Тақырыбы: «Көктем шақырады »
Мақсаты:
Наурыз
мерекесін өткізе отырып,балалардың дүниетанымын
кеңейтіп,халқымыздың ұлттық мәдениетін дамыта отырып,әртістік
қабілеттерін шыңдау.
Көрнекі
құралдар: Суретті плакаттар,нақыл
сөздер.
Жүру барысы:
І.Кіріспе бөлім.
Жүргізуші: Қымбатты
ата-аналар,балалар,қонақтар,құрметті менің әріптестерім, көптен
күткен жаңа-жылымыз, наурыз мерекесі де келіп жетті.Наурыз –
мұсылман қауымының ұлттық мейрамы. Наурыз ұлыстың ұлы күні. Бұл
күні күн мен түн теңеседі, күн жылынады, табиғат қайта
жаңғырады,көк шығып мал тойынады. Ұлыс күні жеті түрлі заттан, яғни
– соғымнан қалған сүр ет, қойдың басы, сүт, езілген құрт, бидай,
пияз, сәбізден қазан толы көже пісіріледі.Қалыптасқан салт бойынша
қойдың басын ауыл ақсақалдары мүжіп, ал басқалары «жақсы ас
қалғанша, жаман қарын жарылсын» десіп, наурыз көжені тоя ішеді.Ал,
көжені тоя ішу «жыл бойына тоқшылық болсын» деген ұғымды білдіреді.
Көже ішіліп болған соң үй иесіне бата беріледі.
Әдетте наурыз күнгі қасиетті
дәмнен, алыс сапарға кеткен адамдарға, қадірменді ақсақалдарға
сыбаға сақталады екен.
Ұлыстың ұлы күні – ырысымыз
арта берсін! – дей келе, бүгінгі наурыз мейрамына арналған
ойын-сауығымызды бастаймыз.
Наурызым әкелсін деп береке,
ырыс,
Дәніме толып тұрсын барлық
ыдыс.
Жаңадан келе жатқан жылдың басын,
Ақ құйып қарсы алғаның өте дұрыс.
Шаңырақ биік тіккен шайқалмасын,
Босағама, о, Наурыз құт боп
кіріп,
Елімнің ырысты ет кәрі-жасын!-
дей келе шашу шашу рәсіміне кезек береміз.
Тойларда шашу шашу салты елімнің,
Рызығың болсын көл-көсір!
Шашу,шашу,шашу!
Балалардың тақпағы
Ән:
«Бала,бала,балақан!»
Көктем салқын самалымен өбеді,
Көктем әсем жыр жолдарын төгеді.
Қарсы ал қазақ!
Төрден орын әзірлеп,
Қыдыр ата Наурызымен келеді!
-Алыстан шаршап,келе жатқан тілекшіміз Қыдыр ата
мен Наурызгүлді қарсы алайық.
Қыдыр ата:
-Армысыңдар балалар,армысыңдар
ағайын туыстар! Келген Наурыз жаңа жылымыз құтты болсын!Әлемде
тыныштық болып,халқымыз аман болсын!Қасымдағы бүлдіршінім
Наурызгүлім!
-Ортаға бүлдіршіндерді
шақырайық.Қол соғып,қошеметтеп қойыңыздар.
Балалар өз өнерлерін
көрсетеді.
-Балалар,келген жаңа жылымыздың атын
атаңдаршы.
Балалар жылдың атын атайды.
Бас қонақ өзіңсің ғой осы тойда,
Отыршы төрімізге көрпе жайда,
Мешінді бірінші рет қарсы
алған,
Бүлдіршін көрсет өнер осындайда.
Жаңа жыл ортаға шығып,өз өнерін
көрсетеді.
-Құрметті ата-аналар,өздеріңізбен викториналық
ойындар ойнайық.
1.Не – халық аңызында күн мен
түннің дәлме-дәл теңелер сәтінде көкті жарып ерекше бір гуіл етуге
тиіс? (Әз)
2.Наурыз сөзінің мағынасы?
(Парсы тілінде бір ғана күн
аты,жаңа жылдың бірінші күні – жаңа күн.)
3.Наурыз көженің қоспаларының саны қанша және
оларды атаңыз?
(Жеті
түрлі:бидай,тары,қатық,бұршақ,сүт,су,тұз)
4.Наурыз тілек дегеніміз не?
(Наурыз күнгі бет көрісіп,амандасу рәсімімен
құттықтау негізінде тақпақпен
айтылатын қуанышты тілек)
5.Наурыз төл деген
не?
(Наурыз айында туған бота,құлын,бұзау болса
наурыз төл деп атайды)
6.Наурызша деген не?
(Наурыз қырбық,қарайған жерді жасыра
алмай,қылаулап жауған жұқа қар)
7.Наурыз шешек деген не?
(Наурыз айында гүлдейтін көп жылдық
өсімдік)
8.Отамалы деген не?
(15наурызда кіріп,17наурызда шығатын
амал)
9.Үт деген не?
( Саңылау,тесіктен үйге түскен күн сәулесінің
тозаңдануын – қазақ үт кірді деп
есептейді)
Ұлы тойда әдемі,
Әнмен шашу шашады,
Мың бұралып ұл-қыздарымыз,
Наурыз биін бастайды.
-Балаларыңыздың орындауында би
тамашалаңыздар.
Балалар би
билейді.
Ұлыс күні қазан толса,
Ол жылы ақ мол болар.
Ұлы кісіден бата алса,
Сонда ол жолы жол болар, - дей келе Қыдыр атаның
батасын алайық.
Қыдыр атаның батасы:
Ал,тыңдаңдар батамды,
Ардақтаңдар атаны.
Тойсаңдар тасып,бөспеңдер,
Топастықты кешпеңдер.
Ананың сүтін ақтаңдар,
Арларыңды сатпаңдар.
Дәстүрін елдің сыйлаңдар,
Дәстүрлі салтты тойлаңдар.
Орындалсын ойларың,
Тойға ұлассын тойларың!
Әумин!
Би: «Қара
жорға»
-Қыдыр атаның алыстан арқалап әкелген,аздаған
сыйлығы бар екен,соны беруге рұқсат етейік!
Қыдыр ата:
-Балаларым,
балғындарым,өздеріңе арнап әкелген аз ғана сый дорбам бар,қабыл
алыңдар!(тәтті толтырылған сый дорба
береді)
Наурыз келді тойға ұласқан,
Наурыз тойы құтты болсын!
Ырыс тасып берекелі,
Өмір сүрсін бақытты елім! –
дей келе, ертеңгілігіміздің ІІ- ші бөлімі наурыз көже ішуге
шақырамыз. Келер жыл Наурызға төрт көзіміз түгел, уайым-қайғысыз,
тоқшылықпен кездесейік!