400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Натурал сандарды салыстыру

Материал туралы қысқаша түсінік
• Оқушылар көптаңбалы натурал сандарды салыстырудың тәсілдерімен танысады , координаталық сәулені қолданануды, қос теңсіздікті координаталық сәуледе кескіндеуді үйренеді
Материалдың қысқаша нұсқасы


№7 сабақ



Тақырыбы: • Натурал сандарды салыстыру



Мақсат:


Жаңа білім: • Оқушылар көптаңбалы натурал сандарды салыстырудың тәсілдерімен танысады , координаталық сәулені қолданануды, қос теңсіздікті координаталық сәуледе кескіндеуді үйренеді.



Жаңа түсінік: • Көптаңбалы натурал сандарды салыстырып таңбаларын дұрыс қолданады және оқиды, сонымен бірге сандарды координаталық сәуледе салыстырады.



Қолданым әрекеті:•Егер бір натурал сан екі санмен салыстырса қос теңсіздік түрінде оқып, жазып үйренеді.


Шығармашылық әрекет: • Натурал сандарды салыстырудың маңыздылығын түйіндейді.



Тақырып жоспары:

1. Натурал сандарды санауы бойынша салыстыру.

2. Натурал сандарды жазылуы бойынша салыстыру.

3.Натурал сандардың координаталық сәуледе орналасуы бойынша салыстыру.

Натурал сандарды әртүрілі тәсілдермен салыстыруға болады.

I тәсіл. Натурал сандарды санауы бойынша салыстыру.

Анықтама: Екі натурал санды санағанда өсуретімен алғашқы айтылғаны кіші, ал кейін айтылғаны үлкен болады.

Мысал келтіріңдер:

II тәсіл. Натурал сандарды жазылуы бойынша салыстыру.

Анықтама: Екі натурал санның жазылуында қайсысының разряды үлкен болса, сол сан үлкен және қайсысының разряды кіші болса сол сан кіші болады.

Мысалы, 101 > 99, өйткені 101 санның жазылуында үш разряд, ал 99 санның жазылуында екі разряд бар, яғни 101 санның разрядтар саны 99 санның разрядтар санынан көп.

Анықтама: Разрядтары бірдей екі натурал санның қайсысының (солдан оңға қарай) бірдей разрядтағы цифры үлкен болса, сол сан үлкен болады.

Мысалы, себебі 3>1.

Салыстырыңдар: 5814 □ 5814, 6230□6240

Анықтама: Екі натурал санның разрядтар саны мен бірдей разрядтағы цифрлары бірдей болса, онда олар тең болады.

Мысалы,

III тәсіл. Натурал сандардың координаталық сәуледе орналасуы бойынша салыстыру.

Анықтама: Екі натурал санныңкоординаталық сәуледе сол жақта орналасқаны кіші, ал оң жақта орналасқаны үлкен болады.

Мысалы,

О

1-сурет

0 1 14 19

19 саны 14 санының оң жағында орналасқан, сондықтан 19 >14.

Егер қандай да бір сан біреуі сол жағында, ал екіншісі оң жағында орналасқан екі санмен салыстырылса, онда қос теңсіздік қолданылады.

Мысалы,

О

• • • • 2-сурет

0 1 12 15 19

15 саны координаталық сәуледе 12 санының оң жағында, ал 19 санының сол жағында орналасқан. Онда 12<15 <19 деп жазамыз. Мұндай жазуды қос теңсіздік дейміз.

12<15 <19 қос теңсіздігінің оқылуы:

-15 саны 12-ден үлкен, бірақ 19-дан кіші немесе 15 саны 19-дан кіші, 12-ден үлкен.

Деңгейлік тапсырмалар: І деңгей тапсырмалары

1. Теңсіздікті оқыңдар:

1) 81 < 93; 2) 423 > 399; 3) 10 001 > 9 999;

4) 15 231 < 15 431; 5) 28 375 > 18 735; 6) 829 764 > 829 647.

2. Сандарды салыстырыңдар:

1) 93 және 89; 2) 201 және 210; 3) 839 және 893;

4)13 869 және 27 185 ; 5) 100 388 және 103 922; 6) 8 132 245 және 831 275.

Шешуі:

1) 93 > 89; 2) 201 < 210; 3) 839 < 893;

4)13 869 < 27 185 ; 5) 100 388 < 103 922; 6) 8 132  245 > 831 275.

3. Тіктөрбұрыш пен шаршының периметрлері мен аудандарын салыстырыңдар.

(1-сурет).

F 8 см TA B

Shape4 Shape3

2 см4 см



L M

С D

4 см

Шешуі: SFTLM = (8 · 2) см2 = 16 см2 PFTLM = 2 · (8 + 2) см = 20 см

SABCD = (4 · 4) см2 = 16 см2 PABCD =( 4 · 4) см = 16 см,

SFTLM = SABCD; PFTLM> PABCD.

4. Есептеуді орындамай, өрнектердің мәнін салыстырыңдар:

1) 189 + 15 және 189 + 11; 2) 735 – 199 және 735 – 189;

3) 96 : 4 және 96 : 6 4) 400 ∙2 және 400 : 4.

Шешуі: 1) 189 + 15 > 189 + 11; 2) 735 – 199 < 735 – 189;

3) 96 : 4 > 96 : 6 4) 400 ∙2 > 400 : 4.

ІІ деңгей тапсырмалары

1. Қос теңсіздікті оқыңдар: 1) 17 < 25 <29; 2) 76 < 78 <94;

3) 101 < 136 < 450; 4) 829 < 1 033 < 2005.

2. Сөйлемді қос теңсіздік арқылы жазыңдар:

1) 24 саны 19-дан үлкен, бірақ 27-ден кіші;

2) 33саны 32-ден үлкен, бірақ 34-тен кіші;

3) 51саны 49-дан үлкен, бірақ 56-дан кіші;

4) 86 саны 77-ден үлкен, бірақ 88-ден кіші.

Шешімі: 1) 19< 24 < 27; 2) 32 < 33 < 34;

3) 19< 51 < 56; 4) 77 < 86 < 88.

3. 1)11; 20; 26; 2) 15;9;17; 3) 43;39;40; 4) 500; 200; 450; 5) a, a + 5, a +2 сандарын қолданып, қос теңсіздік жазыңдар.

Шешімі: 1) 11 < 20 < 26; 2) 9 < 15 < 17;

3) 39< 40 < 43; 4) 200 < 450 < 500; 5) a < a+2 <a+5 .

4. Қайсысы үлкен:

1) 2 см немесе 23мм; 2) 4 дм немесе 31см;

3) 205 см немесе 2м; 4) 8дм 5см немесе 81см.

Шешімі: 1) 2 см < 23 мм; 2) 4 дм > 31 см;

3) 205 см > 2 м; 4) 8 дм 5 см > 81 см.

ІІІ деңгей тапсырмалары

1. у-тің орнына қойғанда 1) 13<y<19 2) 31<y<37 қос тенсіздігі дұрыс болатындай барлық натурал сандарды атаңдар және жеке -жеке координаталық сәуледе кескіндеңдер.

Шешімі: 1) 13<y<19 13< 14, 15,16,17,18< 19

O

0 1 13 14 15 16 17 18 19

3.Төменде кескінделген координаталық сәулені қолданып, мүмкін болатын барлық қос теңсіздіктерді жазыңдар.

О

. . . . • • •

0 a b c

Шешімі: 1) 0< a < b; 2) 0< b< c; 3) a < b < c; 4) 0< a < c .

Топтық жұмыс.

Оқушылар төменде көрсетілен есепті үш топқа бөлініп орындайды, әр топ өз шығару жолдарын түсіндіріп, талқылайды.

23<a<49, 35<a<200 және 47<a<61 қос теңсіздіктері бір мезгілде дұрыс болатындай а әріпінің орнына қандай натурал санды қою керек?

Үй жұмысы:_______________________









Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
22 желтоқсан
600
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі