Наурыз

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Наурыз

Материал туралы қысқаша түсінік
Наурыз мерекесіне арналған балабақша тәрбиешілеріне сценарий
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Қош келдің – Әз Наурыз!»


Мақсаты: Наурыз туралы  түсінік беру арқылы қазақ халқының салт-дәстүрін көрсету және оны құрметтей  білуге тәрбиелеу.


Жүргізуші: Армысыздар ата-аналар, қонақтар, балалар! Бәріміздің асыға күткен «Ұлыстың – ұлы күні!» Наурыз  мерекесімен  шын  жүректен құттықтаймыз.

«Қош келдің – Әз Наурыз!» атты мерекесін тамашалаңыздар.
Наурыз қазақтың ұлттық мейрамы. Наурыздың 22-де күн  мен түннің теңеліп, жер жаңарып, көк  шығып, төрт  түлік  мал түлеп,  көктем келіп, тіршіліктің бастауы, яғни қазақтың жаңа жылы – Наурыз   мерекесі.


Жүргізуші: Ал, халайық, тұрмайық,
Әндетейік, жырлайық!
Ортамызды ашайық,
Ырыс тілеп бұл жылға
Жырдан шашу шашайық!

Ән: «Наурыз - Көктем»         
Жүргізуші: Жарайсыңдар балалар! Сендермен  «Ормалды қағып ал, сөз жалғасын тауып ал» ойынын  ойнағым келіп тұр. Қане, олай болса ортаға шығайық.


Ойын: «Ормалды қағып ал, сөз жалғасын тауып ал!»
Жүргізуші: Ұлы оң болсын,

Азиза:
Ақ мол болсын.


Жүргізуші: Ұлыс бақты болсын,
Марьям: Төрт түлік ақты болсын.


Жүргізуші: Бір тал ексең,
Акрам:    Он тал ек.


Жүргізуші: Атаңнан мал қалғанша,
Альтаир:      Тал қалсын.


Жүргізуші: Бұлақ көрсең,
Айдос: Көзін аш                                                                                                                                        Жүргізуші: Енді біздің әдемі қыздарымыздың  мерекеге арнаған биін   қабыл  алыңыздар.

Би: Қыздар биі



Азиза Р.:

Көктем келді , балақай

Жасарды жер, алақай

Наурыз тойын тойлайық

Әсем әнге салайық.


Марьям: 

Жылдың басы Наурыз

Жердің басы Наурыз

Мерекеге арналсын

Бүгінгі жыр-әніміз


Камилла: 

Мы здесь сегодня собрались,

Чтоб встретить праздник – Наурыз!

Улыбки, шутки, звонкий смех,

Пусть радуют сегодня всех!


Төреш: 

Наурыз келді алақай

Кел, билейік балақай

Бізде қарап тұрмайық

Тойға шашу шашайық


 (залға музыкамен  әже  кіреді, Шашу шашады)

Әже:Армысыңдар, халайық,

Бармысыңдар, халайық.

Наурыз тойын жұп жазбай

Жылда қарсы алайық.

«Наурыз» күн мен түн теңеліп, жер- көкке жан бітіп, жан – жануарлар төлдеп, адамдардың ауызы аққа тиетін, тоң жібіп, Жер – Ана бусанатын кез.
Наурыз  мейрамы  құтты болсын балақайлар ұлыстың  ұлы  күні шаттық  қуаныш әкелсін.


Жүргізуші: Қош келдіңіз, Әже  балаларымыздың өнерін  бірге тамашалайық.
Әже: Ия дұрыс айтасыз, балалардың өнерін тамашалап, кімнің күшті екенін көруге келдім. Балалар мен сендердің күш сынасқандарыңды көргім келіп тұр. Қане күштеріңді байқайық.  Жеңген балаларға менің шашуым бар                                                                                                                                             (ортаға балалар күш сынасуға шығады, қол күреседі)
Ойын: «Кім күшті?» қолмен күш сынасу.


Әже: Тамаша балалар, шетінен бәрін мықты екенсіңдер.   


Жүргізуші: 

Әже біздің балаларға Тұлым шаш қою дәстүрі туралы айтып беріңізші

Әже: Әрине, келіңдер менің жаныма жайғасыңдар айтып берейін

Тұлымды көз тимес үшін қояды. Ата-ана баласы бір жасқа толғанда, оның қарын шашын алып, төбесіне бір өрімдей ғана шаш қалдырып, оны өсіріп, көзді маржан, қаратас тағып, өріп қоятын болған. Тұлым қойған балаға арнап мал сояды. Ақсақалдарды шақырып, баласына бата алады. Сыйлы адамдардың отырған орнына аунатып, «балам осы адамдай болып өссін» деп тілек тілейді. Бірақ айдар шашты көбіне зарығып көрген балаға қойған. Ал ертеде хан ұрпақтары, бай-манаптар өздерінің ең жақсы көрген және орнымды басады-ау деген балаларына ғана тұлым қойған екен. Тұлымды он екі жасқа толғанда алып, алғашқы мүшел жасының құрбандығы ретінде ел-жұртқа көрсетіп, мал сойып, баласының ер жеткендігін паш етіп, елдің батасын алатын да салт бар.


Балалар: Рахмет әже

Жүргізуші: 

Ей балалар, балалар,
Енді маған қараңдар!
Наурыз тойын тойлайық
Қызық ойын ойнайық.

Ойын: «Қыз қуу» ойыны 

Жүргізуші: Құрметті  қонақтар, бүгінгі Наурыз мерекеміз осымен аяқталды
Ұлыс оң болсын,
Ақ мол болсын,
Қайда барсаң жол болсын,
Ұлыс бақты болсын,
Төрт түлік ақты болсын
Ұлыстың ұлы күні құтты болсын!

(бата беріліп, шашу шашылды, дәм татуға шақырамыз)   



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
07.04.2024
191
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі