Материалдар / Нашақорлық – қоғамдық дерт. 2-сабақ. 10 сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Нашақорлық – қоғамдық дерт. 2-сабақ. 10 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Жастардың денсаулығы - қоғам байлығы. Б.Соқпақбаев «Он алты жасар Чемпион» Нашақорлық-қоғамдық дерт. 2 сабақ. 10 сынып
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
10 Қараша 2024
163
2 рет жүктелген
250 ₸
Бүгін алсаңыз
+13 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +13 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тексерілді: Қысқамерзімді жоспар

Бөлім:

11.Жастардың денсаулығы - қоғам байлығы. Б.Соқпақбаев «Он алты жасар Чемпион»

Педагогтің аты-жөні:

Ахметжанова Айгуль Амангельдыевна

Күні:

21.07.2023

Сыныбы: 10

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Нашақорлық – қоғамдық дерт. 2-сабақ.

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

О. 10.3.6.1 мәтін мазмұнындағы деректі ақпаратты толық анықтап, негізгі ойға өз көзқарасын білдіру және оны бағалау.


Сабақтың мақсаты:

«Нашақорлық – қоғамдық дерт» мәтін мазмұнындағы деректі ақпаратты толық анықтайды, негізгі ойға өз көзқарасын білдіреді және оны бағалайды.


Барлық оқушы: нашақорлық туралы мәтін мазмұнындағы деректі ақпаратты сөз тіркестері арқылы анықтайды және негізгі ойға өз көзқарасын білдіреді, бағалайды.

Көпшілік оқушы: нашақорлық туралы мәтін мазмұнындағы деректі ақпаратты жетелеуші сұрақтар арқылы анықтайды және негізгі ойға өз көзқарасын білдіреді, бағалайды.

Кейбір оқушы: «Нашақорлық – қоғамдық дерт» мәтін мазмұнындағы деректі ақпаратты өз бетінше толық анықтап, негізгі ойға өз көзқарасын білдіреді және оны бағалайды.

Ойлау дағдыларының деңгейі

Өзіндік көзқарасын білдіру және бағалау.

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Қызығушылықты ояту

2 мин










Үй жұмысын тексеру.

3 мин

Ұйымдастыру кезеңі амандасу, Психологиялық ахуал қалыптастыру. Ынтымақтастық атмосферасын орнату.

Тілектер айтылады.


Топта жұмыс жасау ережесін еске түсіру. Оқушыларды топтарға біріктіруді ұйымдастыру:

Сандар көмегімен оқушыларды 3 топқа біріктіру.

Мақсаты: ұжымда жұмыс істеуге даңдыландыру.



«Зымыран сұрақтар» әдісі арқылы үй тапсырмасын тексеру.

Мақсаты: өткен сабақта алған білімдерін сұрақтарға жауап беру арқылы пысықтау.

Сұрақтар:

-Жастар арасында жиі кездесетін ауру түрлері?

-Зиянды әдеттердің түрлері?

-Балалардың артық салмақ қосуының себептері мен салдары қандай?

Шеңберге тұрып сөздерді айтып тілектерін білдіреді

Кел, сыныптас, тұр қасыма

Өз алақаныңды маған аш

Міне, менің қолым бос

Жылуыма жылу қос.


Сандар көмегімен оқушылар 3 топқа топтасады.

I-топ

II - топ

ІІІ - топ



Оқушылар екі топтан кезектесіп шығады, қобдиашадан кез-келген сұрақты алып жауап береді.

Мақсаты: оқушылар бойында идея немесе тілек білдіру, тыңдау дағдыларын дамытуға бағыттау.

Тиімділігі: оқушыны бір-біріне тілек айту арқылы жақындастырады, көңіл күйін көтереді, бауырмалдығын оятады.



Бағалау критериі:

Өткен сабақ бойынша сұрақтарға жауап беру.

Дескриптор:

-сұрақтарға өз көзқарасын білідіре отырып жауап береді.


ҚБ. Әр жауапқа 1 стикерден



Тақпақ сөздері












Сұрақтар


Жаңа сабаққа кіріспе

2 мин






Тақырыпқа талдау жасауға бағыт беру:

«Ой шақыру» әдісі

Мақсаты: оқушылардың зейінін жаңа сабаққа шоғырландыру. Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.

Бейнероликте не көрдіңдер?

Есірткі адамға қандай қатер төндіреді?

Есірткіге жол бермеу үшін не істеу керек?

Нашақорлық қандай дерт?

Оқушылар өздері сабақ тақырыбын анықтайды, мұғалім сабақ мақсатымен таныстырады.

Оқушылар бейнежазба көріп, сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау жасайды, сабақ тақырыбына шығады. Бейнероликке сілтеме

https://www.youtube.com/watch?v=qmAk1xrx2Mg


ҚБ. Қолпаштау сөздері:

Тамаша!

Керемет!

Тың ой айттың!



Сабақ ортасы

Мағынаны ашу.

32 мин.












Мәтіналды жұмыс.

1-тапсырма. Сөздерді анықтамасымен сәйкестендіру .

Сөз тіркестерінен 1 сөйлем құрап жазу.

Есірткі


Нашақор


Тәуелді


Бас бостандығы


Зардап шегу


Дерт

- есірткіні тұтынушы адам

-адамның миын, ішкі органдарын бұзатын у


-қиыншылық көру


-ауру, індет


-біреуге бағынышты

-адамның жеке басының еркіндігі

ЕБҚ оқушыға:

Сөздікті беру, сөз тіркестерін беру:

Қоғамдық дерт, есірткіге тәуелділік


Мәтінмен жұмыс.

Оқылым. Зерттеп оқу стратегиясы

Мақсаты: мәтінінің астарлы ойын, мәтіндегі көтерілген мәселені, фактілерді зерделеп ажырату үшін назарын шоғырландырып оқуды талап етеді.


2-тапсырма.

«Фишбоун» әдісі

Мақсаты: негізгі ақпарат пен идеяны анықтап, өз көзқарастарын және қорытынды ойларын білдіру.

Мәтін

1987 жылы 7 желтоқсанда БҰҰ Бас ассамблеясына мүше мемлекеттер 26 маусымды «Халықаралық нашақорлықпен күрес күні»деп жарияланды. Себебі нашақорлық барлық халыққа ортақ әлеуметтік мәселеге айналды.

Нашақорлық-қазіргі қоғамның ең өзекті проблемаларының бірі.

Нашақорлық- есірткі пайдалануға құмарлық. Ол ағзаның психологиялық және физикалық қызметтерінің бұзылуына әкеледі. Есірткі- адамның миын, психикасын, ішкі органдарды біртіндеп бұзатын у.

Есірткі адамды 3-4 жылдың ішінде ақыл- есінен айырады.

Морфин қолданатындар 2-3 айдан кейін қызмет ету қабілетін жоғалтады, өз-өзіне қарауды қояды.

Кокаин қолданатын адамдар 4 жылдан артық өмір сүрмейді. Олар жүрегі жарылып, не болмаса мұрын қалқаны жұқарып, қансырап өледі.

Нашақорлар өзін-өзі сақтау түйсігін жоғалтады. 60%-ға жуық нашақор есірткіге тәуелді болып, өзіне өзі қол жұмсап өлуге ұмтылады. Есірткіге тәуелді адамдарда жұқпалы аурулар жиі кездеседі.

Сондықтан бүкіл адамзат нашақорлыққа қарсы күреске шығып отыр. Қазақстанда да есірткі таратушылар қылмыстық жауапкершілікке тартылып, өмір бойы бас бостандығынан айрылады. Ал Иран сияқты кейбір мұсылман елдерінде есірткі сатқандарды өлім жазасына кеседі.


ЕБҚ оқушыға: мұғалім нұсқау және жетелеуші сұрақтар береді.

-Мәтіндегі ең негізгі ақпарат қай абзацта берілген?

-Есірткі тұтынудың қандай зияны бар?


Мәтінсоңы жұмыс.

«Шындық-жалған» әдісі

Мақсаты: тақырып бойынша алған білімдерін бекіту.

ақпарат

шындық

жалған

1.Қазақстанда есірткі таратушылар қылмыстық жауапкершілікке тартылады.



2. Нашақорлар өзін-өзі сақтау түйсігін жоғалипайды.



3. Кокаин қолданатын адамдар 4 жылдан артық өмір сүрмейді.




Оқушылар алдыңғы сабақта алған білімдерін пайдаланып, сөз тіркестерін сәйкестендіреді, әр оқушы 1 сөйлем құрастырады.

Жеке жұмыс.













Әр оқушы мәтінді зерделеп оқып, топ ішінде талқылайды, балық қаңқасы салынған постерді топ болып толтырады, басқа екі топ алдында қорғайды.



Балықтың басы – тақырыбы

Үстіңгі қабырғаларына – негізгі ақпарат

Астыңғы қабырғаларына – қосымша ақпарат

Омыртқасы – негізгі ой

Құйрығы – өз көзқарасын білдіру

Топтық жұмыс.



















Оқушы мұғалім берген жетелеуші сұрақтарды пайдалана отырып, топ ішінде жұмыс жасайды.




«Шындық-жалған» кестесін толтырады.



Бағалау критерийлері:

Сөздер мен сөз тіркестерін сәйкестендіру, сөйлем құрастыру.


Топ спикері Бағалау парағын толтырады.

Дескриптор:

1. Барлық сөздерді сөз тіркестерімен дұрыс сәйкестендіреді -1 балл

2. 1 сөйлем құрастырады – 1 балл


Бағалау критерийлері: мәтіндегі негізгі және қосымша ақпараттарды анықтау, өз көзқарасын білдіру және бағалау.


Топтық бағалау.


Дескриптор:

1. Мәтін мазмұнындағы негізгі ақпаратты анықтайды - 1

2. Қосымша ақпаратты анықтайды - 1

3. Негізгі ойды жазады -1

4. Өз көзқарасын білдіреді – 1

5. Жұмысын басқа топтар алдында қорғайды - 1

















ҚБ. Қолдау, қолпаштау







Бағалау критерийлері:кестедегі ақпараттың жалған не шындық екенін ажырату.


Дескриптор:

-1-ші шын ақпаратты табады – 1 балл

- 2-ші шын ақпаратты табады – 1 балл

-жалған 1 ақпаратты табады - 1.

Кестедегі сөздер мен сөз тіркестері

Бағалау парағы











Сөздік




Мәтін

Оқулық, 104-105 бет






Фломастер, балық қаңқасы салынған А4 қағаздары,





























Сөздік








Ақпараттар жазылған қима кестелер

Сабақтың соңы


Рефлексия


Кері байланыс

5 мин













Үй тапсырмасы

1 мин




«Бес саусақ» әдісі

Мақсаты: «Нашақорлық – қоғамдық дерт» сабағы барысында үйренген, оқыған іс-әрекетіне талдау жасау,  кері байланыс орнату.

Бас бармақ – басты мәселе. Бүгінгі сабақта ең құнды мәселе қандай болды?

Балаң үйрек – бірлесу. Мен топта қандай жұмыс жасадым? Кімге көмектестім? Кім маған көмектесті?

Ортан терек – ойлану. Бүгін қандай білім алдым?

Шылдыр шүмек – шынайылық. Сабақ маған ұнады ма? Неліктен?

Кішкентай бөбек – көңіл-күй ахуалы. Сабақта өзімді қалай сезіндім?

«Нашақорлыық – қоғам дерті» тақырыбында эссе жазу.

Эссе талаптары:

-Кіріспе, негізгі және қорытынды бөлімдер

-Тақырыптан ауытқымау

-Тезистерді ұтымды дәлелдермен растау

-Өмірмен байланыстың болуы

-Өзіндік тың пікірлер болуы керек

-Баяндау стилі нақты болуы керек

-Көркемдеуіш құралдарды ұтымды пайдалану

-Көлемі – 100-150 сөз

ЕБҚ оқушысына:

Сөз санын қысқартып беру, жеке кеңестер беру.

Оқушылар «Бес саусақ» тәсілі бойынша сұрақтарға жауап жазады.

Қолпаштау сөздері

Жарайсың!

Керемет!

Тың ойлар айттың!

Ұтымды дәлелдер келтірдің!

Рефлексия парағы



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!