400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Наурыз мейрамы" ашық тәрбие сағаты

Материал туралы қысқаша түсінік
Барлық сынып жетекшілеріне арналған материал
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: Наурыз мейрамы.

Сабақтың мақсаты: Наурыз мейрамы туралы түсінік беру арқылы қазақ халқының салт-дәстүрін, дінің, ұлттық дүниетанымын, ұлттық киімін, тамағын, ұлттық ойындарын насихаттап көрсету;

Тілге деген, дінге деген ұлттық сезімдерін ояту, қазақ халқының салт-дәстүрлерін бағалап, Ұлыстың ұлы күнін мақтанышпен қарсы алып құрметтей білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ- жауап.

Көрнекілігі: нақыл сөздер, мақал-мәтелдер, оқулық, кесте, сызба, түрлі суреттер, т.б.

Пәнаралық байланыс: әдебиет, музыка, технология.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру бөлімі: /Оқушыларды түгелдеу, топқа бөлу,сабаққа зейіндерін аудару/.

ІІ.Үй жұмысын сұрау.

/Қазақ халқының рухани мәдениеті/.

Рухани мәдениеті

Материалдық мәдениеті

Әдет-ғұрып

Баспана

Салт-сана

Киім-кешек

Аңыз

Құрал-сайман

Ауыз әдебиеті

Зергерлік бұйымдар

Қиял-ғажайып

Тағам

Діни наным-сенім


ІІІ.Жаңа сабақ.

Наурыз айында қандай мейрам бар? /Наурыз мейрамы/.

Малдар төлдеп, қой қоздап,

Сүттен бұлақ ағызған.

Жаңа жылдың сипаты

Молшылыққа аңыз боп

Басталыпты Наурыздан.

Наурыз- жылдың әрі көктемнің бірінші айы. Парсының Нау /жаңа/, руз /күн/ деген, яғни жаңа күн деген сөзінен шыққан. Демек Наурыз аты бір-ақ күнді бейнелесе де ол толық ай атын иеленген. Наурызда күн мен түн теңеседі, жаңа жыл келеді. Бұл айдың шығыс, оның ішінде қазақ елі үшін орны бөлек. Оны жыл басы, көктем басы, мереке басы деп санайтын халқымыз «Ұлыстың ұлы күні» деп ерекше құрметтейді. Бұл күні жұрт жұмыс істемейді, сапарға шықпайды, іс тікпейді, ешкімді ренжетпейді, ренжімейді, дауыс көтермейді, әбес сөйлемейді, шарап ішпейді, құрбан шалмайды, құран оқымайды. Бұл күні барлық даланы Қызыр ата аралайды. Наурыз күні, яғни наурыз айының 22-сі- демалыс күні.

«Самарқанның көк тасы жібиді» .Бұл да наурыз күніне байланысты сөз. Оның бірнеше мәні бар.

1)Әйгілі астроном Ұлықбек /1394-1449/ обсерваториясындағы көк тасқа дәл 22 -наурыз күні күн сәулесі түсетін болған, сол сәуледен түскен жылу тасты жібітеді.

2)Бұл күні әр адам қателігі болса кешірім сұрауға және ол кешірім беруге тиіс. Кешірмесе «Бұл күні Самарқанның да көк тасы жібиді, сен тастан қаттысың ба?» деп тоқтатады екен.Сол сияқты мұнда күннің әлемге жылулық әкелетін сәтін де бейнелеп айтқан.

Елімізде Наурыз мейрамы 1926 жылға дейін аталып келді. Араға бірнеше жыл салып Наурыз мейрамы қайта дәстүрге енді.Араға 62 жыл салып, 1988 жылдан бастап тойлана бастады. Наурыз мейрамында ұлттық ойындар ойналады.

Қазақтың ұлттық ойындарын атаңдар. /айгөлек, ақсүйек, аударыспақ, күміс алу, көкпар, қазақша күрес, алтыбақан тебу, асық ойнау, жамбы ату, қыз қуу, жілік сындыру, т.б./.

Shape2 Shape1

НShape7 Shape6 Shape5 Shape4 Shape3 аурыз көже



/сүт, ет, су, тұз, тары, құрт, жеміс тағы сол сияқты тағам түрлерінен/.

«Менің ойымдағы Наурыз мейрамы» /екі топ оқушылары, ақ қағазға өздерінің ойындағы Наурыз мейрамын түсіріп, соңы қорғайды. Дайындалу үшін, 5 минут беріледі/.

Балалар, бізге Қыдыр бабамыз бірнеше тапсырмалар беріп жіберген екен. Кәне соны шешіп көрейік.

Не тәтті? /Ананың сүті тәтті/.

Не жұмсақ? /Ананың қолы жұмсақ/.

Не жетім? /Жаңбыр жаумаса-жер жетім,

Тыңдаушысы болмаса-сөз жетім/.

Өзін-өзі тексеру сұрақтары?

1)Наурыз қай күні тойланады? /22 наурыз/.

2)Наурызкөже қанша тағамнан жасалады? /жеті тағамнан/.

Ұлыс бақыт әкелсін,

Әр күніміз жақсы болсын.

Достығымыз берік болсын,

Білім-өнер серік болсын.

Ұлыс оң болсын, бестік баға мол болсын!

Үйге тапсырма: «Наурыз мейрамы» оқу.

Шығармашылық тапсырма.

Сен тұратын елді мекенде және өзінің үйіңде Наурыз мерекесі қалай тойланады? Наурыз мерекесі жайлы әңгіме құрастыр.

Бағалау.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
8 ұстаз жүктеп алған
27 желтоқсан
3006
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі