Материалдар / Нәтиже сабақ. Мен не үйрендім?

Нәтиже сабақ. Мен не үйрендім?

Материал туралы қысқаша түсінік
Нәтиже сабақ. Мен не үйрендім?
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
04 Желтоқсан 2018
10212
12 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қысқа мерзімді сабақ жоспары
Пәні: Қазақ тілі мен әдебиетіМектеп:
Ұзақмерзімді жоспар бөлімі: Кәсіп – бақыттың шырағы, еңбек – ырыстың бұлағыМұғалімнің аты-жөні:
Сынып: 8Қатысқан оқушылар саны:
Күні:Қатыспаған оқушылар саны:
Сабақтың тақырыбыНәтиже сабақ. Мен не үйрендім?
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)8.4.2.1-эссе құрылымы мен дамуын сақтап, тақырыпқа байланысты берілген мәселенің оңтайлы шешілу жолдарын ұсыну8.4.3.1-жазба жұмыстарында символ мен кейіптеу түрлерін қолданып жазу
Сабақ мақсаттарыБарлығы орта көлемді прозалық, драмалық және поэзиялық шығармалардан үзінді тыңдайды, тақырыбы мен идеясын талдайды.Көбі публицистикалық стильдің (мақала, интервью, қысқа очерк, жолдаулар) тілдік ерекшеліктерін талдау арқылы мәтіндердің жанрын анықтайды.Кейбірі хат жазады.
Бағалау критерийлеріБөлімге қатысты жаңа сөздерді толық меңгереді, тақырып жайлы ақпарат береді, жолдауды талдайды, хат жазады.
Тілді мақсат Пәнге тән лексика мен терминология: сятшылық, еңбек, жолдау.


Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер: еңбек нарығы, саятшы Ораз.
Бастапқы білімСаятшы Ораз жайлы айтады. Мұғалім жетекші сұрақтар қою арқылы оқушының бастапқы білімін анықтай алады.
Сабақтың барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Жоспарланған жаттығу түрлері



Ресурстар
Сабақтың басы Психологиялық ахуал қалыптастыру. Мұғалім «Көңіл күйді анықтау» тренингінің негізінде сабақ басында оқушыларға А4 парағы мен маркерлер таратады. Оқушылар параққа маркермен өзінің көңіл күйін сипаттайтын сурет (смайлик) (күліп немесе езу тартып тұрған, қабағы түюлі, бейтарап, т.б.) салады.Қызығушылық ояту. «Тірек сөздер» стратегиясының негізінде тақтадағы плакаттарға бірнеше сөз жазады. Оқушылар кезек-кезек тақтаға шығады. Маркерлерді пайдаланып, ассоциаграмма құрайды.Тренинг жазылған парақшалар, плакат, маркерлер
Сабақтың ортасыОқулықтағы тапсырмалармен жұмыс. Айтылымға қатысты тапсырмаларды орындатады, көп нүктенің орнына қажет сөздерді қояды, пікірін айтады, сұрақтарға жауап береді (1, 3-тапсырмалар).Мәтінмен жұмыс істеу негіздерін қалыптастыру үшін 2-тапсырманы орындатады. Мәтінді оқиды, жоспар құрады.«Пікір алмасу» тәсілі. «Бұл заман – білекке сенетін емес, білімге сенетін заман» деген Н.Назарбаевтың қанатты сөзін тақырып ретінде алып, пікірталас ұйымдастырады (5-тапсырма).«Үшбу хат». Оқушыларға Н.Ә.Назарбаевқа өзін толғандырып жүрген еліміздегі мәселе туралы хат жазғызады. Оқушы хаттағы ойын тақырып аясындаөткен материалдармен сабақтастырады (6-тапсырма).Ойсергек. «Сұрақ-жауап» ойынын ұйымдастырады. Сыныпты екі топқа бөледі. Бірінші топ бөлімге қатысты сұрақ қояды, екінші топ сұрақтарға жауап береді.

Сабақтың соңыМұғалім оқушыларға «Атаулар туралы үш сұрақ» тәсілін қолданып, бөлімге қатысты тапсырманы орындатады. Бөлім бойынша берілген сөздерден біреуін таңдап алады. Сұрақтарға ауызша жауап береді. Мысалы, «еңбек» сөзін алайық.
  • Бұл сөзді алғаш қай кезде естідің? (бала кезімде).
  • Бұл сөзді қалай қолданасыз? (жиі).
  • Болашақта бұл сөздер қандай қолданыста болады? (үнемі қолданамын). Қалыптастырушы бағалау. «Жетістік баспалдағы» әдісі арқылы бағаланады. Сабақтың соңында қатысушылар баспалдақтың қай тұсында тұрғанын белгілеп, түсіндіреді:
  • Бәрін түсінгеніме сенімдімін.
  • Бәрін түсінгеніме толық сенімді емеспін.
  • Әлі де қайталауым керек.
  • Мен ештеңе түсінбедім.
  • Рефлексия. Ойтаразы. 7-тапсырма. Шығу парағын пайдаланып, сұраққа жазбаша жауап береді.Үйге тапсырма. Үй тапсырмасы ретінде оқулықтағы 4-тапсырма беріледі. Тапсырманың шарты, қалай орындау қажет екені түсіндіріледі.


    Қосымша ақпарат
    РефлексияСабақ барысында оқу мақсатына қол жеткізді ме? Оқу мақсатына қол жетпеудің себебі неде? Бүгін оқушылар не біліп, не үйренді? Сыныптағы психологиялық ахуал қандай болды? Жоспардан ауытқу болды ма? Себебі неде? Жоспарланған саралау шаралары тиімді болды ма? Уақыт дұрыс пайдаланылды ма? Жоспарыма қандай түзетулер енгіздім. Не себепті?Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз, сұрақтарға жауап беріңіз (Сабақ жүйелі жоспарлағандықтан, сабақтың мақсаты мен оқу міндеттері орындалады. Оқушылар мәтін мазмұнын түсінеді, сұрақтарға жауап береді, сөздікпен жұмыс істейді. Сабақ жоғары деңгейде өтеді, өйткені оқу мақсаттары дұрыс таңдалды, уақыт тиімді пайдаланылып, саралау жұмыстары да орындалады).
    Қорытынды бағалау:Қандай екі нәрсе (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз) табысты болды ма? Сабақтың өзіне ұнаған 2 тұсын анықтап жазыңыз.1: __________________________________________________________________________________2: __________________________________________________________________________________Қандай екі нәрсе (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз) сабақтың тиімділігін арттырады?1: __________________________________________________________________________________2: __________________________________________________________________________________Сабақ барысында өзіңіздің көңіліңіз толмаған 2 әрекетті (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз) атаңыз.1: __________________________________________________________________________________2: __________________________________________________________________________________Сабақ барысында келесі сабағымда сыны не жекелеген оқушының сапалы білім алуы үшін нені жетілдіруге болатынын білдім.1: __________________________________________________________________________________2: __________________________________________________________________________________













    Ресми байқаулар тізімі
    Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
    Осы аптаның ең үздік материалдары
    Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
    Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
    тақырыптармен дайындаймыз
    Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
    Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
    Толығырақ