Наурыз аруы

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Наурыз аруы

Материал туралы қысқаша түсінік
Сыныптан тыс жұмыс
Материалдың қысқаша нұсқасы

Наурыз аруы


Мақсаты:

1. Қазақ халқының салт- дәстүрін үйрету.

2. Қазақ қызының ибалы, мейірімді, сыпайы қыздарын тән мінездерін көрсету.

3. Әр түрлі тапсырмалар арқылы қазақ тіліне деген сүйіспеншілігін ояту.



Барысы .

Армысыздар ұстаздар, ата- аналар және оқушылар. Бүгінгі наурыз мерекесіне ұйымдастырылып отырған «Наурыз аруы»байқауына қош келдіңіздер!

Шашу.

Шашу , шашу шашайық

Ұлыс оң болсын!

Ақ мол болсын!

Ұлыс береке берсін,

Бәле – жала жерге енсін.

Әрдайым халқымызға

Осындай той – мереке берсін.


Келесі кезекті әсем биге берейік, 1 – сынып оқушыларын Қара жорға биімен қарсы алыңыздар.

Енді байқауымыздың шарттарымен таңыстырайық.

1. Таныстыру.

2. Өлең оқу.

3. Би билеу.

4. Салт – дәстүр.

5. Сұрақ- жауап

6. Сән үлгісі

Сүйсіндірсін сөздерді,

Шырқап салған әніміз.

Біздің сайыс сабаққа

Қош келдіңіз бәріңіз,

Жарыстарда озатың ,

Бәрінен алда болатын,

Болашаққа бүгіннен,

Білімге қол созатын

Шақырамыз ортаға

Аяулы ару қыздарды.


Олай болса ортаға ару қыздарымызды шақырайық.

1. Нестеренко Варвара – 5 - сынып

2. Шель Саша. 4- сынып

3. Ожекенова Дана . 3- сынып

4. Тюльюпова Лаура . 3- сынып.

5. Мусанова Карина. 2- сынып

6. Спинова Ангелина . 2- сынып


1-кезен таңыстыру.


Армысыздар құрметті көрерменім,

Иіліп сәлем бердім өздеріне.

Қыздарын Ангелина мен боламын,

Ұмтылып келіп тұрмын сайысуға



Бір үйдің шыңға біткен шынарымын,

Мөп- мөлдір тұңық аққан бұлағымын

Мен болам каринасы ата – анамның

Рулиха мектебінің ұланымын.


Өмірдегі тірегім әкем ................,

Алақанға салып мені өсірген.

Аялап әлпештеген...................... анам,

Осындай өнегелі отбасының ,

Қыздары Дана деген мен боламын.


Наурыз мерекесі құтты болсын,

Бақ пен дәулет бәрімізге бірге қонсын.

Жақсылықты өздеріне тілеген,

Саша деген қыздарын мен болам.


Дүниенің жарығын маған сыйлаған,

Бар жақсыны « Алинама» деп жинаған.

Асыл анам......................... қызымың,

Төртінші сыныптан келіп тұрған.


Дауысым бар күмістейін күмбірлеген,

Екі бетім алмадайын үлбіреген.

Атыма затым сай Лаура деген,

Жүрегім бар нәзік жанды елжіреген.


2- кезең Жыл басы – Наурызға арналған өлең оқиды.




  1. оқушы

Наурыз келді, жаңартып жаңа күнді,

Наурыз келді сағынтып бала бізді.

Құтты болсын, ағайын, жаңа жылың,

Айналамыз көгеріп, гүлге толды.

2- оқушы.

- Келіңдер, Науырыз тойға бәрің бүгін,

Аямас өнерпаздар ән мен жырын

Тойлайық халық тойы Науырызды,

Шуағын жерге төккен бақыт күнін



3 -оқушы.

Күттіріп келген жыл басы,

Бізбен бірге жырлашы.

Дастарханына елімнің

Береке, ырыс сыйлашы.


4- оқушы.

Жас қосатын жасыңа ,

Жыл басы бұл – Наурыз.

Әр кіргізген асыңа,

Бал татыған сары уыз.



5- оқушы

Көктем тойы әніміз,

Көркем өнер сәніміз.

Өлең, әнмен той сәнін,

Өрнектейміз бәріміз


.

6-оқушы.

Әнім де саған, биім де,

Құт қонақ өзің үйімде.

Қуаныш сыйлап еліме

Күлімде, Наурыз, күлімде.




2- оқушы.

- Келіңдер, Науырыз тойға бәрің бүгін,

Аямас өнерпаздар ән мен жырын

Тойлайық халық тойы Науырызды,

Шуағын жерге төккен бақыт күнін



Ендігі кезекте ұлдарымыз ұлы ақындардың өлеңдерін оқиды . Қарсы алыңыздар.

Жан қалмасын, жай тұрған,

Мәз болсын, жас – кәріміз

Күй шертілсін, ән айтып,

Би билейік бәріміз


3- кезең Би. Қыздарымызды «Қамажай» биін билейді.


4- кезең. Салт-дәстүр.


  1. Салт – дәсьүрді сақтайтын,

Ұрпағымыз қазақтың

Кең даланың ежелгі

Қазақ дейтін халқымыз.

Бар дәстүр мен салтымыз.



Бесікке бөлеу.

Бесік талдан жасалады. Талдан жасау себебі, иілгіш келеді, бала денсаулығына өте пайдалы.

Бесіктің құрылысы: төбесі, басы, аяқ жағы,аяқ бау, қол бау, түбек, шүмек, екі жапсарыдан тұрады. Баланы бесікке жатқызып бөлегеннен кейін , үлкен бір жақсы азамат болуын армандап, бесік жырын айтады.



Апа , немереңізді бесікке бөлейік.


Кел, шырығым баламызды бөлейік.

Әлди, әлди ақ бөпем,

Ақ бесікке жат бөпем,

Әлди, әлди ақ бөпем

Ұйықтай ғойшы жан бөпем.



Тұсау кесер

Бала бір жасқа толғанда немесе аяқ басып жүре бастағанда қазақ халқы тұсау кескен. Тұсауды, үлкен, көреген ,тез жүретін кісіге кестірген. Ала жіппен кескен біреудің ала жібін аттамасын, еліне , жұртына сыйлы азамат болсын деген.



Баламыздың тұсауын кесіңіз апа. Сідің жолыңызды берсің.



Қаз- қаз балам, қаз балам,

Қадам бассан мәз болам,

Кірмеуіңді шешейін

Тұсауыңды кесейін.


5-кезең. Сұрақ –жауап.


1. Қазақтың ұлттық тағамдары. ( ет, бесбармақ, қуырдақ, қазы, қарта, бауырсақ,)


2. Қазақ халқының ұлттық сусындары. ( айран, сүт, қымыз, шұбат)


3. Қазақ халқының ұлттық ойындары. ( арқан тарту, қыз қуу, асық, теңге алу)


4. Қазақ халқының салт – дәстүрі ( шілдехана, тұсау кесер, беташар, құда түсу)


5. Наурыз мерекесінде жасалатын тағам ( Наурыз көже)


6. Қазақ халқының ұлттық мерекесі ( Наурыз мерекесі)

Ендігі кезекті 3- сынып оқушыларына берейік. Қазақ биімен.


6- кезең. Сән үлгісі.



Мұғалім: Құрметті ұстаздар,оқушылар сіздерге мерекеміздің соңында баршаңызға айтарымыз Наурыз күні не тілеген тілектеріңіз қабыл болсын.

Осы жыл отбасыларыңызға бақыт, шаттық әкелсін.


Құрастырған : Джакупова Б.О

«Жезкент кентінің мектеп-лицейінің» қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
13.06.2018
665
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі