Материалдар / Натурал көрсеткішті дәреже
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Натурал көрсеткішті дәреже

Материал туралы қысқаша түсінік
мұғалімдерге пайдалы материал
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
20 Қараша 2018
586
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Кенжегулова Айгуль Малгеждаровна

Алматы қаласы Алмалы ауданы №147 гимназияның математика пәнінің мұғалімі.

Ы. Алтынсарин төсбелгісінің иегері.


Менің педагогикалық ұстанымым:

«Балаға білім бере отырып, олардың ойлау дағдысы мен көрегендігін қалыптастыру».

Оқытудағы мақсаттарым:

Білімді, саналы, өз ойын нақты жеткізе білетін ұрпаққа жақсы, оң ықпал ете алуға жұмыс жасау.


Қолданылатын әдіс-тәсілдер:

Репродуктивті әдіс. Білім-білік дағдыларын қайта жаңғырту арқылы білімді белсенді игерту.


Менің көп жылдық тәжірибем, пән туралы білімім мен оқыту әдістемем маған барлық сабақтар мен сабақтан тыс іс-шаралар жүйесін, сондай-ақ математиканың жеке сабақтарын нақты жоспарлауға көмектеседі.

Мен, математика сабағында балалар арасында пәнге деген қызығушылықты дамыту мақсатында педагогикалық әдістер мен оқыту әдістерінің кең арсеналын қолданамын.

Әр сабақта жоғары, бірақ әділ талаптарға негізделген, зияткерлік ізденістің іскерлік ортасын, оқушылармен достық қатынастарды орнатуға тырысамын.



Алгебра 7 сынып:

Натурал көрсеткішті дәреже.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

1. натурал көрсеткішті дәреженің анықтамасын біледі;

2. 0, 1, 5 немесе 6-ға аяқталатын санның дәрежесі қандай цифрмен аяқталатынын анықтай алады;

3. оң сандарды натурал көрсеткiшті дәрежеге, терiс сандарды жұп және тақ көрсеткiшті дәрежеге шығару нәтижелерін болжай алады және болжамдарды ережелер түрінде қалыптастыра алады;

4. натурал көрсеткішті дәреженің қасиеттерін біледі және қолданады;


Бағалау критерийі

  • натурал көрсеткішті дәреже анықтамасын біледі;

  • Дәреженің қасиеттерін тұжырымдай алады;

  • Дәрежені бірдей сандардың көбейтіндісіне жіктей алады;

  • 0, 1, 5 немесе 6-ға аяқталатын санның дәрежесі қандай цифрмен аяқталатынын анықтай алады;

  • оң сандарды натурал көрсеткiшті дәрежеге шығарады, нәтижелерін болжай алады;

  • терiс сандарды жұп және тақ көрсеткiшті дәрежеге шығарады, нәтижелерін болжай алады;

  • натурал көрсеткішті дәреженің қасиеттерін біледі және қолдана алады;


Құндылықтарға баулу

ЗАЙЫРЛЫ ҚОҒАМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ РУХАНИЯТ

Өмір бойы білім алу, құрмет, ынтымақтастық, ашықтық

Құндылықтарды дарыту топтық жұмыстарда оқушыларды ынтымақтастықта жұмыс істеуге, бір-бірін құрметтей отырып, пікірлерін ашық айтуға баулу, түрлі әдіс-тәсілдерді қолдана отырып оқушылардың білімге деген құштарлығын артырып, ізденуге бағыттау арқылы жүзеге асыру.


Пәнаралық байланыс Геометрия, информатика, орыс тілі, ағылшын тілі


Сабақтың түрі: аралас сабақ


Көрнекілігі:

  • Интерактивті тақта мүмкіндігін пайдаланып, өткен материалды қайталайды;

  • PowerPoint бағдарламасында сабақ көрнекілігі жасалады


Сабақтың барысы.

І. Ұйымдастырушылық кезең:

- Оқушылармен амандасып, түгендеймін.

- Дөңгелек, бесбұрыш, төртбұрыш, үшбұрыштар арқылы топтарға бөліп, таңдаған фигураларына қарай жағымды психологиялық сипаттама беріп, сыныпта жағымды ахуал қалыптастырамын.

- «Тимбилдинг» әдісін пайдалану арқылы үй жұмысын тексеремін.

Жаңа тақырыпты, мақсаттарын хабарлап өтемін.

- Оқушыларды критерийлермен таныстырып, бағалау парақтарын үлестіремін.

Бағалау парағы

Оқушының аты-жөні

Үлестірме қағаз

1-есеп

А-дең

2-есеп

В-дең

3-есеп

С-дең

Бар-лығы









ІІ. Жаңа сабақ

Сабақ мақсатына орай білімдерді қалыптастыру үшін дереккөздер әдісін пайдаланамын. Аталған әдіс бойынша оқушылар алдымен тақырыпты толық оқып, меңгереді де, оқығаны бойынша талқылау жасай отырып, қорытынды анықтамаларын шығарады. Сосын төрт топқа да мына тапсырмалар беріледі де, бұл тапсырмаларды орындау барысында «БББ» әдісін пайдаланып, әр топтың жауабына кері байланыс беремін.

1-Тапсырма: түсіндір!

Бірнеше бірдей көбейткіштердің көбейтіндісі неге дәрежемен алмастырылды?

2-Тапсырма: еске түсір!

a2 және a3 дәрежелерін қалай атайды?

3-Тапсырма: еске түсір!

Қандай жағдайда натурал көрсеткішті дәреже an оң, ал қандай жағдайда теріс сан болады?

«Заряд алу» сергіту сәтін өткіземін.

1 тапсырма

1)2 2 2 2 =? 24 2) а4 = ? а а а а 3) 1000 =

2 тапсырма

1)3 3 3 = ? 33 2) в3 =? в в в 10000 =

3 тапсырма

4 4 = ? 4 2 с5 = ? с с с с с 100000 =

4 тапсырма

1 1 1 1 1 1 1= ? 17 d3 = ? d d d 100 =



Топпен жұмыс нәтижесін оқушылар өзара бағалайды.

Дескриптор

Көбейткішті дәреже түріне келтіреді

1 балл

Дәрежені бірдей көбейткішке жіктейді

1 балл

Дәреженің мәнін есептейді

1 балл

Санды дәреже түріне келтіре алады

1 балл


ІІІ. Сабақты бекіту.

Алған жаңа білімді бекіту үшін оқулықпен жұмыс жасау.

Есептер шығару. «Сіз білетіннің барлығы» әдісі. (Өз-өзін бағалау)

1-есеп:

А - деңгейі

1.7 Есепте

  1. 104 2) (-0,7)3 3) ( - )4 4) ( )3

Дескриптор

Теріс санның жұп дәрежесін есептей алады

1 балл

Теріс санның тақ дәрежесін есептей алады

1 балл

Саның кез келген дәрежесін есептей алады

1 балл

Миға шабуыл

1-топтың тапсырмасы

0-ге аяқталатын кез - келген санның дәрежесін тап та, не байқап отырғандарыңызды айтып өтіңіздер

2-топтың тапсырмасы

1-ге аяқталатын кез - келген санның дәрежесін тап та, не байқап отырғандарыңызды айтып өтіңіздер

3-топтың тапсырмасы

5-ке аяқталатын кез - келген санның дәрежесін тап та, не байқап отырғандарыңызды айтып өтіңіздер

4-топтың тапсырмасы

6-ға аяқталатын кез - келген санның дәрежесін тап та, не байқап отырғандарыңызды айтып өтіңіздер

В – деңгейі

2-есеп:

1.13

Өрнектерді ықшамда

  1. x∙x∙x∙x+b∙b∙b∙b∙b

  2. y∙y∙y - s∙s∙s∙s∙s

  3. (5a)∙(5a)∙(5a)∙(5a) -

  4. ∙ ∙ ∙ ∙ ∙ ∙ + z ∙ z

Дескриптор

Негізі бірдей көбейткіштерді дәреже түріне келтіре алады

1 балл

Өрнекті түрлендіре алады

1 балл

С - деңгейі

3-есеп:

1.16 Өрнектің мәнін салыстыр:

  1. 83 – 600 және 172 - 44 2) – 104 + 94 және ( - 15)3

Дескриптор

Санның дәрежесін есептей біледі

1 балл

Таңбаның дәрежеге қатысты , қатысты еместігін ажырата біледі

1 балл

Бірінші орындалатын амал – дәрежелеу екенін біледі

1 балл

Бүгінгі сабақта жаңадан танысқан және сабақ барысында қолданған сөздеріміздің үш тілде оқылуын қарап өту және оқушыларға оқыту.

Қазақша

Русский

English

Дәреже

Степень

Power

Көрсеткіш

Показатель

Exponent

Өзін өзіне п рет көбейту

Умножить п раз на себя

Multiply by itself n times

Жұп

Четный

Even

Тақ

Нечетный

Odd


Үйге тапсырма беру № 1.8; 1.12; 1.15

Сабақ соңында оқушылар сабаққа кері байланыс береді:

«Қосу.Алу. Қызықтырады» кестесі

Қосу

Алу

Қызықтырады




Кестедегі «Қосу» бағанына оқушылар сабақ барысында жақсы меңгерген білімдерін, ал «Алу» бағанына сабақ барысында сұрақ туындатқан мәселелерін, «Қызықтырады» бағанына өздерінің алдағы уақытта білгісі келетін мәліметтері туралы жазады.

Оқушылар өздері барлық жинаған ұпайларының қорытындысын шығарады:

Бағалау парағы

Оқушының аты-жөні

Үлестірме қағаз

1-есеп

2-есеп

3-есеп

Бар-лығы








11 - 12 балл «Жарайсың!»

7 - 10 балл «Жақсы. Дегенмен, әлі де іздену керек!»

0 – 6 балл «Көп іздену керек!»

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!