Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Нашақорлық - ғасыр дерті
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
-
Тәрбие сағатының тақырыбы: Нашақорлық - ғасыр дерті
Мақсаты: Оқушыларға адамзат ұрпағына төніп тұрған, ғасыр дертіне айналып отырған нашақорлықтың зардаптарын түсіндіру, зиянды заттардан аулақ болуға шақыру.
Адамгершілік жөнінде және құқықтық тәрбие беру, салауатты өмір салтын насихаттау.
Сабақтың түрі: дөңгелек үсте
Әдіс - тәсілдері: сұрақ - жауап, ой қозғау, әңгімелесу, кері байланыс, суретпен жұмыс, үй тапсырмасы т. б.
Көрнекілігі: слайдтар,ведио роликтер, оқушылардың салған суреттері, , доп. -
1. Психологиялық тренинг: «Мен өзіме сенемін!»
(Оқушылардың арасында жағымды орта, көңіл- күй қалыптастыру)
Еңбек етсем ертеңгі бақытыма сенемін!
Мақсатыма жеткізер уақытыма сенемін!
Достық пенен қасты да жеңеріме сенемін!
Ақыл сана білім мен өнеріме сенемін!
Арым таза ақкөңіл адалдыққа сенемін!
Абыройлы ақ ниет адамдыққа сенемін!
Мұғалім сөзі: Елбасымыз Н.Назарбаевтың «Қазақстан -2030» стратегиялық даму бағдарламасындағы халқына жолдауында «Қазақстанның әрбір азаматының денсаулығы мықты, хал-ахуалы жақсы болуы тиіс» деп атап көрсеткен болатын. Яғни, мемлекетттің бірінші кезектегі атқаратын шараларының бірі халық денсаулығын нығайту.
ХХІ ғасырда қоғам тек жалаң адамдар тобынан ғана емес, сонымен бірге денсаулығы мықты, рухани дүниесі бай, жаны мен тәні кіршіксіз таза , танымдық белсенділігі мен өздігінен білім алуға деген ынтасы мен шығармашылық қабілеті ерекше тұлғалардан тұруы тиіс.
Олай болса, біз «Салауатты өмір салтын» насихаттау, келеңсіз жағдайлардың алдын алып «ХХІ ғасыр – салауатты қоғам ғасырын» құруымыз керек. Бүгінгі ұсынылып отырған «Есірткі түбі ажал» атты тәрбие сағатымыз салауатты өмір салтын сақтауға шақырады.
Жүргізуші: Құрметті қонақтар, ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі біздің «Есірткі түбі ажал» атты тәрбие сағатымызға шақырылған қонақтармен таныстырып өтейін:
-
Мектебіміздің психологы Кусейнова Шолпан Турдыкулкызы.
-
Мектебіміздің медбикесі Нуралина Гүлнар
-
Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Бегалина Сағыныш Ержанкызы
-
Дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі Қожалепесов Сәндібек Қаниұлы.
Осы отырыста өз ойларыңызды, мазалап жүрген сұрақтарыңызды қойып, қатысып отырған қонақтарымыздан жауап алуға болады.
Жүргізуші: Қадірменді көрермендер,енді назарымызды «Есірткі есті адамның ермегі емес » атты бейнематериалға аударайық.
2. Ой
қозғау:
Мұғалім: Оқушылар, бұл бейнебаяннан не көріп
отырмыз? Ойларымызды ортаға салайық. (Оқушылар үйден осы сұрақтарға
алдын - ала дайындалып
келеді)
1.
Есірткі
дегеніміз не?
2. Есірткінің
қандай түрлері бар?
3. Есірткінің
адам организіміне әсері
қандай?
4. Есірткіге
құмарлық дегеніміз не?
5. Нашақорлар
қандай жолмен есірткіге ақша
табады?
6.
Нашақорлардың қандай құқықтары
бар?
Осы сұрақтар
бойынша оқушылар өз ойларын ортаға
салады.
1) Есірткі дегеніміз
не?»
- Есірткі - (norkosis) грекше наркоз,
ұйықтату, ұйқымен ұмыттыру, жансыздандыру дегенді
білдіреді.
- Есірткі – бұл адамның көңіл - күйін, сана -
сезімін, мінез - құлқын бұзатын қауіпті тыйым салынған химиялық
зат. Ол адамның есін алып, құмарлық желігіне ұшыратады және аса
қауіпті. Және адамның сезімін толықтай жансыздандырады деуге
болады.
2) Есірткінің қандай түрлері
бар?
1. Медицинада
ауруды басу үшін қолданылатын өнімдеріне морфин, кофеин, метадон,
көкнәр және т. б. заттар
жатады.
- Сора
өнімдері: гашиш, анаша, марихуана және т.
б
- Қолдан
жасалған эфедрин, фентози тәрізді дәрі, дәрмектер және т.
б.
- Өндірісте
және тұрмыста қолданылатын химиялық заттар ( бензин, бензол, толуол
және т. б оларды көбінесе
иіскейді).
Адам
организміне ең қауіпті әрі көп қолданылатын есірткінің түрі –
анаша. Анаша – сұр түсті химиялық зат, ол ыстық және құрғақ
аймақтарда өсетін көкнәр тұқымынан
алынады.
3) Есірткі
қолданудың қандай жолдары бар?
Есірткіні
қабылдаудың бірнеше жолдары бар. Оның бірі – егу арқылы қабылдау,
бұл қабылдау есірткіні бірден қан арқылы миға тез жеткізеді. Бір
есірткіні бірнеше түрде қабылдауға болады. ( Егу, иіскеу, шайнау.)
Ең көп тарағаны шаншу немесе егу арқылы қабылдау. Тікелей тамырға
жіберу өте қауіпті. Нәтижесінде қан айналымы нашарлайды. Сол
себепті нашақорлар денелерінен ине салуға болатын жерлерді іздей
бастайды.
4) Есірткінің
адам организміне әсері
қандай?
Адам
организміне түсетін барлық есірткі түрлері қан арқылы адамның
барлық дене мүшесіне әсер етеді. Оның қызметін бұзады, уландырады.
Есірткіні алғаш қолданған адамның басы қатты ауырып, әлсіздік
басады.
Есірткі анда -
санда қолданатындардың іші өтеді, асқазаны ауырады, тамаққа тәбеті
болмайды, жиі құсады, аяқ - қолдарының сіңірі оқтын - оқтын
құрысады. Оны мына бейнебаяннан көре аламыз. «Нашақорлық – тұңғиық
түбі»
Сонымен бірге
тері жұқпалы ауруларымен жиі ауырады. Тамаққа тәбеті жоғалады, жиі
шөлдейді. Олардың көз жанары солғын
болады.
Есірткіні жиі
қабылдайтындардың миы әбден есірткіге үйреніп кетеді,. Адамның миы
ештеңеге зейін қоймайтын әлсіз болып
қалады.
5) Есірткіге
құмарлық дегеніміз не?
Есірткі дертіне
шалдыққан нашақордың бүкіл сана сезімі тек қана осыған байланысты
болады. Бұл кезде нашақор дәрісіз (есірткісіз) өзін - өзі билей
алмайды. Аз мөлшерде есірткі қабылдау нашақордың бірінші мәселесі
болады. Есірткіге берілгендігі соншалық, бұл өмірден мүлде
бөлектеніп тұрады.
Есірткі
алғашында рахат сезімге бөлеп, аз уақытта тамаша әлемге саяхат
жасаған сезімге беріледі. Ол есірткі үшін туған анасын да өлтіруден
тайынбайды. Өйткені ол есірткінің құлына
айналады.
6) Нашақорлар
қандай жолмен ақша табады?
Есірткі
қабылдайтын адамға есірткі алу үшін көп ақша керек. Мысалы, орташа
есеппен 0, 1 г есірткінің құны 500 теңге. Күнде нашақор осы
мөлшерді қабылдауы керек. Жұмыс істемейтін адамға 500 теңге үлкен
ақша. Нашақорлардың көбінің күнделікті басқа да шығындары болады.
Сол себепті әр нашақордың алдында ақшаны қайдан табамын деген
мәселе тұрады.
1. Олар алдымен
достарынан, туған - туыстарынан, әке - шешесінен қарыз
алады.
2. Үйінен
ұрлау, көбінесе нашақордың қылмыстық жолы үйінен басталады. Қымбат
заттарды, зергерлік, техникалық заттарды
сатады.
3. Ұрлық –
үйдегі ұрлайтын зат біткенде көршілердің, туыстарының заттары және
дүкендерге ұрлыққа түседі.
4. Есірткіні
дайындау және сату. Нашақорлар арасында мұндай еңбек «адал еңбек»
деп аталады. Бұл ең көп ақша табу үшін қолданылатын жұмыс
түрі.
8)
Нашақорлардың қандай құқықтары
бар?
Нашақорлықпен
ауыратын адамдарды медициналық - әлеуметтік оңалту туралы заң бар.
Нашақорлықпен ауыратын адамдарға мынандай құқықтар
көзделінген:
- білікті
медициналық - санитарлық көмек
алуға;
- наркологиялық
мекемелер мен ұйымдарды
таңдауға;
- өздерінің
наркологиялық сырқатқа шалдығуы туралы ақпарат
алуға.
3.
Пікір
алмасу. Қонақтарға
сөз.
Мұғалім:-
Рахмет, оқушылар. Есірткі жөнінде көп мағлұмат
айттыңыздар.
Енді
қонақтарымыз өз пікірлерімен бөліссін. Мектеп
медбикесі мен тәрбие ісінің
орынбасары нашақорлық
жөнінде қысқаша айтып
өтеді.
Оқушылардың
сұрақтарына жауаптар
беріледі.
1 - сұрақ:
Есірткі пайдаланған адам емделе ала
ма?
2 - сұрақ:
Психотропты заттар дегеніміз
не?
3 - сұрақ:
Балалар
неше жастан
бастап нашақорлықпен айналысуы
мүмкін?
4 - сұрақ:
Есірткі пайдаланғанда адам қайтыс болуы мүмкін
бе?
5
- сұрақ: Заң
алдында есірткі өсіретін адамдар қалай
жазаланады?
6
- сұрақ:
Есірткі пайдаланған адамды қалай байқауға болады? Сау адамнан қалай
ажыратуға болады?
7
-
сұрақ: Нашақорлықпен айналысқан адамдарды емдейтін
емханалар бар ма?
ХХІ ғасырда адам баласының басына төнген қауіпті эпидемия – нашақорлық қанатын кең жайды. Оның ауқымды мөлшері әрлі – берлі Қазақстан арқылы өтеді. Қаншама бейкүнә адамдар осылардың құрығына түсіп, дүние салып, талай ауруларға ұшырады
Есірткі – бұл адамның көңіл-күйін, сана-сезімін, мінез- құлқын бұзатын қауіпті, тиым салынған химиялық зат. Ол адамның есін алып, құмарлық жиілігіне ұшыратады. Нашақор есірткісіз өмір сүре алмайтын бейшара халге түседі.
Грек тілінде ұйқы мағынасын білдіретін «nаrke» сөзі, ағылшын тілінде «narkotik» деген сөзге айналып, ұйықтау, жансыздандыру, сезімсіздендіру деген мағынаны береді.
4. «Ситуациялық жағдаят» (Мамандар сауалы.)
Салауатты өмір салтын
қолдайық!
Әдеттен жаман әманда аулақ болайық!
Өз өмірің өз қолыңда, ей жастар,
Су ішпеген гүлдей болып солмайық!
— Келесі кезеңімізде,
қатысты мамандарымыздың дайындаған
сұрақтары бойынша жауап беріп, «Ситуациялық
жағдаятты» талдау. Ойлануға 2 минут уақыт
беріледі.
(Тәрбие ісінің
орынбасары:Бегалина.С.)
-Саған жоғарғы сынып оқушысы «Маған
күніне бір қорап темекі алып бер.Екеуміз бірлесіп шегеміз.Мұны тек
сен екеуіміз ғана білетін болайық. Әйтпесе…» деп жұдырығын көрсетіп
шарт қойды.Өзіңді қандай жолмен
құтқарасың?
(Мектеп медбикесі – Г.Нұралина)
— Сенің достарыңның бәрі темекі шегеді.Ал сенің темекі шеккің келмейді,сол үшін олар сені шеттете бастайды.Сен олардан бөлініп кете алмайсың.Не істер едің?
( Дене шынықтыру мұғалімі – Қожалепесов .С.)
-Сенің өте жақсы көретін досыңның аузынан ептеп
арақтың иісі шығатынын бір-екі рет байқадың.Ол сені сезеді деп
ойлаған жоқ.Ата-анасыны айтайын десең досыңның көңілін қимайсың.Сен
досыңды қалай құтқарар едің?
4. Кері
байланыс. «Суреттер
сөйлейді»
Мұғалім: -
Балалар, сіздер үй тапсырмасы бойынша салауатты өмір салтына
байланысты суреттер салып келдіңіздер. Сол суреттеріңіз туралы өз
ойларыңызбен бөліссеңіздер.(Оқушылар өздері салып келген суреттер
жөнінде әңгімелейді.)
5.Рефлексия: «Шаттық
шеңбері»
- Балалар, менің қолымдағы доп ненің белгісі
деп ойлайсыңдар?
- Дұрыс, ол - спорттың белгісі. Ал спорт –
денсаулық кепілі. Біз осы доп арқылы салауатты өмір салтын
ұстанатынымызды көрсетіп, бір - бірімізге жақсы тілек
тілейік.(оқушылар бір - біріне допты беру арқылы бір - бір тілек
айтады)
6.
Қорытынды.
Мұғалім:
- Ия, оқушылар. Бүгінгі көріп отырғанымыздай
нашақорлық - қоғам дерті. Нашақорлықпен күресуге жалғыз адамның
шамасы келмейді. Ата - аналар және сіздер мен біздер, әрбір
Қазақстан азаматы біріге күресуіміз
керек.
Олай болса, бір
- біріміздің қолымыздан ұстап, жоғары көтеріп, бүгінгі сабағымыздың
ұранын айтып жіберейік:
«Біз салауатты
өмір салтын қолдаймыз!»
«Біз
нашақорлыққа ЖОҚ дейміз!»
- Барлығыңызға,
келген қонақтарға үлкен рахметімізді айта отырып, тәрбие сағатын
жабық деп жариялаймын.
Мен өмірді
қалаймын
Халықпыз біз бүкіл әлем
жақтаған,
Татулықпен ел бірлігін
сақтаған.
Салауатты өмір сүріп,
мәңгілік,
Қазағымның салт - дәстүрін
мақтаған.
Жетеді әлі қасіреті
ғаламның,
Қас жауы бар есірткідей
адамның.
Қаптамасын алқабында
сорасы,
Кең жазира менің алтын
даламның.
Есірткінің не екенін
білеміз,
Не болса да одан алыс
жүреміз.
Қазақ деген ата жолын
ұстаған
Ұлы елміз, бақытты елміз, нұр
елміз.
Ақын болсам деймін елім
таныған,
Жарылатын ел дегенде
ағынан.
Салауатты өмір сүрсек
достарым,
Ел боламыз ырыс пен құт
дарыған.
Ашық қылсын жалғыз алла
аспанын,
Аман - етсін еліміздің
жастарын.
Таза жүрсе, аман жүрсе, сау
жүрсе,
Бұл өмірде керегі не
басқаның.
Бақытты өтіп оқушылық
өмірім,
Өлең жазып, жадырайды
көңілім.
Мен де ертең мектебімді
бітіріп,
Көркейтемін Қазағымның
өңірін.
Мен оқимын өлеңдерін
Абайдың,
Өнегенің көзі ғой деп
санаймын.
Жиренемін әркез жаман
әдеттен,
Қашанда да мен өмірді
қалаймын.
Қымыз бенен шұбат ішкен
халықпыз,
Сондықтан да биікпіз біз,
алыппыз.
Бабалардың елін
жаудан қорғаумен,
Хандық құрған
ерлігіне қанықпыз.