Наурыз - Жыл басы

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Наурыз - Жыл басы

Материал туралы қысқаша түсінік
Наурыз мерекесі туралы
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қош келдің, Наурыз!

Мақсаты: Балаларға ұлыстың ұлы күні туралы мағлұмат беру; Балаларды елін, Отанын сүюге, ұлттық салт — дәстүрін дәріптеуге тәрбиелеу; Имандылық, инабаттылық, ізеттілік қасиеттерін қалыптастыру.
Жүргізуші: Армысыздар, ата — аналар, қонақтар! Бәріміздің асыға күткен Наурыз тойымыз да келіп жетті. Тойларыңыз құтты болсын! Наурыз – «жаңа күн» деген сөз. Бұл күн – біздің ата — бабаларымыз, арғы тегіміз мыңдаған жылдардан бері тойлап келе жатқан жыл басы мерекесі. Наурыз тойымыз құтты болсын! Ұлыстың ұлы күні деп аталған Наурызда денсаулықтарыңыз мықты, тілектеріңіз қабыл болсын! Наурыз айы – Шығыс күн есебі бойынша жылдың алғашқы айы. Бұл айда жылдың алғашқы айы есебінде күн мен түн теңеледі, сол себептен Наурыз жыл басы болып саналады.
Жүргізуші: «Наурыз келсе, құт келгені, халайық!»
Есік ашып, шашу шашып,
Ел боп қарсы алайық (отырған қонақтарға шашу шашу)
(Әже шашу шашады).
Әже: Ұлыс оң болсын!
Ақ мол болсын!
Қайда барсаң жол болсын
Ұлыс береке берсін
Бәле — жала жерге енсін
Ұлы халқым тең болсын
Қуаныш көп болсын!
Тәрбиеші: Балалар, Наурыз мерекесіне арналған тақпақтарымызды айтып берейік!
Са
ғыныш:Уа, халайық, халайық
Әсем әнге салайық
Наурыз тойын көңілді
Бірге қарсы алайық!

Айдай:Кел балалар ойнайық
Наурыз тойын тойлайық
Баянды болып мереке
Қыр гүлдей жайнайық.

Анелья:Қош келдің, Наурызым ардақты,
Халқым саған бар үмітті арнапты
Жылда солай келе бергін жасарып,
Гүлге бөлеп, нұрға бөлеп аймақты.

Қайыржан:Наурыз тойы береке
Наурыз тойы жыр аңыз
Қызып дулы мереке
Қызық думан құрамыз

Айзада:Қош келіпсің наурыз
Арман тойы халықтың
Қуанышы халықтың
Құтты болсын қадамың

Әмір:Ұлы күні ұлыстың
Күн мен түнді теңеген
Тәтті дәмін ырыстың
Таптық Наурыз көжеден
Ән: «Көктем»

Баланы қырқынан шығару - тіршілік цикліне қатысты атқарылатын рәсімнің бірі. Дәстүрлі ортада бала дүниеге келгеннен қырқынан шыққанға дейінгі алғашқы қырық күндік «өтпелі кезеңді» қауіпті, қатерлі санап, жаңа туған нәрестені шырақ жағып күзетіп, қасынан адам үзілмей бағады. Бала қырқынан шыққанша «сүт тырнағын», «қарын шашын» алмайды. Қырық күннен аман өткен нәрестені «қарақұлақтанды» деп қуанып, «қырқынан шығару» тойын жасайды. Баланы қырқынан шығарарда шомылдыратын ыдыстың түбіне күміс жүзік, күміс білезік, күміс сөлкебай сияқты заттар салып, 40 қасық таза су құяды. Қазақ ұғымында күміс - адалдықтың белгісі, күміс салынған су — ең таза су (арам су, уланған ас құйылса күміс ыдыс қараяды) боп есептелінеді және оған жын-шайтан жоламайды.

Тыштырмай – бесікке  жаңа туған нәрестені бөлеу рәсімінде орындалатын ырым-кәделердің бірі.
Ежелден бері қазақ халқы «Бесіксіз үйде береке жоқ» деп, жас отбасында өмірге келер сәбиді асыға күткен. Себебі, бала – ұрпақ жалғасы, өмірдің мәні деп білген.
Қазақ баласын ағаш бесікке салып баққан. Сондықтан «жаңа туған баланы бесікке салу халқымыз үшін елеулі дәстүрдің бірі.» Жаңа туған нәрестені бесікке салу рәсімі жолы үлкен немесе елдің тәрбиелі, өнегелі әжелеріне, келіншектеріне тапсырылады. Алдымен, бесікті отпен аластап алады, сосын «тыштырма» жасайды.

Бесікке салу — нәрестені алғаш бесікке бөлеу рәсімі. Бесікке саларға шақырылған ауыл-үйдің әйелдері шашуынжол-жоралғысын ала келеді. Баланы алғашқы бөлеу үлгілі ұрпақ өсірген қадірменді әйелге тапсырылады. Ол өзінен басқа тағы бір-екі келіншектің көмегімен бесікті жабдықтайды, сәбидің әжесі не шешесі түбектің тесігінен балаларға тәтті үлестіреді. Осыдан кейін бесікті отпен аластап, баланы бөлейді. Бесікке салған әйелдерге көйлекжаулық сияқты сый тартылады. Үлкендер батасын беріп, баланың ер жетуіне, ананың үбірлі-шүбірлі болуына тілектестік білдіреді. және бесік жыры айтылады:

Әлди-әлди ақ бөпем,
Ақ бесікке жат бөпем
Жылама, бөпем, жылама,
Жілік шағып берейін.
Байқұтанның құйрығын
Жіпке тағып берейін

Слайд қазақтың салт — дәстүрін көрсету. ұлттық ойындар

Ойын: «Теңге алу», Күш сынасу, «Арқан тарту»
Ән: «Әже».
Ұлттық тағамдар наурыз көже т.б
Би: «Қа
мажай».
Сіздерді Наурыз көжеден дәм татуға шақырамыз.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
31.03.2024
218
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі