Материалдар / Наурыз мейрамы. Ересектер тобы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Наурыз мейрамы. Ересектер тобы

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл материал мектепке дейінгі мекемелерде Наурыз мейрамын тойлауға арналған мерекелік сценарий. Материалда Наурыз мерекесіне арналған тақпақтар, ойындар бар.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
19 Қаңтар 2019
771
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Наурыз мейрамына арналған мерекелік сценарий


(Музыка әуенімен залға балалар кіріп, жарты шеңберге тұрады)

Жүргізуші: Сәлеметсіздер ме, балалар, құрметті қонақтар!

Бүгін біз сендермен бұл жерге көктемді қарсы алуға жиналып отырмыз. Біздің қазақстандық жерге көктем мерекесі Наурыз келіп жетті. Бұл мерекенің негізі адамзаттың табиғатпен бірлігінде. Наурыз мерекесі көктемгі күн мен түннің теңелуі кезінде тойланады. Күн мен түннің теңелуі наурыз айының 21 нен 22 не қараған күні болады. Адамдар бұл мерекеге алдын ала дайындалады. Үйлерін жинастырып, ер адамдар бұлақ көзін тазалап, ағаштар отырғызу жұмыстарымен айналысады. Жастар болса бір біріне сыйлықтар сыйлауға кіріседі.

Наурыз мейрамы Қазақстан елінде тұрып жатқан барлық халықтар үшін ортақ мереке. Бұл мейрам барлық ұлттарды достыққа, бірлікке, өзара түсіністікке шақыратын мереке болып қалыптасқан.

Наурыз мерекесі құтты болсын, ағайын!


1-бала:

Уа, халайық, халайық

Әсем әнге салайық.

Наурыз тойын көңілді

Бірге қарсы алайық!


2-бала:

Келе жатыр жылымыз

Мейрамдаймыз бұны біз.

Халқым сүйген мейрамды

Қарсы алайық, Наурызды!


3-бала:

Наурыз келді тамаша,

Ән айтамыз таласа.

Атам, әжем той тойлап

Қуанып жүр балаша,

Би билейміз тамаша!


4-бала:

Наурыз тойым, Наурыз тойым

Құтты болсын, халайық,

Қане достар, қане достар

Шырқап әнге салайық!




Ән «Наурыз мереке»


(Музыка әуенімен залға бала Қарлығаш кіреді. Қолында қызғалдақ гүлі бар)

Қарлығаш:

Тілі бөлек болғанменен тілек бір

Ұлы достық мәпелеген жүрек гүл.

Қазақстан бар ұлысқа шаңырақ.

Шайқалмастан шаттығымыз тіреп тұр.

Биік, адал шаңырақтың астында

Наурыз тойын қарсы алайық, ағайын!


(Қарлығаш қолындағы гүлін жүргізушіге береді)

Жүргізуші: Рақмет, Қарлығаш! Бізбен бірге қалып, мерекені қарсы ал!

Қызғалдақ гүлі Наурыз мерекесінің белгісіне арналған, және бұл тегін емес. Көктемнің алғашқы күндері басталысымен, жер бетін жасыл шөп басып, айнала жасыл кілемге айналғандай болады. Ал осы кілемнің ортасында қызғалдақтар өзінің әсемдігімен көздің жауын алып, адамдарға қуаныш сыйлайды.

Ерте заманда осы қызғалдақ туралы аңыз тараған. Қызғалдақтың алтын қауызына бақыт салынған екен. Оны ешкім аша алмапты, оны ашу тек баланың ғана қолынан келген екен. Осы күнге дейін қауызы ашық қызғалдақты көргенде адамдар қуанып, жүздеріне күлкі ұялайды екен.


Қызғалдақтар биі (қыздар)


(Музыка ойнап, залға Жел кіріп келеді. Жүргізушінің қолынан қызғалдақты тартып алып, қашып кетеді)

Жүргізуші:Балалар, бұл не боп кетті? Ашулы Жел біздің қызғалдақты ұрлап кетті! Енді мерекені қалай жалғастырамыз?

(Жел қайтып келеді. Қолында қызғалдақ жоқ. Залды қарап шығады)

Жел: Мен ашулы Желмін! Алдымда кезіккеннің барлығын құртамын!Сендер, қайырымсыз адамсыңдар! Мені күтпей мерекені тойлап жатырсыңдар! Енді қызғалдақты ешқашан көрмейсіңдер! Онымен бірге жер бетіндегі барлық қызғалдақтар құритын болады. Міне, осындаймын мен! (қарқылдап күледі)

Жүргізуші: Неге мұнша ашулы да зұлмсың? Бүгін мереке емес пе? Наурыз мерекесіне шақырусыз ақ келу керек. Бұрынғы ашу мен өкпені ұмытып, кешірім сұрау керек. Жел, ойланшы өзің. Балалар күтіп отыр. Қайтар бізге қызғалдақты!

Жел: Жарайды, жақсы. Ойланып көрейін. Мүмкін қайтарып қалармын гүлдеріңді. Бірақ алдымен мені таң қалдырыңдаршы! Өздеріңнің менен де күшті екендеріңді көрсетіңдерші қане!

Жүргізуші: Наурыз мерекесі кезінде әртүрлі ұлттық ойындар ойналған. Соның бірі «Күш сынасу».



Ойын: «Күш сынасу» (ұлдар)


Жүргізуші: Көрдің бе, Жел, біздің ұлдар қандай күшті? Таң қалдың ба? Енді қызғалдақты қайтарып бересің бе?

Жел: Көрдім, көрдім. Енді маған ат беріңдер. Жүйрік ат мінгім келеді. Одан сайын жүйрік болғым келеді.

Жүргізуші: Қазақтар үшін жылқы малы үй жануарларының ішінде ең маңыздысы болған. Бұл тегін емес. Өйткені жылқы әрі сусын, әрі тамақ, әрі көлік болған.


Ойын: «Ат сатып алу»


Жүргізуші: Енді риза шығарсың? Қызғалдақты қайтып бер!

Жел: Менің бір түрлі қарным ашып кетті. Тамақ ішкім келеді!

Жүргізуші: Наурыз мерекесіне арнап адамдар арнайы тағам «Наурыз көже» дайындаған. Ол жеті түрлі тағамнан әзірленген. Жеті саны аптаның жеті күнін білдіреді. Олар қуаныш, табыс, даналық, денсаулық, байлық, жылдамдық, өсу мен қорғанышты бейнелейді. Қазір осы тағамның дайындалуын тамашалаймыз.


Наурыз көже дайындау (диалог)

-Наурыз көже қалай дайындалады?

-Наурыз көжеге жеті түрлі тағам керек.

-Ол қандай тағам?

-Бізге ет, сүт, тұз, құрт, айран, тары, су қажет.

-Наурыз көже дәмді ме?

-Өте дәмді.


Бірге:

Көңілімен кең дархан

Жайылды ақ дастархан.

Наурыз көже құйылды

Жеті түрлі дәм салған.


Ән «Дастархан».

(Әннен кейін қыздар көжені Желге береді, «Ас болсын!» деп айтады. Жел көжені ішіп көреді, қарнын сипайды)

Жүргізуші: Дәмді ме?

Жел: Өте дәмді!

Жүргізуші: Онда бізге қызғалдақты қайтып бер!

Жел: Мен енді шаршап қалдым. Әдемі кілемнің үстінде жатып дем алсам деймін.

Жүргізуші:Наурыз кезінде адамдар далаға кілемдерін шығарып, елге көрсетуге тырысқан. Әдемі оюлармен өрнектелген кілемдер қолөнердің шексіз шебер екенін дәлелдеген. Ұлттық өрнектер қараңғы күштерден сақтап, табыс әкеледі деп сенген.


Ойын: «Ою құрастыру».


Жел: Қандай әдемі! Сендер өзі шеттеріңнен өнерлі, күшті екенсіңдер! Рақмет сендерге! Мен сендерге қызғалдақтарыңды қайтарамын. (Фанфар ойналады. Жел қызғалдақты әкелуге кетеді. Бұрынғыдан да үлкен қызғалдақ алып кіреді)

Жүргізуші: Балалар, қараңдар! Неткен ғажап! Қандай әдемі қызғалдақ!

Жел: Бұл тегін қызғалдақ емес, сиқырлы! (гүлді жүргізушіге береді)

Жүргізуші: Міне, мереке енді басталды деген сөз!


1 бала:

Наурыз шаттық әніміз

Салтанатты сәніміз.

Ән салып жас кәріміз

Би билейміз бәріміз.


2 бала:

Жасай берсін жаңа күн!

Жасай берсін жаңа жыр!

Құтты болсын, Наурыз той!

Құтты болсын Жаңа жыл!


3 бала:

Айналайын, халқым ай

Құтты болсын салтың ай.

Шықтық біздер жырлауға

Қазағымның салтын ай!


4 бала:

Наурыз келді алақай

Кел билейік, балақай!

Біз де қарап тұрмайық

Тойға шашу шашайық!


5 бала:

Армысыздар, халайық

Әр кез аман болайық.

Наурыз тойын көңілді

Жылда қарсы алайық.


Наурыз жауын, наурыз сән,

Әсем әуен, сазды ән.

Қыз бозбала қыдырған,

Жасыл желек, көк аспан.

Ортақ би.

Сиқырлы әуен ойналады.

Жүргізуші: Қараңдаршы, балалар! Бұл қызғалдақ расымен сиқырлы екен. Ішіне қараңдаршы, не бар екен? (балаларға кәмпитті көрсетеді)


Шашу.






































ЖММ «Гвоздичка»











Наурыз мейрамына арналған мерекелік шараның

сценариі




Қазақ тілі мұғалімі: Кульпеисова П.А






Қарағанды 2018 ж

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!