400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 25 материал табылды

Натурал сандардың 2-ге, 5-ке, 10-ға бөлінгіштік белгілерін қолдану.

Материал туралы қысқаша түсінік
мұғалімдерге
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы:5.1ВНатурал сандардың бөлінгіштігі


Күні:

Мұғалім аты-жөні:

Сынып:5

Қатысқандар саны: 21

Қатыспағандар саны: 0

Сабақтың тақырыбы:

2, 3, 5, 9, 10 бөлінгіштік белгілері

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)


5.1.2.5

натурал сандардың 2-ге, 5-ке, 10-ға бөлінгіштік белгілерін қолдану.


Сабақтың мақсаты

  1. Барлығы: Натурал сандардың 2-ге, 5-ке және 10-ға бөлінгіштік белгілерінің анықтамасын біледі

  2. Басым көпшілігі:Натурал сандардың 2-ге, 5-ке және 10-ға бөлінгіштік белгілерін қолданып есептер шығара алады

  3. Кейбір оқушылар:10-ға бөлінетін сандардың барлығының да 2-ге де, 5-ке де бөлінетіндігін пайдаланып мысалдар келтіру арқылы есептер шығара алады

Бағалау критерийі



Білім алушы

  • Санның 2-ге, 5-ке, 10-ға бөлінгіштігін анықтайды

  • Натурал сандардың 2-ге, 5-ке, 10-ға бөлінгіштік белгілерін қолдана отырып, есептер шығарады

  • 10-ға бөлінетін сандардың барлығының да 2-ге де, 5-ке де бөлінетіндігін пайдаланып мысалдар келтіру арқылы есептер шығарады



Тілдік мақсаттар







Оқушылар: - бөлінгіштік белгілерін тұжырымдайды;

Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер:

-жұп сан, тақ сан;

- санның бөлгіші;

- санның еселігі;

Диалогтер мен жазу үшін қолданылатын тіркестер:

- егер сан ... цифрымен аяқталса, онда ол ... бөлінеді;

Құндылықтарға баулу

Өмір бойы білім алу, құрмет, ынтымақтастық, ашықтық

Пәнаралық байланыстар


Дене шынықтыру (Сергіту сәтінде)

Алдыңғы білім

Бөлінгіштіктің негізгі қасиеттері

Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағыжоспарланғанжаттығутүрлері



Ресурстар


Сабақтың басы 7-8 минут





  1. Сәлемдесу

  2. Оқушыларды түгендеу

  3. Назарлырын сабаққа аудару

  4. Сыныпта жағымды психологиялық ахуал орнату. Есімдерінің бас әріптеріне байланысты бір-біріне жақсы тілектер тілейді.

  5. Стикерлер арқылы сыныпты топқа бөлемін: тақтаға стикелер ілінеді,олардың арғы бетінде есептер берілген. Мысалы: 3-1=2; 5-3=2; 1+4=5; 7-2=5; 8+2=10; 7+3=10 т.с.с есептер жазылған стикерлер. Кімнің есебінің жауабы 2-ге тең болса, 5-ке тең болса, 10-ға тең болса, сол топтарға барып отырады.

«Сұрақтар шеңбері» әдісі (әр топқа шеңбер беріледі. Топ мүшелері шеңберге сұрақтар жазып келесі топқа жібереді, осылайша әр топқа сұрақтар беріліп талқыланады) бойынша сұрақ-жауап алу. Мысалы:

  1. Қандай санды берілген натурал а санының бөлгіші деп атайды? Мысалдар келтіріңдер

  2. Берілген натурал санның бөлгіштер жұптарын қалай табамыз? Мысалдар келтіріңдер

  3. Қандай санды берілген а санының еселігі деп айтады? Мысалдар келтіріңдер.

  4. Берілген натурал санға еселік сандар қалай табылады?

ҚБ: Смайликтер








Плакат, стикерлер














Сабақтың ортасы 34 мин

Жаңа сабақ:

ӘДІС: «Галереяға саяхат» әдісі (Топтар постерлерін тақтаға іледі, көрші топтар көршілердің постерлерін талдайды. Әр топ өз постерлері туралы кері байланыс жасайды) бойынша үш топқа тақырыпты бөліп беремін.

І топқа: 2-ге бөлінгіштік белгісін

(Жазылуы жұп цифрмен аяқталатын натурал сандар 2-ге бөлінеді)

ІІтопқа: 5-ке бөлінгіштік белгісін

(Жазылуы 0 және 5 цифрымен аяқталатын натурал сандар 5-ке бөлінеді)

ІІІ топқа: 10-ға бөлінгіштік белгісін

(Жазылуы 0 цифрымен аяқталатын натурал сандар 10-ға бөлінеді)

ҚБ: «Шапалақ»


Әдіс: «Таза тақта» (әдісі бойынша әр топтан бір оқушы тақтаға шығып тапсырманы орындайды. Қалған топ мүшелері тексеріп, қателерін тауып, түзету жұмысын жасайды)


Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар.


Ойлау дағдыларының деңгейі: Қолдану


Бағалау критерийі:

Білім алушы

  • Санның 2-ге, 5-ке, 10-ға бөлінгіштігін анықтайды

  • Натурал сандардың 2-ге, 5-ке, 10-ға бөлінгіштік белгілерін қолдана отырып, есептер шығарады

  • 10-ға бөлінетін сандардың барлығының да 2-ге де, 5-ке де бөлінетіндігін пайдаланып мысалдар келтіру арқылы есептер шығарады

1-тапсырма

Сұрақтарға жауап беріңіз:

  1. 971, 5042, 973, 980, 3401, 2600 сандарының қайсысы 2, 5, 10 сандарына қалдықсыз бөлінеді?

Дескриптор: Білім алушы

  1. 2-ге бөлінетін сандарды теріп жазады;

  2. 5-ке бөлінетін сандарды теріп жазады;

  3. 10-ға бөлінетін сандарды теріп жазады;

Ж/бы: 1-тапсырма:

а) 2-ге бөлінетіндер: 5042, 980, 2600.

5-ке бөлінетіндер: 980, 2600;

10-ға бөлінетіндер: 980, 2600;



  1. 46 үш таңбалы санындағы жұлдызшаның орнына қандай цифр қойғанда шыққан сан 2, 5, 10 сандарының әрқайсысына қалдықсыз бөлінеді?


Дескриптор: Білім алушы

        • - бөлінгіштік белгілерін қолдана отырып жұлдызшаның орнына тиісті цифрды қояды.

Ж/бы:

в) Жұлдызшаның орнына 0 санын қойғанда 460 саны 2-ге,5-ке, 10-ға бөлінеді.


2-тапсырма

Данияр бес бірдей ойыншық сатып алды. Егер сатушы 286 теңге төлеу керек десе, ол дұрыс есептеген бе? Жауабыңызды түсіндіріңіз.


Дескриптор: Білім алушы

1. Санның 5-ке бөлінгіштік белгісін қолданады;

2. Сатушы ойыншықтардың бағасын дұрыс немесе қате есептегенін анықтайды.

Ж/бы: 5-ке бөлінгіштік белгісі бойынша286 саны 5-ке бөлінбейді.

Сатушы ойыншықтардың бағасын қате есептен.


Сергіту сәті:

Жұп сандарды атағанда(8,12,16,22...) оң қолдарын көтереді, өйткені олар екіге бөлінеді.

5-ке аяқталатын сандарды атағанда(15,25,35,45...) сол қолдарын көтереді.

0-ге, 5-ке аяқталатын сандарды атағанда(10,15, 35,50,55...) екі қолында көтереді, өйткені олар 5-ке де 10-ға да бөлінеді.



Саралау тәсілі: Тапсырма

Топтарға деңгейлік тапсырмалар беріледі:

Оқулықпен жұмыс:

А деңгейі: 3 топқада

№ 217.

144, 173, 184, 278, 391, 415, 520, 997, 990, 646, 825, 975 сандарынан: 1) 2-ге бөлiнетiн; 2) 5-ке бөлiнетiн; 3) 10-ға бөлiнетiн сандарды бөлек жолдарға жазыңдар.


Ж/бы:2-ге: 144, 184, 278, 520, 990, 646;

5-ке: 415, 520, 990, 825, 975;

10-ға: 520, 990

ҚБ: «Бас бармақ»


№ 218



2-ге бөлінетін сандар

5-ке бөлінетін сандар

10-ға бөлінетін сандар

63*




37*




49*





ҚБ: «Бас бармақ»


В деңгейі:

№ 222

0, 3, 4 және 5 цифрларын бiр рет қана пайдаланып: 1) 2-ге бөлiнетiн; 3) 10-ға бөлiнетiн 2) 5-ке бөлiнетiн; төрттаңбалы сандарды жазыңдар.

ҚБ: «Бағдаршам»


Ж/бы: 2-ге бөлінетін: 3450, 4350, 5340, 5430, 3054, 5304, 4530, 3504.

5-ке бөлінетін: 3450, 4350, 5340, 5430,4530, 3045, 4305, 3405, 4035:

10-ға бөлінетін: 3450, 4350, 5340, 5430,4530.


С деңгейі:

№ 226.

Жемiс сусынын дайындау үшiн кептiрiлген алмұрт және қара- өрiк алынды. Оның 5 бөлiгi алмұрт, 3 бөлiгi қараөрiк. Алмұрттың қараөрiктен 425 г артық болуы мүмкiн бе, әлде 500 г артық болуы мүмкiн бе? Жемiс сусынын дайындау үшiн барлығы неше килограмм кептiрiлген жемiстер алынды?

Шешуі: 1) 500

2) 5+3 = 8(бөлік)

3) 250

Ж/бы: 2 кг

ҚБ: «Екі жұлдыз, бір ұсыныс»


Әдіс: «Кубизм» (Кубтың әр жағына сұрақтар жазылады. Оқушы кубты иіріп түскен сұраққа жауап береді)

Жинақтау сұрақтары:

  1. Қандай цифрларды жұп цифрлар деп атайды?

  2. Қандай цифрларды жұп цифрлар деп атайды?

3. Қандай сандар 2-ге бөлiнедi?

4. Қандай сандар 5-ке бөлiнедi?

5. Қандай сандар 10-ға бөлiнедi?

6. Қандай сандар 5-ке де, 2-ге де бөлінеді?

ҚБ: «Бір сөзбен»



Плакат, маркер, стикер



















Үлестірме материалдар




















































Оқулық 5-сынып Атамұра 2017ж.

85-бет.





Оқулық 5-сынып

Авторы: Алдамұратова Т.А

Атамұра 2017ж.

85-бет.















Оқулық 5-сынып

Авторы: Алдамұратова Т.А

Атамұра 2017ж.

85-бет.










Оқулық 5-сынып

Авторы: Алдамұратова Т.А Атамұра 2017ж.

86-бет.














Оқулық 5-сынып

Авторы: Алдамұратова Т.А Атамұра 2017ж.

86-бет.







Сабақтың соңы 3минут

«Менің көңіл-күйім» баспалдағы

Оқушылар стикерлерге өз есімдерін жазып тақтада салынған баспалдақтың біреуіне жабыстырады.

Керемет



Жақсы



Көмек керек



Білмеймін


Нашар





Саралау – Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?

Бағалау – Оқушылардың материалды игерудеңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?


Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы


Саралау тапсырмаларды іріктеуді, белгілі бір оқушыдан күтілетін нәтижені, оқушыға жеке қолдау көрсетуде, оқу материалы мен ресурстарды оқушылардың жеке қабілеттерін ескере отырып әзірлеуді қамтуы мүмкін (Гарднер бойынша көптік зият теориясы).

Уақытты тиімді пайдалана отырып, саралауды сабақтың кез келген кезеңінде қолдануға болады.


Бұл бөлімде оқушылардың сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданылатын әдіс-тәсілдеріңізді жазасыз

Денсаулық сақтау технологиялары. Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.Осы сабақта қолданылатын қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары.

Стикерлер арқылы топқа бөлу;

«Сұрақтар шеңбері» арқылы сұрақ-жауап алу; «Галереяға саяхат» әдісі арқылы жаңа тақырыпты ашу; «Таза тақта» әдісі арқылы қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар орындау,

Саралау тәсілінен

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
15 ақпан
1394
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі