы» білім алушыларына қойылатын өзін-өзі бақылау сұрақтары
  • Акция бағамына инфляция деңгейі әсер ете алмайды?
  • ия немесе жоқ
  • Капитал нарығында баға сүраныс пен ұсыныстың өзара әрекеттесуі нәтижесінде қалыптасады?
  • ия немесе жоқ
  • Ссудалық (қарыз) капитал бағасы болып пайыздық ставка табылады?
  • ия немесе жоқ
  • Бағалы қағаздардың төрт түрі бар?
  • ия немесе жоқ
  • Акцияның облигациядан айырмашылығы сыртқы түсінде?
  • ия немесе жоқ

    4 топ. «Сыртық экономикалық іс-әрекет нарығы» білім алушыларына қойылатын өзін-өзі бақылау сұрақтары

  • Әлемдік бағаға бөлшек баға жатады?
  • ия немесе жоқ
  • Сыртқы экономикалық іс-әрекеттерге тарифтік реттеу әдісі қолданылады?
  • ия немесе жоқ
  • Тауардың бәсекеге қабілеттілігі оны4 сапасына байланысты?
  • ия немесе жоқ
  • Кедендік баж салығының пайыздық ставкасы 5 %?
  • ия немесе жоқ
  • Сыртқы сауда қатынасында бағақұрылымына ешқандай экономикалық заң әсер ете алмайды?
  • ия немесе жоқ

    5 топ. «Бағаны мемлекеттік реттеу» білім алушыларына қойылатын өзін-өзі бақылау сұрақтары

  • Баға құрылымына мемлекеттік әсер етудің екі нысаны бар?
  • ия немесе жоқ
  • Нарық жағдайында бағаны мемлекеттік реттеу қажет емес?
  • ия немесе жоқ
  • Бағаны мемлекеттік реттеу мақсаты инфляция деңгейін тежеу?
  • ия немесе жоқ
  • Бағаны реттеудің жанама әдісіне ақша эмссиясы,салық ставкаларын реттеу жатады?
  • ия немесе жоқ
  • Тауар мен қызмет көрсетулерге бағаның өсуі әлеуметтік жағдайға әсер етеді
  • ия немесе жоқ

    6 топ. «Тұтынушылар нарығы» білім алушыларына қойылатын өзін-өзі бақылау сұрақтары
  • Сұраныс заңына қайшы келуге болады?
  • ия немесе жоқ
  • Күнделікті сұраныстағы тауарларға сұраныс әрдайым икемді?
  • ия немесе жоқ
  • Баға сұраныс көлеміне әсер ете алмайды?
  • ия немесе жоқ
  • Тауар өндіруші өніміне баға құру процесінде бәсекелестер факторы ескерілмейді?
  • ия немесе жоқ
  • Ұсыныс заңы былай тұжырымдалады: баға өскен сайын ұсыныста өседі
  • Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
    Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
    Ресми байқаулар тізімі
    Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!