Материалдар / Наурыз мейрамы - ұлылықтың ұйытқысы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Наурыз мейрамы - ұлылықтың ұйытқысы

Материал туралы қысқаша түсінік
Жер жүзіндегі халықтардың бәрінің де түрлі мейрамдары бар. Шығыс халықтарының сондай ерекше мейрамдарының бірі – Наурыз.Наурыз мейрамы құтты болсын! Сіздерге денсаулық, бақыт тілейміз, ақ мол болсын! Күлімдеген шуақты көктеммен бірге қазақ даласына жер әлемді жайнатып, әнші құстарды сайратып, Наурыз тойын тойлатып Жаңа Жыл келеді. Ендеше, той құтты болсын! Ұлыс оң болсын! Ақ мол болсын! Ұлы мереке сіздерге тек жақсылық әкелсін!
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
12 Наурыз 2024
159
0 рет жүктелген
700 ₸
Бүгін алсаңыз
+35 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +35 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қазақ халқының ұлы мерекесі 22 наурыз мейрамына "Күлімде, Наурыз күлімде"

(Зал наурыз мерекесіне сай безендіріледі,әуезді күй ойнатылып тұрады).

Жүргізуші: Құрметті ата-аналар, қонақтар, білім алушылар, Жер жүзіндегі халықтардың бәрінің де түрлі мейрамдары бар. Шығыс халықтарының сондай ерекше мейрамдарының бірі – Наурыз.Наурыз мейрамы құтты болсын! Сіздерге денсаулық, бақыт тілейміз, ақ мол болсын! Күлімдеген шуақты көктеммен бірге қазақ даласына жер әлемді жайнатып, әнші құстарды сайратып, Наурыз тойын тойлатып Жаңа Жыл келеді. Ендеше, той құтты болсын! Ұлыс оң болсын! Ақ мол болсын! Ұлы мереке сіздерге тек жақсылық әкелсін!


Наурыз келді, жайраң қақты таң күліп,


Жап-жасыл болып кетті дүние жаңғырып.


Жақсылыққа жаршы болған Наурызым!


Сен өмірдің көктемісің мәңгілік!

Олай болса бүгінгі наурыз мерекесіне арналған «Күлімде, Наурыз күлімде» атты ойын-сауық шарамызды бастайық!

Жүргізуші:

 Жаңа жылда Қызыр баба үйге кірсе, ол үй ауру-сырқаудан, пәле-жаладан аман болады деген сеніммен Наурызға дейін адамдар үйін қағып-сілкіп, тазартып қоятын болған.

 Той дабылын қағып тұрған
Мұнда біз бар
Тыңдамағандарыңыз, тыңдаңыздар.
Наурыз тойы басталды,
Бір орында тұрмаңыздар.

Уа, жараңдар, жараңдар!
Көңілің бар алаңдар.
Ата менен анаң бар
Наурыз тойы басталды
Бәрің бері қараңдар. (Ата-аналар мен қонақтарды наурыз мерекесімен құттықтау сөз _________________ беріледі.

Жүргізуші: 

Ұлы халқым есептескен
Ата салтын ешкім теппеген, аттап кетпеген
Мың пәледен құтқарады бір бата
Адам болмас бата естіп өспеген.

Ұлы күнде, халайық,
Қалай қарап қалайық
Сәйгүліктей ағайық
Жасын болып жанайық!
Ортамызға атамызды шақырып
Ақ батасын алайық! 
( Ортаға бата беру үшін............................. шақырамыз).

Ұлыс бақты болсын.
Әр күніміз жақсы болсын
Достығымыз берік болсын.
Ұлыс оң болсын
Ақ мол болсын.
Қайда барсаң, жол болсын.

Ұлыс бақты болсын
Төрт түлік ақты болсын!
Ұлыс береке берсін.
Пәле-жала жерге енсін.      
Қайғы-уайым жоқ болсын.
Ұлыстың ұлы күні құтты болсын!

1-оқушы:  Ел арасында 21 наурыз түні даланы Қызыр баба аралайды деген аңыз бар. Осыған сенген халық дәулет дарып, бақ қонсын деген мақсатпен есіктерін ашып қояды.Бұл күні ауыл бойжеткендері өздері ұнатқан жігіттеріне соғымның етінен пісірілген «Ұйқыашар» деп аталатын дәм дайындаған. Ал жігіттер қыздарға айна, тарақ, иіссудан тұратын сыйлықтар сыйлаған. Оны «Селтеткізер», «Діреткізер» деп атаған.

Наурызым – салтым, жоғалып қайта табылған
Шырағым болып алдымнан бүгін жағылған.
Бабамның үні ақ бата беріп жеткізген
Әр қадамыңнан жаныма мейірім табылған.

2-оқушы: 

Қыс өтіп, қар еріп,
Құлпыра көктем жетіп
Шаруаның кенелген
Мейрамы ежелден
Құтты болсын, бұл Наурыз!

Жүргізуші: 

Армысыз, әлемнің алтын шырағы
Күн Ана! Қош келдіңіз!
Төрге шығыңыз.

Күн Ана: – О, қасиетті Жер-Ана! Адамзат үшін саған басымды иемін. Мен сенің табиғат байлығыңа енетін тау-тасыңнан, жан-жануарыңнан бастап адамдарыңа дейін қуаныш-нұрын сеуіп, әр жүрекке шат-күлкі сыйлап, сіз үшін өзімнің гүл көктемімді, Ару көктемімді шақырғалы тұрмын.

Жүргізуші: Бүгін ұлыстың ұлы күні! Ата-бабаларымыздың сөзімен айтсақ ақ түйенің қарны жарылған күн – Наурыз. Салтанатты Наурызды ортаға шақырайық.

Шашу шашу – Жадыра ана.

Наурыз келсе, құт келгені, халайық!
Есік ашып, шашу шашып
Ел болып қарсы алайық!

Күн – Ана: 

Зарыға күткен. Жаңа жылым да келді-ау!
Жаңа жылым жарылқа, ескі жылым, есірке, 
Ұрпағымды аман ет!
Жамандық әрі кет, әрі кет! (алыстайды)

Ару көктемім, келе ғой!

Наурыз – көктем: 
Сәлем анам – алтын күн!
Нұр шуағы халқымның
Ашық болсын аспаның,
Аман болсын жас-нәрің!

О, халайық! Жараңдар!
Қане, бері қараңдар!
Мешін жылы баршаңды
Кенелтсін зор бақытқа
Білмеңдер бір шаршауды
Бөлеңіздер шаттыққа.

Ән: «Наурыз біздің жаңа жыл».

Көрініс: «Бесікке салу».

3-оқушы: 

Көктем тойы – әнніміз,
Көркем өнер сәніміз
Өлең-әнмен той сәнін
Өрнектейміз бәріміз.
Жарқыраған жас нұрлы,
Жаса, наурыз, дәстүрлі.

Наурыз – көктем: 

Жайнатамын бар гүлді.
Сайратамын бұлбұлды –
Төгілтіп ән-жырымды
Мейрам етем бұл күнді.

Би: «Гүлдер».

4-оқушы: 

Наурызда күлімдеп
Күн нұры төгілді
Өзгеше бүгін леп
Желпітер көңілді.

5-оқушы: 

Наурызды халқымыз
Жыл басы санайды.
Көнермес салтымыз
Көктемдей арайлы.

Көрініс: «Тұсау кесер»

6-оқушы: 

Әнім де саған, білім де,
Құт қонақ өзің үйім де
Қуаныш сыйлап еліме
Күлімде, Наурыз, күлімде

Наурыз жылы мешін жылы,
Құтты болсын халайық
Ұлыстың ұлы күні
Шырқап әнге салайық.

Ән: «Бақытты балалық шақ».

7-оқушы: 

Наурыз – гүл көктем
Сәнді еді арайлы
Күлімдеп күн көктем
Нұр шашып қарайды.
Бусанып жерім бай
Төсінде қалқып ән
Наурыз көңілді ән
Шаттығы шалқыған.

Жүргізуші: 

Халқының әдеп-салтына
Ойлана қарап түйін түй.
Шаттығын сыйлап жалпыға
Жалғаса берсін ән-күй, би!

Би: «Жорға».

8-оқушы: 

Өніп еккен дәніміз.
Бүршік жарды бағымыз.
Сәскеде – жаз
Түнде – қыс
Секілді екен наурыз.
Төлдеп жатыр малымыз
Қазан толы сары уыз.

9-оқушы: Наурыз мейрамы негізінен адамдардың көрісуінен басталады. Жігіттер төңіректегі бұлақтардың көзін ашып, бұлақ басына тал еккен. Жаңа шыққа күнге иіліп сәлем берген. Ренжіскен ағайындар татуласқан.Ұлыстың ұлы күні кем дегенде жеті түрлі дәмнен тұратын Наурыз көже дайындалады. Наурыз көжеге соғымнан қалған сүр ет, қойдың басы, қатық, сүт, бидай, тұз, су қосылады.

Наурыз тойын әдемі
Әжем еске түсірді
Біздерге арнап әдейі
Наурыз көже пісірді.
Ашылды да кебеже
Дәм әзірлеу басталды.
Әжем наурыз көжеге
Жеті түрлі ас салды. 
(Ортаға әже шығып Наурыз көже әкеледі).

Әже: 

Ашық болсын қас қабақ,
Таспен атқанды аспен ат
Бейтаныс та, таныс та
Бүгін төрде бас қонақ

Арпа, бидай, тары бар
Қатық, малта тағы бар
Ішілетін, жейтінің
Бұл көжеде бәрі бар

10-оқушы: 

Күн мен түн теңелді
Жер шуаққа кенелді
Соны тойлар ел енді
Наурыз тойы салтымыз,
«Көгерсін» деп халқымыз
Көшеге тал егеді.

Әже: 

Ау, аталар, аналар!
Айналайын балалар!
Жеп-ішсін деп тамсанып
Жеті түрлі дәм салып
Наурыз көже пісірдім
Құйдым алтын табаққа
Құлшыныңдар тамаққа
Бұл көжеден татыңдар
Бар қызыққа батыңдар.

11-оқушы:

Ұлыс күні қазан толсаа
Ол жылы ақ мол болар
Ұлы кісіден бата алса
Сонда олжалы жол болар

Ән: «Біз – өмірдің гүліміз».

Жүргізуші: 

Ән қосылсын сәніңе!
Ырысты боп жаңа жыл!
Бақ дарысын бәріңе!
Ой қосылып ойыңа
Бас қосылып бойыңа
Аман-есен жетейік
Келер Наурыз тойын



Дәл осы кезде төмендегі видеоларды интерактивті тақтаға қою керек:


2-жүргізуші: Мереке қарсаңында бәріміз бірге «Қаражорға» биін билейік! Бір топ қыз-жігіттер ортаға шығады, басқалары да қосылып билейді.


1-жүргізуші:


Құтты болсын әр күнің,


Сыйла, бақыт баршаға.


Сәбидің әсем шат үнін


Тыңдат абзал анаға.


Наурыз – достық,


Наурыз – күн.


Барша халық бірлігі.


Тағы келді ұлыс күн.


Жалғасып ғалам тірлігі. (Осы жерде «Көрісу» дәстүрі сахналанады). Артынан күй тартылады.


2-жүргізуші: Наурыз ұлттық мереке болғандықтан, қазақтың салт-дәстүрлері туралы айтып кету де дұрыс деп санаймыз. Ендеше тақтаға назар аударыңыздар(интерактивті тақтадан төмендегі видео көрсетіледі):


«Қамажай» биі биленеді.


1-жүргізуші: Құрметті, оқушылар енді сіздерді қазақтың ұлттық ойындарын ойнауға шақырамыз. Жеңімпаздарға бағалы сыйлықтарымыз бар. Ойын бастамас бұрын әділ-қазылармен таныстыра кетейік. (Мектеп мұғалімдері арасынан қазылар тағайындалады).


1. Асық ойынынан жарыс


2. Арқан тартыстан жарыс


3. Қол күрестен жарыс


4. Наурыз көже ішуден жарыс.


Қазылар жеңімпаздарды анықтап, сыйлықтар табыс етіледі. "Алға, қазақ жігіттері" әні орындалады.


2-жүргізуші:


Ерітіп қарын даланың,


Жинатып гүлін саланың.


Жетелеп жұмсақ самалын,


Келді Наурыз – жыл басы.


Күлімдеп қарап күміс күн,


Аспаның бүркіп пүліш түн.


Ұлы күні Ұлыстың,


Келді Наурыз – жыл басы!


Кезекті қазақша күйге берейік.


Ән-шашу. «Наурыз думан» әні орындалады.


1-жүргізуші: Шашу! Шашу!


Көп шашайық шашуды,


Жауғандай кеп аспаннан нөсер жаңбыр.


Уа, жамағат, теріп ал несібіңді,


Ризығың болсын көл – көсір!


2 -жүргізуші:


Қашанда құт – береке орнасын деп,


Тойларда шашу шашу - салты елімнің.


Уа, халайық! Теріп ал несібіңді,


Қабыл болсын, жамағат, ақ тілеуің!


(Кеш соңында ата-аналар дайындап келген наурыз көже таратылады)

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!